Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


БуындардыҢ патофизиологиясы мен остеопатиялар бойынша аҚпараттыҚ - дидактикалыҚ бӨлік




Сүйек тіні органикалық және бейорганикалық құрамбөлшектерден тұрады.

Органикалық құрамбөлшек (остеоид) коллагенді қалыптан және коллагенді емес нәруыздан тұрады. Остеоидтың негізгі бөлігі коллагеннің,I түрінен тұрады, ол оның жалпы көлемінің 90%-дан көбін құрайды. Коллагенді емес нәруыздардың ішінде жиі кездесетіндері: остеокәлцин, остеонектин, остеопонтин, сиалопротеин. Гидроксилапатит - бейорганикалық құрамбөлшек, ол біріншіден кәлций фосфатының Са[Са3(РО4)2]3(ОН)2 тұзы ретінде органикалық қалыпта тұнбаға түседі, содан соң апатиттің кристалына айналады.

Сүйек тіні негізінен остеобласт, остеоцит және остеокласт жасушаларынан тұрады. Остеокласттар ( өмір сүру ұзақтығы 2 апта) – көп ядролы жасушалар, қанның моноциттерінің бірігуі кезінде құралады. Остеокластар Н+ және протеолиздік ферменттер (катепсин, коллагеназа және т.б.), сонымен қатар қышқыл фосфатазаны бөлу арқылы сүйектің минеральды және органикалық құрамбөлшектерін ерітеді

Остеобластардың (өмір сүру ұзақтығы 3 ай) негізгі қызметі – остеоидты өндіру (сүйек қалыбын) және оның минералдануы. Минералдану үрдісі іске асу үшін остеобластардың сілтілік фосфатазасы қажет.

Сүйек тіні in vivo (өмір сүру барысында) ешқашан метаболизмдік тыныштық жағдайында болмайды. Механикалық сызығы бойымен сүйек тінің қалыбы минералдық қоры қайта құрылады. Қаңқаның құрылымдық бүтіндігі сүйек түзілу және кері сорылу секілді сүйек тінін үздіксіз қайта үлгілеу немесе қайта құрылу үрдістері арқылы ұсталынып тұрады.. Бұл үрдістер бір-бірімен тығыз байланысты және остеокласттар мен остеобласттардың бір-бірімен жасушалық өзара әсерінің нәтижесі болып табылады. Қаңқаның белгілі бір жеріндегі қайта үлгілеудің келесі кезекті кезеңдерінің аралығы 2-5 жыл болады. Қайта үлгілеудің қорытындысы болып сүйек тінінің өзін-өзі жаңартуы есептеледі. Орта жаста қаңқаның жаңару жылдамдығы жылына сүйек тіні салмағының шамамен 2 - 10% құрайды, яғни 10 – 20 жылда қаңқаның жартысы жаңарады. Сүйек тінінің қайта үлгілеу жылдамдығын микросынықтар мен механикалық күштемелер, кәлцитриол, өсу гармоны паратгормон, тироксин жоғарылатады, кәлцитонин, эстрогендер төмендетеді.

Қаңқа салмағының шамамен 20%-н құрайтын кеуекті сүйек 80%-ға қайта үлгіленеді, ал қаңқа салмағының шамамен 80%-н құрайтын компактты сүйек тіні тек 20%-ға ғана қайта үлгіленеді. Осыған байланысты қайта үлгілеудің тепе-теңдігі бұзылысымен көрінетін остеопороздың бірінші кезекте және көбінесе кеукті сүйекте неге пайда болатыны анықталды.

 

СҮЙЕК ТІНІНІҢ ҚАЙТА ҮЛГІЛЕНУІН РЕТТЕЙТІН ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІК ЖАЙТТАР

ЖҮЙЕЛІК ЖАЙТТАР

 

1.Паратгормон (қалқанша маңы безі, паратиреоидты гормон)

Нысана ағза Әсерлері Салдары
Сүйек тіні Остеокласттардың санын және белсенділігін жоғарылатады Кері сорылудың жоғарылауы → боркеміктік (остеопороз), сүйектердің сынуы; қанда кәлций деңгейінің жоғарылауы.
Бүйрек - кәлцийдің кері сіңірілуінің жоғарылауы - фосфаттардың кері сіңірілуінің төмендеуі - D3 витаминінің белсенді түрінің - 1,25(ОН)2D3 түзілуінің түрткіленуі Гиперкәлциемия, гипофосфатемия, фосфатурия
Ішек - D3 витаминінің (1,25(ОН)2D3 ) қатысуымен кәлций сіңірілуінің күшеюі Гиперкәлциемия

 

2. Кәлцитонин (қалқанша безінің С – жасушалары өндіреді)

Сүйек тіні - остеокласттар белсенділігі және түзілуін тежеуші   Қайта сорылудың тежелуі Гипокәлциемия
Бүйрек - зәрмен кәлций, фосфаттар шығарылуының күшеюі Гипокәлциемия

 

Гормондар, витаминдер Әсерлері Салдарлары
3. Инсулин Остеобластардың белсенділенуі Сүйектің жаңадан түзілуі
4. Соматотропты гормон Инсулин тәрізді өсу жайытының белсенділенуі- бауырда → табақшасында шеміршек жасушаларының өсіп-өнуі.     Сүйектердің ұзындығының өсуі Сүйектің жаңадан түзілуі. Акромегалия кезінде – сүйек сыртқы қабатына қарай өсуі. Кәлцийдің көп шығуы кезінде остеопороз болуы мүмкін.
5. Глюкокортикоидтар Қалыпты мөлшерде остеобластарды белсендейді. Үлкен мөлшерде остеобластарды тежейді. Сүйектің жаңадан түзілуі.   Остеопороз
6. Эстрогендер   - остеобластарды белсенділейді, инсулин тәрізді өсу жайтының 1-ші түрі өндірілуін көбейтеді. - моноциттермен Ил-1 және альфа- ӨТЖ- тің өндірілуін төмендетеді. - остеокластардың белсенділігін төмендетеді Сүйектің жаңа құрылымы   Кері сорылудың төмендеуі  
7. Тестостерон Остеобластарды белсенділейді Сүйектің жаңадан түзілуі.
8. Тиреоидты гормондар Остеокластарды белсенділейді. Кері сорылудың жоғарылауы.
9. D витамині, (1,25 (ОН)2D3 немесе кальцитриол, D3 витаминінің белсенді түрі) - ішекте кәлцийдің сіңірілуін күшейтеді - бүйрек өзекшелерінде фосфаттардың кері сіңірілуін көбейтеді   Салдарлық гиперпаратироздың әсерінен сүйектің кері сорылуын сергітеді  




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 523 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.