Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс тақырыбы: Ядролық физиканың дамуы




Дәріс жоспары

Жасанды радиоактивтілік

Фермидің тәжірибелері

Фермидің - бөлінуінің теориясы

Уранның бөлінуі

Ядролық бөлінудің тізбекті реакциясы

Жасанды радиоактивтілік

 

1934жылы Париж ғылым Академиясының отырысында Ф.Жолио мен И.Кюридің радиактивтіліктің жаңа түрі табылғандығы туралы хабарлаған фундаменталды жаңалықтан ядролық физиканың дамуында жаңа кезең басталды. Олар былай деп жазды: «Біз кейбір жеңіл элементтер (бериллий, бор, алюминий) полонийдің бөлшектермен соққылаған кезде оң электрондар шығарады дегенді Вильсон камерасы әдісмен дәлелдедік. Полонийдің а-сәулелерімен сәулелендірілген кейбір жеңіл элементтердің оң электрондарды шығаруы а-сәулелердің көзін жойған соң біршама азды-көпті уақытқа созылады. Жеңіл элемнт бор болған жағдайда ол уақыт мысалы жарты сағатты құрайды». Жолио мен Кюри осы құбылысты зерттей келе радиоактивтіліктің оң электрондарды шығарумен қатар жүретін жаңа кезеңі пайда болатындыған көрсетті.

Ерлі зайыпты Жолио-Кюри осы сол уақытқа дейін периодта бақыланбаған жаңа радиоактивті изотоптарды жасап, алғаш рет жасанды радиактивтілікті тудырды. Жолио-Кюри ашқан бұл құбылыс «жасанды радиактивтілік деп аталды».

Осы ашқан жаңалықтары үшін ерлі-зайыптыларға Швед ғылым Академиясы химия бойынша Нобель сыйлығын ұсынды.

Кейінірек Жолио-Кюри фамилиясын қабылдаған Фредерик Жолио 1990 жылы 19 наурызда Париж коммунасына қатысушы, шебер, Анри Жолионың отбасында туылды. 1908-1917 жылдары Ланкаль лицейінде білім алды. Нақты ғылымдар саласындағы білімін толықтыру үшін Жолио Лавуазье лицейіне түсті. Лицейді 1919 жылы бірінші болып бітіріп, Париж физика және химия мектебіне оқуға түсті, ол жерде бір кездері профессор Пьер Кюри болды. Ол мектепті аяқтаған соң Жолио болат құятын зауыттарда инженер-практикант болып жұмыс жасады. Сосын әсерге шақырылып, Пуатьедегі артиллериялық мектепке түсті. Учиищені бітірген соң суб-лейтанант Ланжавеннің ұсынысы бойынша Радия иститутына Мария Кюридің препараторына түсті. Осы жерде ол өзінің болашақ жары, Пьер және Мария Кюрилердің қызы Иренмен танысты. 1926 жылы олар үйленіп, бірлескен ғылыми өміпрлік жолдарын бастап кетті.

Ирен Кюри Фредерик Жолиодан үлкен болатын, ол 1897 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол Париж университетін 1920 жылы аяқтады және анасының зертханасында жұмыс істей бастады. Фредерик радия институтына препараторға түскен кезде (1925) Ирен докторлық диссертациясын қорғады. Жолио докторлық диссертациясын 1930 жылы қорғады. 1937 жылы ол Франс Колледжінде ядролық химия профессоры болды, 10 жылдан соң, Ланжавеннің қазасынан кейңн тәжірибелік физиканың профессоры болд. Ирен анасы қайтыс болған соң, 1934 жылы Париж университетінде физика кафедрасына қабылданды. Соғыс жылдары Фредерик пен Кюри Қарсыласу қозғалысының белсенді қатысушылары болды, соғыс аяқталған соң бейбітшілік үшін белсенді күресті. 1942 жылы соғыстың қиын жылдарында Фредерик Жолио-Кюри Францияның Коммунистік партиясына енді. Ол 1949 жылдан бастап ғұмырының соңына дейін Бүкіләлемдік Бейбітшілік Кеңесін басқарды. Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысын ұйымдастырды. Ирен Кюри Бүкіләлемдік Бейбітшілік Кеңесінің мүшесі болып, Бейбітшілікті жақтаушылар конгресінің қатысушысы болды.

1948 жылы Жолионың басшылық етуімен бірінші Француздық ядролық реактор іске қосылды. Жолио-Кюридің өзі 1950 жылы Францияның атомдық энергия жөніндегі Жоғары комиссары лауазымын иемденді. Ирен Жолио-Кюри 1956 жылы сәулелік аурудан қаза тапты. 1958 жылы мамырда Жолио-Кюри соңғы рет КСРО-да болып өзінің достары И.И.Курчатовпен, Д.В.Скобельцинмен және басқа да кеңес физиктерімен кездесті. Ол 1958 жылы 14 тамызды көз жұмды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 746 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2322 - | 2092 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.