Клиникалық жағдай: «Диабетикалық нефропатия»
Ситуациялық есеп: Сіз – ОКА-ң терапия бөлімшесінің дәрігерісіз. 58 жастағы әйел түсті.
Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз
Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз
Ø Диагнозды құрыңыз
Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз.
Соңғы нәтиже (outcomes):
1. Диабетикалық нефропатиясы бар науқастарды сұрастырып физикальді қарауды жүргізу
2. Зерттеулер мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализін, жалпы белок, креатинин, мочевина, глюкоза, гликемиялық профиль, гликолизденген гемоглобин, жалпы холестерин; жалпы зәр анализін; зәрде тәуліктік белоктың экскрециясын; бүйректің ШФЖ есебін; ЭКГ, бүйректің УДЗ-н.
3. Науқастың жүргізу тәсілі және емдеу тактикасы
Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:
Шағымдары: шөлдеу, ауызының құрғауы, кезеңді басының ауруы, бетінің ісінуі.
Сұрақ мәнісі | Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау | Жауабы |
Полидипсия белгілерін нақтылау | Тәуілігіне қанша сұйықтық ішесіз? | 3-3,5 литрге дейін су ішем |
Ауыз қуысының құрғауын нақтылау | Ауыз қуысының құрғауы қаншалықты жиі болады және ол тәтті немесе тұзды тағамдар-ды жеумен байланысты ма? | Ауыз қуысының құрғауы тұрақты және жеген тамаққа байланысты емес |
Бас ауыруының орналасу жері және себебін анықтау | Бас ауруыңыз қай жерде орналасқан және неден кейін, қашан пайда болады? | Ауру сезімі шүйде аймағында бұл кезде артериальді қысымның көтерілуі байқалады |
АҚ деңгейін анықтау | АҚ қаншаға дейін көтеріледі | 160/ 100 мм с.б. |
АҚ емдеу тәсілін анықтау | Сіз гипотензивті дәрілер қабылдайсыз ба және қандай? | Кейде, адельфан |
Бетінің ісінуінің ұзақтығын анықтау | Бетінің ісінуін қай уақыттан байқаған | Қабақтарымның ісінуіне 1 ай болды |
Ісінулердің пайда болуына алып келетін ауруларды, факторларды анықтау | Сіз созылмалы бүйрек ауруларымен аурасыз ба? Бетінің ісінуі ауру сезімді жиі зәр шығарумен, дене қызуының жоғарлауымен жүреді ме? | Жоқ Зәр шығаруым жиі, бірақ ауыру сезімсіз, дене қызуым көтерілмеді. |
Жанұялық анамнез анықталды | Сіздің туыстарыңыз қандай аурулармен ауырады? | Қант диабеті анамда және сіңілімде болған |
Анамнезінде: 10 жыл бұрын қант диабеті қойылған, сиофор қабылдағам. Қант деңгейін қадағаламайды, емдәмді сақтамайды. Жарты жыл бойы қан қысымы көтеріле бастаған, соңғы кезде бетінде ісінулер пайда болған.
Объективті: салмағы 87 кг, бойы 173 см. Жағдайы қанағаттанарлық. Бетінің ісінуі анықталады. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТАЖ – 16 рет мин. Жүректің салыстырмалы шекаралары солға ортаңғы бұғана сызығы бойымен кеңейген. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 78 рет мин. АҚ - 140/100 мм сб.б. – екі қолында. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз.
Лабораторлы мәліметтері:
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 126 г/л Эритроциттер - 4,2 х 1012 /л Түсті көрсеткіш 0,9 Тромбоциттер – 240х109/л Лейкоциттер – 6,4 х 109/л Cегментоядерлі нейтрофилдер – 62% Эозинофилдер – 2 Базофилдер - 2 Моноциттер – 2 Лимфоциттер – 30% ЭТЖ – 25 мм/сағ Панченко бойынша | Жалпы зәр анализі мөлшері – 100 мл түсі – сары мөлдірлігі – мөлдір салыстырмалы тығыздығы – 1019 зәрдегі қант + Реакциясы – қышқыл Белок – 0,66 г/л жалпақ эпителий – 0 – 2 к/а Лейкоциттер – 1-3 к/а Эритроциттер – теріс Зәрдегі белоктың экскрециясы:1,2 г/л |
Гликолизирленген гемоглобин: НвА1с - 8,7% Гликемиялық профиль 800 – 10 ммоль/л 1200- 7,5ммоль/л 1600 – 11ммоль/л 2000- 7,8ммоль/л | Биохимиялық қан анализі Мочевина – 6,8 ммоль/л Креатинин – 67мкмоль/л Белок – 70 г/л Жалпы холестерин – 6,6 ммоль/л, ХсТТЛП-4,18 ммоль/л триглицеридтер 2,0 ммоль/л; ЖТЛП 1,1 ммоль/л жоғары натрий – 142 ммоль/л калий – 4 ммоль/л |
ШФЖ (СКФ): Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу
СКФ= , мұндағы коэффициент еркектер үшін =1,
Әйелдер үшін=0,85.
Құралдық мәліметтер:
ЭКГ
УДЗ – оң бүйрек 10,7х 4,3 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см, біртекті. Сол бүйрек 10,0х4,1 см, \ паренхима қалыңдығы 1,5. Шеттері тегіс, паренхиманың эхогенділігі қалыпты. Тостағанша- шұмақты жүйе кеңеймеген.
«Диабетикалық нефропатия» клиникалық жағдай бойынша
бағалау парағы (check-list)
Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні____________
Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Баллдық бағасы | ||
Дұрыс орындалды | Ескертулермен орындалды | Орындамады | ||
1. | Шағымдарды жинау | 1,0 | 0,5 | |
2. | Салыстырмалы диагностика үшін қосымша сұрақтардың көмегімен ауру симптомдарын нақтылау | 1,0 | 0,5 | |
3. | Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау | 1,0 | 0,5 | |
4. | Дене салмағының индексін есептеу және интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
5. | Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
6. | Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | |
7. | Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | |
8. | Жалпы қан және жалпы зәр анализін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
9. | Зәрде тәуіліктік белок экскреция анализін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
10. | Биохимиялық қан анализін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
11. | Қант диабетінің компенсациясын анықтау | 1,0 | 0,5 | |
12. | Кокрофт-Голт формуласы бойынша шұмақтар фильтрациясының жылдамдығын есептеу және интерпретациялау | 2,0 | 1,0 | |
13. | ЭКГ интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
14. | Бүйректің УДЗ интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
15. | Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу | 1,0 | 0,5 | |
16. | Емдеу тәсілін анықтау | 2,0 | 1,0 | |
17. | Ем нәтижесінің критерийлерін анықтау | 1,0 | 0,5 | |
18. | Науқаспен оптимальді қатынас орнату және қобалжуды басу | 1,0 | 0,5 | |
баллдардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ | 20,0 | 10,0 |
«Диабетикалық нефропатия»