Шынайы тамақтандыру – ең болмағанда 1 жыл ана сүтімен тамақтандыру. Сүт безінің дайындалу үрдісі гипофиздің алдыңғы бөлігінен және плацентарлы лактоген гормондарының әсерінен сүт безі алвеоласының өсуі мен дамуынан. жүктілік кезінен басталады. Туылғаннан кейін сүттің бөліну үрдісін сүт бөлінуін қамтамасыз ететін пролактин және миоэпителиальды жасушаларды жиырылтатын, сүттің сүт жолымен емізікке дейін келуін қамтамасыздандыратын окситоцин гормондары бақылап отырады. Бұдан басқа окситоцин жатыр миометриінің жиырылуы үрдісін және туғаннан кейінгі кезеңдегі инволюцияны қамтамасыз етеді. Ана сүтінің басқа сүттің түрлеріне қарағанда артықшылығы көп.Ана сүті баланың асқорыту жолдарында тағамның жақсы қорытылуына әсер ететін ақуыз, көмірсулар, тұздар және дәрумендердің ара қатынасы керекті мөлшерде дұрыс сақталған.Ана сүтіндегі белок сиыр сүтіндегі белоктан қарағанда аз болғанымен, барлық алмастырылмайтын аминқышқылдары толық және негізінен альбумин көп. Ол ақуыздар ұсақ дисперсті болғандықтан жеңіл қорытылады және көп асқорыту сөлдерін қажет етпейді. Сонымен бірге, сиыр сүтінің ақуызы - казеин ірі дисперсті болып табылады және асқазанда жалпақ қабыршақ түзіп асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді. Сондай-ақ, казеин жоғары антигенді болып табылады, ал ана сүтінің антигендік құрамы жоқ.
Майдың ана сүтімен сиыр сүтіндегі мөлшері бірдей, бірақ құрамдарымен ерекшеленеді. Ана сүтінде 9-12%(линольді, линоленді, арахидонды қышқылдар)алмастырылмайтын қанықтырылмаған қышқылдар көп, ал сиыр сүтінде ол 1-3%. Майдың сіңірілуін қамтамасыз ететін фосфолипидтің көп мөлшерде болуы ана сүтін бағаландыра түседі.
Айта кететін бір жайт, ана сүтіндегі майдың сіңірілуін қамтамасыз ететін липаза, сиыр сүтіндегі липазадан қарағанда активті.
Ана сүтіндегі көмірсу сиыр сүтіндегі көмірсудан қарағанда көп мөлшерде және оның негізгісі лактаза. Ол В тобының витаминінің синтезін стимуляциялайды және бифидобактерияның өсуін стимульдейтін олигоаминосахара ана сүтінің құрамына кіреді. Ана сүтінің бифидогенділігі сиыр сүтінен қарағанда 40 есе жоғары. Сиыр сүтінде қант β-лактоза түрінде сақталған.
Ана сүтінде минеральды заттар төмен, бірақ құрамы сапалы. Сиыр сүтінен қарағанда ана сүтінде Са 4 есе, ал Р 2 есе төмен(2:1 арақатынасында). Са-дің сіңірілу коэффициенті ана сүтінде 60% ал, сиыр сүтінде небәрі 20%-ды құрайды.
Емізуге дейінгі тамақтандыру ана сүтінің орынбасушы болып табылады. Ол бейімделген және бейімделмеген болады.
Бейімделген түрі көбінесе сиыр сүтінің негізінде жасалады.Оны фабрикалық жолмен өңдеп,құрамы жағынан ана сүтіне ұқсастырып шығарады.Мысалы:(Малютка, малыш, Семилак, Нутрилон, Виталон)
Бейімделмеген түрі бөлінеді: тәтті (сиыр сүті және қосындылары А,В,С) және қышқыл сүтті (айран және қосындылары А,В,С).
Сонымен қатар емдік сүтті емес қоспалар бар- соя сүті, миндальді сүт, ашытқы сүті.
Аралас тамақтандырудың ережесі:
1.Қосымша тамақты ана сүтінен кейін береді.
2.Тамақты қасықпен немесе бірнеше кішкене тесіктері бар емізікпен берген дұрыс.
3.Аралас тамақтандыруда табиғи тамақтандыруға қарағанда қосымша тамақ 2-3 апта ерте басталады.
Жаңа туған нәрестенің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Жаңа туылған нәрестені туылғаннан кейін перзентхананың балалар бөлмесінде нәрестенің жағдайы мен патологияны анықтау үшін қарайды.Бөлмедегі температура 24-26 С, баланы орайтын стөл тегіс, баланың денесі құрғақ болу керек.Жаңа туған нәрестені қарап тексеру температурасы 22 С-тан төмен емес орайтын стөл немесе кувезде жүргізеді.Нәрестені тексеру шыдамдылық, жұмсақтық, мұқияттылықты қажет етеді.Дені сау жетіліп туылған нәрестеге байсалды бет келбеті тән.Қарап тексеру жиі қатты эмоционалды жылаумен басталуы мүмкін.Дені сау баланың жылағанының ұзақтығы тітіркендіргіш әсеріне адекватты байланысты (қарны ашу,жанасу және ауру сезімі),тітіркендіргішті жойғанда жылауы басылады. Ауру баланың жылауы күшпен де ұзақтықпен де бағаланады.
Шала туылған баланың әлсіз айқайы немесе болмауы неонатологтың үрейін тудырмайды.Афониялық айқай реанимациялық шаралар (трахеяның жарақаты) немесе ОЖЖ бұзылысынан болуы мүмкін.Жаңа туылған балалардың айқайының ерекшеліктері зат алмасу бұзылыстары мен кейбір тұқымқуалаушылық аурулар диагностикасын анықтайды.(Даун синдромында, мысық айқайы).
Нәрестенің қозғалысы координатты емес сипатта.Бүгу бұлшықетінің физиологиялық тонусының жоғарылауы тән.Баланың қалпы соған байланысты(флексия,эмбрионалды поза),:басы кеудеге жақын, қолы шынтақ буынында бүгіліп, кеуденің бүйір бетіне жақын, саусақтары жұдырыққа жұмылған,аяқтары тізе және жамбас- сан буынында бүгілген, баланы қырына жатқызғанда кейде басы артқа шалқаяды.
Тізе-тобық және жақ буынындағы тремор дені сау балаға тән.
Дені сау нәрестенің беті мен қалпы босану кезіндегі ұрықтың жағдайына байланысты. Егер баспен келсе, беті ісіңкі, көлемді петехиялар, басы артқа шалқайған болуы мүмкін.Жамбаспен туылса, аяқтары жамбас-сан буынында кенет бүгілген, тізе буынында жазылған болады.
Қалыпты жағдайда дені сау жаңа туылған нәрестелерде негізгі келесі рефлекстер болады:
Ходотковый рефлекс. Нәрестенің ерніне қол тигізгенде ауыздың дөңгелек бұлшықеттері жиырылады да, ерні шүйірленеді.
Сору рефлексі. Егер баланың аузына емізікті салса, ол белсенді түрде емеді. 1 жастың аяғына дейін жоғалады.
Орбикулопальнебральды рефлекс. Орбитаның доғасын қолмен ұстағанда көзін жұмады. 6 айдың соңына қарай жоғалады.
Бабкин рефлексі (алақан- ауыз). Баланың алақанын тенорға жақын үлкен саусақпен басқанда, жауап ретінде ауызын ашып, басын бұрады. 3 айға қарай жоғалады.
Ұстау рефлексі. Бала алақанын ұстағанда саусақтарын жұмады. Кейде баланы сол күйінде көтеруге болады. (Робинсон рефлексі). Бұндай рефлексті аяққа да жасауға болады, табанның негізін басса, башпайдың табандық бүгілуін шақырады. 2-4 ай соңына қарай жоғалады.
Моро рефлексі. Қатты дыбысқа жауап ретінде алдымен қолын екі жаққа жайып, саусақтарын жазады. Содан кейін қолын бастапқы қалпына келтіреді. 4 айға дейін сақталады.
Бабинский рефлексі. Егер табанның сыртқы шетін штрихті тітіркендірсе, үлкен башпайдың жазылуымен басқа башпайдың бүгілуі болады. Екі жасқа дейін сақталады.
Керниг рефлексі. Арқасына жатқызып аяғын жамбас- сан және тізе буынында бүгеді,одан кейін аяғын тізе буынында жаза алмайды. 4 айдан кейін жоғалады.
Тірек рефлексі. Дәрігер баланы арқа жағынан қолтық астынан ұстайды да,басын сұқ саусақпен сүйемелдейді. Осындай тұрған қалыпта бала аяғын жамбас-сан, тізе буынында бүгеді де, табанымен толық тұрады, еденде денесін тік ұстайды,2 айға қарай жоғалады.
Автоматты жүру рефлексі. Тірек рефлексі қалпында нәрестені алға сәл исе, автоматты түрде қадам жасайды. 2 айға қарай жоғалады.
Бауэр еңбектеу рефлексі. Егер баланы ішке жатқызса, ол бір сәт басын көтеріп, еңбектейді. Егер нәрестені табанына қолмен тіреу қойса бұл әрекеті белсене түседі, қолмен қимылдап, аяғын кедергіден алады. 4 айға қарай жоғалады.
Галант рефлексі. Қырымен жатқан нәрестеге дәрігер үлкен және сұқ саусақпен паравертебральді сызықпен мойнынан жамбасына дейін жүргізеді. Терінің тітіркенуі кеуденің доға тәрізді бүгілуі. 4 айда жоғалады.
Парес рефлексі. Нәрестені ішке жатқызып саусақпен омыртқа өсіндісімен құйымшақтан мойынға дейін жүргізеді.Ол кеуденің, аяқ-қолдың бүгілуі, басын, жамбасын көтеру, зәр жіберу, дефекация, жылайды. Бұл рефлекс ауру сезімін тудырады, сондықтан ең соңынан жасаған дұрыс.4 айында жоғалады.
Лабиринтті тоникалық рефлекс. Басын кеңістікте өзгертуді шақырады.Арқасына жатқан балада мойын, арқа, аяқ бүгу тонусы жоғарылайды.Егер ішіне жатқызса жазылу тонусы жоғарылайды.
Мойынның симметриялық тоникалық рефлексі. Арқасына жатқан нәресте басының бүгуі әлсіз болады, қолдың бүгу, аяқтың жазу тонусы жоғарылайды.
Мойынның ассимметриялық тоникалық рефлексі. Арқасына жатқан нәрестенің басын иегі иығына жететіндей жатқызады.Аяқ-қол тонусы төмендеп,қарама-қарсы аяқ-қол тонусы жоғарылайды.1 жаста жоғалады.
Ландаудың жоғарғы рефлексі. Нәрестені ішіне жатқызады да, басын көтеріп денесінің жоғарғы жағын қолымен сүйемелдеп осы қалыпта ұстайды.4 айда жоғалады.
Ландаудың төменгі рефлексі. Ішке жатқызғанда нәресте аяғын бүгіп көтереді. 5-6 айда жоғалады.
Қарапайым мойындық, тұлғалық рефлекстер. Басын бір жаққа бұрғанда, денесіде сол жаққа қарай бұрылады. Бірақ бір уақытта емес, алдымен кеуде бөлігі, содан кейін жамбасы.Бұл рефлекстер туылғанда болады, 5-6 айға қарай өзгереді.
Тізбекті мойын, кеуделік рефлекстер. Иығын бұрғанда кеудесі мен аяғы да сол жаққа бұрылады, бірақ 1 уақытта емес.Жамбас бөлігінің бұрылуы да кеудесін сол жаққа өзгертеді.6-7 айда қалыптасады.
Нәрестенің беті туу кезіндегі ұрықтың қалпына байланысты, 7 жұп нервінің параличіне байланысты ассимметриялы болуы мүмкін. Нәрестенің бас сүйегі бетіне қарағанда үлкендеу болады. Шала туылған балада бас сүйек формасы гидроцефалиядағыдай, бас миының интенсивті өсуі тән. Көбінде жіктері бітпеген, үлкен еңбек ашық 1-2 см., жіктері ажыраңқы немесе бір –біріне шығынқы – дискомплектация. Бұл босану процесіне байланысты. Босану ерекшелігіне байланысты бас формасы әр түрлі, долихоцефальді – алдынан артынан шығыңқы, брахиоцефалды – жоғары қарай шығыңқы немесе дұрыс емес формада. Бастың қалыпты формасы өмірінің алғашқы аптасында қалыптасады. Еңбегінің шығыңқы болуы бас ішілік қысым, менингит, гидроцефалияга байланысты. Сусызданғанда еңбегі төмен түседі. Дені сау жетілген балада басының өлшемі 33-32 – 37-38 см болады. Көзі бірінші күні үнемі жұмулы. Көзі өздігінен ашылып жабылады, лабиринтті рефлекстің көрінуі. Көз қарашығы бірнеше аптадан кейін симметриялы болады. Қарашығының диаметрі 3 мм аспайды. Склерасы ақ түсті. Шала туған баланың склерасы көгілдір, жұқа болуына байланысты. Склера қою көк түсті болса остеогенездің бітпегенін көрсетеді. Даун синдромы кезінде бұршақта Брашфил дағы, тұзбен бұрыш себілгендей көрінеді.
Субконъюктивальды қан құйылу – майда капиллярдың жарылуы. Жиі босану жарақаты салдарынан болады.
Өмірінің алғашқы күні өздігінен нистагм байқалады (көз алмасының ұсақ амплитудалы тартылуы) «күн кіру» симптомы. Назогастралды зонд көмегімен мұрын жолдарын тексеру, хоана атрезиясы жоқтығын анықтау үшін. Мұрын қанаттарының ісінуі респираторлы дистресс синдромын көрсетеді.
Ауыз қуысында жұмсақ, қатты таңдайды тексеру, жырық жоқтығын анықтау үшін. Ауыз қуысының түбінен ранула байқауға болады, өздігінен емсіз жойылады. Жұмсақ, қатты таңдайда кисталар болуы мүмкін, Эпштейн маржаны бұл патологияны білдірмейді, өздігінен жойылады. Қосымша 1:4000 бірінде кездеседі, оны алып тастау қажет.
Мұрын мен ауыз қуысындағы алқызыл бөлінді өңеш атрезиясын білдіреді.
Тері түсі эритематозды полицитемия, гипероксиида кездеседі. Сарғаю –билирубин денгейі қанда 85,5 мкмоль/л балада патология және 24 сағатқа дейін ол гемолитикалық ауру, сепсис, құрсақ ішілік инфекцияны білдіреді, сонымен қатар физиологиялық болуы мүмкін. Терінің бозғылт түсті болуы анемия, асфиксия, шок немесе артериалды өтістің функциясы бұзылғанда болады.
Цианоз: а) орталық (тер,ерін,тілдің цианоздық түсі) – туа біткен жүрек ақауы мен өкпе ауруларына байланысты болуы мүмкін, б) перифериялық (тері түсі цианозды,ерін мен тілі қызғылт) – метгемоглобинемия симптомы,в) акроцианоз (тек табан мен қол ұшы терісінің цианозы) – қалыптыда тек жаңа туған нәрестеде немесе суықтаған жағдайда болады. Егер акроцианоз кеш мерзімде де сақталса,гиповолемия әсерінен дамыған перифериялық қан айналым бұзылысы туралы ойлауға болады.Ол көбінесе жарақаттық тууға әкеледі – «қызғылт түстегі цианоз» немесе «цианоздық түстегі қызғылт түс»- адекватты емес оксигенация,вентиляция немесе полицитемия; - Арлекин симптомы (терінің қалыпты түсі мен қызарған аймағының арасын анық шекаралайтын анық сызықтың болуы- персистирленген фетальді қан айналымның нәтижесін көрсетеді,аорта коарктациясы)- сызық баланың басынан ішіне дейін жүруі мүмкін; - «мраморлы сурет» - суықтау,гиповолемия,инфекция әсерінен дамиды. Ол перифериялық қан айналым бұзылысына әкеледі.
Терінің қыртысты аймағында бөртпелер болуы мүмкін – милиария,ол тер бездерінің бітелу әсерінен болады. Мынадай түрде кездесуі мүмкін:
1) Беткей жұқа қабатты везикулалар, 2) топтасқан эритематозды папулалар, 3) эритематозды емес пустулалар.Өмірдің алғашқы аптасында немесе туылу кезінде маңдайда,кеуде торында,қол аяқта бөртпелердің пайда болуы транзиторлы неонатальді пустулярлы меланозға тән. Жаңа туған нәрестелерде жиі басында акне кездеседі.(бастың неонатальді пустулезі).Жаңа туылған баланың кеуде торы – бөшке тәрізді формада болады.Тынысы беткей, 40-60 мин жиілікте,диафрагмальді. Мұрын жолдарының тар болуына байланысты емізгенде,жылағанда,мазаланғанда балада тез ентікпе дамиды, мұрынның шырышты қабатының ісінуі байқалуы мүмкін. Жаңа туылған балада тынысы бронховезикулярлы болады. Ал шала туылған балада тынысы лабильді және жиі болып келеді. Жүрек. Жаңа туылған балада кеуде торының формасының әртүрлі индивидуальді болуына байланысты жүрек шекарасын анықтау қиын болып келеді. Жүрек тондары таза, анық естіледі. Қалыптыда жаңа туылған балаларда жүректің жиырылуы 140-160 соғ/мин. Пульсті радиальді,иық артериясы,табан артериясынан пальпациялауға болады. Жаңа туылған балада іші дөңгеленген формада,тынысқа белсенді қатысады. Артық тамақтануда,инфекциялық ауруларда, іштің кебуі байқалады. Дені сау балада пальпацияда іші жұмсақ,терең пальпацияға оңай келеді. Көптеген жаңа туылған балаларда бауыры қабырға доғасынан 2 см ғана шығыңқы болады.Көкбауырын қабырға доғасы шетінен пальпациялауға болады.Жыныс мүшелерін қарау. Дені сау, мерзіміне жетіп туылған ұл балаларда жұмыртқа ұмаға түскен. Жыныс мүшесі мен ұманың үлкеюі адреногенитальді синдромның пайда болуын көрсетеді. Мерзіміне жетіп туылған қыз балаларда үлкен жыныс еріндері кіші еріндерін жауып тұрады. Шала туылған қыздарда жыныс еріндерінде өзгеріс болады. Деліткінің ұлғаюы баланың жынысын анықтауда шатастырады. Жаңа туылған нәрестелерді қарау. Клиникалық зерттеу – палатада 22 С температурада, табиғи жарық бар және емізуден кейін 30 мин кейін бастайды. Дәрігердің қолы жылы болуы тиіс.
Сыртқы қарап тексеру.Мерзіміне жетіп туылған балаларда белсенді мимика,қатты эмоциональді жылау болады. Дені сау баланың бет келбеті,қалпы туу кезіндегі ұрықтың жағдайына байланысты. Бет келбеті: «аурулы» - жаңа туылған баланың көбінде кездеседі,»қорыққан» көзқарас – субарахноидальді қан құйылуларда болады. Баланың жылауы күшімен қатар ұзақтығы және модуляциясы мен бағаланады. Әлсіз жылау шала туылған балаларда кездеседі,трахея интубациясы мен ОЖЖ-ң зақымдалуынан афония дамиды. Ол субдуральді гематома,ми қарыншаларына қан құйылу,және ауыр соматикалық ауруларда кездеседі.Қозғалыс белсенділігі ОЖЖ мен соматикалық аурулары бар балаларда әлсіз болады. Сыртқы қарап тексеру жүйесіне – рефлекторлық қозғалыстығы бойынша келесі белгілерді бөлуге болады: бала мазасызданғанда қол ұшы мен төменгі жақтың әлсіз дірілі мен көрінеді. Бұлшық ет тонусы. Қарап тексеру кезінде бұлшықет тонусының әлсіз болуы шала туылған балалар мен әлсіз балаларға тән. Мерзіміне жетіп туылған балаларда бұлшықет тонусының әлсіз болуы ауыр өткен гипоксиямен,субдуральді қанқұйылу,жедел бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі,гипогликемия,ацидоз,тұқым қуалаушылығы бар екендігімен түсіндіріледі. Бұлшықет тонусының жоғарылауы субарахноидальді қан құйылу,іріңді менингит,билирубинді энцефалопатияда көрінеді. Бұлшықет тонусын денесін горизонтальді жағдайда ұстай алуы мен»солғын иық» симптомы арқылы бағаланады. Егер баланың басы «иыққа түсіп кетсе» - бұл бас миының белгілі аймақтарының ишемиясын көрсетеді. Бұлшықет тонусының бұзылуы келесі патологиялық қалыптарда кездеседі:»бақа» қалпы – қолы,денесін алыстатады,аяқтары жамбас астауынан кең ашылған, тізе буыны бүгілген болып келеді. Бұл қалып терең шала туылған балаларда жедел бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі мен басішілік қан құйылуды көрсетеді. Опистотонус – бұл қалып экстензор бұлшықет тонусының бірден жоғарылауымен байланысты. Бұл қалып іріңді менингит,билирубинді энцефалопатияға тән. «Фехтовальщик» қалпы- басы иығына бұрылған,қол иықтары қайтарылған күйде,қолы басқа бетке бұрылған,ал келесі қолы шынтақ буынынан бүгілген, басы әлсіз қайырылған,аяқтары тізе буынынан бірден қайтарылған және тығыз ішіне бекінген. Бұл қалып іріңді менингитте дамиды. Гемитип бойынша ассимметрия қалып – баланың бір жағының аяқ қолы физиологиялық қалыпты,ал екінші жағы ұштары төмен бұлшықет тонусымен: параплегия типі бойынша,монотип бойынша – қозғалыс белсенділігі төмендейді. Бұл ОЖЖ-ң зақымдануынан дамиды. Табанның патологиялық қалпы- вагусты қою – аяқ ұшынан табанның медиальді бағытта бұзылуы; вагусты қалып – аяқ ұшының өсінен табанның латеральді бағытта өзгеруі. Бұл өзгерістер ортопедиялық патологиямен байланысты. Өкшелік қалып- табанды сыртқа қарай қайырылуы. Құрсақішілік дамуының ерекшеліктері дене салмағының өзгеруіне де тән. Диабеттік фенопатиясы бар балаларда айқын макросомия көрінеді. Дене салмағының төмен болуы жүктіліктің екінші кезеңінің ауыр гистозында жүкті әйелдің дұрыс тамақтанбауынан болады. Құрсақішілік даму кезіндегі патологиялық өзгерістерге дизэмбриогендік стигма да дамиды. Дені сау баланың терісі нәзік,эластикалық,жұмсақ болып келеді. Оның құрғақ болуы тері безінің функциясының төмендеуі болуына байланысты. Терісін қарап тексеруде: ақ-сары нүктелер байқалады. Ол емді қажет етпейді. Телеангиоэктазиялар – қызыл –көк түсті қан тамырлық дақтар мұрын қабырғасында,қабақта,мойынның артқы бетінде кездеседі. Олар қолмен басқанда кетіп қалады,сонымен гемангиомадан ажыратылады. Дені сау баланың тері түсі туылғаннан соң алғашқы минуттарда жалпы цианоз, акроцианоз,периоральді цианоз болады. Ал бірнеше сағаттан соң тері қызғылт түске айналады. Шала туылған балаларда -1-1,5 аптаға созылады. Өмірдің 2-3 тәулігінің соңында 60-70 % жуық балаларда тері түсі иктериялық өңге өтеді.Тері түсінің патологиялық өзгерулері. Айқын көрінетін цианоздың 3 себебі бар:
А) орталық- асфиксияда,құрсақішілік жарақатта, жұлын миының мойындық бөлігінің жарақатында,ОЖЖ зақымдауымен жүретін құрсақішілік инфекцияда дамиды.
Б) өкпелік генез- пневмонияда,пневмопатияда,диафрагмальді жарық,өкпе эплазиясында дамиды.
В) кардиальді- туа пайда болған жүрек ақауы көк түсті,персистелген,артериальді ағыс. Бет цианозы кіндік бауынің бала мойнына оралып қалғанында дамиды.Ол бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Акроцианоз және дистальді цианоз – дені сау балаларда бөлімшенің температурасы өзгергенде,ерте неонатальді кезеңде дамиды. Тұрақты периоральді цианоз туа пайда болған кардиогенді патологияда кездеседі.
Аяқтағы цианоз бен кейбір ісінулер жаңа туылған балаларда көп жағдайда мықын аймағындағы зақымдалу мен жұлынның зақымдалуы кезінде болады. Ал бөлектенген жоғарғы бөліктің,яғни қолдың цианозы қолдың босану уақытында көлденең орналасуынан болады.
Жаңа туылған баланың басы брахицефалды, долихоцефалды немесе дұрыс емес көлемді болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда жаңа туылған баланың басының көлемі кеуде торынан 1-2 см үлкендеу жалпы көлемі 34-37 см құрайды. Жаңа туылған баланың басының көлемін қайта туылғанының 3 күні өлшейді,өйткені осы уақыт аралығында ісінулер қайтады.
Көзін тексерту. Жаңа туылған баланың көзін тексеру қиын,себебі көзі жұмулы болады. Алғашқы қарағанда көзінде баланың орналасуын өзгерткенде қисық сызық бар нистагм көрінеді. Перинатальды ОЖЖ зақымдалуынан келесі паталогиялар пайда болуы ықтимал: птоз, экзофтальм, тұрақты қиғаш нистагм қылилық, Грефе симптомы, «кіріп бара жатқан көз», тоқтап қалған взор, қуыршақты көз, көз алмасының қозғалып туруы.
Ауыздың шырышты қабатын тексеру. Түсі ашық қызғылт,құрғақ(шамалы сөл бөлінеді). Кей ауытқуларда ақ дақтар көрінеді.Жоғарғы ерні хейлосхиз ал қатты таңдайы палатосхиз.
Кеуде торын зерттеу. Формасы бөшке тәріздес,төменгі апертурасы дұрыс емес, қабырғаларының қиғаш орналасуы. Кеуде торы симметриялық,төменгі бөлігі тыныс алуға қатысады. Тыныс алу мен жүрек соғысын стетоскоптың көмегімен түнгі үйқы уақытында есептейдітыныс алуы - 40-60 рет 1 минутына, жүрек соғысы 140-160 рет 1 минутта, АҚҚ-50/80 80/50 мм.с.б. бұл есептеулер 60 секунд бойы жүргізіледі,өйткені бұл есептеулер лабильді.
Кеуде торының пальпациясы. Бұғана сүйегінің сынығы кезінде ісіну,крепитация және мозоль байқалады. Кеуде торының регидтілігі өкпе ауруларына тән(пневмония, пневмопатия) кейбір даму аномалияларына тән (диафрагмалді жарық).
Жаңа туылған баланың өкпесінің перкуссиясын алақанға жатқызып,қолтығынан ұстап турып ортаңғы саусақпен жасайды перкуторлы дыбыстың қысқаруы,тұйықталуы және қораптық дыбыс өкпенің инфекциялық немесе инфекциалық емес зақымдалуына тән.
Өкпенің барлық бөлігінде тыныс алу пиуриялық, яғни дем алуының және демшығаруының 1/3- 1/2 бөлігі естіледі. Шала туылған нәрестелердің өмірінің алғашқы күндері тыныс алуы әлсіз болады.(өкпенің ателектазы). Тыныс алуының әлсіреуі экстрапульмональді өзгеістерге тән (мұрын жолдарының жіңішкелігі,мұрынның шырышты қабатының Ж РВИ кезіндегі ісінуі немесе реанимациалық шаралар жүргізгендегі зақымдалулар) немесе тыныс алу жолдарының аномалиялары мен аурулары кезінде. Жаңа туылған балалардың өмірінің алғашқы күндері сырылдың естілуі сау нәрестелерде де болады.(себебі өкпесінде құрсақ ішілік сұйықтықтың қалуы). Көп сақталған сырылдар аспирациалық синдромның бар екенін дәлелдейді. Өмірінің жалғасында сырылдың болуы патология туралы айтады. Тыныс алу жиілігінің бұзылуы қысқа мерзімдік апноэнің белгісі. Ұсаққа созылған апноэ цианозбен және тыыстың тоқтауымен көрінеді 6-10 сек көп).
Жүрек тоны анық. Жүректің жиырылуы 100 рет 1 минутта-брадикардия, 160 тан жоғары 1 минутына - тахикардия. Жүрек тонының бәсеңдеуә мен естілмеуә құрсақ әшәләк ауыр гипоксияға байланысты, миокардтың инфекциялық зақымдалуы, жүректің туа біткен ақауына тән. Өмірінің алғашқы күніндегі систолалық шуыл туа біткен жүрек ақауына тән болмауы да мүмкін.Систолалық шулдың 3-5 күндері болуы, жоғарулауы мен арқасының акселярлық бөлігіне берілуі туа біркен жүрек ақауы туралы айтады.
Жаңа туылған нәрестенің ішінің көлемі дөңгеленген,тынысалу актіне белсенді қатысады. Ішінің желденуі артық тамақтандырғанда (жасанды тағам), сонымен қоса төменгі ішек өткізгіштігі синдромына, некротикалық энтероколита, перитонитке, сепсиске, пневмонияға, құрсақ ішілік инфекцияға тән. Ішінің төмен түсуі төменгі ішектерінің өткізгіштігінің бұзылуына, сусыздануға тән. ішінің ассимертиялығы диафрагмалық жарыққа тән (ісінген), ішпердесінің алдыңғы бөлігінің аномалияларына тән, алдыңғы ішпердесінің түсінің өзгеруі (жылтыр,ашық қызғылт түсті) ішперденің патологияларына тән.
Іші жұмсақ,пальпацияланады,еркін жатқанда іші терең пальпацияланады. Алдыңғы ішпердесі эластикалық. Алдыңғы ішпердесінің пастоздығы шала туылған балаларда, алдыңғы ішперденің қабынуларында, склередермада, бүйрек аномалияларына тән. Кіндік қалдығы өмірінің 4-7 күрдері түседі. Кіндік жарасы құрғақ және таза. Гиперемия,шырышты-іріңді бөлінділер амфолит туралы айтады. Ортаңғы бұғана сызықпен бауры қабырға доғасынан 2 см шығып турады. Бауыр ұлғаюы перинатальды инфекцияға, ауыр асфексияға, туа біткен жүрек ақауына кейбір сарғаюларда болады. Ұйқы безі қабырға доғасында пальпацияланады. перинатальды инфекцияларда спленомегалия, тұқым қуалайтын микросфероцитозда байқалады. Шала туылған балаларда көбінде оң бүйрегі оңай пальпацияланады. Ішектің аускультациясы кезінде перистальтикасының бұзылуы ауыр асфиксиямен,құрсақ ішілік инфекцияамен,бастың ішіндегі қан кетумен қосарланып жүреді.
Жыныс мүшелерін тексеру. Ұл балаларда жұмыртқасы умаға түсіп турады, ал қыздарда үлкен жыныс еріндері кіші жныс еріндерін жауып турады; шала туылған ұлдарда жұмыртқасы умасына түсіп турмайды. Умасы ұлғаюы мүмкін (уманын водянкасы,жарықпен дифференциадық диагностика жасайды). Қыздарда айқын клитордың гипертрафиясы тексеруді қажет етеді.
Жамбас буының тексеру. ОЖЖ зақымдалуында, дисплазияда, Маркс симптомы оң болғанда, бұлшықет тонусынаң төмендеуі шала туылу,жұлын зақымдалуында әлсіреуі байқалады.
Тексерулерді анықтап болған соң неонатолог тағы бір рет барлық манипуляцияларға жауапты, терморегулятордың қалыптылығын, соматикалық және неврологиялық қалыпын, адаптацияның динамикасын тексереді. Уақытылы әрі дұрыс жүргізілген тексерулер аурыдың алдын алып,дүрыс ем жүргізуге өз септігін тигізеді.
Тест тапсырмалары
1.Мыналардың қайсысы нәрестелердегі жылу жоғалтудың алдын алу үшін ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:
А. сүрту
Б. орау
В. терімен теріге жанасу
Г. кеудемен тамақтандыру
Д. дененің салқындаған бөлігіне компресс қою
2.Нәрестенің ОЖЖ-ң жағдайы мына белгілерден БАСҚАСЫМЕН бағаланады:
А.бұлшық ет тонусы
Б.туа біткен автоматизм рефлекстерін бағалау
В.патологиялық рефлекстердің болуы
Г.қозғалыс белсенділігі
Д.тыныс алу және жүрек соғу жиілігі
3.. Нәрестедегі атетоз тәрізді қимыл қозғалыстар мына төменде көрсетілген ОЖЖ-ң бір ерекшелігімен байланысты:
А. таламопалидарлық жүйенің басым болуымен
Б. ОЖЖ патологиясымен
В. пирамида жолдарының толық миелинизацияланбауымен
Г. дендриттердің нашар дамуымен
Д. мишықтың жеткіліксіз дамуымен
4. Мына төменде көрсетілгендердің біреуі нәрестелерде тершеңдіктің (потницА. пайда болуының себебі:
А. күтім нашарлығы
Б. шала туылу
В. нәрестенің тоңуы
Г. нәрестені артық тамақтандыру
Д. орталық жүйке жүйесінің туыт жарақаттары
5. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы ана сүтінің құрамына қатысты ДҰРЫС ЕМЕС?
А. белок казеин түрінде берілген
Б. сиыр сүтіне қарағанда белок аз
В. сиыр сүтіне қарағанда Са мен Р аз
Г. қанты β-лактоза түрінде
Д. сиыр сүтіне қарағанда Fe аз
6. Дені сау нәрестенің бойының орташа көрсеткіштері:
А. 44-46 см
Б. 46-48 см
В. 50-52 см
Г. 54-56 см
Д. 56-58 см
7. Қандай симптом нәрестеде менингиттің бар екендігін көрсетеді?
А. Керниг симптомы
Б. Бабкин симптомы
В. Галант симптомы
Г. Лессаж симптомы
Д. Брудзинский симптомы
8. Дені сау нәрестені ана омырауына қашан берген жөн?
А. туылғаннан кейін 30 минуттан соң
Б. туылғаннан кейін 6 сағаттан соң
В. туылғаннан кейін 12 сағаттан соң
Г. туылғаннан кейін 24 сағаттан соң
Д. туылғаннан кейін 48 сағаттан соң
9. Мына төменде көрсетілгендерден дені сау нәрестенің дене салмағына гестация мерзімінің сәйкестігін таңдаңыз:
А. дене салмағы 3800 гр. – гестация 35 апта
Б. дене салмағы 2000 гр. – гестация 38 апта
В. дене салмағы 1500 гр. – гестация 38 апта
Г. дене салмағы 2000 гр. – гестация 42 апта
Д. дене салмағы 3000гр. – гестация 39 апта
10. Патронаж кезінде нәрестенің анасы туылғаннан бері байқалатын шулы тынысқа, ему және жылау кезінде шудың күшейе түсетіндігіне шағымданады. Қарау кезінде ішкі мүшелер бойынша басқа ауытқулар байқалмады.
Дәрігер қандай қорытынды жасады?
А. көмей стенозы
Б. бронхит
В. трахеит
Г. ларингоспазм
Д. туа біткен стридор