Бекітемін
«Құрылыс және көлік»
факультетінің деканы
____________ Садықов Ж.Ә.
«_____» __________2016ж.
СТУДЕНТ ҮШІН
«ГИДРОИЗОЛЯЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР» (GM 3312)
ПӘНІНЕН
БАҒДАРЛАМА (SYLLABUS)
мамандығы: 5В073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
Курс: 4 Семестр: 7
Кредиттер саны KZ – 2, EСTS - 3
Дәріс: 15 сағат
Практикалық сабақ: 15 сағат
СОӨЖ 30 сағат
СӨЖ 30 сағат
Межелік бақылау: 7 және 15 апта
Емтихан: 7 семестр
Оқытушы туралы мағлұматтар:
Арынбаева Роза Ануарбековна – аға оқытушы
Кеңсе: «ҚМБжКТ» кафедрасы
Мекен-жайы: Шымкент қ, Тауке - Хан даңғ -5. №3 оқу ғимараты, к.329В
Тел.: 21-23-18
Е-mail: roza.arynbaeva@mail.ru
Кеңес беру уақыты: (кестеге сай)
Шымкент, 2016
Пән бағдарламасы (syllabus) «Гидроизоляциялық материалдар» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды және «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының технологиясы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
«__» ___ 2016ж. № ___ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _________ Көпжасаров Б.Т.
(қолы)
SYLLABUS «Құрылыс және көлік» факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған,
«__» ___ 2016ж. № ___ хаттама.
Құрылыс және көлік факультетінің
әдістемелік комиссия төрайымы ______________ Олжабаева С.
(қолы)
Құрылыс және көлік факультетінің
администраторы _______________ Жүсіпбеков А.Қ.
(қолы, уақыты)
Пәннің оқу процесіндегі мақсаты, міндеті мен орны
Пәнді оқытудың мақсаты
Пәнді оқыту мақсаты оқытудың келесі нәтижелеріне қол жеткізу болып табылады:
- Білу: Әр түрлі гидроизоляциялық материалдарының түрлерін, қасиеттерін және өндіру технологиясын білу;
- Түсіну: Гидроизоляциялық материалдардың олардың құрылымы мен құрамына байланыстылығын түсіну;
- Қолдану: алған білімді қазіргі заманғы гидроизоляциялық материалдары мен бұйымдарын өндіру үшін қолдану;
- Талдау: дайын бұйымдардың қасиеттері мен технологиялық үрдістер режимдері және шикізат түріне тәуелділігін талдай алу;
- Синтез: алған білімдерін саралауға, гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдарын өндіруде жаңа энергия және қор үнемдейтін технологиялық схемаларды жасай алу;
- Бағалау: практикалық сабақтар негізінде гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдардың қасиеттері мен түрлерін және технологиясының тиімділігін бағалай білу.
Пәнді оқытудың міндеттері
«Гидроизоляциялық материалдар» пәнін оқу барысында студенттің білуі керек:
· гидроизоляциялық материалдарды өндіру және қолдану салаларындағы ғылыми техникалық прогрестің перспективалары;
· қажетті техникалық сипаттамадағы гидроизоляциялық материалдарды тиімді технологиямен зауытта өндіру принциптері.
· гидроизоляциялық материалдардың қасиеттерін сандық көрсеткішпен бағалау, ол көрсеткіштерді анықтау әдістерінің принциптері, нақтылы қолдану шарттарына байланысты гидроизоляциялық материалдарды таңдау;
Білім бағдарламасы құрылымындағы пәннің орны
«Гидроизоляциялық материалдар» пәні модульді білім беру бағдарламасының МББ мамандық бойынша КП циклының таңдау компонентіне (ТК) кіреді және мамандық бойынша міндетті модульге (МММ 3.8) енеді.
2.Білім алушылардың пәнді игеруді бастауы мен тәмамдауы бойынша даярлығына (құзыреттіліктеріне) қойылатын талаптар (пререквизиттер мен постреквизиттер)
Пререквизиттер:«Гидроизоляциялық материалдар» пәніне дейін оқытылатын пәндерге «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Физикалық химия», «Физика», «Құрылыс материалдары», «Байланыстырғыш заттар», «Құрылыс материалдарын зерттеу әдістері», «Құрылыс материалдарындағы процестер мен аппараттар».
Постреквизиттері:
- Бетон технологиясы -2
- Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары кәсіпорындарды жобалау пәндерін игеру үшін негізгі қызметті атқарады.
Осы пәнді игеру үшін білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
| Құзыреттіліктер | Пререквизиттер |
| Құрылыс материалдар номенклатурасын және олардың қасиеттерін біледі; Олардың құрылым ерекшеліктерін, шикізат қорын айта алады; Әр түрлі құрылыс материалдарының өндіру технологиясын біледі; | Құрылыс материалдары -1 |
| Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялар өндірісінде әрлеу материалдар саласында қолданылуы; Құрылыс материалдарының химиялық талдау әдістемесін меңгереді; | Химия |
| Әр түрлі құрылыс материалдарында жүретін коррозиялық үрдістерін түсінеді; | |
| Физиканың негізгі бөлімдерінің заңдарын атап айта алады (механика, молекулярлы физика, термодинамика); Физика бөлімдеріндегі заңдары мен құбылыстарын кәсіби жұмыс жүйесінде пайдалануды біледі; | Физика |
| Байланыстырғыш заттардың қасиеттерін, шикізат қорын, өндіру тәсілдерін және сынақтарды жүргізу әдістерін біледі; | Байланыстырғыш заттар |
| Негізгі физика-химиялық үрдістерді түсіндіре біледі; Химия технологиясындағы үрдістерді теориялық тұрғыда негіздей алады; Құрылыс материалдары мен бұйымдар өндірісінде жылу процестері мен аппараттарын біледі; | Процестер мен аппараттар |
Осы пәнді игергеннен кейін білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
| Құзыреттіліктер | Постреквизиттер |
| Жалпымәдени ЖМ 3 – Кәсіби білімі мен біліктілігініс жүзінде пайдалануға бейімделу ЖМ 7 –Инновацияларды пайдалануға бейімделу ЖМ 8 – Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға бейімделу ЖМ17 – Нормативтік және құқықтық құжаттарды жұмыс барысында қолдануға бейімделу Кәсіби К 1- Құрылыс материалдары мен конструкциялары технологиясының болашақтағы дамуы мен негізгі өзекті мәселелерін білу, К 5 – Құрылыс материалдар мен конструкциялар өндірісінде қолданылатын негізгі механикалық жабдықтардың негізгі жұмыс істеу принциптерін білу; К6- барлық құрылыс кешендерінде жобалау орындарын білу; К12- Өнімнің сапалық көрсеткіші мен технологиялық үрдістердің параметрлерін бақылау тәсілдерін білу; К 16 – Гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдарды өндірудің барлық кезеңдерінде бастапқы шикізат пен дайын өнім сапасына бақылау жүргізу; К 17 – Құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру саласында жаңа технологиялық шешімдерді аналитикалық тұрғыда бағалай алу және оларды нақты өндірісте қолданылу мақсаттылығын анықтай алу. | Бетон технологиясы-2; Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялар кәсіпорындарын жобалау |
3 Оқыту нәтижелері (ОН):
| Дескрипторлар | ОН коды | Оқыту нәтижелері (ОН) | Құзыреттіліктер | |
| А | Озық білім элементтерін қоса отырып, игерілетін саладағы білімі мен түсінігін көрсету | А1 А2 А3 | Гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдарды өндіру үшін негізгі және қосымша шикізаттық компоненттерді таңдаудағы басты критерийлерді түсінеді; Гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдарды дайындау технологиясын біледі. Гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдардың функционалдық және құрылыстық-эксплуатациялық қасиеттерін біледі. | ЖМ3, К1, К12 |
| В | Осы білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдану | В1 В2 В3 | Гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін, оларды қолдану саласын дұрыс таңдау жасауда қолдана біледі. Қасиеттерін анықтауда әдістемелік принциптерін қолдана біледі. Дайын бұйымның сапасын қамтамасыз етуді біледі. | ЖМ17, К17 |
| С | Дәлелдемелерді тұжырымдау және игерілетін саладағы проблемаларды шешу | С1 С2 | Инженерлік есеп-қисаптарды шешіп, аргументтерді тұжырымдай алады. Дәлелдемелерді тұжырымдап, алған білімдері мен дағдыларын өндірістік және жобалау жұмыстарында қолдана алады. | ЖМ7, ЖМ8, К12,К 16,К5 |
| D | Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ұғым-түсініктерді ескере отырып, талқылауды қалыптастыру үшін ақпараттарды жинау және тұжырымдау | D1 D2 D3 | Тұтыну жағдайына байланысты түрлі конструкциялар мен үймереттерді судан лқшаулауға арналған гидроизоляциялық материалдардың таңдалуын негіздейтін ақпараттар мен мәліметтерді жинақтай алады. Өнімнің сапасын және технологиясын жетілдіру үшін ғылыми жетістіктер мен ақпараттарды жинақтай алады. Берілген өндіріс жағдайында жаңашыл ақпараттарды байланыстыра алады. | ЖМ 7, ЖМ8, К17 |
| E | Өз бетінше оқуды ары қарай жалғастыру қабілеттілігі | Е1 Е2 Е3 | Анықтамалық-нормативтік әдебиеттермен, ҚНжЕ, ЕВРОкодтармен жұмыс жасай алады. Ғылыми әдебиеттермен, соның ішінде ғаламтордағы мәліметтерді қолдана біледі. Мәліметтерді өз бетінше өңдей алады және жаңа технология мен материалды игеруде немесе дайындауда дұрыс шешім қабылдай алады. | ЖМ3, К17 |






