Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Б) Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

Ызылорда медицина жоғары колледжі

 

 

Statistica» ортасында статистикалық талдау

Абылдаған: Сейліханова Ә.Ә.

Орындағандар: Әбдіразақ Ә.

Ерсінова А.

Жұмабай Г.

Асым А.

Сыдықова Н

Жоспар

І. Кіріспе.

Статистика туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Статистиканың міндеттері

Б) Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

III. Қорытынды.

І. Кіріспе.

Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
Статистика латынның «status» деген сөзінен шыққан. Ол заттың, құбылыстың, нәрсенің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Осы сөздің негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto» - мемлекеттің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді.Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Оның даму процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады.Оның негізін алғашқы болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.

Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс ғалымы Ахенбал, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули және т. б. өз үлестерін қосты.

XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.

ІІ. Негізгі бөлім.

А)Статистика пәні, міндеттері және оның зерттеу объектісі.
Статистика – статистика қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта қай жерде болғанын зерттейтін ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды. Статистика органы халық шаруашылығы саласының есебін жүргізу, мекеме ретінде жалпы мемлекеттің экономикалық саясатының жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың маңызды құралының бірі болып табылады. Сондықтан да статистика қоғамдық құбылыстардың құрамын және ондағы сандық және сапалық тұрғыдан тығыз байланыстырып зерттейтін ғылым болып табылады. Статистиканың сандық жағы-зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың, процестердің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде көрсету.

 

Сандық жағын оқып үйренудің келесідей түрлері бар:

1. Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді.

2. Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді.

3. Статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.


Статистиканың негізгі қасиеті-құбылыстар мен процестердің өзгеруі сандық тұрғыдан қарастыра отырып оның сапалық мәнін анықтау. Сапа- әрбір сандық көрсеткіш өзіне тән ұғым түрінде берілуі. Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер жиынтық бірлік, ал олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттер белгі болып табылады. Оның екі түрі бар: сандық және сапалық. Белгілер жиынтықтың әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация).

Статистиканың міндеттері:

1.Мемлекет, коммерциялық, акционерлік және басқа да органдарды сенімді, қажетті, нақтылы ақпараттармен және мәліметтермен қамтамасыз ету.

2.Іс жүзінде оперативтік перспективалық жұмыстардың артынан статистикалық бақылау жасау.

3.Статистикалық мәліметтерді талдау.

Б) Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

Қоғамдық ғылым ретінде республикада болып жатқан жалпы әлемдік экономиканың құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтарымен есептеу талдау сияқты әдістермен анықтайды. Сонымен әлемдік экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді.

Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:

1. Статистикалық бақылау, яғни алғашқы мәліметтерді жинау сатысы. Мұнда құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Бақылаудың негізгі мақсаты-қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсер ететін фактілерді өздеріне тән белгілеріне қарай анықтау және мәліметтердің толық, нақты, дәл, анық болуын қадағалау.

2. Жиналған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл әдісті қолдану кезінде бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтер өздеріне тән жеке белгілері бойынша топтарға бөлінеді. Бұл ке-зеңде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері ірі-ленеді, жекелеген топтардың сапалық айырмашылықтары анықталады, сондай-ақ талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштер есептеледі.

3. Жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Бұл сатыда жинақталған, топталған, өңделген көрсеткіштер біртектес топтық бел-гілері бойынша жеке қарастырылады. Сонымен қатар олардың өзара бай-ланысын анықтайды. Статистикалық мәліметтерге талдау жасау-жинақ-талған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

Талдау әдістерін практикаға кеңінен қолдану қызметі және қызметтік есептеулер жүргізу ЭЕМ-дың, кейіннен ДЭЕМ пайда болуына әсер етті. Мәліметтерді талдау әдістерін статистикалық бағдарламалық пакеттер қолайлы және көркем етті. Графиктер тұрғызу, таблица құру, күрделі формулаларға қолмен қиын есептеулер жүргізу қажеттілігін жойды. Барлық бұл операцияларды ДЭЕМ орындайды да, есеп қойылуын, оларды шешу әдістерін таңдауды және нәтижелерді талдауды адамдарға қамдырады. Батыс елдерінде мәліметтерді талдауға арналған ДЭЕМ-де ыңғайлы статистикалық пакеттердің пайда болуы оларды қолданушылар ауқымын кеңейтті. Бұл пакеттердің барлығы дерлік мәліметтерді визуальды көрсетуді қамтамасыз етеді. Атап айтар болсақ графиктер құру, екі және үш өлшемді диаграммалар құру ерекшеліктері және олардың заңдылықтары туралы жалпы түсінік алуға көмектесетін әртүрлі қызметтік графиктер құру. Оларды түсініп қолдану үшін қолданушы алдын ала қандайда бір дайындықта болуы қажет; яғни қандай жағдайларда әртүрлі статистикалық әдістер қолданылады, олардың қандай қасиеттері бар және нәтижелерді талдай алуы қажет. Егер мұндай дайындық Батыс елдерінде барлық студенттердің мәліметтерді талдау негізіне оқу қамтамасыз етілсе, біздің елімізде олай емес. Математикадан бөлінген уақыт көп болғанмен мәліметтерді талдау әдістеріне өте аз уақыт бөлінеді. Бұл жерде негізгі көп жиындар теориясы, ықтималдар теориясы, өлшемдер теориясы, функциональды талдауға беріледі. Бұлардың барлығы мәліметтерді талдау әдістерінен үйренуге жағдай туғызбайды.

Математикалық статистика деректер жиынындағы әрбір элементтің жеке қасиеттерін сипаттамайды, олар бір топқа жататын бірнеше элементті бірге қамтиды. Әдетте статистикалық деректер жолдар мен бағаналарға бөлініп, реттеліп жазылады, олардың негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеушілік әдісі статистикалық әдіс деп аталады. Ол ғылым салаларының барлығында қолданылады, бірақ табиғаты әр түрлі нысандардың статистикалық мәліметтерін бірге қарастыруға болмайды. Соның нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық статистика, статистикалық физика, жұлдыздар астрономиясы, т.б. дербес ғылым салалары қалыптасқан. Математикалық статистиканың әдістері аса маңызды параметрлері белгісіз немесе оларды жеткілікті дәлдікпен бақылауға болмайтын көптеген есептерде шешім табудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. Математикалық статистикада математикалық заңдардың бәрі де қолданылады.

Қазіргі таңда ДЭЕМ-дың кең таралуынан "Stadia", "Эвриста", Spss, "Stanguahies", "Systat", типті арнаулы статистикалық пакеттерді практика жүзінде қолдану мүмкіндігі пайда болды. Жаңа пакеттердің өршілігі Windows-Statistica ортасы үшін жасалды. Сонымен қатар "Олимп:Фин Эксперт", "Олимп: Стат эксперт", "Олимп: Три Кита", "Per". Window 3.11 және Window 95 ортасында жұмыс істейтін және Microsoft Excel интерфейсін қолданатын бағдарламалық жүйелерді айтуға болады.

Дескрипті статистика бастапқы мәліметтер көрсеткіштерінің кең тараған және қарапайым құралы болып табылады. Бұл бағдарлама статистикалық мәліметтердің жеті таблицасын құруды қамтамасыз етеді. Оларды атап көрсететін болсақ динамиканың базисті және тізбекті көрсеткіштері, орта көрсеткіштер, жеке автокорреляциялық функцияларды құру интервалды қатарлап, графиктерді және гистограммалар дайындау. Уақыт қатарларын болжау зерттелетін көрсеткіштерге интервалды және нүктелік болжауды математикалық модельдер негізінде жасау үшін арналған. Осының көмегімен қолданушыға алынған нәтижелерге сенім дәрежесін береді. Модельдер класы болып: өсу қисықтары, Браун және Хальт, Бокса-Женкинс адаптивті модельдері. Болжам жасау типі алдын ала болжам және ретроболжам. Есептеу нәтижелерінің толықтай берілуі таблицалар тізімімен анықталады. Болжам шешімдерінің бейнесі жоғарғы және төменгі шекараларын көрсеткен ретроболжам және апррокимация графиктерінде беріледі, сонымен қатар салыстырмалы және абсолютті қателер беріледі және т.б.

БІРФАКТОРЛЫ ДИСПЕРСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Кездейсоқ шамалардың өзгеруі (вариациясы) бірқатар себептердің (факторлардың) әрекетінен туындайды. Мысалы, дененің әртүрлі параметрлері (температура, артериалды қысым) тәулік уақытына байланысты өзгереді, қандай да бір фармакологиялық дәрмек қабылдағанда өзгереді, т.с.с. Зерттелетін белгіле қандай да факторлардың әсерін таза түрде бөліп шығару мүмкін емес. Тәжірибе кезінде жағдайларды максималды түрде біртекті етіп сақтауға тырысқанмен, түрлі тәжірибелер әртүрлі нәтижелер береді. Бұл осы факторларға көптеген кездейсоқ жағдайлар, көптеген бақылауға алынбайтын фаткорлар әсер ететінімен түсіндіреледі. Сондықтан белгінің жалпы өзгергіштігін құрамды бөліктерге бөлу қажеттілігі туындайды, бір жағынан нақты факторлармен анықталады, екінші жағынан бақылауға алынбайтын кездейсоқ себептермен туындайды.

Факторлардың кездейсоқ шама өзгергіштігіне әсерін зерттейтін статистика бөлімін дисперсиялық талдау деп атайды. Дисперсиялық талдау мақсаты – кездейсоқ шаманың өзгеруіне әсер ететін факторлар мен олардың тіркесімін бөліп алу. Ескерілетін факторлар санына байланысты бірфакторлы және көпфакторлы дисперсиялық талдау болып бөлінеді.

Корреляциялық талдау екі немесе одан да көп айнымалылар арасындағы дәрежені өлшеуге, факторларды іріктеуге мүмкіндік береді. Бұл белгісіз себепті байланысты табуға және нәтижелік белгілерге белгілі әсер етеді. Өңдеу нәтижелері бес таблицада көрсетіледі және сәйкесті графиктері болады. Корреляция түсінігі алдымен вариациялық қатарлар арасындағы байланыстың көрнекілік дәрежесін сипаттайды. Көрнекілік үшін бұл байланысты графикалық түрде көрсетуге болады. Координаталық жазықтықта абсциссалар осімен вариациялық қатардың біреуінің мәндерін, ал ордината осімен басқасының мәндерін салып шығады. Координаталық жазықтықтағы осындай нүктелердің жиынтығын (олардың саны бақылаулар санына тең) корреляцияның жалпы суретін құрады және әдетте екі вариациялық қатарды (регрессиялық қатар) құрайтын параметрлердің өзара тәуелділігінің қандай да бір орташаланған қисығын (әдетте түзуді) салуға мүмкіндік береді. Практикада зерттеушіні бір айнымалының екінші айнымалыға тәуелділігі емес, осы айнымалылар арасындағы байланыстың тығыздығының санмен көрсетуге болатын сипаттамасы қызықтыруы мүмкін. Бұл сипаттама корреляция коэффициенті деп аталады.

Регрессиялық талдау бұл нақты айнымалының әр түрлі факторлардан бағыныштылығын зерттеуге арналған. Олардың арасындағы байланысты регрессиялық модельдер формасы мен сәйкесті графиктерде береді. Модель ретінде сызықты көптік, қадамдық, тарақты жұптық регрессиялар қолданыла алады. Медициналық-биологиялық зерттеулерде өзара байланысқан көрсеткіштермен жұмыс істеуге жиі тура келеді. Екі немесе бірнеше көрсеткіштер арасындағы байланыс жиі көрінбей қалады, басқа себепредің (факторлардың) әсерінен қабаттасып күрделене түседі. Бір көрсеткіштің өзгерісі екінші (немесе бірнеше) көрсекіштің өзгерісіне қаншалықты тәуелді екендігін зерттеу – статистиканың маңызды мақсаттарының бірі.

Байланыстар функционалды және корреляциялық болып бөлінеді. Бір айнымалының әрбір мәніне басқа айнымалының тек нақты бір мәніне сәйкес келетін функционалды тәуелділікке қарағанда, (х) айнымалының әрбір мәніне басқа (у) айнымалының бірнеше мәндері сәйкес келетін (басқа себептердің қабаттасуына байланысты) тәуелділікті корреляциялық деп атайды. Корреляциялық тәуелділік тек көпшілікті бақылау негізінде алынады. Корреляциялық тәуелділік мысалы ретінде пациент қанындағы А затының құрамының енгізілетін В дәрмегінің мөлшеріне тәуелділікті алуға болады.

Корреляциялық тәуелділіктің ең қарапайым түрі – жұп корреляция, яғни екі белгі арасындағы тәуелділік (нәтижелілік және факторлы).

Компонентті талдау кездейсоқ айнымалылыр арасындағы құрылымдық бағыныштылықты анықтаудың әдісі болып табылады. Нәтижесінде бастапқы мәліметтер құрамында бар барлық ақпараттардан тұратын аз көлемдегі сығылған жазулар алынады. Факторлы талдау бастапқы айнымалылардың түрленуінін компоненттігі талдауға қарағанда жалпы әдіс. Есеп құрылымы бес таблицадан (өзіндік мән, факторлардың матрицаларының түзу және бұрылғаны жалпылық бағасы, бас факторлар мәні) тұрады. Кластерлі талдау бақылауларды біртекті топтарға (кластерлерге) бөліп тастауды қамтамасыз етеді. Статистикалық көрсеткіштер нәтижелері айнымалылар саны мен құралын дұрыс таңдауға бағынышты. Есеп құрылымы кластерлеу нәтижелері және кластер графиктерін қосады.

Жиілік талдау бұл уақыт қатарларын қатаң периодты немесе ретті ауытқуларды зерттеуге арналған. Анализ түрі болып гармоник талдауы, Спектрлі талдау, жиілік фильтрациясы, өзара спектр алынады. Барлық талдау түрлері үшін тек жиілік фильтрация үшін ғана емес бағдарлама автоматты түрде зерттелетін көрсеткіште тенденцияның бар болуын анықтайды және оны тапқан жағдайда сәйкесті мәлімдеме береді. Гармоникалық талдауда бағдарламадан шығуда есептік параметрлер берілген сәйкесті хаттама шығады. Осының нәтижесі бойынша гармоник қажеттілігін талдауға болады.

Дескрипті статистика көмегімен әлеуметтік-экономикалық статистика көрсеткіштерінің графиктерін тұрғызуға, олардың ерекшеліктерін бағалауға және алдағы терең талдауларда қолдану мүмкіндік береді. Тұрғындар статистикасы әлеуметтік-экономикалық статистиканың ең көне саласы болып табылады. Тұрғындар статистикамен зерттелетін, белгілі бір территорияда отырықтанған және туу мен өлу есебінде жаңарып отыратын адамдардың жиынтығы. Тұрғындар статистикасының бірлігі болып көбінесе адам болады, бірақ жанұя да болуы мүмкін. Тұрғындарды санақтан өткізу арқылы белгілі бір уақыт аралығында оның саның анықтай аламыз. Белгілі бір елді мекендерде санақ жүргізілу аралықтарында халық саны соңғы санақ және халықтың табиғи және механикалық қозғалысы туралы ағымдағы мәліметтердің баланстық схемасы бойынша анықталады.

 

 

1 – сурет. Облыстың халық санының өсу диаграммасы.

 

2 – сурет. Облыстың халық санының өзгеруі.

 

 

Программалау алғашқы бетінде тақырыбы, қалған беттерінде Қызылорда облысының тұрғындар статистикасы көрсеткіштері есептелінген, халық саны бойыншаалдағы жылдарға болжау жасалынып, программалау барысында есептелініп шығарылған көрсеткіштерді соңғы терезіде мәліметтер базасына енгізіп отыруға мүмкіндік береді.

Мәліметтер базасын енгізетін кестені бірінші MS Acces – құрып, оны Delphi программалау ортасымен байланыстырдым.

 

 

3 – сурет. MS Acces құрылған кесте

Программалау ортасының алғашқы беті:

 

4 – сурет. Программалау ортасының басты беті.

 

 

Программалау ортасының екінші бетінде орташа жылдық халық саны, келу коэффициенті, кету коэффициенті және жалпы миграция коэффициенті есептеліп шығарылған. Программалау барысында қолданылған есептеу формулалары кітап көздерінен алынған. Орташа жылдық көрсеткішті есептеу үшін жыл басындағы көрсеткіштен жыл соңындағы көрсеткішті алып тастап шыққан көрсеткішті екіге бөлеміз.

Келу коэффициентін есептеу үшін бір жылда келген адамдардың санын орташа жылдық көрсеткішке бөліп, оны мыңға көбейтеміз. Кету коэффициенті бір жыл ішінде келген адамдардың санын орташа жылдық көрсеткішке бөліп, мыңға көбейткенге тең. Жалпы миграция коэффициенті келу коэффициентінен кету коэффициентін алып тастағанға тең.

 

5 –сурет. Тұрғындардың миграциясы

Облыстың тұрғындар санын жоспарлау терезесі. Бірнеше жылдарға болжам жасау үшін мен тұрғындардың жалпы өсімін есептеудім. Тұрғындардың жалпы өсімін анықтау үшін алдыңғы беттерде есептелініп кеткен туу коэффициенті, өлу коэффициенті және миграция коэффициенттерінің қосындысын есептедім. Берілген формулаға неше жылдан кейінгі тұрғынсаны кркетігін жазып, тұрғындардың жалпы өсім коэффициентін және осы жылғы көрсеткішті енгіздім. Нәтижеде енгізген жыл бойынша тұрғындар санын шығарып береді.

 

 

6 – сурет. Тұрғындар санын болжау

Келесі терезеде Қызылорда облысының 2004 – 2009 жылдар аралығындағы тұрғындар статистикасы көрсетілген. Бұл кестеге біз мәліметтерді енгізіп алып тастап отыруымызға болады.

 

 

7 – сурет. Қызылорда облысының тұрғындарының даму кестесі

 

Орытынды.

Статистикалық зерттеулер әдістемесін құрайтын статистикалық ғылым үшін статистикалық көрсеткіштер жүйесін, статистикалық ақпаратты алуды, өңдеуді, жинақтауды және талдауды жетілдіру өзекті мәселе болып қала береді.

Осы мақсатта кестелік, графиктік әдістерді, экономика-математикалық әдістерді қолдана отырып талдау және болжау, жалпылама көрсеткіштерді есептеуді жүйелендіру үшін құрылған бағдарлама өзінің игеру қарапайымдылығымен, қолайлы интерфейсімен ерекешеленеді және экономикалық мамандықтарда оқытылатын статистика пәнінде қолданбалы бағдарлама ретінде пайдалануға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика. – М.: Высшая школа.

2. Колмогоров А.Н. Теория вероятностей и математическая статистика. – М.: Наука.

3. Кремер Н.Ш. Теория вероятностей и математическая статистика. – М.: ЮНИТИ-ДАНА.

4. Боровиков А.А. Математическая статистика. Учебник. – М.: Наука,

5. Бочаров П.П., Печинкин А.В. Теория вероятностей. Математическая статистика. – М.: ФИЗМАТЛИТ.

6. Дайменд С. Мир вероятностей. Статистика в науке. – М.: Статистика.

7. Дащинская Н.П. и др. Социально-экономическая статистика. – Мн.: БГЭУ.

8. Ниворожкина П.П., Морозова З.А. Основы статистики с элементами теории вероятностей для экономистов. – Ростов-на-Дону.

9. Никитина Н.Ш. Математическая статистика для экономистов: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Или почему стоит приобретать отечественные сорта | Защитникам Отечества посвящается…..
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 6660 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2395 - | 2152 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.