Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сандар теориясы” бөлімінің есептері




Есептерді шығаруға қажетті қосымша мәліметтер:

  • Жай сан – 1-ден үлкен және 1 мен өзіне ғана бөлінетін бүтін сан.
  • Кемел сан (совершенное число) - өзіне дейінгі бөлгіштерінің қосындысына тең болатын сан (санның өзін қоспағанда).
  • Достас сандар - әрқайсысы екіншісінің дұрыс бөлгіштерінің қосындысына тең болатын сандар жұбы.
  • Қатар периоды – мәтіннің қайталанатын бөлігі.

Есеп: Берілген санның жай сан болатынын анықтау керек.

Паскальдағы программасы:

var n,i,k: integer;begin writeln ('sandi endir:'); readln (n); k:=0; {=бөлгіштердің санын анықтау=} for i:=1 to Round (n/2) do if n mod i=0 then k:=k+1; if k=2 then writeln (n,' – zhai san') else writeln (n,' – zhai san emes');end.

Тест:

Берілгені:    
Нәтиже: 8 – zhai san emes 11 – zhai san

Есеп: [a, b] аралығындағы барлық жай сандарды табу керек.

Паскальдағы программасы:

var a,b,n,i,k: integer;begin writeln ('aralyqtin shekaralarin endir:'); readln (a,b); writeln ('zhai sandar:'); for n:=a to b do begin k:=0; {= бөлгіштердің санын анықтау =} for i:=1 to Round (Sqrt(n)) do if n mod i=0 then k:=k+1; if k=2 then write(n);end;end.

Тест:

Берілгені: 10, 100
Нәтиже: 11 13 17 19 23 29 31 37 41 43 47 53 59 61 67 71 73 79 83 89 97

Есеп: Берілген бүтін сан – кемел сан ба?

Паскальдағы программасы:

var n,i,s: integer;begin writeln ('sandi endir:'); readln (n); s:=0; {==Bolgishter qosyndysyn tabu==} for i:=1 to (n div 2) do if n mod i=0 then s:=s+i; if s=n then writeln ('Kemel san'); else writeln ('Kemel san emes');end.

Тест:

Берілгені:  
Нәтиже: Kemel san

Есеп: [a, b] аралығындағы барлық кемел сандарды табу керек.

Паскальдағы программасы:

var a,b,n,i,s: integer;begin writeln ('aralyqtin shekaralarin endir:'); readln (a,b); writeln ('Kemel sandar:'); for n:=a to b do begin s:=0; {==Bolgishter qosyndysyn tabu==} for i:=1 to (n div 2) do if n mod i=0 then s:=s+i; if s=n then write(n,' '); end;end.

Тест:

Берілгені: 0 100
Нәтиже: 6 28

Есеп: Берілген екі бүтін сан өзара достас сандар ма?

Паскальдағы программасы:

var n,m,i,s1,s2: integer;begin writeln ('Eki san endir:'); readln (n,m); s1:=0; s2:=0; {=n-di bolgishterdin qosyndysyn tabu=} for i:=1 to (n div 2) do if n mod i=0 then s1:=s1+i; {=m-di bolgishterdin qosyndysyn tabu =} for i:=1 to (m div 2) do if m mod i=0 then s2:=s2+i; if (s2=n) and (s1=m) then writeln ('Sandar ozara dostas') else writeln ('Sandar ozara dostas emes');end.

Тест:

Берілгені: 220 284
Нәтиже: Sandar ozara dostas

Есеп: Берілген мәтіндегі периодты анықтау керек

Шешу идеясы: алдымен жолдық қатардың ұзындығы k анықталады, сосын k-ның барлық бөлгіштері t табылып, мәтіндегі ұзындығы t -ға тең барлық ішкі мәтіндер өзара салыстырылады.

Паскальдағы программасы:

var n,i,j,k,x,t,period: integer; a:string;begin writeln ('matindi endir:'); readln (a); n:=length(a); for i:=1 to n do begin k:=0; if n mod i=0 then begin t:=n div i; x:=1; for j:=1 to i-1 do begin if copy (a,1,t)=copy(a,x+t,t) then k:=k+1; x:=x+t; end; if k=i-1 then period:=t; end; end; writeln (copy (a, 1, period));end.

Тест:

Берілгені: информатикаинформатикаинформатика
Нәтиже: информатика

Қорытынды (1.2-кесте):

1.2-кесте.
  Бейсик Паскаль Си
Цикл денесіндегі мәні кемімелі х айнымалысының і циклдік параметрдің өспелі мәніне тәуелділігі for i=1 to nx=n-i+1next for i:=1 to n dox:=n-i+1; for(i=1;i<=n;i++) x=n-i+1;
Еселі болу белгісі 1. x \ y = x / y2. x mod y =0 x mod y = 0 x%y==0
Кесінді ұзындығы sqr ((x1-x2)^2+(y1-y2)^2) sqrt (sqr(x1-x2)+sqr(y1-y2)) sqrt(pow(x1- x2,2)+pow(y1-y2,2))

Кілттік сөздер (глоссарий)

  • Цикл есептеуіші (циклдік параметр) – цикл денесінің орындалу қадамының нөмірін сақтайтын айнымалы.
  • Палиндром - солдан оңға және оңнан солға қарай бірдей оқылатын мәтін.
  • Еселілік – бір санның екіншісіне қалдықсыз бөлінуі. Pascal тілінде бір санды екіншісіне бөлудің қалдығын mod арифметикалық амалы арқылы анықтайды (Си тілінде – % амалы).

З бетінше орындауға арналған тапсырмалар

Жазықтықтағы дөңес n-бұрыштың төбелерінің координаттары берілген болса, онда олардың координаттар басынан, яғни (0,0) нүктесінен ең алыс орналасқанын табу керек.

Берілген аралықта өзара достас сандар бар ма?

3. n-ге дейінгі бүтін сандардың қосындысын есептеудің жеңіл әдісін қолдануға программа жазу керек. Мысалы, n=9 болса онда 1,2,3,4,5,6,7,8,9 тізбегінің қосындысын былай есептеу анағұрлым жеңіл екені белгілі: 1+9=10, 2+8=10, 3+7=10, 4+6=10. Демек, 4*10+5=45.

Институт фойесінде сусын сататын автомат орналасқан. Оны студенттер мен институт қызметкерлері жиі пайдаланады және ол тек қана 2 теңгелік пен 3 теңгелік тиындарды ғана қабылдайды. Әрине, қажетті сусынды сатып алу үшін үнемі қалтаңда 2-лік пен 3-тік тиындарды алып жүру ыңғайсыз, сондықтан, қажетті тиындарды автоматтың жанында орналасқан қосалқы автоматтан алуға болады. Қосалқы автоматтың Сіз ендірген соманы қалай 2-лік пен 3-тік тиындарға айналдыратынын ойланып көрші. Программасын жаза алатыныңа сенімдімін.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1086 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2347 - | 2058 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.