Тобы:№
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
ҰОҚ: Қоршаған орта
Тақырыбы: Балабақша бөлмесі.
Мақсаты: балабақша ішінде орналасқан бөлмелер мен кабинеттерді салыстыруға үйрету.Балабақша бөлмесінде,аулада еркін бағыт-бағдар жасау,топ бөлмесінде және тұрмыста заттарды дұрыс қолдану іскерліктерін жетілдіру.Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: балабақшаның ауласы және бөлмелері бейнеленген суреттер немесе фотосуреттер.
Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі-түсті карандаштар, әр балаға арналған мазмұнды суреттер, құрастыруға арналған бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындылары(пеш, музыкалық аспап,дәрігер халаты т.б.).
Алдын ала жасалатын жұмыс: балабақша бөлмелері бейнеленген
суреттерді қарау.Суреттерді боя
Әдіс – тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Іс – әрекет Кезеңдері | Педагогтің іс – әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушылық | ||
Ұйымдастырушылық -ізденістік | Балалардан балабақша бөлмелері туралы білетіндерін сұрайды. –Сендер таңертең қайдан келдіңдер? –Қайда келдіңдер? -Сендердің топтарың қалай аталады? –Сендердің топтарыңда қандай-қандай бөлмелер бар? -Балабақша ішіне саяхат жасағыла рың келе ме?Саяхатқа пойызбен барамыз. «Пойыз» ойыны. –Біздің пойызымыз қандай ұзын! Пойызымызға көп вагондар тіркеліп ті. Кәне,пойыздың дөңгелектері қалай айналады,көрсетіңдерші. Балаларды ас дайындайтын бөлмеге, музыка залына,медбике кабинеті мен кір жуатын бөлмеге алып келеді де ондағы заттармен таныстырады. –Балалар,біз медбике кабинетіне келдік. –Қалай ойлайсыңдар,неліктен медбике кабинеті деп аталады? -Кәне,балалар,медбике бөлмесін қарап, қандай заттар мен құралдар бар екендігін көріп алыңдар.Бірақ та қолдарыңмен ұстамаңдар. –Медбике кабинетінде не бар екен? Кабинеттегі медбике құралдары мен олардың орналасуы,сақталуы, қауіпсіздік ережесі туралы айтады. –Кәне,саяхатымызды жалғастырайық. Ас дайындайтын бөлмеге алып келеді. –Қайда келдік деп ойлайсыңдар? -Бұнда кімдер бар екен? -Аспазшылар мен ыдыс жуатын апайлар бар екен.Аспазшылар бұл жерде не істейді? Балаларға асхана ішін тек көзбен шолып шығуды ұсынды. –Балалар, медбике кабинеті мен ас даярлайтын бөлме бір-біріне ұқсайды ма? Балаларға әр бөлменің айырма шылықтарын айтқызды. Қандай ұқсастық табуғу болады? Осылайша сұрақтар қоя отырып ас даярлайтын бөлмедегі заттармен таныстырады. Олардың неден жасал ғанын айтып түсіндіреді. Үйдегі ас даярлауға арналған пеш пен асхана дағы пешті естеріне түсіру арқылы салыстырады. Ас даярлайтын бөлме дегі пештің неге үлкен екенін сұрай ды. Пойызға отырып музыка залына, кір жуатын бөлмеге барып ондағы заттармен, апайлармен таныстырып, олардың(музыка жетекшісі мен кір жуушы) қызметі жайлы әңгіме жүргі зеді.Педагог үнемі қауіпсіздікті сақтаудың ережесін балалардың естеріне түсіріп отырады.Музыка залы,ас даярлайтын бөлме мен кір жуатын бөлме туралы айтып беруле рін сұрайды. Педагог балабақша бөлмелерін аралатып болған соң топқа келеді. Педагог балаларды өз қалаулары бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға мед бике, аспаз, музыка жетешісі,кір жуып жатқан адамдардың т.б. іс-әрекеттері бейнеленген суреттерге қарап әңгімелеп беруге,екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген қиындылардан заттарды құрастыруды тапсырады. Сергіту сәті.Балалардың өздеріне таныс сергіту сәтін ұйымдастырады. Дәптермен жұмыс.Педагог дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. Балаларға таныс сергіту сәтін орындатады.Дәптерде берілген тапсырманы орындатады. Ойын: Заттарды орналастыр» (дәптермен жұмыс) | Балалар пойызға отырып топқа қайтады. |
Рефлекциялық –түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. | Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға бейнелейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: балабақша ішінде орналасқан бөлмелер мен кабинеттер,ондағы қызметкерлердің жұмысы,құрал-саймандары туралы. түсінеді: асхана,жатын бөлме,кір жуатын бөлме,медбике кабинеті мен онда жұмыс істейтін адамдардың қызметі,құрал-саймандары туралы білімді.
қолданады: балабақша бөлмесінде,аулада еркін бағыт-бағдар жасауды;топ бөлмесінде және тұрмыста заттарды дұрыс қолдануды.