Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Деректер қорына мәліметтерді енгізу тәртібі және әдістері




Кіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы

Дістемелік ұсынымдар

 

Жалпы ережелер

1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну (бұдан әрі – Мәліметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудың бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бірыңғай талаптарды белгілейді.

Деректер қорында барлық коммерциялық емес ұйымдар енеді, саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 17 бабында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдарын (оқшау бөлімшелері) қоспағанда [1].

2.Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін келесі түсініктер қолданылады:

1) Деректер қоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылатын және олар туралы қоғамды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде қолдану, гранттар беру және сыйақылар тағайындау туралы ақпараттық мәліметтер қоры;

2) Үкіметтік емес ұйымдар – Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың жалпы мақсаттарына бірлесіп қолжету мақсатында еркін түрде азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған (саяси партиялар, кәсіподақтар және діни бірлестіктерден басқа) коммерциялық емес ұйымдар. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін үкіметтік емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзінің қызметін іске асыратын шет елдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлімшелер) түсіндіріледі.

3) Уәкілетті орган – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

4) Есепті кезең – Деректер қорына мәліметтер ұсынатын жылға тиісті күнтізбелік жыл.

5) Мәліметтер –үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы уәкілетті органға Ережеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың өзі тікелей, сондай-ақ жергілікті атқару органдары ұсынатын ақпарат.

6) Сенімді ақпарат – есепті кезеңде жинақталған мәліметтерді көрсететін, уәкілетті органға немесе үкіметтік емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған уақытына сәйкес келетін мәліметтер. Ереженің 9 тарауында көрсетілген, уәкілетті органға жіберілген күндегі немесе дерекқорының веб-порталында орналастырылған күндегі ахуал бойынша өзекті болуға тиіс мәліметтер бұдан ерекшеленеді. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді қате деп есептеуге негіз бола алмайды.

7) Уақытында ұсынылған мәліметтер – үкіметтік емес ұйымдардың есеп беру кезеңінен кейінгі жылғы 31 наурызға дейін ұсынылған мәліметтер. Ал Ереженің 9 тарауында көрсетілген мәліметтер үшін - мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішіндегі мәліметтер жатады.

8) Мәліметтер толықтығы – осы Ережеге қатысты қосымшада (кесте формасында) қарастырылған деректер тізімімен ұсынылған мәліметтер мазмұнының сәйкес келуі, сондай-ақ кесте формасындағы қосымша болып табылатын құжаттардың болуы.

9) Жоба - үкіметтік емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс беруші немесе грант беруші арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын ісшаралар мен қызмет жиынтығы.

10) Бағдарлама – өзара қатысты жобалар кешені.

11) Мүлік – ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі натуралдық қалыптағы мүліктер.

Деректер қорына мәліметтерді енгізу тәртібі және әдістері

3. Үкіметтік емес ұйымдар Нысандарды қазақ және орыс тілдерінде толтыру жолымен Ережеге қосымша болып табылатын мәліметтерді ұсынады.

4. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттық басқару және құжаттандырудың үлгілі Ережесі 48 тарауының талаптарына сәйкес құжаттарға қажетті реквизиттерді сақтай отырып ілеспе хатпен ұсынады.

5. Уәкілетті органға мәліметтерді ұсыну мерзімі оларды ұсыну әдістеріне байланысты:

1) қолма-қол жеткізу - уәкілетті органның электрондық және қағаз түрінде ұсынылған мәліметтерді қабылдау мерзімі;

2) почта арқылы, тапсырыс хат түрінде жеткізілгендігі туралы хабарлама арқылы - электрондық және қағаз түрінде ұсынылған мәліметтерді қабылдау туралы почта операторының мерзімді белгілеуі;

3) электрондық түрде веб-портал арқылы - кіріс номерді ұсыну және формаларды өңдеу, сервер жүйесімен қабылдау немесе орталық тораппен қабылдау мерзімі;

Үкіметтік емес ұйымдармен қағаз түрінде 31 наурызға дейінгі мерзімде почта операторына тапсырылған мәліметтер почта операторының қабылдау мерзіміне сәйкес белгіленген мерзімде ұсынылған болып саналады.

Үкіметтік емес ұйымдар электрондық түрде 31 наурызға дейінгі мерзімде телекоммуникация жүйесі бойынша хабарланған мәліметтер мерзімінде ұсынылған болып саналады.

6. 2017 жылдың 1 наурызынан бастап үкіметтік емес ұйымдар веб- портал енгізумен байланысты, веб- портал арқылы өз бетімен Деректер қорына мәліметтерді енгізе алады және өзгерістер болған жағдайда жаңарта алады. 2017 жылдың 1 наурызына дейін үкіметтік емес ұйымдар мәліметтерді Деректер қорына енгізетін уәкілетті органға жолдайды.

7. Уәкілетті органға ұсынған форма түрінде толтырылған мәліметтер қолма- қол жеткізу немесе қағаз түрінде ілеспе хатпен почта арқылы және электрондық түрде (CD –дискіде немесе Word форматында USB –флэш-жинақтаушысында) жіберіледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың уәкілетті органға мәліметтерді электрондық түрде веб- портал арқылы беруді үш сатымен жүзеге асырады:

1) нұсқаулық бойынша деректерді енгізу жолымен құпия сөз және логин алу арқылы веб-порталға кіру;

2) веб- порталда дереккөздерді тіркеу номерін алу жолымен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу;

3) веб-порталға мәліметтер енгізу.

9. Нысанда ескерілген мәліметтерге өзгерістер енгізген кезде, атап айтқанда:

1) «Жалпы деректер» 1 тарауында көрсетілген (қызметкерлер туралы мәліметтерді қоспағанда) мәліметтер;

2) 3 тарау тармағының 3 тарауында көрсетілген мәліметтер (ағымдағы күнпарақ жылының ҚР гранттық қаржыландыру бюджеті).

Үкіметтік емес ұйымдар осы туралы уәкілетті органдарға жиырма жұмыс күні ішінде өзгерістерді төмендегі жолдармен хабарлауға міндетті:

1) уәкілетті органға почта немесе қағаз түрінде немесе электрондық тасымал (CD дискісінде немесе Word форматында USB- флеш-жинақтаушысында) жіберумен;

2) электрондық түрде веб-порталға орналастырумен.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 469 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2338 - | 2211 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.