Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету
стандарттарын, әлеуметтiк қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
мен оларды аттестаттау тәртiбiн әзiрлейдi және халықты әлеуметтiк
қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм
бойынша бекiтедi;
3) әлеуметтiк қызметкерлер мамандықтарының тiзбесiн, оларды даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру стандарттарын бекiтедi;
4) мыналарды:
арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргiзудi;
халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi;
арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етедi;
5) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн
субъектiлердi ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi
қызметтi үйлестiрудi;
арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы бiлiм беру ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi;
жеке және заңды тұлғалармен, халықты
әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi
органдармен және басқа да мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк
қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
Бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) мыналарды:
Қазақстан Республикасының лицензиялау
туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен арнаулы әлеуметтiк қызметтер
көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудi;
жеке және заңды тұлғалармен және
мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi
бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
3) мыналарды:
арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн;
арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн
субъектiлердiң арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген
көлемiн көрсетуiн;
халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етедi;
4) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн
субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi
кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастырады;
5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;
6) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк
берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң
қосымша көлемiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және оларды
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)
жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;
7) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және
арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау
жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асырады, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады.
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн қамтамасыз етедi;
3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн
субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi
кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастырады;
4) халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етедi;
5) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және
арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау
жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асырады, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады;
6) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;
7) жеке және заңды тұлғалармен және
мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi
бойынша өзара iс-қимыл жасайды.