Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Педагогтің кәсіби деформациясы.




Кәсіби деформацияның әлеуметтік қауіпі жоғары, себебі кәсіби деформациялы педагогтар «деформациялы шәкірт» тәрбиелеп шығарады. Кәсіби деформацияны айқындайтын негізгі психологиялық механизм кәсіби ерекшелікті жоғалту болып табылады.Бұл деформация «кәсіби маргинализмнің» тууына себепші болады. Кәсіби маргинализм белгілері кәсіби этикаға және кәсіби еңбек құндылыңтарына деген ішкі қажеттіліксіздіктен байқалады. Егер қарастырылып отыған деструктивті процесстер кең етек алса және әлеуметтік норма антинорма болса онда әлеуметтік қауіп туралы сөз қозғай беруге болады.Әрбір педагогтың тұғалық ерекшеліктері оның кәсіби еңбегінің сипаты мен нәтижесіне қарай индивидуальды-өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған орай мамандықтың адамға талабы жоғары: жоғары кәсіби ерекшелік, мінез-құлықтағы және тұлғалық ерекшеліктер қалыптасады.Тұлға мен қызмет арасындағы өзара әрекеттестік айқын сипат. Тұлға қызметте қалыптасады және дамиды, айқын мағынада тұлға жайлы қызметтің ерекшелігі жайлы айтуға болады. Бір жағынан тұлға мінездемесі қызметтің ерекшеліктерінің жүзеге асуына әсер етеді. Педагогтардың белгілі бер деформациясына педагогикалық жүйедегі барлық факторлар мен қарама-қайшылықтар әкеп соғады.

64.Педагогтың эмоционалды күйін басқара білу. Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар: Шешімге келу. (Ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші).Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі).Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды). Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.) Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.

65.Педагогтың кәсіби өсуінде талдау, салыстыру, баға беру тәсілдері. Кәсіби өзін–өзі тәрбиелеудің негізінде, басқа да әрекеттер сияқты, белсенділіктің көздері мен мотивтерінің жүйесі жатыр. Педагогтың өзін–өзі тәрбиелеуінің қозғаушы күштері өзін–өзі жетілдіруге деген қажеттілік болып табылады. Осы тұста қажеттіліктің, яғни, қоғамның педагогқа қоятын және оның бойындағы қалыптасқан кәсіби–тұлғалық даму деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы қарама–қайшылығын шешу қажеттілігінен, өзінен–өзі қалыптаспайтынын айта кету керек. Қоғамның педагогқа қоятын талабы «оны өзін өзгертуге бағытталған жұмысын не ынталандырады, не сол қайшылықты шешу үшін барлық мүмкін емес әрекетке баруға итермелейді».Ғылым өзін–өзі бағалауды қалыптастырудың екі тәсілін белгілейді: біріншісі, өзінің талабының деңгейін жеткен нәтижелермен сәйкестендіру, екіншісі, әлеуметтік салыстырумен, яғни қоршаған ортаның өзі туралы пікірлерімен сәйкестендіру. Дегенмен, бұл тәсілдерді қолдануда әрқа-шан дұрыс өзін–өзі бағалау бола бермейді. Талабы жоғары емес педагогты мұндай тәсілдер тым жоғары өзін–өзі бағалауға алып келуі мүмкін, жұмыста өзінің алдына үлкен міндеттер қоя білетін педагогтар ғана қиналады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогты өзін және өзінің нәтижелерін басқа қызметтес адамдардың нәтижелерімен салыстыру қанағаттандырмайды.Сондықтан педагогтың өзін–өзі бағалауын қалыптастырудың басты тәсілі – ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте, әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі – өзін–өзі білімдендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал–педагогын табу мақсатында ұлы педагогтардың өмірімен және шығармашылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты шарты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал обра-зын тапқан дұрыс. Мысалы, педагогикалық жоғары оқу орнында Л.Н. Толстой өмірі үлгі боларлықтай. Оның өзін–өзі тәрбиелеу жұмысына қатысты жазып қалдырған күн-деліктеріндегі үлгілер таптырмас асыл қазына. Ол мынандай ережелерді орындау өте маңызды деп санаған: «Белгіленгенді, ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орын-дау. Орындаған екенсің, оны жақсы дең-гейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл–есіңді үнемі мүмкіндігінше жаттықтырып отыр». Ал өз–өзіне есеп беру мен өз–өзін талдауда күнделік толтыру жақсы әдет, себебі, сол арқылы өзін–өзі тәрбиелеу субъектісі өзінің қабілеттерінің дамуын қадағалай алады.

68.Педагогтың кәсіби жолы: бейімделу жолы,өзіндік өсу жолы,тоқырау жолы. Өзіндік тану,өзіндік өсу әр жас мөлшерінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету педагогикалық ұжымның, нақты педагогтың ерен еңбегіне байланысты. Өзін-өзі таныған, өзіндік ізденісте болған, өзін-өзі белсенді түрде тәрбиелеген мұғалім ғана басқаларға нақты көмек бере алады, егер ол өзін-өзі білмесе, ол басқа адамды қалай түсіне алады? Егер ол өзі ізденіс үстінде болмаса, оның тәрбиесі өз тәжірибесінен өтпеген, ресми түрде ғана тәрбиелеу болып қалады (қағаз жүзінде ғана).Ғалымдар педагогтің өзіндік дамуын анықтауға 3 түрлі мүмкіндігі мен жолы барын көрсетеді: бейімделу жолы, өзіндік өсу жолы, тоқырау жолы (тұлғаның құлдырауы, кері кетуі, азғындауы, іс-әрекеттің жоғалуы). Бейімделу – білім беру саласының барлық талаптарына бейімделіп, оқып-үйрену, рөлдік ұстанымдарды қолға алу. Өзіндік өсу – кәсіби маман болу үшін үнемі ізденісте болу, өзін толығымен көрсету, өзгеру. Тоқырау – педагогтің өзіндік дамуында тоқтап қалуы, ескі білгенге ғана сүйенуі, тіпті бар білгенін жоғалтуы.Бұл жағдайда кәсіби белсенділік құлдырап, жаңа дүниені қабылдамайды.Тұлғалық-кәсіби өсу мен өзіндік даму педагогті былай қойғанда, кез-келген мамандықта табысқа жетудегі сөзсіз негізгі шарт. Белсенділіктің түсуін, жаңылуын, іркілуін оқушылар бірден байқайды және ол міндетті түрде педагогикалық еңбекке кері әсерін тигізеді.Педагогтің кәсіби өзіндік тану мен өсуіне талдау жасалмас бұрын, оның жеке басының ерекшеліктеріне мінездеме беру керек, оның жұмысының спецификасына мән беру керек.Қазіргі кезде ғылымда педагог тұлғасының структуралық бөлімдерін, оның жұмысын, қарым-қатынасын, көзқарасын, кәсіби біліктілігінің ерекшелігі мен өзіндік белгілерін анықтаудың небір түрлері бар.Тәрбиешілердің, мұғалімдердің, оқытушылардың негізгі маңызды қасиеттерін ашып көрсетсек, олар: кәсіби-педагогикалық бағыт, кәсіби белсенділік, кәсіби білім мен оны еске сақтау, ойлау және елестету, кәсіби сана-сезім. Қысқаша түсіндіре кетейік. Тұлғаның кәсіби педагогикалық бағытында балаларға деген көзқарас, олардың іс-әрекетіне, өзіне деген көзқарас бастапқы орында тұрады. Қарым-қатынастың негізгі үш түрін жинақтай отырып, кәсіби-педагогикалық жолдың сегіз бағытын анықтауға болады, бірақ солардың ішінде осы үш компонент те қатысатын бір түрін оңтайлы, қолайлы деп қабылдаймыз:балаларға деген көзқарас;пәнге деген көзқарас;өзіне-өзінің көзқарасы. 69.Педагог шеберлігі,оның компоненттері. Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік “педагогикалық шеберлік” болып таблылады. Орыс тілінің сөздігінде “шеберлік белгілі бір саладағы өнер” деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990).Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника.Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиеленушілерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан мұғалімнің жеке басына, оның моралдік бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді.Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап – педагогикалық қабілеттіліктің болуы.Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық бейімділіктің болуы – оның еңбектегі нәтижесінің кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да педагогикалық институттарда әрі қарай дамып, жетіледі.Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет. Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сүю, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогикалық шеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтің қажетті кәсіби сапаларына еңбек сүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзіне кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады. Педагогикалық техника – бұл мұғалімге өзін тереңірек, нақтырақ, талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жинағы. Педагогикалық техника — жеке балаға, сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы. Сонымен бірге әртүрлі қалыптасқан көзқарастар бойынша; педагогикалық шеберлікті меңгерген мұғалімнің интуициясы мен білімі, ғылыми жағынан беделі, педагогикалық қиындықтарды жеңе білу, басшылыққа икемді болу, баланың жан дүниесін түсінетін дарынды қабілеті, оқушы тұлғасына нәзік және жекелей ықпал етіп, даналық пен шығармашылық тұрғыдан ойына түрткі туғызатын, ғылыми талдауға қабілетті, қиялы жетік болуы жатады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1419 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2221 - | 2174 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.