Оперативті репортаж. Бұл репортаж белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, сол сағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның маңызы болмай қалады. Ал маңызын жойып алған репортаждың ешбір мағынасы қалмайды. Сондықтан мұндай репортажды тек оперативті түрде ғана жазуға болады.
Оқиғалы репортаж. Кең-байтақ Отанымызда талай-талай таң қаларлық құбылыстар мен оқиғалар болып жатады. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болумен бірге, ол Отанымыздың даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғалар болады. Ал, кейде болған оқиғаның тек еліміз үшін емес, бүкіл әлем елдері үшін, қала берді бүкіл адам баласының тарихында елеулі орын алатыны да болады. Әрине, мұндай жайлар бүкіл елімізді, оның халқын, қала берді бүкіл жер жүзін, бір сілкіндіріп тастайтындығында сөз жоқ. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.
Проблемалық репортаж. Бұл репортаж халық шаруашылығының барлық саласынан жазылады. Репортаждың бұл түрі кәсіпорынның күнделікті өмірінен, ғалымның лабораториясынан жазылады. Әрине, бұл жерде ешқандай оқиға болмайды. Өйткені, кеше де, бүгін де, ертең де заводтар, кәсіпорындар жұмыс істеген, істеп те жатыр және істейді де. Репортаждың мұндай түрінде журналист кәсіпорындардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады. Болмаса жеке бір озат адамның еңбек қимылын қамтиды. Мұндай репортажда істің жақсы жақтары: озат кәсіпорын, үздік еңбектің үлгісін көрсетуші адам туралы баяндалады. Мұндай жайсаң жайларды көрсету арқылы, газет оны халық шаруашылығына тартуды көздейді.
Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекей очеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралы баяндаумен қатар журналист жол-жөнекей көргендерінің ішшде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады. Журналист заводты, қаланы, яғни белгілі бір объектіні аралағанда назар аударатын жайларды қысқаша, қоюлап жазып отырады. Жол-жөнекей репартаж көбінесе репартердің оъектіні аралау сапарынан туады.
Сөйтіп, жол-жөнекей репортаж көбінесе кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығын аралау үстінде туады. Репортёр мұндай репортажды жол-жөнекей байқап, көрген-білгендерін әдемілеп суреттей отырып аралаған жерлерінің барлық жайын, адамдардың еңбегін, олардың көңіл күйін көрсетеді.
Телерепортаж - теледидиардың өзіндік имманенттігі, оқиғаға іштей қатысушылығы. Репортаж тележурналистиканың елгезек, кең тараған, әрі үнемі әректтегі жанры. Телерепортажды алғаш зерттеушілер оның оның үш түрін ұсынды: трансляция, тікелей хабар және проблемалық репортаж. Б.Чесноков оның көлемді классификациясын ұсынды. Олар: 1) мәселенің қойылуы бойынша: а) проблемалық, ә) оқиғалы; 2) репортердің оқиғаға қатысу дәрежесіне орай: а) оқиғалы (репортердің қатысуы міндетті); ә) түсіндірмелі (репортердің қатысуы шектеулі); б) трансляция (репортер қатысады); 3) техникалық құралдармен: а) тікелей (оқиға ортасынан), ә) жартылай әлде толықтай пленкаға түсірілген.
Репортажды екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, баспасөзге, радиоға немесе телевидениеге берілетін ақпараттар жиынтығы. Екіншіден, біздің жұмысымыздағы маңызды оқиға, жағдай, құбылысты жылдам және мағыналы ақпаратпен жеткізетін ақпараттық жанр. Репортажға қойылатын негізгі талаптар – автордың болған оқиғаға қатысу тиімділігі, шынайы болған оқиғаны көзімен көрген жағдайда ғана репортаж мағыналы болады.
§ Репортаж- белгілі бір нақты оқиға туралы жедел әрі жылдам түрде оқиға орнынан ақпарат беру. Репортаж шынайы өмірге еніп кету. Ол танымдық, талдамалы, оқиғалы және Кимнің тұжырымдамасы бойынша түсіндірмелі деп бөлінеді.
-Танымдық-әлеуметтік өмірдің белгісіз, беймәлім тұстары жайлы сөз қозғау. Ол тәжірибелі репортерге тапсырылады. Ең қиын репортаж түрі. Репортер өміріне қауіп төндіретін тұстары бар. Мысалы, Ауғанстан жайла алғашқы деректер
Репортаж (лат.»жеткізу», «хабарлау») – 19ғ.бірінші жартсыында пайда болған жанр. Ол алғашында – сот отырыстары, парламент дебаты, басқа да түрлі жиналыстар туралы мәлімет еді. Кейін оның орнын есеп жанры болып, репортаж жаңа үлгіге ие болды.
Репортажда оқиға барысы кқрсетіледі.
Қойылатын талап:
- Оқиға осы шақта;
- Шынайы;
- оқиға орнында болғангы сөзінен білінуі керек;
- Репортаж динаимкасы.
Дәстүрлі репортажға хроникалық тән. Ол белгілі бір оқиғаның басы-қасынды болып, көзбе –көз көрген журналистің оны ізінше өз байқауы мен түйсігі, өз көзқарасы мен бағасы тұрғысынан әсерлі түрде баяндауы. БАҚ әр саласында, репортаждың өзіндік ерекшеліктері мен берілу тәсілдері арқыы. Баспасөзде қоғамдық-саяси мәні зор оқиғалар мен құбылыстарға арналған оқиғалы репортаж, әр кезеңде болған оқиғаларды бір тақырыпқа біріктіріп суреттейтін тақырыптық репортаж, белгілі бір мәселе төңірегінде проблемалық репортаж жиі қолданылады. Сондай-ақ «қткен күннен», «келер күнге» репортажы мен бүгінгі «шартты репортаж – толғау» түрі де бар.барлығы авторлық импровизацияға бейіл.
Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпарат, әңгіме.[1] Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз-оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі-өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып боладыы деу дұрыс бола бермейді. Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайтланбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж-шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым оперативті болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-жақты, жүйулі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.
Теледидардағы соңғы жаңалықтар тізбегінің қай-қайсысы да репортажсыз,репортаждың қатысынсыз жарық көрген емес.Шешенстаннан жасалған репортаж,велосипед жарысы өткен жерден алынған репортаж,апат орын алған жерден репортаж.Газеттегі репортаж бен теледидардағы репортаж жанрының арасы жер мен көктей.
Репортаж өз жанына сұхбат,суреттеме,авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады.Репортаждағы оқиға болған заматта жарияланумен құнды.Оның түбіне жету үшін журналист шығармашылық бабында болып,жанынан шығарып айтуға,төкпелей айтуға икемделуі тиіс.
Оқиға мен репортер арасындағы байланыс репортажға негіз болады.
Репортаж-оқиғаның басы-қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін,обьективті,жедел шығарма.Баспадағы,теледидардағы және радиодағы репортерлар оқиғалар құрылымына қарай әртүрлі болып келеді.Теледидарда ''тікелей '' эфирде көбіне жиі кездесетін репортаждар-оқиғаның өзі.Осы жердегі репортердің рөлі сөзсіз жоққа шықпайды.Ол оқиғалар жинағынан сол немесе өзге жағдайлардың ықпалында,қоғамдық ұстанымынан,берілу ерекшелігінен көрініс табады. Кейде оқиғаның бөлшегі толық суреттеледі.Газетте бұл болған оқиға жайындағы әңгіме саналады.Оқиғадан оқырман қаншалықты әсер алса,репортердің сол жердегі рөлі соншалықты болғаны.Теледидарда тек репортер ғана емес,көрерменнің өзі де оқиғаға тікелей куә болады.Репортер ол кезде көрермен ретінде оқиғаның қыр-сырына қанығады.Газетте оқырман репортердің басшылығымен жазылған жағдаймен танысады.Онда дыбыстық та,көріністік те құрылғылар кездеспейді.
Теледидар репортажыды репортаж күйінде беруге әрекет жасап келеді. Мысалы бағдарламады жүзгіштер сайысының мараппаттау сәтін көрсете отырып,жеңімпаздың жүзген уақытын,оның мәжелі орынға қалай бірінші жеткенін көрсетумен қатар,спортшының көңіл-күйін де қоса береді.Бұл репортаждың ең көрнекі құралы болып табылады.Егер,газет және радио репортажы оқиға болғаннан кейін немесе болмас бұрын тыңдарман мен оқырман назарына ұсынылса,телевизиялық репортаж оқиға болған сәтте ғана көрініс табады.Алғашқыда ол көзбен шолуға жарамсыз болады.Ешқандай репортаж өткен шақта айтылмайды.Қазір не болып жатқандығын оқиғиның өзі көз алдына келтіреді.
Газетте оқиға өзге масштабтарға негізделеді.Онда көзбен шолуға мүмкіндік жоқ.Оқиға мәні,мысалы,лабораториядағы ғылыми ашылымның бағасы бірден берілмеуі мүмкін.Газетте репортаж уақыттан тыс жазылуы мүмкін- болашақтағы репортаж жіне өтіп кеткен оқиға туралы репортаж,ғылыми тақырыпқа құрылған дерексіз репортаж,репортаж-ой шолу.Газет репортажында оқиғаны баяндаудың жүйесі өзгеріске көп ұшырайды.
Оқиғалылық,қозғалыс,әсер-репортаждың негізгі құрылғыларының қатарынан саналады.
Оқиғаны берудегі репортердің рөлі ерекше.Ол оқиға жайынан бірінші хабардар болады да,оқиға болған орыннан дереу табылуға тырысып,өзіне қажет деп тапқан барлық мәліметтермен қанығады.Бұл үшін репортер оқиғаның өту барысын,өңін айналдыруға тиісті емес.
Теледидар репортажының зерттеушілері бұл жанрдың үш түрін: транцляциялық (студиядан тыс жерден берілген репортаж),тікелей эфир хабары және проблемалық репортаж деп бөлінеді.
Теледидарлық,радио,газет репортаждырының барлығын үшке:оқиғалы,оқиғаға дейінгі және оқиғадан кейінгі деп бөліа қарастыруға болады.Бөлу негізінде үш құрылым:оқиға,түсінік,көру жатыр.Алғашқысында осы үшеуі бірге біріктірілген.Екіншісінде,барлық компоненттер бір-бірінен ажыратылған,бір-біріне бағынбайды.Түсінік,сценарий оқиға орын алғанға дейін әзірленеді.Үшіншіден,көрініс оқиға мен түсініктен мүлдем ажыратылған.
Тікелей репортаждар бізде көп беріледі,алайда тек республика көлемінде ғана.Еуропаға,Америкаға,дүниежүзіне репортаждар беру жолға қойылмаған.Ал,рекордтар дүниежүзілік деңгейде талап етіледі.Сондықтан,тамаша жанр-репортажды жандандырумен қатар,оларды тікелей әрі ғаламдық дәрежеге көтеру отандық журналистердің міндеті.
Репортаж (reportageфранц. – хабарласу) – Тележурналистиканың маңызды және заманауи жанрларының бірі, журналисттің оқиға орынынан беретін дәйекті ақпараты. Репортаждың жанрлық элементтері:
1. Мекенжай
2. Оқиға
3. Тілшінің баяндауы
4. Оқиғаға қалыптасышының немесе оқиғаға куәгердің сөзі
5. Оқиғаның ахуалы
Репортаж түрлері:
1. Оқиғалық – қоғамдыұ маңызды оқиғаны хронологиялық тәртіппен жеткізеді.Ең көп тарағын түрі.
2. Проблемалық – оқиғалық сараптау элементтері авторлықжарияламалар және қортындылар. Автор қосымша ақпараттар, сандар және құжаттар ұсына алады.
3. Тікелей.
4. Тікелей емес.
Теледидардағы соңғы жаңалықтар тізбегінің қай-қайсысы да репортажсыз, репортаждың қатысынсыз жарық көрген емес. Шешенстаннан жасалған репортаж, апат оырн алған жерден репортаж, велосипед жарысы өткен жерден алынған репортаж. Репортаж жекелеген көп уақыт аралығын қамтитын бағдарламаларға. Футбол сайысынан алынған, Жамбылдың 150 жылдығынан, «Азия даусы» байқауынан, Алматыдағы жаңа қонақ үйдің ашылу сальтанатынан, «Балалар суреті» конкурсынан, астық жинау науқанынан, опера театрының алдындағы алаңда өткен байқаудан, мерекелік жиындардан, Байқоңыр ғарыш айлағынан алынған репортаждар...Репортаж өз жанына сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады. Бұл жанрдың ерекшеліктерін анықтауға қиындық тудырады. Кәдімгі ақпарат пен заметканы біз репортаж деп атап жүрміз. Репортаж – бұл оқиғалар жайындағы оперативті, қозғалмалы, көңіл-күйге негізделген әңгіме. Ол өзінің құжаттылығы, көрнектілігі арқылы автордың бұд оқиғаға қатысқандығы куәгерлік рөлінің қатысы арқылы ерекшеленеді.
Репортаж – оқиғаның басы-қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін, обьективті, жедел шығарма. Жалпы, репортаждың негізгі элементтері: оқиға, мекен-жай, куәгер сөзі.
Репортаж- белгілі бір нақты оқиға туралы жедел әрі жылдам түрде оқиға орнынан ақпарат беру, шынайы өмірге еніп кету. Ол Кимнің тұжырымдамасы бойынша танымдық, талдамалы, оқиғалы және түсіндірмелі деп бөлінеді. Танымдығы - әлеуметтік өмірдің белгісіз, беймәлім тұстары жайлы сөз қозғау. Ол тәжірибелі репортерге тапсырылады. Әрі ең қиын репортаж түрі. Репортер өміріне қауіп төндіретін тұстары болады. Мысалы, Украина, Сирия жайлы деректер.
Репортаж жазу үшін ең алдымен не қажет? Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілі бір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді.Екіншіден, репортаж - эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді.Үшіншіден, репортаж - халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек.Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл-күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс.
Репортаждағы басты мақсат — оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі.
Талдамалылығында - оқиғаның пайда болу себебі, даму барысы, авторлық ойлар мен мәселе төңірегіндегі нұсқалар, ішкі қозғалыс тетіктері көрсетіледі. «Неліктен?» деген сұраққа жауап іздейді.
Оқиғалылығы -елең еткізетін оқиғалар. Оқиға осы шақта, тек шынайы түрде, динамикалы болуы керек.
Түсіндірмелілігінде -болып жатқан оқиғаны толығымен түсіндіреді.
Радиорепортаж – радионың табиғатына тән, оқиғаның дыбыстық суретін тыңдарманның көз алдына елестете алатын, жанды сөзбен әспеттелетін, оқиға аясындағы журналистің баяндауын табиғи шумен толықтырып, оқиғаға қатысушылардың әңгімесімен әсер етіп, тыңдарманды қайталанбас сәттің куәгері ететін ерекше жанр. Радиожурналистиканың тарихында алғашқы радиорепортаждар “Өмірдің ортасынан берілген хабарлар” деп аталған.
Өмірдің ортасынан берілген хабарлар деп біршама бұрыс аталған алғашқы радиорепортаждар студиядан кеңістікке шыққан микрофонның таңқаларлық мүмкіндіктеріне жол ашты. Радиорепортаждар радиолық шығармалардың ең таңдаулы түрі ретінде көрінді.
Демек, радиорепортаж радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын, яғни, сөзді, шуды, музыканы толық қамтыған, уақыт пен кеңістік аясындағы деректілігімен ерекшеленетін әуе толқынының төл жанры болып табылады. Сондықтан да радиорепортажды жүргізетін журналист, яғни, репортер шығармашылық, әрі техникалық тұрғыда кәсіби шебер болуы керек. Өйткені, өмірде болып жатқан қоғамдық маңызы бар оқиғаларды репортажға айналдыратын репортер.
Репортердің жанрлық элементтері:
1. Оқиға
2. Мекен-жай
3. Тілші баяндауы
4. Оқиғаға қатысушылардың әңгімесі
5. Уақыттық көрсеткіш.
Эфирден берілу сипатына қарай радиорепотаж тікелей және тікелей емес болып екіге бөлінеді.
Тікелей репортаж. Өтіп жатқан оқиғадан жүргізілетін репортаж сол сәтте қолма-қол әуе толқыны арқылы таралып, тыңдарманға жетеді. Өмірдегі оқиға мен эфирдегі репортаждың арасында уақыт айырмашылығы болмайды. Тікелей репортаж тарихи маңызы зор, елді елең еткізетін айтулы оқиғалардан жүргізіледі.
Тікелей емес репортаж. Оқиға ортасынан жазылып алынған репортаждың оқиғалық желісі тізбектеліп, мәнді тұстары іріктеліп беріледі. Яғни, оқиға барысынан таспаға басылып алынған дыбыстық жазба монтаждалып, қайта құрастырылған қалпында эфирге ұсынылады.
Ал тақырыптық тұрғыда қамтитын мәселесінің қисынына қарай радиорепортаж оқиғалық және проблемалық болып екіге бөлінеді.
Оқиғалық репортаж. Оқиға орнынан жүргізілетін репортаж. Бұл ретте тақырып оқиғаға орай туындайды.
Проблемалық репортаж. Бұл репортаждың мақсаты – күнделікті өмірде, заман ағымында туындаған проблемаларды нақты дерекке сүйеніп сөз ету, сол деректі немесе құбылысты әрекет аясында дыбыстық жазбамен дәйектеп, тыңдарманға ой салу.
Жалпы, радиорепортаж - синтетикалық жанр. Оның құрамына ақпараттың да, сұхбаттың да элементтері енеді. Радиорепортаждың өзіне тән айрықша құрылымдық сипаты бар. Ол өте шағын болғанына қарамастан, шиеленісі, шешуі, шарықтау шегі бар біртұтас, аяқталған дүние болып табылады.
Тікелей әуе толқынының төл жанры болып есептелетін радиорепортаж қазіргі таңдағы техникалық мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп, толыға түсті. Тонвагенмен де, ұялы телефонмен де оқиға ортасынан репортаж жүргізуге болады. Тікелей репортаж өз ретінде, аса маңызды айтулы оқиғалардан жүргізілетіні белгілі.