Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс тақырыбы. Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды қоздыру әдістері мен құралдары.

ЖЗ оқтамын қоздыру үшін көлемі аз жарылыс күші қолданылады. Мысалы, дүмпіткіш капсюль, электрдүмпіткіш, дүмпіткіш пілте және аралық дүмпіткіштер. Дүмпіткіш капсюль ішіндегі өте сезімтал ЖЗ отпілтенің жану әсерінен атылады. Электрдүмпіткішті электр тоғының күшімен, яғни электр тоғының әсерінен дүмпіткіш ішіндегі көпір қызып, жанғыш затты жанады соның арқасында электрдүмпіткіш атылады. Электрсіз қоздырғанда соққы толқыны қолданылады.

Ашық тау-кен жұмыстарында ЖЗ оқтамын қоздыру үшін өзегі қуатты ЖЗ жасалған (ТЭН, гексоген) дүмпіткіш пілте қолданылады. Дүмпіткіш пілтенінің өзі дүмпіткіш капсюль немесе электрдүмпіткішпен қоздырылады. Өнеркәсіптік ЖЗ қоздыруға қолданылатын құралдардың жиынтығын қоздыру құралдары деп атайды.

Дүмпіткіш капсюль немесе электрдүмпіткіштерді жасауға қолданылатын ЖЗ бастапқы және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік ЖЗ ретінде механикалық және жылулық әсерлерге өте сезімтал, көлемі аз болсада (0,05–0,5 г) атылатын күркірек сынап, қорғасын тринитрорезорцинаты (ТНРС), қорғасын азиды қолданылады.

Бастапқы қоздырғыш ЖЗ, өзінен қуаты жоғарырақ екінші реттік жарылғыш заттарды (тетрил, гексоген, ТЭН) қоздырады. Екінші реттік қоздырғыш ЖЗ жарылысынан аралық дүмпіткіштер, өнеркәсіптік ЖЗ немесе аралық дүмпіткіш шашкалары атылады. Аралық дүмпіткіштер салмағы 400–800 г тротил немесе тротил мен гексоген қоспасынан жасайды және ортасынан дүмпіткіштерді орналастыруға арналған тесік ойылады.

Дүмпіткіш капсюль диаметрі 6–7 мм және ұзындығы 47–51 мм, ішіне бастапқы (күркірек сынап), ТНРС және қорғасын азиды) және екінші реттік қоздырғыш ЖЗ (тетрил) салынған цилиндрлі гильза (мыстан, алюминийден және метал емес заттардан жасалады).

Қоздыру әсерін күшейту үшін дүмпіткіш капсюльдің түбінде кумулятивті ойықша болады.

Дүмпіткіш гильзасына бірінші екінші реттік ЖЗ тығыздылып салынады содан кейін оортасы тесік металл чашкаға орналасқан бірінші реттік ЖЗ салынады. Чашкадағы тесіктің диаметрі 2–2,5 мм болады. Ол отпілте арқылы жанып келген оттың бастапқы қоздырғышқа әсер етуіне арналады.

Дүмпіткіш капсюльдер үйкеліске, соққыға және отқа өте сезімтал, сондықтан онымен жұмыс істеген кезде өте сақ болу керек.

Отпілте дүмпіткіш капсюль ішіне орналасқан қоздырғыш ЖЗ от беруге арналған. Отпілте мен дүмпіткіш капсюль қосындысын тұтандырғыш түтік деп атайды. Ол өзегіне түтінді оқдәрі тығыздалып салынып және мақта жібі қабатымен оралып сырты оқшауланып жасалады. Отпілтенің сыртқы диаметрі 5,5 мм.

Бірнеше оқтамдарды отпен қоздырған кезде кесінделген отпілтені немес арнайы оқшандарды қолданып от беруге болады. Бір оқтамды аттырғанда отпілтеге сіріңкемен от беруге болады.

Егер жарушының қауіпсіз ара қашықтыққа шығып кетуі қолайсыз болғанда, яғни баспалдақ арқылы жоғары кететін болса немес көлбеу қазбаларды өткен кезде жоғары қарай жүретін болса отпен қоздыру әдісін қолдануға болмайды.

Мұндай жағдайларда электрлі-отты қоздыру әдісін қолданады. Бұл әдісте жарушы қауіпсіз жерде тұрып отпілте бекітілген электртұтандырғышқа ток беру арқылы қоздырады.

Бүкіл оқтамның жарылу сенімділігін қамтамасыз ету үшін кез келген қоздыру әдісінде оталдырғыш-оқшан (патрон-боевик) қолданылады.

Оталдырғыш-оқшан дегеніміз ЖЗ оқшаны ішіне қоздыру құралы (тұтандырғыш түтік немесе электрдүмпіткіш) орналастырылған, ЖЗ оқтамы ішіндегі бірінші жарылатын оқшан. Соның жарылысынан қалған ЖЗ қоздырылады.

Оталдырғыш-оқшанды жарушылар жарылыс жұмыстары жүретін жерден 50 м қашықтықта дайындайды.

Электрдүмпіткіш дегеніміз электртұтандырғыш орналқан дүмпіткіш капсюль. Электрдүмпіткіштерді ішінде орналасқан қоздырғыш ЖЗ түріне байланысты (күркірек сынапты тетрилді және азидті-тетрилді), жарылу уақытына байланысты (лезде, қысқа кідірісті және кідірісті) арналу мақсатына байланысты (жалпы мақсатта, сейсмикалық барлау үшін, мұнай ұңғымаларын торпедалайтын), қолдану жағдайы бойынша (сақтандырылмайтын және сақтандырғыш), адасқан токқа сезімталдығы бойынша (нормальды, төмендетілген және өте төмен сезімталды) бөледі.

Электрлі дүмпіткіштерді қоздыруға электр тоғы қолданылады. Сымдарға электр тогын жіберген кезде жіңішке көпір қызады да, тұтандырғыш құрамды жандырады. Бұдан кейін пайда болған жалын мен ұшқындар чашечканың қуысынан өтіп, бірінші қоздырғышты (инициаторды) аттырады. Одан кейін екінші қоздырғыш атылады да, негізгі ЖЗ оқтамының атылысы басталады.

Жарылыс жұмыстарына электрдүмпіткіш желісін жалғау үшін келесі схемаларды қолдануға болады: тізбекті, параллельді, параллельді-тізбекті, тізбекті-параллельді.

Дүмпіткіш пілте электрлі дүмпіткіш немесе дүмпіткіш капсюльден дүмпу толқынын ЖЗ оқтамына жеткізу үшін қолданылады. Егер дүмпіткіш пілте желісі тармақталған болса дүмпу жылдамдығы барлық тармақта 6,5 км/с шамасында жүреді.

Дүмпіткіш пілтенің өзегін (2-сурет) бағыттауыш жіппен қоса ТЭН ЖЗ жасайды және сыртын сыртын мақта жібімен орайды. Пілтеге су кермеу үшін оның сыртына әр түрлі қоспалар жағылады.

ә
 
 

Дүмпіткіш пілтелер дүмпіткіш капсюль немесе электрдүмпіткіш атылысынан еркін тұтанады. 1 м дүмпіткіш пілтеде 12–13 г ЖЗ болады. Пілтенің диаметрі 5–6 мм.

2-сурет. Дүмпіткіш пілте:

а – ДША; б – ДШЭ-12; 1 – сыртқы орам; 2, 3, 4, 5 – аралық орамдар; 6 – ТЭН; 7 – бағыттағыш жіп; 8 – полиэтиленді қабықша; 9 – армировкаланған капрон жіптері

Дүмпіткіш пілтені белгіленген уақытта кідірту үшін РП-8М, РП-Д пиротехникалық кідірткіштері қолданылады. Олар 10, 20, 30, 40, 60, 80 және 100 мс уақыттарда кідіру мүмкіндігіне ие.

Толқынды аттыру әдісі. Соңғы жылдары еліміздің көптеген тау-кен кәсіпорындары толқынды аттыру әдісін пайдаланады. Толқынды аттыру (СИНВ) құрылғысы – бұл дүмпіткіш капсюль және соққы–толқынды түтікше (СТТ) негізіндегі қоздыру жүйесі.

Толқынды аттыру құрылғысын ФГУП «Краснознаменец» ғылыми өндірістік кәсіпорны, ГУП «Искра» Новосибирск механикалық зауыты және АҚ «Нитровзрыв» жасап шығарған.

Жүйе, жер бетіндегі қопару жұмыстарына, жерасты кеніштерімен 2–класты қорғалмаған ЖЗ қолдануға болатын көмір шахталарында күнделікті қолдануға РФ Госгортехнадзорының (28.07.98 жылдан бастап) № 04 – 35/ 481 рұқсатымен жіберілген.

Бұл әдісте дүмпіткіш капсюльдер түтік арқылы келетін соққы толқынының көмегімен атылады. Соққы толқыны стартер-пистолет көмегімен туады. Оның жылдамдығы 2 км/с дейін жетеді.

 

Негізгі әдебиет: 1. [68-85]; 2. [73-90]; 3 (1т) [289-340].

Бақылау сұрақтары:

1. Жарылғыш зат оқтамдарын от арқылы қоздыру әдісінің ерекшелігі.

2. От арқылы қоздыру әдісіндегі қолданылатын құралдар.

3. Жарылғыш зат оқтамын электрлі-отты қоздыру әдісі.

4. Электрлі қоздыру әдісінің тиімділігі.

5. Электрлі қоздыру желісін жалғау әдістері.

6. Жарылғыш зат оқтамын дүмпіткіш пілте арқылы қоздыру әдісі.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дәріс тақырыбы. Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. | Дәріс тақырыбы. Жарылыстың қопарғыштық, сейсмикалық және ауалық әсерлері.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1819 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2611 - | 2184 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.