Әбу Насыр әл-Фараби (Әбу Насыр Мұхаммад Ибы Тархан). Өмір сүрген жылдары — 870-950 жж. Фараб қа-ласында туған, біздің отандасымыз. Әйгілі философ. 130 трактаттың авторы. Оның көптеген трактаттары өкінішке орай, жоғалған. Зияткер. Жоғары мәдениеттің адамы, 70 тіл білген (де Буурға сілтеме). Бағдадта, Дамаскіде, Халебте түрды. Дамаскіде қайтыс болған. Оның философиясы ортағасырлық мүсылмандық философияның шыңы болып есептеледі. Аристотельден кейінгі «Екінші ¥стаз» деп аталған. «Екінші ілім» шығармасының авторы (жоғалған). Әл-Фараби ұзақ өмір сүрді. Нағыз философ болды, философиялық өмір салтын үстанды. Замандастарының пікірінше, бірқалыпты мінезі болған, төзімді адам ретінде танылған жэне бүкіл өз өмірін «ғылымдардың үздігі» -философияға арнаған. Байлық жинаған жоқ, сән-салтанатты іздемеді, өз заманының ең әйгілі адамы болды. Бүгінгі күні Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі — бұл Қазақстан мәдениеті мен ғылымының ұлттық нышаны, озық үлгілерінің бастауы.
Әл-Фараби философияны баяндаудың өз нұсқасын ұсынады. Әл-Киндиден айырмашылығы ол философияны — барлық білімдердің ішіндегі ең ұлысы деп есептеді. Философия — бұл адамның зерделік қызметінің жоғары көрінісі. Әл-Фараби ғылымдарды жіктеді, эмбебап философия жасады. Оның метафизикасы, логикасы, ғылым философиясы, этикасы, эстетикасы, әлеуметтік-саяси ілімі, музыка философиясы қабілеттіліктерінің эмбебаптығына дэлел болып табылады. Оның бүкіл ілімі пайдакүнемдік маңыздан асып түсетін метафизикалық мағынаға толыққан. Негізгі шығармалары: «Философияны үйренудің алдында не болуы тиіс екендігі туралы», «Екінші Ұстаз әл-Фарабидің зият [сөзінің] мэні туралы пайымдауы», «Қос философ
—.Қасиетті Платон мен Аристотель көзқарастарындагы ортақтық туралы трактат», «Ғылымдарды жіктеу туралы сөз», «Ізгілікті қала түрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа барар жолды көрсету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері»,» Логика бойынша кіріспе тараулар», «Птолемейдің «Әлмагесіне» түсініктемелер», «Музыка туралы үлкен кітап», «Әріптер кітабы» және басқалар. Әл-Фараби метафизикасы онтология проблемаларын, таным доктринасын, Қүдай болмысы мен діни онтологиядағы оның орны мәселесін көтереді.
Философияны адамның жоғары зерделік қызметі ретінде анықтады. Әл-Фараби философтар мен философ еместердің арасындағы айырмашылықты айқын белгіледі. Оның бұл ажыратуына мәңгі дүниені танудағы иерархия болып табылатын нышандық білім туралы теориясы дэлел. Нышандар, тұспалдаулардың көмегімен жүзеге асырылатын таным неғүрлым қарапайым болып табылады, өйткені ол эр түрлі түсіндірмелеуге үшырайды, таным болса философиялық түсініктер-категориялардың көмегі арқылы зерделік қызметтің жоғары формасы болып табылады, өйткені ол логикалық эдістермен жүзеге асырылады, сондықтан философия қол жеткізетін ақиқат барлығы үшін бірдей болады.
Бүл жерде әл-Фараби философияның дінге қатынасы туралы мэселені баяндайды. Әр түрлі діндердің, халықтардың өкілдері қабылдай алатын ақиқат философиясы және ақиқат философия өмір сүруі мүмкін деп есептеді. Алайда ол барлық халықтар мен мәдениеттердің өкілдері қабылдай алатын ортақ дін немесе діни тәжірибенің өмір сүрмейтініне сенімділік білдірді. Әл-Фараби онтология туралы ілімінде зерденің жэне зерделік қабілеттіліктердің иерархиялық жүйесін ашып көрсетеді, ондағы ең төменгі сатыны «Оныншы зерде — өзекті зерде алады, барлық жоғарғы зерделік мэнділіктерді жекелеген адам ақылымен ең пэрменді біріктіргіш больга табылады. Өзекті зерденің әсеріне үшыраған ақыл ғана мэңгі өлмейтіндікке қол жеткізеді».
Адамның зерделік қабілетіне ықпал ете отырып өзекті зерде адамның трансценденттік ақиқатқа қол жеткізу мүмқіндігін ашады. Біз Әбу Насыр әл-Фараби мен грек дэстүрлерін мүраға алған басқа да өкілдердің философиясы туралы айтқанымызда, бүл жерде аса маңызды нэрсе дэстүрлерді жай ғана түпнүсқалық негізде сақтау емес, өз философиялық проблемалары мен міндеттерін шешу аясында бүл дэстүрлерге тірек болу екенін есте үстау қажет. Сондықтан араб тілді перипатетиктерді Аристотель мен оның ізбасарлары ілімін таратушы-лар ғана ретінде көрсету оларды бар-жоғыгрек даналығының әуесқойлары ретінде қарапайымдандырып көрсетуді білдіреді. Әл-Фараби жэне Щығыстың басқа да ойшылдары мен мүсылмандық Батыс (Испания) мұрасына осыған ұқсас көзқарасқа ортағасырлық Шығыстағы дербес рухани жағдаятты мойындауға бөгет болатын еуропаорталықтық діни нұсқама көп дәрежеде жағдай жасады.
Барлық көзқарастар түрғысынан ашылған, мүсылман әлемінде әлі де болса философиялық жағынан қорытылмаған, қисынды қүрылысы жоқ адам проблемасы эл-Фараби философиясында қисынды аяқталуына қол жеткізді. Әбу Насыр эл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Бүл байланыста ол шешкен басты мәселелер — бұл білім беру, таным, дүниеде Ақиқатты іздестіру туралы мэселелер. Бұл мәселелер адамның таңдауы, бостандық мэселесімен байланысты, ол өз кезегінде себептілік проблемасымен байланысты, ал бүл өз кезегінде адамның философия мен дінге көзқарасымен, адамның білімді немесе сенімді таңдауды шешуімен байланысқан. Философия мен дін туралы мәселелер эл-Фарабидің «Әріптер кітабы» (Китаб эл-Хуруф), «Ғылымдардың шығуы туралы»,»Ұлы Зенонның жоғары ғылым жөніндегі трактаты туралы», «Философияның дінге қатынасы», Ғылымдарды жіктеу туралы сөз» сияқты еңбектерінен көрініс тапты.
Әл-Фараби философияның дінге қатынасы туралы мэселені талқылау кезінде қоғамның элеуметтік-экономикалық қүрылысының шынайы жағдаятын негізге алған. Дін қоғам өмірінде мэнді рөл атқарды, халық дінді қошеметтеді, шариғат заңдарын құрметтеді. Ислам сол кездегі қоғамның өзіндегі мэдени-идеологиялық ахуалды құрады. Философияның дінге қатынасы проблемасы Әбу Насыр өмір сүрген жылдарда ғана күрделі болған жоқ, осы күнге дейін оның егжей-тегжейін талқылау өте күрделі болып табылады. Бүл бэрінен бұрын философия да, дін де адам, қоғам, табиғат, таным сияқты түсініктермен байланысты, бұған қоса дін мен философия осы түсініктердің өздеріндегі мэн больга табылады.
Әл-Фарабидің философиялық мүрасы бүгінгі күні эртүрлі түсіндіріледі. Батыс еуропалық немесе мұсылмандық ХІХ-ХХ ғасырлардың дереккөздерін негізге ала отырып оның философиясына деген жалпы бірыңғай көзқарас туралы әрқашанда айта алмайсың. Біздің отандық фарабитануда да қазіргі уақытта оның мұрасын эртүрлі ағымдардың негізінде қайта құрылымдау әрекеті орын алып отыр. Мысалы, одан нышандық жаңа платоншылдықтың, сопылықтың және т.б. окілін көреді. Бірақ та оның іліміндегі сопылық элементтерді неміс, сондай-ақ, француз шығыстанушылары да атап керсеткенін еске алу қажет. Көбінде бұған оның жүмысындағы кейбір ережелер, сондай-ақ философ ұстанған өмір салтыда негіз болды. Атап айтқанда де Буур: «ол биліктеи аулақ жүретін тыныш адам болды, соңында сопы сияқты киініп, өзін философиялық-аңғарымпаздық емірге арнады» деп жазды. X ғасырда Бағдадтағы философиялық жағдаят ғалымдар өздерін толықтай Платон мен Аристотельді зерттеуге арнағандығымен ерекшеленді. «Олар ерікті жаңа платонатылдық формадағы Аристотель іліміне сену үшін Пифагордан бас тартты, философтарды дін проблемасы тіпті грек жэне ислам білімін синтездеу эрекетінде де қызықтырды.
Өл-Фараби бұл мэселеде нышандық танымға үлкен рол берді. Алайда философтың бұл проблеманы таңдаулы, халықтық жэне нышандық білімге қатысты қоюындағы айырмашылықты атап ету қажет. Таңдаулы білім ретінде ол философияға тэн: «қатаң логикалық дэлелдеу» тэсілімен жүзеге асырылатын философиялық білімді түсінді, ал нышандардың көмегі арқылы алынған білім тым абстрактілі. Философия эмбебап білім, оны меңгерген кезде адамдар арасындағы түсінбестік шекаралары жоғалады, философия бірлік мәртебесін иемденеді. Нышандық білім болса, эртүрлі халықтар мен уақыттар үшін ортақ болатын бірыңғай эмбебап нышандарды жасап шығара алмайды. Әл-Фарабидің нышандық мэні айқын көрінген діннің маңыздылығын да осы мағынада анықтағаны табиғи нәрсе. Ол комегімен бүкіл дүниені біріктіруге болатын бірыңғай діннің болуы мүмкін емес деп ұйғарды, ал философияға осындай рөл берді.
Платонның «Мемлекет» жэне «Заңдар» мәтіндеріне Түсініктемелерінде эл-Фараби пайғамбар мен пайғамбарлық тақырыбын жалғастырады. Әл-Фараби философ пен пайғамбар ізгілік қоғамын бірігіп басқарулары тиіс деп есептеді. Әбу Насыр реалистік бағыттағы адам бола отырып, жай ғана қоғамдағы материалдық жэне рухани қайта құрудың бірлігін аңсады, бірақ та озінің реалистік позициясына байланысты бұл бірлікке қол жеткізудің іс жүзінде мүмкін еместігін түсінді, сондықтан да ол бұл синтезді жеке адам түрінде жүзеге асыра алатын философияға осындай орасан зор маңыз берді.
Әл-Фараби қойған философия мен діннің қатынасы проблемасы Мұсылмандық Ортағасырдың философиялық орталарында орасан резонансқа ие болды. Әбу Насыр зл-Фараби философиясын зерттеушілердің копшілігі оның ақиқаттарды, олардың ішінде ашылу ақиқаттарын зерделі, ұтымды тануды жоғары қоюға үмтылуын атап көрсетеді. Әл-Фараби Жер мен Аспандағы мэндінің барлығын дұрыс түсіну ретінде логика мен ғылым заңдарына негізделген философияны ұсынады. Алайда бұдан философияның тек дін заңдарын түсіндіру үшін ғана керектігі туралы қорытынды жасауға болмайды.