Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кәлимасының рүкіндері




Бұл сөздің екі рүкіні бар: қайтару және бекіту.

Қайтару рүкіні: Лә иләһа,[14] демек адам бұл сөзді айтып барлық Аллаһқа серік келтірудің түрлерін өтірікке шығарады және Аллаһтан өзге құлшылық етіліп жатқан нәрселердің барлығына қарсы тұрады.

Бекіту рүкіні: иллә Аллаһ[15]. Демек адам бұны айтып, құлшылыққа тек қана Аллаһ лайықты деп бекітеді.

Бұл рүкіндердің екеуі бірдей болуы шарт. Тек қана құлшылық Аллаһқа тән деп бекіту жеткілікті емес, сол сияқты тек қана басқа пұттардан құлшылықты қайтару да жетпейді, демек қайтару және бекіту бірге болу керек.

Бұл екі рүкіннің мағынасы Құранда айтылған, мысалы Аллаһ Тағала бақара сүресінің 256-аятында:

{ فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ وَيُؤْمِن بِاللّهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَىَ }

«Кім тоғутқа қарсы болса, және Аллаһқа иман келтірсе, ақиқатында ол еш ажырамайтын, берік тұтқаны мықты ұстады» -деді.

Бұл аяттағы:

فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ

«Кім тоғутқа қарсы болса» -дегені бірінші рүкіннің мағынасы, және:

وَيُؤْمِن بِاللّهِ

«Және Аллаһқа иман келтірсе» - дегені екінші рүкін-нің мағынасын білдіреді.

******

Лә-иләһа-илла-ллаһ сөзінің

Шарттары

Лә-иләһа-илла-ллаһ жәннаттың кілті. Бірақ әрбір Лә-иләһа-илла-ллаһ деген адам үшін бұл кілт оған жәннаттың есігін аша ма, ашпай ма?

Бір адам Уаһб ибн Мунабаһ деген ғалымға: «Лә-иләһа-илла-ллаһ жәннаттың кілті емес пе?» – дейді. Сонда ол кісі: «Иә, ол жәннаттың кілті, бірақ қандай бір кілт болмасын оның тістері болады. Егер сол тістері бар кілтпен келсең, саған есік ашылады, болмаса ашылмайды»-деп жауап береді.

Пайғамбарымыздың хадистері сол кілттің тістеріне нелер жататынын баяндайды. Мысалы:

"من قال لا إله إلا الله مخلصاً"

«Кім Лә-иләһа-илла-ллаһ деп шын ықыласымен айтса»;

"من قال لا إله إلا الله مستيقناً به قلبه"

«Кім жүрегімен айқын сенген түрде Лә-иләһа-илла-ллаһ деп айтса» - деген хадистер сияқты.

Ғұламалар жоғарыда айтылған жалпы дәлелдер-ден Лә-иләһа-илла-ллаһ сөзінің шарттарын шығарған. Сол шарттар кілтің тісі ретінде қолданы-лады. Сондықтан Лә-иләһа-илла-ллаһ деген адам оның шарттарын толық орындауы керек. Өйткені оның шарттары толық болмаса, оны тек тіліңмен айту пайда бермейді. Сол сияқты тістің кілттері болмаса, ол есікті ашпайды.

Шарттардың біріншісі: Білім.

Әрбір сөздің мағынасы бар болғандықтан, бұл сөзді айтқан адам да оның мағынасын білуі керек.

Оның мағынасы: Құлшылық ақысын Аллаһтан өзгенің барлығынан қайтару және оны тек Аллаһқа тән деп бекіту. Яғни Аллаһтан басқа құлшылыққа ешкім лайықты емес деген мағына. Демек нені қайтарып нені бекітетінін білуі керек. Егер бұл сөзді айтқан адам оның мағынасын білмейтін болса, бұл сөз оған пайда бермейді. Аллаһ Тағала бұл жайында:

{ إِلَّا مَن شَهِدَ بِالْحَقِّ وَهُمْ يَعْلَمُونَ}

«Тек қана біліп тұрып куәлік бергендер» [16]- деді.

Яғни жүректерімен біліп тұрып «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» деп тілдерімен күәлік береді.

Пайғамбарымыз айтады:

"من مات و هو يعلم أنه لا إله إلا الله دخل الجنة"

«Кім Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екенін білген күйде өлсе, ол жаннатқа кіреді». [17]

Қазіргі күнде көптеген адамдар бұл сөзді айтады бірақ оның мағынасы жайлы ешнәрсе білмейді. Сол үшін олар Лә иләһә илла лла деп тұрып шірк амалдарын істеп қояды. Пайғамбарымыздың заманындағы мүшріктер бұның мағынасын білгендіктен, оларға бір Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер делінген кезде олар:

{أَجَعَلَ الْآلِهَةَ إِلَهًا وَاحِدًا إِنَّ هَذَا لَشَيْءٌ عُجَابٌ}

«Тәңірлерімізді бір ақ тәңір қыламыз ба?! Бұл тым ғажайып нәрсе» - деді[18].

Екіншісі: Айқын сенім.

Яғни бұл сөзді айтқан адам оның дәлел ететін нәрселеріне айқын сенуі керек. Егер оның жүрегінде Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деген сөзге деген азғантай болса да бір күмәні болса және оған айқын сенбесе, бұл сөз оған пайда бермейді. Өйткені мүмін адам бұған еш күманданбайды. Аллаһ Тағала мүміндерді сипаттағанда былай деді:

{إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ لَمْ يَرْتَابُوا }

«Мүміндер сондай, олар Аллаһқа және оның елшісіне иман келтіргендер кейін күманданбаған-дар». [19]

Ал егер адам Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне күманданса, ол мұнафықтардан болады. Бұл жайында Аллаһ Тағала айтады:

{إِنَّمَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ لاَ يُؤْمِنُونَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَارْتَابَتْ قُلُوبُهُمْ فَهُمْ فِي رَيْبِهِمْ يَتَرَدَّدُونَ}

«Шынында Аллаһқа, ақырет күніне сенбейтіндер жүректері күдіктеніп күман ішінде екі ойлы болғандар ғана сенен рұқсат сұрап сылтауратады». [20]

Сондықтан бұл сөзді тек аузыңмен ғана айтып қою жеткілікті емес, міндетті түрде оған жүрекпен сену керек.

Абу Һурайрадан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз:

"أشهد أن لا إله إلا الله و أني رسول الله لا يلقى الله بهما عبد غير شاك فيهما إلا دخل الجنة"

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және мен оның елшісімін деп куәлік етемін, пенде осы екеуімен оларға еш күманданбай Аллаһқа жолықса, жаннатқа кіреді» [21] - деді.

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз Абу һурайраға былай деді:

"من لقيت من وراء هذا الحائط يشهد أن لا إله إلا الله مستيقناً بها قلبه فبشره بالجنة"

«Бұл баудың артынан Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ дегенге жүрегімен айқын сенген біреуді жолықтырсаң, оны жаннатпен шүіншіле» [22].

Хадистің мағынасы: кімде осы сипат болса, ол жаннат иелерінен болады. Абу Һурайра адамдардың жүрегінде не бар екенін біледі дегені емес, бірақ кім жүрегімен айқын сенсе, ол жаннатқа кіреді дегенді білдіреді.

Хадистен алынатын пайдалардың бірі: хадис «Лә иләһа иллә ллаһ» кәлимасына тіліңмен айтпастан тек жүрегіңмен сенудің жетпейтініне және жүрегіңмен-мен сенбей тек тіліңмен айтудың жетпейтіндігіне дәлел болады. Сондықтан екеуі бірге болуы керек, тіліңмен айтқаныңа жүрегіңмен сенуің керек және жүрегіңмен сенгеніңді тіліңмен айтып білдіруің керек.

Үшіншісі:Ықылас.

Бұл сөзді адам ықыласымен айтпаса, ол оған пайда бермейді. Кейбір адамдар Лә иләһа иллә ллаһ дейді, бірақ Аллаһқа серік келтіруді тастамайды. Қазіргі кездегі қабірлерге құлшылық етіп жүргендер сияқты, олардың Лә иләһа иллә ллаһ дегендері оларға пайда бермейді. Өйткені оның шарттарының бірі — ықылас.

Аллаһ Тағала айтады:

وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ

«Олар дінді тек Аллаһқа арнаған түрде құлшылық етуге бұйырылды» [23] -деді.

Пайғамбарымыз айтады:

"أسعد الناس بشفاعتي من قال لا إله إلا الله خالصاً من قلبه"

«Менің шапағатыма бөленетін ең бақытты адам, ықыласты түрде жүрегінен Лә иләһа илла ллаһ деген адам» [24] - деді.

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз:

"إن الله حرم على النار من قال لا إله إلا الله؛ يبتغي بذلك وجه الله عز و جل "

«Расында Аллаһ Тағаланың разылығын қалап Лә иләһа илла ллаһ деген адамды Аллаһ тозаққа харам етті»[25] - деді.

Бұл хадистердегі айтылып жатқан ықыластан болған мақсат: Лә иләһа илла ллаһ дегеннен кейін адам бұл сөздің талап ететінін орындауы керек. Яғни Аллаһқа еш нәрсені серік келтірмей, құлшылықты тек Аллаһқа арнауы керек.

Адам егер бұл сөздің мағынасын айқын білсе, бірақ құлшылығында ықылассыз болса, ол оған пайда бермейді. Ықыласты адамдар — амалдарының барлығы; жүрек, тіл және денемен орындалатын амалдарының барлығы Аллаһ үшін болған адамдар.

Олар бұл амалдары үшін адамдардан бір несібе немесе олардан шүкірлік білдірулерін немесе бір мәртебеге жетулерін, не олардың мадақтарын қаламайды.

Егер адам құлшылықта Аллаһқа біреуді ортақ қосатын болса, Аллаһтан басқа біреуге дұға қылса, ол үшін құрбан шалып, одан өзінің қиыншылықтарын кетіруін сұрап, жақсылықты Аллаһтан басқадан үміт ететін болса, ол ықыласты адам деп аталмайды. Және оның Лә иләһа иллә ллаһ дегені оған пайда бермейді. Өйткені Аллаһ Тағала айтады:

{ وَلَوْ أَشْرَكُواْ لَحَبِطَ عَنْهُم مَّا كَانُواْ يَعْمَلُونَ}

«Егер олар Аллаһқа ортақ қосса, олардың амалдары жойылып кетер еді» [26].

Пайғамбарымыз құдси хадисте айтады:

"قال الله تعالى: أنا أغنى الشركاء عن الشرك، من عمل عملا أشرك معي فيه غيري، تركته و شركه"

«Аллаһ Тағала: Мен маған біреудің ортақ болуына мұқтаж емеспін, кім бір амал қылып, сол амалында маған біреуді ортақ қосса, оны да, оның амалын да тастаймын деді». [27]

Төртіншісі: Шыншылдық.

Бұл сөзді айтқан адам оны шын жүрегінен айтуы керек. Егер өтірік айтатын болса, ол мұнафықтардан болады. Өйткен оны өтіріктен айту — ол мұнафықтардың сипаты. Олар да бұл сөзді айтады, бірақ оның мағынасына жүректерімен сенбейді. Аллаһ Тағала айтады:

{إِذَا جَاءكَ الْمُنَافِقُونَ قَالُوا نَشْهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ اللَّهِ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُ وَاللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَكَاذِبُونَ * اتَّخَذُوا أَيْمَانَهُمْ جُنَّةً }

«(Мұхаммед), Егер мұнафықтар саған келсе, шындығында сен еш күмәнсіз Аллаһтың елшісісің деп күәлік береміз дейді. Аллаһ сенің оның елшісі екеніңді біледі және де Аллаһ мұнафықтардың әлбетте өтірікші екендіктеріне күәлік етеді. Мұнафықтар өздерінің күәліктерін қалқан етіп алады». [28]

Мұғаз Ибн Жәбәлдан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз айтады:

"ما من أحد يشهد أن لا إله إلا الله و أن محمداً عبده و رسوله صادقاً من قلبه إلا حرمه الله على النار"

«Қандай да біреу: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі деп шын жүрегінен куәлік ететін болса, Аллаһ Тағала оны отқа харам етеді» [29]-деді.

Бесіншісі: Жақсы көру.

Лә иләһа иллә ллаһ деген адам осы сөзді, оның дәлел ететін мағыналарын және осы сөздің талап ететін істерін орындайтын адамдарды жақсы көреді және оған амал қылмайтындарды жек көреді. Бұл сөзді айтқан адам үшін Аллаһ және оның елшісі оған өз әкесінен, баласынан және барлық адамдардан сүйіктірек болуы керек. Өйткені бұл сөз тек оны жақсы көрген адамдар үшін ғана пайда береді. Ал бұл сөзді жақсы көру — ол адамның ықыласты екеніне дәлел болады. Ал кім Аллаһты жақсы көрсе, ол оның дінін де жақсы көреді.

Аллаһ Тағала:

{وَمِنَ النَّاسِ مَن يَتَّخِذُ مِن دُونِ اللّهِ أَندَاداً يُحِبُّونَهُمْ كَحُبِّ اللّهِ وَالَّذِينَ آمَنُواْ أَشَدُّ حُبًّا لِّلّهِ }

«Адамдардың кейбіреулері өзгелерді Аллаһ-қа теңестіріп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді. Ал иман келтіргендер Аллаһты (мүшріктердің пұттарды жақсы көргендерінен де) қатты жақсы көреді» [30]-деді.

Пайғамбарымыз айтады:

" ثلاث من كن فيه وجد بهن حلاوة الإيمان: من كان الله و رسوله أحب إليه مما سواهما، و من أحب عبداً لا يحبه إلا لله، و من يكره أن يعود في الكفر بعد إذ أنقذه الله منه كما يكره أن يلقى في النار"

«Кімде үш нәрсе болса, сонымен ол иманның ләзәтін табаты: кімге Аллаһ және оның елшісі басқалардың барлығынан сүйіктірек болса және кім бір мұсылманды тек Аллаһ үшін жақсы көрсе және кім Аллаһ оны күпірліктен құтқарғаннан кейін соған қайта оралуды жек көрсе» [31] - деді.

Тағы бір хадисте:

"لا يؤمن أحدكم حتى أكون أحب إليه من والده وولده و الناس أجمعين"

«Сендердің ешбіреулерің мен оған оның әкесінен, баласынан және адамдардың барлығынан сүйіктірек болмайынша иман келтірмейсіңдер» [32] - деді. Басқа хадисте:

"والذي نفسي بيده لا يؤمن أحدكم حتى أكون أحب إليه من نفسه"

«Менің жаным оның қолында болған Аллаһпен ант етемін, сендердің ешбіреулерің мен оған оның өз жанынан да сүйіктірек болмайынша иман келтірмейсіңдер » [33] - деді.

Яғни адамның Аллаһқа және оның елшісіне деген махабаты басқалардың махабатынан жоғары болуы керек. Кім басқа біреуді Аллаһтан және оның елшісінен қаттырақ жақсы көретін болса, оның иманы толық емес. Тіпті оны айтпай-ақ, оның басқа біреуді жақсы көруі Аллаһ пен оның елшісін жақсы көрумен тең болса, оның да иманы толық емес. Өйткені Алаһ Тағала айтады:

{وَمِنَ النَّاسِ مَن يَتَّخِذُ مِن دُونِ اللّهِ أَندَاداً يُحِبُّونَهُمْ كَحُبِّ اللّهِ وَالَّذِينَ آمَنُواْ أَشَدُّ حُبًّا لِّلّهِ }

«Адамдардың кейбіреулері өзгелерді Аллаһқа теңестіріп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді. Ал иман келтіргендер Аллаһты (мүшріктердің пұттарды жақсы көргендерінен де) қатты жақсы көреді».

Аллаһты және оның елшісін жақсы көру — тек пайғамбарымыз әкелген нәрсеге ерумен ғана пайда болады. Аллаһ Тағала айтады:

{قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ }

«(Мұхаммед), оларға: егер Аллаһты жақсы көрсеңдер, маған еріңдер, сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді және күналарыңды кешіреді. Аллаһ өте кешірімді, аса мейірімді» [34] - деді.

Адамның Аллаһқа және оның елшісіне деген махабатының толық болуы — Аллаһтың жақсы көргенін жақсы көріп, жек көргенін жек көрумен болады. Кім Аллаһтың жақсы көрген нәрсесін жек көрсе және жек көрген нәрсесін жақсы көрсе, оның таухиді толық болмайды және ол Лә иләһа иллә ллаһ деген сөзінде шыншыл емес. Осыған байланысты ол адам Аллаһқа серік келтірген болады. Оның серік келтіру мөлшері — Аллаһтың жақсы көгенін қанша жек көргеніне және жек көргенін қанша жақсы көргеніне байланысты болады.

Аллаһ Тағала кәпірлерді қорлап, олардың амалдарын жойып жіберді. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай деді:

{ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ كَرِهُوا مَا أَنزَلَ اللَّهُ فَأَحْبَطَ أَعْمَالَهُمْ}

«Бұның себебі: шынында олар Аллаһтың түсіргенін жек көрді. Сондықтан Аллаһ олардың амалдарын жойды» [35].

Пенденің Аллаһты жақсы көруінің белгісі — Аллаһтың жақсы көргені өзінің ойына қарсы келіп тұрса да, оны өз ойынан жоғары қоюы және Аллаһтың жек көретінін егер өзі жақсы көріп тұрса да, оны жек көруі. Аллаһты және оның елшісін жақсы көретін адамдарды жақсы көруі және оларды жек көретін адамдарды жек көруі. Пайғамбары-мыздың сүннетіне еруі және оны барлығының жолдарынан жоғары қоюы.

Сол сияқты дене мүшелер де көбінде адамның жақсы көретін және жек көретініне байланысты амал қылады. Егер жүректе Аллаһқа деген махабат берік орнықса, дене мүшелері тек Аллаһқа итағат етуге ғана жұмсалады. Абу һурайрадан риуаят етілген құдси хадисте пайғамбарымыз былай дейді:

"....و لا يزال عبدي يتقرب إلي بالنوافل حتى أحبه فإذا أحببته كنت سمعه الذي يسمع به و بصره الذي يبصر به و يده التي يبطش بها و رجله التي يمشي بها...."

«Аллаһ Тағала айтты:Пендем Мен оны жақсы көргенге дейін маған нәпіл құлшылықтармен жақындай береді, егер мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын». [36]

Бұның мағынасы: ол тек менің зікірімді естиді, тек менің кітабымды оқып ләзаттанады, тек маған мінәжәт етумен рахаттанады және тек менің мүлкімнің ғажайыптылығына ғана қарайды және аяғы мен қолдарын тек менің разылығыма ғана жұмсайды.

Алтыншысы: Бой ұсыну.

Лә иләһә иллә ллаһ деген адам бұл сөздің талап еткен нәрселеріне іштей және сырттай бойұсынуы керек. Аллаһ Тағала айтады:

{وَأَنِيبُوا إِلَى رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ }

«Раббыларыңа қайтыңдар да оған бойұсыныңдар» [37].

Яғни: Аллаһқа тәубе етіп, оған жүректеріңмен қайтыңдар және оған дене мүшелеріңмен бойұсыныңдар.[38]

Аллаһқа бойұсыну – оның парыз еткен істерін орындаумен және харам еткен нәрселерінен тыйылумен болады. Егер адам Аллаһтың бұйырғанын орындамаса және тыйым еткенінен қайтпаса, оған бұл сөз пайда бермейді. Аллаһ Құранда былай дейді:

{وَمَن يُسْلِمْ وَجْهَهُ إِلَى اللَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَى وَإِلَى اللَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ}

«Кім Аллаһтың бұйырғанын істеп, тыйғанынан қайтқан түрде өзін Аллаһқа тапсырса, расында ол берік тұтқаны ұстаған болады. Бүкіл істердің соңы Аллаһқа тән» [39].

Аллақа бойұсыну парыз болғанындай, пайғам-барымызға бойұсыну да парыз болады. Аллаһ Тағала айтады:

{فَلاَ وَرَبِّكَ لاَ يُؤْمِنُونَ حَتَّىَ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لاَ يَجِدُواْ فِي أَنفُسِهِمْ حَرَجًا مِّمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُواْ تَسْلِيمًا}

«(Мұхаммед), Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай саған толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды». [40]

Адамның Аллаһқа бой ұсынуы тек пайғам-барымызға толық бой ұсынумен кәміл болады. Өйткені пайғамбарымыз айтады:

" لا يؤمن أحدكم حتى يكون هواه تبعاً لما جئت به"

«Сендердің ешқайсыларың, ойы мен әкелген нәрсеге ергенге дейін иман келтірмейсіңдер». [41]

Яғни имандарың толық болмайды.

Жетіншісі: Қабылдау.

Лә иләһа илла ллаһ деген адам бұл сөздің талап еткен нәрселерін қабылдауы керек. Тек Аллаһқа ғана құлшылық етуі және одан өзге пұттарды тастауы керек. Кім бұл сөзді айтса, кейін оның талап еткенін қабылдамаса және оны ұстанбаса, ол төмендегі аяттағы адамдардың қатарына кіреді:

{إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ * وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوا آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ}

«Оларға Лә иләһа илла ллаһ деңдер делінсе, олар тәкәппарланып, құдайларымызды бір жынды ақын үшін тастаймыз ба?- дейтін еді» [42].

Сондықтан бұл сөзді жүрекпен және тілмен қабылдау уәжіп болады. Кім оны қабылдамаса және қайтарса әрі одан тәкаппарланса, ол Құрайыш кәпірлері сияқты кәпір болады. Өйткені олар аятта айтылғандай одан тәкаппарланып, оны қайтарған еді.

Сегізіншісі:Аллаһтан өзге құлшылық қылына-тын тоғуттарға қарсы болу.

Лә иләһа илла ллаһ деген адам Аллаһтан өзге құлшылық қылынған тоғуттарға қарсы болуы керек. Өйткеін Аллаһ Құранда айтады:

{ فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ وَيُؤْمِن بِاللّهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَىَ }

«Кім тоғутқа қарсы болса және Аллаһқа иман келтірсе, расында берік тұтқаны ұстаған болады». [43]

Пайғамбарымыз айтады:

"من قال لا إله إلا الله و كفر بما يعبد من دون الله حرم ماله و دمه و حسابه على الله عز وجل"

«Кім Лә иләһа илла ллаһ десе және Аллаһтан өзге құлшылық қылынатындарға қарсы болса, оның малы және қаны харам болады және оның есебі Аллаһқа тән». [44]

****

«Мұхаммед Аллаһтың елшісі»





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2427 - | 2304 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.