Лекции.Орг


Поиск:




СГС, мкс, мкгсс, МКСА, мсс, МТС бірліктер жүйелері




СГС жүйесі

СГС физикалық шамалардың бірліктер жүйесі 1881 жылы электриктердің алғашқы Халықаралық Конгресімен бекітілді. Жүйенің негізгі біррліктері: ұзындық бірлігі-сантиметр, масса бірлігі-грамм және уақыт бірлігі-секунд. Конгресс Гаусс ұсынған принциптер бойынша СГС жүйесін тағайындап, екі маңызды туынды бірліктердің атауын еңгізді. Күш бірлігі үшін-дина және жұмыс бірлігі үшін-эрг. СГС жүйесінде қуатты өлшеу үшін-1 секунд ішіндегі эрг (эрг/сек), кинематикалық тұтқырлық үшін-стокс, динамикалық тұтқырлық үшін-пуаз.Механикалық өлшеулер саласында СГС жүйесі негізгі бірлікке сүйенеді.СГС жүйесінің электрлік және механикалық өлшеулердің жүргіщудегі қолдануы күрделірірек. Тарихи жағдайға сай, бұл өлшеулер үшін СГС жүйесінің 7 түрі бар, олардың ішінде 3түрі кең тараған.

1. СГСЭ жүйесі, 3 негізгі бірлікке құралған-сантиметр, грамм, секунд. Вакуумның диэлектриктігінің өткізгіштігі өлшемсіз бірлікке тең деп қабылдаған. Бұл жүйе сонымен қатар абсолютті электростатикалық бірліктер жүйесі деп аталады.

2. СГСМ жүйесі, негізгі СГСЭ жүйесіндегідей- сантиметр, грамм, секунд. Вакуумның магниттік өткізгіштігі өлшемсіз бірлікке тең деп қабылдаған. Бұл жүйе сонымен қатар абсолютті электромагниттік бірліктер жүйесі деп аталады.

3. СГС жүйесі, СГС симметрияялы жүйесі немесе Гаусс жүйесі деп аталады. Бұнда электрлік бірліктер СГСЭ-ның электрлік бірліктеріне, ал магнитті бірліктер СГСМ-ның магнитті бірліктеріне сай.

СГС жүйесі(симмертиялы)-когорентті және өлшенетін физикалық шамаларды белгілеу мен есептеу үшін физикада кеңінен қолданылады.

МКСА жүйесі

Бұл жүйенің негізінен 1901 жылы итальян ғалымы Джорджи салды, сондықтан жүйе, 1958 жылы Халықаралық электротехникалық комиссиямен қабылданған. «Джорджи жүйесі» деген екінші атауға ие болды. МКСА жүйесінің негізгі бірліктері: метр, килограмм, секунд және ампер. МКСА жүйесінде ньютонмен, жұмыс пен энергия джоульмен, қуатт ватпен өлшенген.МКСА жүйесінде механикалық бірліктер толығымен электрлік және магниттік шамаларды (ампер, вольт, ом, қуат, т.б.) абсолют практикалық жүйе бірліктерімен МКСА жүйесі электрлік және магниттік шамаларды өлшеу үшін қолданылатын Халықаралық бірліктер жүйесінің(СИ) бөлігі болып табылады.

МТС жүйесі

МТС бірліктер жүйесінде негізгі бірліктері ұзындықтың бірлігі-метр, массаның бірлігі-тонна, уақыт бірлігі-секунд, т.б.Бұл жүйелер ең алғаш 1919 ж. Францияда өлшем бірліктері жөніндегі заңнамада қабылданды.

1927-1933 ж.ж. МТС жүйесі кеңес стандарттарымен механикалық бірліктерге ұсынылды.Массаның негізгі бірлігі ретінде тоннаның тандауы сәтті болды, себебі ұзындық пен көлем бірлігі арасында сәйкестік болды. Одан басқа, бұл жүйедегі жұмыс пен энергия бірлігі (килоджоуль) және қуат бірлігі (киловатт) сәйкес қысқартылған практикалық электрлік бірліктермен дәл келді. МТС жүйесінде күш бірлігі стен(сн) болып табылады, стен 1 м/с2 үдеуі бар массасы 1т болатын күшке тең, ал қысым бірлігі-пъеза 1 ст/ с2 болып табылады. КСРО-да МТС жүйесі практикалық түрде дамыған жоқ және 1955 жылы ГОСТ 7664-55 «Механикалық бірліктер» қолдауда оған енбеді. Францияда бұл жүйені қолдану 1961ж. 3 мамырда аяқталды.

МКГСС жүйесі

Өзімізге белгілі, XVIII ғ. соңында, бірліктің метриклық жүйесінің қабылдануы мерзімінде, килограмм салмақ бірлігі ретінде қабылданды.

Килограмм салмақ бірлігі ретінде қолданылды, одан кейін күш бірлігі ретінде қолданылды. XIX ғ. соңында 3 негізгі бірлігі бар физикалық шамалардың бірліктер жүйесінің құрылуына әкелді. Метр-ұзындық бірлігі, килограмм-сила-күш бірлігі және секунд-уақыт бірлігі.

Килограмм-сила(кгс)-килограммның халықаралық прототиптерінің масаны тең массаға 9,80665 м/с2 үдеуін беретін күш.

Бұл жұйе техникалық атауын иеленіп, механика мен техникада кең таралды. МКГСС жүйесінің таралу себептерінің бірі-күшті салмақ бірлігінде көрсетунінің ыңғайлылығы мен күштің негізгі бірлігінің-килограмм-силаның жаңа атауы килограмм қабылдауы болды.Үшінші МКГСС жүйесінің ірі кемшілігі-оның электрлік және магниттік шамалармен когорентсіздігі болып табылады. МКГСС жүйесінде жұмыс пен энергия бірлігі ретінде килограмм-сила-метр қызмет етсе, практикалық электрлік бірліктер жүйесінде жұмыс пен энергия джоуьмен өлшенді.МКГСС жүйесінде масса бірлігі ретінде 1 кгс түсірілген күш әсерінен 1 м/с2 үдеуін алатын дененің массасы қабылданды. Бұл бірлік (кгсс2/м) кейде массаның техникалық бірлігі немесе инерта д.а.

МКГСС масса бірлігі- кгсс2/м≈9,81 кг-СИ масса бірлігі.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1139 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

775 - | 750 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.