Тақырыбы: Бір су нысанына сипаттама беру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға гидросфера бөлімі бойынша анықтама түсініктерін қалыптастыру. Сәйкестендіру жұмыстары, жоспар бойынша теңіз, мұхиттарға сипаттама беру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Бірге жұмыс істеу арқылы достыққа, адамгершілікке, табиғатты аялап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу.
Сарамандық жұмыстың жүргізілу жоспары:
1.Сарамандық жұмысты түсіндіру
2. І, ІІ нұсқада жұмысты тарату.
І нұсқа
1- тапсырма. Келесі ұғымдарға түсініктеме бер: өзен, бұғаз, шығанақ (Әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 6 балл)
2- тапсырма. Сендердің алдарыңдағы карта сызбада әлемдегі көлемі бойынша ірі он көл ауданының кішірею көрсеткіштері бойынша көрсетілген. Сәйкестікті орнатыңдар: көлдің карта сызбасы – оның атауы. Сонымен қатар әрбір көлге қысқаша сипаттама бер (қай материкте, қай бөлігінде). (әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 20 балл)
3- тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша таңдауың бойынша белгілі бір теңізге сипаттама беріңіз.
1)Теңіздің атауы
2) Қай мұхитқа жатады?
3) Географиялық орны:
- теңіз жағдайының мұхитқа қатыстылығы
- шаятын жағалаулары
4) Орташа тереңдігі
5) Шаруашылықта пайдаланылуы
(Дұрыс жауапқа 10 балл)
4- тапсырма. Африка материгінің Кейптаун қаласынан бастап Дүниежүзілік мұхитқа саяхат жасай отырып, сол қалаға қайтып оралу жолындағы маршрутты жасау.`
(Дұрыс жауапқа 10 балл)
5- тапсырма. Кескін картаға (13 бетке) Амазонка, Ніл, Лена, Обь өзендерін түсіру. (Әр дұрыс жауапқа 1 балл. Барлығы 4 балл)
ІІ нұсқа
1- тапсырма. Келесі ұғымдарға түсініктеме бер: көл, сарқырама, түбек. (Әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 6 балл)
2- тапсырма. Сендердің алдарыңдағы карта сызбада әлемдегі көлемі бойынша ірі он көл ауданының кішірею көрсеткіштері бойынша көрсетілген. Сәйкестікті орнатыңдар: көлдің карта сызбасы – оның атауы. Сонымен қатар әрбір көлге қысқаша сипаттама бер (қай материкте, қай бөлігінде). (әр дұрыс жауапқа 2 балл. Барлығы 20 балл)
3- тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша таңдауыңыз бойынша белгілі бір мұхитқа сипаттама беріңіз.
1) Мұхиттың атауы
2) Географиялық атауы
- экватор мен бастапқы меридианға қатысты жағдайы
- қандай материктерді шайып жатыр
- қандай мұхиттармен байланысқан
3) Ең терең жері, тереңдігі
4) Мұхиттағы ағыстар
5) Адамдардың мұхитты пайдалануы
(Дұрыс жауапқа 10 балл)
4- тапсырма. Еуразия материгінің Токио қаласынан бастап Дүниежүзілік мұхитқа саяхат жасай отырып, сол қалаға қайтып оралу жолындағы маршрутты жасау.`
(Дұрыс жауапқа 10 балл)
5- тапсырма. Кескін картаға (13 бетке) Еділ, Миссисипи, Енисей, Конго өзендерін түсіру. (Әр дұрыс жауапқа 1 балл. Барлығы 4 балл)
Қорытынды: Сарамандық жұмыс 50 балдық жүйемен тексеріледі. Егер 20-25 балл жинаса «3», 26- 35 балл жинаса «4», 36-50 балл жинаса «5» деген бағаларды иеленеді.