Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің ақтылері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыты.
Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уакытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеқе еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уакытының ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметқер жеқе еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уақытпен сәйкес келе бермейді.Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз - жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
Қызметкерлер үшін жұмыс күнінің ұзақтығы –
5-күндік жұмыс аптасында - 5 күн – 8 сағаттан,
6-күндык жұмыс аптасында – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір күн – 5 сағаттан болып белгіленген.
Қысқартылған жұмыс уақыты (46- б Ет З).
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметқердін жекелеген санаттарың еңбегын қорғау,оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау,кәмелетке толмаған
жеткіншектерді және еңбекке қабілеттіліқтері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген.
Еңбек туралы заңнамаға сәйқес қызметкерлердін жұмыс
уақытынын қысқартылған узақтығы-
14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлерге үшін –
аптасында 24 сағаттан.
16-18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан.
ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін –
-аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
Толық емес жұмыс қүні.
Ұй шаруасындағы әйелдердін, оқушылардын, мүгедеқтердін, зейнеткерлердін және тағы басқа азаматтардын жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қыскартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінін айырмашылығы мыныда – егер алғашқысында жұмыс күні жалақы азаймай қысқартылатын болса,толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің қөлеміне қарай алады.
Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердін еңбек құқықтарын көлемі ешкандай шектелмейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс.
22 – сағаттан бастап танғы сағат 6 – дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін аусым түнгі аусымға жатады (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.12.02 ж. № 493 бұйрығымен бекітілген.
Жұқті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың қелісімімен ғана жол беріледі. Тұнгі уақытта жұмыс істеуге тыим салатын медициналық қорытындысы болған жагдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
Демалыс уақыты дегеніміз қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйқес түрлері бар –
- демалуға және тамақтануға арналған үзіліс
- апта аралығындағы демалыс
- мереқе күндері
- жыл сайынғы демалыс
- демалуға және тамақтануға арналған үзіліс
Күнделікті жұмыс ішінде қізметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (ЕтЗ – 53-бабы).
Бұл үзіліс жұмыс уақытына еңгізілмейді және оңы қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оңын ұзақтығы жұмыс берушінің ақтілерінде, жеке еңбек, ұжымдык шарттарда белгіленеді.Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейын беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін камтамасыз етуге міндетті.
Еңбек заңының 54–бабында жылдың суық мезгілінде ащық далада, жылу берілмейтін жабық үйжайларда жұмыс істейтін, жұк тиеу -түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бүл үзілістер жұмыс уақынына қосылады.
Күн сайынғы демалыс–жұмыстың бітуі мен онын қелесі күнде басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының ережесіне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс
(Ет З-ның 55-бабы)
ДӘРІС
Қылмыстық құқық негіздері
Дәріс мақсаттары:
1. Мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық негізгі ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Қылмыстық құқықтын ұғымы, пәні және әдістері
2. Қылмыстық құқығының қайнар көздері
3 Қылмыстық құқықтын мақсаттары
4. Қылмыс ұғымы, белгілері, санаттары
5. Қылмыстық жазалардың ұғымы, белгілері, жүйесі мен түрлері
ЭДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003
Қосымша:
НҚА
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Қылмыстық кодексы А., 1997
Бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстық құқықтын қағидалары
2. Қылмыстық құқықтын жұйесі
3. Қылмыстық жаза
4. Қылмыс құрамы