Ж
3. ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған заң
Р қылмыстық кодекс
4.ҚР-да мемлекеттік билік тармағы қалай бөлінген.
(заң шығарушы, атқарушы, сот билігі)
2-топ:
1.ҚР конституциясы қай жылы, қашан қабылданды
(1995 ж 30 тамыз)
2.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.ҚР Конституциясының нешінші бабында көрсетілген. (15 бап 1 тармағы)
3.Білім туралы заң қашан қабылданды (2007 ж 27 шілде)
4.ҚР Баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды,неше тарау, неше баптан тұрады.
(2002 ж 8 тамыз, 10 тарау 53 бап)
3-топ:
1.Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылатын ең жоғары заңдық күші бар құқықтық акт қалай аталады (конституция)
2.Конституция бойынша қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылатын лауазымды тұлға.
(Президент)
3.Мәжілістің тоғыз депутатын сайлайды.
(Қазақстан халықтарының ассамблеясы)
4. ҚР азаматтары қанша жастан бастап судья бола алады.
(25 жас)
4-топ:
1. ҚР Президентінің кезекті сайлауын хабарлайтын орган. (мәжіліс)
2. Жергілікті атқарушы органдарды басқаратын лауазымды тұлға. (әкім)
3. Конституция бойынша мемлекеттің қорғауында болады.
(ана мен бала)
4. Неке және отбасы туралы заңы (2007 ж 27.07)
2 тапсырма «Жалғасын тап»
1-топ:
o ары таза жігіттің (жаны таза)
o қылмысы жаманды құдай табады (жүрісі жаманды ит қабады)
o тура биде туған жоқ (туғанды биде иман жоқ)
o ұрлық түбі (қорлық)
2-топ:
o тәртіпке бас иген құл болмайды(тәртіпсіз ел болмайды)
o тәрбиелі (тәртіптің құлы)
o жақсы тәртіп әдетке айналса ырыс
(жаман тәртіп әдетке айналса қырсық)
o Біреуге ор қазба -...(өзін түсерсін)
3-топ:
o Қылмыскер кісіден қорықпайды (ісінен қорқады)
o Дау бітімі төрешіден болмас (айтушыдан болады)
o Ер жігіттің мойнында (қыл арқан шірімес)
o Өтіріктің құйрығы... (бір тұтам)
4-топ:
o Сөз шынына тоқтайды (пышақ қынына тоқтайды)
o Дау мұраты (біту)
o Жігіттің құны жүз жылқы (ары мың жылқы)
o Қолыңмен істегенді -...(мойнынмен көтер)
3 тапсырма «Сөз шебері»
Бұл кезеңде сайыскерлер таңдаған еркін тақырыптары бойынша өз пікірлерін ортаға салады.
1. Отбасындағы балалар құқығы
2. Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары
3. Заң және әділдік
4. Жасөспірім және заң
5. Жастар және еңбек
6.«Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш.»
7.«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
8.«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
9.Қазақ халқындағы мұрагерлік ұғымы
10.Адам құқықтары конституцияда.
4 тапсырма Заңды білу-парыз. (Заңды оқы, өз ойынмен айт)
1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
5 – бап
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.
9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.
79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
• Айыппұл;
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту;
• Түзеу жұмыстары;
• Қамау
• Бас бостандығынан айыру болып табылады.