Қ.Р-сы экологиялық заңнамасының бұзылу салдарынан өздерінің ден- саулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап – арыз беруге құқығы бар. Сондай- ақ жеке тұлғалар қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарды ұқыпты қарауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға, өз қызметін экологиялық заңнамаға сәйкес жүзеге асыруға міндетті. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтармен міндеттелген қоғамдық бірлестіктер жергілікті өзін- өзі басқару органдары және басқа- да құзіретті органдарға бекітілген өзіндік құқықтар мен міндеттер бар. Қоршаған ортаның сапасын реттеу экологиялық нормалар арқылы жүзеге асады. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әр түрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады. Экологиялық нормалау процессінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эммиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді. Мұндай нормативтерді белгілеу тәртібінің негізі осы кодекстің 23- бабында бекітіліп көрсетілген. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу талаптарды орындау үйлестірілген стандарттармен қамтамасыз етіледі.Ұйымдардың стандарттарының қолдану барысы ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Техникалық реттеуге байланысты экологиялық таңбалау, қоршағани ортаға әсерді бағалау негізі жүзеге асады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам ден- саулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қ.Р- сы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.
Жымдық шарт.
Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және оны бөлісу мәселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босату, демалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тәртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі және жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, әлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мәселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кәсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға әлеум. кепілдіктер беру (кәсіпорын есебінен кәсіптік қайта даярлау, қосымша жәрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мәселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бәрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым әлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр. Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.
Жымдық шарт.
Еңбек құқық қатынастары дегеніміз— жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек құқығының негізгі институттарына еңбек шарты мен ұжымдық еңбек шарты жатады. Еңбек шарты дегеніміз— қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбашы нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшылай төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайлары мен қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Еңбек шартының мерзімі:
Белгіленбеген мерзімге.
Белгіленген мерзімге (29- бап, ЕК).
16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Сонымен қатар, еңбек шартын жасасу барысында осы кодекстің 31- бабына сәйкес қажетті құжаттар талап етіледі. Еңбек шарты жазбаша нысанда, 2 дана етіп жасалады және оған талаптар қол қояды. Еңбек шартының 1 данасы қызметкерде, 1 данасы жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының 1 данасын алуы, жазбаша нысанда расталады.
Еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерге сәйкес жүзеге асады: тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, тараптардың еркінен тыс мән- жайлар, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы және тағы басқа да осы 51- баптың негізінде тоқтатылуы мүмкін.
Еңбек шарты еңбек кодексінің 26- бабына сәйкес бұзылады.






