4.1 Қайта өркендеу дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм.
4.2 Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту кезеңі. ЭРоттердамский; М.Монтень; Н.Кузанский.
4.3 Қайта өркендеу дәуіріндегі өнер және ғылым. Л.Винчи, Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей ілімдері.
4.4 Қайта өркендеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия. Н. Макиавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла.
Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда ХІV-ХVII -ғасырлар аралғын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәу философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептеледі.
Қалыптасу жағдайлары:
1) Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан — өнеркәсіпті дамыту ауыл-селодан — қалаға көшу кезеңі басталды;
2) Ұлттық мемелекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты;
3) Жаңа тап — буржуазия пайда болды;
4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы Фраиция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді
Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқараст қажеттілігін туғызды. Бұл кезең Орта ғасыр кезеңі мен антикалық мәдниеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта Өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан.
Қайта Өркендеу Дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады:
1) гуманистік немесе антропоцентристік — ХІV-ғ. ортасынан XV- ғасырдың ортасына дейін;
2) онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі — ХV-ғ ортасынан ХVІ-ғ. бірінші үштігіне дейін;
3) натурфилософиялық кезең — ХVІ-ғ. екінші жартысынан бастап ХVІ-ғ. басына дейін.
1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі — Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды;
2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды;
3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды;
4) Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы — шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам — дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтатылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса қүнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі;
5) Ренессанс философиясына гуманизм — адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі — гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты.
Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту кезеңі Николай Кузанский (Кузанец, 1401-1464) — оның философиясына ортағасырлық ойлау мен гуманизмнің бірлігі байқалады, себебі ол католик шіркеуінің қызметкері және гуманистер үйірмесінің мүшесі болды
Кузанецтің ойынша, Құдай дегеніміз Болмыс және Болмыстың қылы тасуының мүмкіндігі. Ол құдайды танып-білудін мүмкін екендігін көрсетуге ұмтылады, оның бар екендігін дәлелдеуге тырыспайды, құдайдың интеллектуальдік функциясын ашу арқылы Құдай ұғымының мазмұны түсінуге болады деп есептейді. Інжілден «Құдай дүниені жаратқанда бәрін өлшеп, санап, таразыға салып жаратты» деген үзіндіні келтіре отырып Кузанец жаратылыстану ғылымдарын, әсіресе, математиканы құдай ілімінде қолданды, табиғаттың өзі — арифметика, геометрия, музыкан пайдаланған құдайы шебердің өнерінің жемісі деп түсінді.
Эразм Роттердамский (1469-1536) — католик шіркеуіне қарсы бағытталған христиандық гуманизм бағытының өкілі, жас кезінде Нидерланды монастрінде монах болып, ХV-ғ. соңында Лондонда өмір сүрді. Көне грек тілінде жазылған көптеген еңбектерді латын тіліне аударды. Өз ілімін «Христ философиясы» деп атады, ол алғашқы христиандықтың идеялары мен идеалдарын қайтадан дамытуға бағытталған. Роттердамский адамның Інжіл (Библия) уағыздарына сүйене отырып, өзін сол жоғары деңгейге көтере алатынына сенімді, тек оны толық меңгеру керек, дінге сенушінің кейпіне өтірік ену дұрыс емес дейді. Бірақ Роттердамский Інжілді халықтың арасында таратушы ғана емес, рационализмді насихаттаушы, ал бұл діни ілімнің қағидаларына қайшы келіп отырды. Осы ерекшелік оның «Ақымақтықты мадақтау» («Похвала глупости») еңбегінен байқалады. Негізгі тұжырымдары: Адамдардың басым көпшілігі ақымақтар, сондықтан адам қоғамы ақымақтық қатолы, бәрін жасайтын ақымақтар және ақымақтардың арасында. Ақымақтық көпшіліктік, ұйымдық сипатқа ие. Оның көріністерінің ең қайғылысы — соғыс, ол христиандар ұмтылуға тиіс ізігілікті жоқ етіп отырады. Осының бәрі адамдардың кім, қандай дәрежеге ие екеніне қарамастан, ақымақтық ауруына душар болып отырғанын дәлелдейді. бүлардың арасында корөлдер мен папалар да бар. Эразм бұл қағиданы Христосқа байланысты да қолданады: «Христиандық сенім ақымақтықтың бір түрі секілді, құдайға ақымақтардың ұнайтыны кездейсоқ емес»‘. Ол дінбасыларды «маса толы батпаққа» және улы өсімдікке теңейді, ақымақтық даналықтан күшті деп есептейді.
Эразм Роттердамский ақымақтықты даналықтан күшті деп пайымдайды. Себебі, сезімдік адам тәнімен байланысты, сондықтан ол адамның басында жиналған ақыл-ойдан күрделі, яғни, адамға адамгершілікті сақ-тау қиынырақ. Өмір иррационалды. Адамның бақыты оның адаспауында емес, керісінше, адасуында, даналыққа ақымактықты кішкене болса да араластырып отыруында. Бақыт заттың өзіне емес, адамдардың ол тура-лы пікіріне байланысты. Сол себепті адам өмірі күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін емес. Тек «табиғат қана адаспайды», ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, ғажайып, керемет күш жоқ, ол тек табиғатгың өзі, бірақ табиғатты да танып-білу мүмкін емес.
Э.Роттердамский ХVІ-ХVІІ ғғ. ойшылдарының ілімдеріне, әсіресе, француздың философ-гуманисі Мишель Монтеньге (1533-1592) мықты әсер етті. Негізгі шығармасы — «Тәжірибелер» (1580). Бұл абстрактылы- философиялық еңбек емес, адамға күнделікті қажет, практикалық туынды. Монтеньді Аристотель мен Платон философиясы қызықтырмайды Аристотельді ол тіпті «схоластикалық ғылымның құдайы» деп атайды негізінен скептиктерді жоғары бағалайды. Адамды табиғаттың бөлшегі ретінде қарастырған Монтень күнделікті болмыс, күйбең тіршілікті (адам- ның киім кию мәнері, өзін қоғамдық жерде ұстай білу өнері, балала тәрбиесі және тағы басқаларды суреттей отырып, философияны өмірме салыстырып байқайды, өмірге қатысы жоқ, бос, көпірме пікірталастарға әуестігі үшін философияны сынға алады:_ «менің ойымша, философияның бізге парасат пен ақымақтықтың, қаталдық пен кешірімділіктің, адалдық пен арамдықтың бірлігі табиғатқа жат, қарсы деп үйретуі баланы ойыны секілді». Антика философтарының негізгі кемшілігі қарапайым адамның күнделікті өмірінен алыстығында екендігін түсіне білдген Моятень өз өмірінің жақсы-жаман жақтарын сараптай отырып, адам үшін ең бастысы — философиялық ілімдер дамьггатын ақыл-ойға жүгініп қана қоймай, өз табиғатының сұраныстарын да тыңдай білуі екенін көрсетті: «біз бөтен ойлар мен білімдерді сақтап қана қоямыз. Оларды өз меншігімізг айналдыруымыз қажет. Әйтпесе, біз от іздеп көршісіне барып, бөтен үйдің отына жылынып, өз үйінде от жағуды ұмытып кеткен адамға ұқсаймыз».
Монтень адам өмірінің мақсаты — табиғатқа сеніп, жалпылық заң бойы- ынша бірқалыпты өмір сүру деп есептейді. Табиғи заңдарға сәйкес өмір сүру ғылымы өте қиын, бірақ адамдық міндетті орындағаннан артық ештеңе жоқ, адам өз табиғатына қарсы келмеуі керек. Өлімді қарсы ала білуді де Монтень осы тұрғыдан үйретеді. Оның ойынша, өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, өлім — табиғат заңдылығы, бір өмірдің орнына екіншісі келеді, өмір сүргісі келетін басқа адамдарға да орын босатқай жөн, яғни өлімге философиялық тұрғыдан қарау керек. Монтень бұл мәселе жөнінде Цицеронның «пәлсапа соғу — өлімге үйрену деген сөз» деген қағидасын мойындайды.
Біздің ойымызша, Монтень философиясы адамға аса пайдалы. Күллі адамға түсініксіздеу, қарама-қарсы пікірлерге толы (Монтень жазғандарын қайта-қайта түзетіп, толықтырып отырған) «Тәжірибелерден» өмірге қажетті құнды кеңестер алуға болады.
Ең бастысы — Монтень адамды схоластар секілді төмендетпей, ант-ропоиентристер сияқты тым асқақтатпай, табиғи қалпында қарастырады. Шынында да, адамға ақыл-ойдың жетегіне еріп, көкке ұмтылудың қажеті жок. Адам табиғатпен үйлесімді, өз мүмкіндігін бағалап өмір сүрсе жеткілікті деп ойлаймыз. Орындалмас арман, шексіз қиял, иллюзиядан басы айналған, өмірдің мәнін солардан іздеген адамның трагедиясынан асқан қасірет жоқ. Адам реалды мақсатты шешуге ұмтылғаны жөн.
Монтеньнің қағидалары: «Мен болсам құдай сыйлаған өмірді сүйемін.. Табиғат мен үшін жасаған нәрселерді шын жүрегіммен, алғыс айта отырып қабылдаймын, оның сыйына қуанамын, ардақтаймын…» «Әрбір адам — қайталанбас, ерекше құбылыс». «Әрбір адам өзін мүлдем өзгерте алады». «Ал мен не білемін?»
«Надандықтан құтылғың келсе, оны мойындау керек?»