Шприцтер мен инелерді алмастыру бағдарламсы ИЕТ арасында АИТВ-ның инъекциялық жолмен берілуін және В,С вирустық гепатиттерісияқты инфекциялардың алдын алуға бағытталған. Бағдарлама деректерінің деңгейітөмен болып табылатындықтан, ИЕТ-дың санын көптеп тартуға мүмкіндік береді.
Елде шприцтерді айырбастау бағдарламасын және сенім пункттерінің жұмысының орындалуын қамтамасыз ететін бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар бар. Оларға мыналар жатады:
1) 18.09.2009ж. №193-IV ЗРК “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР кодексі;
2) 29.11.2010ж. № 1113 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015жж. арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы;
3) ҚР ДСМ 28.02.2013 жылғы № 115 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 228 «Инъекциялық есірткі тұтынушылар үшін сенім пункттерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы;
4) 05.01.2011ж. № 10 «ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 07.04.2010ж. №238 «Денсаулық сақтау ұйымдарының штаттық нормативтері мен типтік штаттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы.
Қазіргі уақытта елде 151 сенім пункті жұмыс істейді,оның ішінде 23-сы жылжымалы. Бірақ шприцтерді айырбастау бағдарламалары көп жағдайда тек үлкен қалаларда ұсынылады, ал кіші қалалар мен ауылдық жерлерде бұл бағдарламалардың жұмысы шектеулі.
2011 жылдан бастап “Саламатты Қазақстан» Бағдарламасы аясында шприцтерді сатып алу қарастырылған. ИЕТ үшін шприцтерді сатып алу аймақтық (облыстық және қалалық) орталықтарының мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен, ал осы топтармен жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін ЖТБЖҚ қаражатынан жүзеге асады. Қазақстан Республикасының барлық аймақтары үшін 2014-2015 жылдарда шприцтерді сатып алуды қаржыландыру “Саламатты Қазақстан” Бағдарламасында қарастырылған.
Сонымен қатар, ЗТ бағдарламалары үшін жергілікті бюджеттен шприцтерді сатып алуға қаржы бөлу жұмыстары аймақтар бойынша ажыратылады. Бірқатар аймақтарда жергілікті билік органдарының мәселеге түсінушілікпен қарауының нәтижесінде қаржыландыру жеткілікті мөлшерде жүзеге асады, бірақ бюджеттік қаржының жетіспеушілігінен, ахуалдың төмендеуіне байланысты бағдарламаның қаржыландыру жағдайы нашарлауы мүмкін. Басқа аймақтарда бұл бағдарламаны қаржыландырудың қажеттілігін жоғары инстанцияларда жергілікті деңгейде үнемі дәлелдеп отыруға тура келеді.
ЖҚ жұмысы аяқталған соң зиянды төмендету бағдарламаларының тұрақты, жеткілікті қаржыландырылып тұруына,әсіресе ҮЕҰ жүзеге асыратын компоненттерге сенімсіздік туады. ҚРДСМ №115 бұйрығына сәйкес, ИЕТ-ға арналған шприцтерді беру нормасы бір сөткеде жасалған инъекция санына байланысты, бірақ әрбір ИЕТ-ға 1 жылға 240 данаданкем болмауы тиіс (шприцтерді сатып алуды есептеу аймақтар бойынша ИЕТ бағалау санына байланысты жүргізіледі).
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық орталығының деректері бойынша 2014 жылы Қазақстанда ИЕТ бағалау саны 110940 құрайды.
Қазақстанда стерильді шприцтер мен инелерді ұсыну бағдарламаларымен қамтылған иньекциялық есірткі тұтынушы адамдар санын артуда, салыстыру үшін 2011ж. 61,5% ИЕТ стерильді инелер мен шприцтер берілген, 2014 жылы бұл көрсеткіш 65,1%-ға дейін өскен.
2014 жылы 72205 ИЕТ 3 көрсетілетін қызметтен тұратын пакеттіең кемінде бір рет алған (шприцтер, презервативтер, АТМ).Барлығы ҚР-да 2014 жылы ИЕТ-ға 19 743771 дана шприц таратылған, бұл профилактикалық бағдарламаға тартылған 1 ИЕТжылына 273 дана шприцтен келгендігін көрсетеді.
Сонымен бірге, шприцтерді баға ұсынымдары әдісімен (тендер) сатып алуға байланыстыжәне ИЕТ арасында шығын материалдарынан едәуіразайту нәтижесінде ұсынылатын материалдардың сапасының төмендігі байқалады.
ҚРДСМ №115 бұйрығында ИЕТ қажеттіліктерін анықтауға шприцтерді сатып алу алдында топтық фокус жүргізу керектігі көрсетілген, бірақ қазіргі тендерлер мен сатып алу жүйесі клиенттердің қажеттілігіне сай материалдарды үнемі сатып алуға мүмкіндік бермей тұр.
Сонымен, ҚР шприцтерді ауыстыру бағдарламаларына қолжетімділікті шектейтін негізгі тосқауылдар мынадай болып табылады:
1) көрсетілетін қызметтердің нашар географиялық таратылуы;
2) лайықты қаржыландырудың мүмкін болатын шектеуі;
3) ұсынылатын материалдардың сапасының төмендігі және түрлерінің жеткілікіздігі;
4) пенитенциарлық жүйеде көрсетілетін қызметтердің болмауы.