Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жүрек қан тамырларына зиянды заттардың әсері

Кіріспе

Адам, негізінен, дене мүшелерінің орналасуы және олардың қызметі бойынша ұқсас болады.

Адам денесі көп жасушалы ағзалар сияқты жасушалық құрылысты болады. Оны құрылысы мен атқаратын қызметі әр түрлі миллиардтаған жасушалар құрайды. Біз әр түрлі әдемі кірпіштен – жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар тітіркенуге белсенді жауап қайтарады, зат алмасуға қатысады өседі, көбейеді, регенерацияға (қайта қалпына келуі) және тұым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге қабілетті.

Орыстың ұлы физиологы И.М.Сеченов «өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта бойынша, ағза тіршілік ете алмайды» деп атап көрсеткен. Ағза мен сыртқы орта арасында үздіксіз зат алмасу болып тұрады. Ағза сыртқы ортадан оттегі мен қоректік заттарды қабылдайды. Осы заттардың есебінен жаңадан клеткалар түзіліп, дене мүшелері қызмет етеді, бұлшықет жұмыс істейді. Осымен бірге зиянды ыдырау өнімдері артық заттар мен жылу сыртқы ортаға шығарылады.

Ағзаға әртүрлі табиғи факторлар – ауа температурасы, ылғалдылық, күн радиациясы деңгейінің құбылмалылығы, жаңбыр қар жауу, дауыл, теңіз дауылы, өрт, жер сілкінуі әсер етеді. Тіршілік жағдай болмашы өзгерсе-ақ болды, ағза қызметін басқаша құрады. Ол жаңа жағдайға бейімделеді. Мысалы, ауа температурасы біршама тұрақты болады.

Адам ағзасы жасалған тіршілік жағдайлары (жылу, су, энергияның үнемі берілуі, тұрғын үй, еңбекті жеңілдететін әртүрлі приборлар, киім-кешек, дәрі-дәрмек, транспорт) арқасында табиғи ортаның қолайсыз факторларына әлдеқайда артық бейімделіп, олардан қорғану құралдарын жасай алады.

 

 

Негізгі бөлім

Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.

Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ұлпа) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады.

Ғалымдар көп адамның ауруды өздерінің мінезінен, жат қылықтарынан, рухани жан дүниесінің таяздығынан, адамгершілік қасиеттерден жұрдайлығынан да табатынын айтады. Яғни, мынандай адамдарға мынандай сырқаттар үйір. (Бұл – медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дайындалған болжамдар):

1. Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысықай, қу адамдарға тән аурулар: асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, оның өзге де дерттері.
2. Қызғаншақ, өзіне – өзі сенімсіз адамдар бүйрек ауруларына ұшырайды. Қыз- ғаншақтығына көреалмаушылық қосылса, бауыры зақымданады.
3. Бүгінін, болашағын ойламайтындар, өткенді еске алып тамсанатындар, туған – туыс, ата –анаға көмектесуді ауырсынатындарға тән сырқаттар: құяң, тағы да басқа омыртқа кеселдері.
4. Үнемі қайғырып, аһлеп – уһлеп жүретіндердің өкпесі дертке шалдығады.
5. Ызақор, ашуланшақ адамдардың бауыры ауырады.
6. Жылауықтарға тән аурулар: жүрек қабының қабынуы.
7. Үнемі не болса содан шошынып, үрейленіп жүретіндердің өт жолы қабынады, ағзасы қант диабетіне шалдығады.
8. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр – пыр болып жүретіндер-ге тән ауру: көк бауырының зақымдануы.
9. Тұрмыс – тіршілігіне, маңайындағыларға қорқып – үркіп қарайтындарға бауыр дерті үйір.
10. Шамшыл, өр көкірек адамдар көбінесе бүйрек үсті безінің сырқатынан зардап шегеді.
11. Өзінің көркіне, тартымдылығына сенімсіз әйелдерге, өзінің бел қуатына күмәнді еркектерге тән аурулар: суса- мыр мен ұйқы безінің сырқаттануы.
12. Сезімтал, күйрек адамдардың өкпесі, қалқанша безі ауырады.
13. Өт қабына тас байлану, холециститке ұшырау – сараң, дүниеқоңыз адамдарға тән.
14. Шексіз қатты қуану инфарктке әкеліп соқтырады.
15. Өкпешіл адамдарда болатын ауру: лимфа түйіндерінің қабынуы.
16. Шындықтың бетіне «қара көзілдірік» киіп қарайтындарды, ақиқаттан үркетіндерді көз ауруы мазалайды.
17. Өмірім, тұрмыс – тіршілігім қалай болады, нанымды тауып жей аламын ба, деп үнемі үрей құшағында жүретіндерге ауыздың уылуы, тамағы мен кеңсірігінің зақымдануы жиі – жиі болып тұратын жағымсыз жағдай.
18. Сараң адамдардың ішінде жиналған улар, залалды қосылымдар сыртқа шықпай, ағзасын улайды.
19. Мақсатсыз адамның басы жиі ауырады.
20. Біреулердің (ата –анасының, туған – туыстары-ның, жолдас – достарының, таныстарының, кез – келген адамның) арқасында күнкөретіндердің ішінде дәл өзіндей масыл құрттар пайда болып, ішкен – жегенін сорады, оңалтпайды.
21. Қатыгез адамдардың ағзасында (бауыр еті жолында, бүйрегінде, басқа да жерлерінде) тас пайда болады.
22. Бас көтертпес қиыншылықтарда жүргендердің шашы ағарып кетеді.
23. Жетім – жесірлердің, сүйеніші жоқ жалғызілік байғұстардың өкпесі ауырып, жұтқыншағы қабынады.
24. Іші тар, сараң, дүние-қоңыздардың іші де қатады, зат алмасуы да бұзылады.
25. Өзіне – өзінің көңілі толмайтындар жүрек – қан тамыры ауруынан зардап тартады.
26. Аллергияға ұшырай-тындар: ызақор, ашуланшақ адамдар.
27. Өкпелегіш, кешірімсіз адамдардың асқазан астының безі ауырады.
28. Ешкімге де, тіпті Құдайға да сенбейтіндердің буын – буындары ауырады.
29. Өз – өзіне сенбейтіндер-дің сүйегі ауырады, тістері тез түседі.
30. Жезөкше, нәпсіқұмар адамдардың иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына шалдығады.
31. Көзі тоймайтын пай-дакүнем, қанағатсыз адамдардың ағзасында лимфа- қан қысымын жоғарылатып, жағдайсыздыққа душар етеді.
32. Аяғы мен буынына тұз жиналып ауыратындар еңбектеніп, бірақта еш нәтиже шығара алмаған адамдар.
33. Асқазан – ішек, үрпі безі (простата), жатыр ауруларына шалдығатын адамдар – үсті – басын күтінбейтін, өз қажетіне ақша да, уақыт та қимайтындар.
34. Біреудің айтқанын тыңдауға да, орындауға да құлқы жоқтардың шағымы – құлағының ауыратындығы.
35. Басы ауыратындардың көбісі– менмен, өзін өзгелерден артық санайтын, басқаның айтқанын сөз деп тыңдамайтын кісілер.

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокарт инфарктысы, ггипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады.

Жүрек қан тамырларына зиянды заттардың әсері

Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.

Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды.

Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі - бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды.

Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады.

Орытынды

Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады.

Қосымша мәлімет:

1. Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады.
2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.
3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.
4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады.
5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді.
6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады.
7. Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.
8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді.
9. Түні сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.
10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш – қуаты өте молаяды.
11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді.
12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Оналтылық санау жүйесi | Топырақтың химиялық құрамы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 800 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2541 - | 2236 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.03 с.