ҚР Президентiнiң "ҚР Iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығының 1-шi бабына сәйкес, ҚР Iшкi iстер органдары - анықтаманы, алдын-ала тергеудi және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекетмІдделерiн қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғудың алдын-алу мен жолын кесу жөнiндегi атқару және өкiм ету функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының ұғымы және жүйесі.
2. Iшкi iстер органдары туралы заңы.
Тақырып - Қазақстан Республикасының әдiлет органдары.
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары - өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ететудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдарыдың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының әдiлет органдары.
2. Әдiлет органдары жүйесi.
Тақырып - Адвокатура және оның органдары.
Қазақстан Республикасындағы адвокатура — адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтыарын заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура.
2. Адвокатура қызметінің қағидалары.
Тақырып - Қазақстан Республикасындағы нотариат
Нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ “Нотариат туралы” заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Қазақстан Республикасындағы нотариаттың ұғымы, жүйесі.
2. Нотариат туралы заң.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ | Сабақтың тақырыбы және мазмұны | Сағат саны | Апта | Бақылау түрі |
1. «ҚР құқық қорғау органдары» пәнiнiң түсiнiгi, жүйесi 2. «ҚР құқық қорғау органдары» пәнiнiң басқа заң ғылымдарымен ара- қатынасы қандай 3. Құқық қорғау органдары туралы заңдарға қандай заңдар жатады? 4. Құқық қорғау органдарының конституциялық мәртебесi | Схема сызу; Жазбаша | |||
1.Құқық қорғау органдарының мемлекеттік билік жүйесіндегі орны қандай? 2. «Сот және сот төрелiгi» бөлiмiн қаастырып, мына сұрақтарға жауап берiңiз:Сот әдiлдiгiнiң белгiлерi қандай?Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру 3.Кiнәсiздiк презумпциясы қағидасының мәнi | Слайд әзірлеу; Жазбаша | |||
1.ҚР Прокуратурасының құқықтық мәртебесi және қызметi қағидаларын қараңыз 2.ҚР Прокуратурасының жүйесi қандай? 3.ҚР Бас прокуратурасының құрылымы және өкiлеттiгiн атаңыз | Схема сызу; Жазбаша | |||
1.ҚР Ұлттық қауiпсiздiк органдары және қызметiнiң қағидаларын атаңыз. 2.ҚР Ұлттық қауiпсiздiк органдары негiзгi мақсаттары қандай? 3.Iшкi iстер органдарының құқықтары. 4.Iшкi iстер органдарына қызмет өткеруге қабылдау | Слайд әзірлеу; Жазбаша | |||
Барлығы: |
Глоссарий
Аболиция - латынның аволитио-жою, алып тақау, соңнан шыққан. 1. заңның, шешімнің күшін жою. 2. лауазымдық орынды жою. 3. кінәлілік заңдық тұрғыдан айқындалмаған кезде қылмыстық істі доғару. Аболиция кезінде соттың шығарып қойған үкімі үшін жазды.
Абсолюттікқұқылар -субьективтік құқылар: оны келісімге міндетті түрде адамдардың белгісіз бір тобы қарсы тұрағы. Латынның авсолитус -шектеусіз сөзсіз деген соннан шыққан.
Аванс -жұмыс істегені, қызмет көрсеткені немесе мүлік алғаны үшін борышкердің кредиторға болашақ төлем есебінен, көбіне, ақшалай пішімде беретін мүліктік ақысы.
Авария - (итальянның avariu -"буліну") - халықаралық теңіз құқығында: теңіздегі қандай да бір қауіп -қатердің әсерінен туындаған зияндар мен шығындар.
Автор құқығы -азаматтық құқықтың ғылым, әдебиет және өнер т.б. туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін саласы.
Агрессия -(латыннын Aggressio - "басқыншылық") -бір мемлекеттің егемендігіне, территориялық дербестілігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы екінші бір мемлекеттің (агрессордың) қарулы күш қолдануы.
Адвокат -(латыннын "Advocatus" - құзырлы) -ҚР-да адвокаттар коллегиясының мүшесі, оның міндеттеріне азаматтар мен ұйымдарға: заң мүшелері бойынша консулыпациялар түсіндірмелер заңдар жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беру.
Заңи акт -(латыннын "Actus" құжат) -белгілі бір құқықтық ереже нәтиже туындататың, заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтық мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру, нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдың қарым -қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат.
Актив -азаматқа немесе заңи тұлғаға тиесілі мүліктік құқылардың, мүліктердің жиынтығы.
Алимент -әлдекімді асырауға жұмсалатын қаржы.
Алкоголизм -(арабтын "ал -құхұлу - ұсақ ұнтақ") -спиртті ішімдіктерді өлшемсіз ішіп, психикалық және тәни кеселге душар болу, ақырында жеке басының әлеуметтік тоқырауына ұшырауы.
Амнистия - (гректін "amnestia" -"ұмыту, кешіру") - қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінәра босату, не әлгі адамға сот тағайындаған жазаны, жеңілірек жазаға ауыстыру.
Аннексия - басқа мемлекеттің немесе ұлыстың жерін мемлекеттің зорлықпен қосып (басып) алуы, сондай-ақ бөгде мемлекеттің шекарасында ұлысты зорлықпен ұстап тұрды.
Апортейд - (африканың apartheid - "бөлектеніп өмір сүру") - нәсілдік кемсітушілік пен сегригацияның шектен шыққан пішімі.
Апотрид, бейазамет - (гректің apatris, apolis - "атамекенінен, отанынан айырылган ") - қандай да бір мемлекеттің азаматы саналмайтын адам.
Апелляция - (латынның - "жолдау", "шағын") — сот үкімін шағымдау пішімдерінің бірі.
Әкімшілік тұтқындау - әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза.
Тәртіптік тұтқындау - қызмет тәртібінің немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуына кінәлі адамға қолданылатын тәртіптік жауапкершіліктің бір түрі.
Мүлікті тұтқындау - құқықта: мүліктерді тізбелеу және оларға билік етуге тиым салу.
Аутопсия -(гректің - auto - "өзі "+ opsis - "көру") - өлімнің себебін (яки, адамның неден өлгенін) айқындау үшін мәйтті сойып қарау
Аффект - (латынын -"жан күйзелігі") - адамның қатты да терең уайымдауымен өңі өзгеріп, апшып ұстандылығының төмендеуімен сипатталатын шалтта шапшаң тегеуірімен өрбитін ахуалы.
Багаж - тасымалдау үшін транспорт ұйымының жауапкершілігіне тапсыратын жолаушының заттары.
Сот баллистикасы - ("pallo" гректің "лақтырамын") - ататын қарумен оның оқтарын қолдануға қатысты қылмыстарды тексеру барысында пайда болатын техникалық мәселелерді зерттейтін кримминалистиканың бір атауы.
Қарақшылық - отандық қылмыстық құқықта: мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындарға мекемелерге ұйымдарга не жекелген адамдарға шабуыл жасау мақсатында қаруланған банда ұйымдастыру, ал мұндай бандаларга қатысу олар жасаған шабуылга қатысумен бара -бар болып саналады.
Хабарсыз кету - тұрақты тұратын жерінде азаматтық ұзақ уақыт бойы болмауын сот тәртібімен айқындау.
Қылмысты әрекеттсіздік - қылмыстық қылықтың бір түрі. Қасақылық - жан -жануарларды қорғау туралы заңдар мен ережелерді бұзып, аң -құс, балық аулау, өсімдіктерді, тал - бұталарды рұқсатсыз кесіп, жұлып, бүлдіру.
Валюта - Мемлекеттін ақшалық жүйесінің негізінде жататын ақша бірлігі.
Ведомство - Нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдін белгілі саласын немесе аясын басқаратын және мемлекетті басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.
Вердикт - (латынның vere dictum - "дұрыс айтылған") төреші қызылар алқасының алдына қойылған мәселелер бойынша, әсіресе сотталушының кінәлілігін анықтау жөнінде шығарған шешімі.
Версия -(Version "түрін өзгерту") - тергеу мен сот қызметінде нақты қылмыстық істін дәлелдемелері мен басқа да деректі материялдарына негізделген және соған ұқсас істерді тексеру тәжірибесін ескере отырып құрылған, істі дұрыс шешу үшін маңызды оқиғалар мен деректердің қосылысының мәні бары немесе жағы туралы тергеушінің, не соттың болжамы, сонымен қатар оның туындауымен сипатын мүмкіндігінше түсіндіруі.
Парақорлық - қолданыстағы қылмыстың құқықта: қылмыстың үш түрін: пара алуды, пара беруді, парақорлыққа делдан болуды қамтитын ұғым.
Виктимология -(латынның Victrima - "құрбандық" деген) -криминологияның бір тарауы қылмыстық әрекеттің құрбаны туралы ілім.