1. Натурал сандар дегеніміз не?
2. Жай бөлшектер және олардың түрлері?
3. Ондық бөлшектерге мысалдар.
4. Оң және теріс сандар?
5. 0 саны?
6. Таңбалар ережесі?
ІҮ. «Мағынаны тану» «».
Екі топ оқулықтан тақырып бойынша оқып, кестені толтырады.
Натурал сандар | Оң сандар | Теріс сандар | Бөлшек сандар | 0 саны |
ҮІ. Оқулықпен жұмыс:
А –деңгей: №291, 294; В – деңгей: №297, 299; С –деңгей: №301
Ой толғаныс». «Крестиктер-нөлдіктер» стратегиясы.
Ережесі:
1-топ (крестиктер) кестеден сан таңдайды, сол санға сәйкес тапсырманы орындайды. Дұрыс орындаса-Х, дұрыс болмаса келесі топ өз белгісін қоюға мүмкіндік алады да кестеден сандардың біреуін таңдайды. Солай жалғасады. Қатарынан үш белгіні бұрын жинаған топ жеңіске жетеді.
ҮІ. Топ басшылары өз топтарын бағалайды.
ҮІІ. Оқушылардан кері байланыс алынады
ҮІІІ. Үйге тапсырма. №292
Пән: математика Сынып: 6 Күні: __________
Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар.
Тақырыптық есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылар қарама-қарсы, рационал сандар ұғымымен танысады, қарама-қарсы сандарды жазу мен оқуды, координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілей білуге және таңбалар ережесін үйренеді.
Дамытушылығы: Оқушының қарама-қарсы, рационал сандар туралы ұғымы қарама-қарсы сандарды жазу мен оқу, координаталық түзуде сандарды жаза білу дағдылары қалыптасады және практикамен ұштастыруға үйренеді, шығармашылығы және ойлау қабілеті дамытылады.
Тәрбиелігі: Оқушы қарама-қарсы, рационал сандарды тануға үйренеді, ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, топтасып жұмыс істеуге тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қарам-қарсы, рационал сандармен танысты, рационал сандарды жазу мен оқуды, таңбалар ережесін үйренді. Топпен жұмыс істеуге, өз-өзін және бір-бірін бағалауға үйренді.
Ресурстар: Компьютер, Карточка, Слайдтар, интербелсенді тақта, электронды оқулық, плакаттар, маркерлер
Типі: Бекіту сабағы
Түрі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту.
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
І. Топқа бөлу: Әр түрлі геометриялық фигураларды таңдау арқылы екі топқа бөлу; (1 мин)
ІІ. Физминутка. (2 мин) «Өз орныңды тап» ойыны.
ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы. (5 мин)
Венн диаграммасы: Барлығы дұрыс, толық болса – 30, толық болмаса – 20 ұпай беріледі
ІҮ. «Мағынаны тану».
«Ұшықтар таңдау» стратегиясы: тақырыптарына және ұпайларына сай күрделенген есептер беріледі.
Есептеулер | |||
Сәйкестендіру | |||
Теңдеулер | |||
Ү. «Ой толғаныс». «Ассоциация» стратегиясы. Тақырып толық ашылса,-30 ашылмасы-20
Мысалы
Кері байланыс алу.
Бағалау: Әр оқушы өзін жинаған ұпайы арқылы бағалайды.
120-дан жоғары ұпай –«5»
100-ден жоғары ұпай – «4»
80-нен жоғары ұпай – «3»
Үйге тапсырма беру