Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Төменде көрсетілген патологиялық өзгерістердің қайсысында ылғалды сырылдардың даму механизмы ЕҢ ықтимал болады? 2 страница




Төменде аталған аускультативтік белгілердің қайсысы бұл науқасқа ЕҢ тән?

*Құрғақ ысқырықтысырылдар

*Майдакөпіршікті сырылдар

*Ірікөпіршікті сырылдар

*Плевра үйкелісі шуылы

*Крепитация редукс

#209

*!54жастағы ер адам, дәрігерге келгендегі шағымдары - таңертеңгі, «ауыз тола» бөлінетін қан түйіршіктері аралас іріңді-шырышты қақырық және аракідік болатын қызба. Анамнезінде – жиі асқынып тұратын созылмалы бронхит. Қарап тексергенде – саусақтары «дабыл таяқшалары», тырнақтары – «сағат шынысы» тәрізді. Кеудесінің сол жағы тыныс алу актынде қалып отырады. Перкуторлы – сол жауырын сызығымен 7 -8-ші қабырғааралықтар деңгейінде - тимпаникалық реңді өкпелік дыбыстың тұйықталуы.

Төменде аталған тыныс шуларының қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

*Крепитация

*Бронхиальды тыныс

*Амфорикалық тыныс

*Ірі көпіршікті сырылдар

*Майда-, орташа көпіршікті сырылдар

#210

*!17 жастағы қыз, құрғақ жөтелге, ентігуге, дене қызуының жоғарылауына, кеуде қуысының оң жағында ауыры сезіміне шағымданып жанұйялық дәрігерге келді. Анамнезінде – сырқаттанғанына 2 апта болған, суықтанумен байланыстырады. Қарап тексергенде дәрігер - кеуденің оң жартысының ұлғайғанын және қабырғааралықтардың тегістелгенін анықтады; аускультацияда – тынысы күрт әлсіреген.

Төменде аталған перкуторлық дыбыстардың қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

*Тұйықталған- тимпаникалық дыбыс

*Тимпаникалық дыбыс

*Анық өкпелік дыбыс

*Қораптық дыбыс

*Тұйық дыбыс

#211

*!37жастағы әйел, қатты ентігуге, кеудесінің оң бөлігіндегі ауыру сезіміне байланысты жедел жәрдемді шақырды. Анамнезінде – кеше, дене шынықтыруы кезінде, кеудесінің оң бөлігінде кенеттен пайда болған ауыру сезімін байқады, кешкісін ентігу басталды, ал ауыру сезімі күшее түсті. Қарап тексергенде: ентігу, цианоз, кеуденің оң бөлігі ұлғайған. Дауыс дірілі анықталмайды. Перкуссияда – тимпаникалық дыбыс.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ыхтимал?

*Өкпелердің эластикалығының төмендеуі

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Плевра қуысына ауа жиналуы

*Өкпе тінінің тығыздануы

*Бронхоэктазия

 

#212

*!Қақырықты тексергенде анықталғаны: мөлшері - 500 мл, түсі – жасыл-сары, сасық жағымсыз иіспен. Микроскопияда анықталғаны – көп мөлшерде эластикалық талшықтар, бірен-сараң эритроциттер.

Төменде аталған синдромдардың қайсысына аталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпе тінінің қабыну инфильтрациясына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Обтурациялық ателектазға

*Бронхоспазмға

#213

*!27жастағы ер адам, дәрігерге - аз мөлшерде, қиын бөлінетін, шыны тәрізді қақырыққа, дем шығаруы қиындаған ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде – бала кезінен ауырады, грипптен соң жиі асқынулары болады. Қарап тексергенде: кеуде қуысы төменгі бөліктерінде кеңейген, қабырғааралық бұлшықеттері тыныс алу актіне қатысады. Перкуторлы – қораптық дыбыс.

Төменде аталған тыныс шуылдарының қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ыхтимал?

*Құрғақ ысқырықты сырылдар

*Майдакөпіршікті сырылдар

*Ірікөпіршікті сырылдар

*Плевра үйкеліс шуылы

*Бронхиальды тыныс

#214

*!47 жастағы ер адам, дәрігерге келгендегі шағымдары - ұстамалы ентігу, ұзақ жөтелдің соңында бөлінетін тұтқыр-шырышты қақырық. Анамнезінде – бұл дерт соңғы 5жыл мазалайды, алғаш рет бал жегеннен кейін пайда болған. Қрап тексергенде: дәрігер кеуде қуысының пішіні эмфизематозды өзгергенін анықтады, тынысы әлсіреген, дем шығаруы ұзарған.

Төменде аталған перкуторлы дыбыстың қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ыхтимал?

*Тұйықталған- тимпаникалық дыбыс

*Тимпаникалық дыбыс

*Анық өкпелік дыбыс

*Қораптық дыбыс

*Тұйық дыбыс

#215

*!44жастағы ер адам, шағымдары - қиын бөлінетін тұтқыр қақырықты жөтел және ентігу. Қарап тексергенде: тыныс алу актінде қосымша бұлшықеттер қатысады, кеуде қуысы эмфизематозды. Перкуторлы – қораптық дыбыс, аускультацияда – құрғақ ысқырықты сырылдар.

Төменде аталған синдромдардың қайсысына аталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Бронхтардың обструкциясына

*Компрессиялық ателектазға

*Қабыну инфильтрациясына

*Бронхтардың кеңейуіне

#216

*!60 жастағы ер адам, аурухана қабылдау бөліміне тынысалуының қиындағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде анықталғаны - экспираторлы ентігу, диффузды цианоз, кеуде қуысының пішіні бөшке тәрізді, қабырғааралықтары кеңейген. Перкуторлы – қораптық дыбыс, аускультацияда - везикулярлы тыныстың бірқалыпты ілсіреуі.

Төменде аталған синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелердің эластикалығының төмендеуіне

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Бронхтардың обструкциясына

*Бронхтардың кеңейуіне

#217

*!30 жастағы ер адам, өкпелердің қабыну инфильтрациясына байланысты ауруханада емделгеніне 2 апта болды. Жағдайы жақсарды. Бірақ аускультация жасағанда дәрігер қосымша тыныс шуылын естіді.

Төменде аталған клиникалық симпотомдардың қайсысы бұл науқаста дамуы ЕҢ ыхтимал?

*Ірікөпіршікті ылғалды сырылдар

*Құрғақ ысқырықты сырылдар

*Гүжілдеген сырылдар

*Гуілдеген сырылдар

*«Сrepetatio redux»

#218

*!Дәрігер науқасты қарап текскргенде тері жабыны мен саусақ ұштарының көгергенін анықтады, сонымен қатар кеуде пішіні өзгерген: ыйықтары көтеріңкі, кеуде қуысының төменгі бөлігі кеңейген, қабырғааралықтар ішке кіріңкі, қабырғалар горизоннтальды орналасқан; перкуссияда - қораптық дыбыс, аускультацияда – везикулярлы тыныстың біркелкі әлсірегені.

Төменде көрсетілген шағымдардың қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ тән?

*Көп мөлшердегі іріңді қақырықпен жөтел

*Қанаралас шырышты қақырық

*Кеуде қуысында ауыру сезімі

*Қанқақыру

*Ентігу

#219

*!38 жастағы әйел, клиниканың қабылдау бөлімінің дәрігеріне дене қызуының көтерілуіне, жөтелгенде «тотық тәрізді» қақырық бөлінуіне шағымданып келді. Анамнезінде - суықтанғаннан кейін ауырған. Перкуссияда - сол өкпенің төменгі бөлігінің үстінен перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталды, аускультацияда – осы жерде крепитация естіледі.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелердің ауалануының ұлғайуына

*Бронх өткізгіштігінің бұзылуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Қабыну инфильтрациясына

*Өкпеде қуыс пайда болуына

#220

*!45 жастағы әйелдің шағымдары - дене қызуының 39°-40°С дейін көтерілуі, қызба, терең дем алғанда кеуде қуысының оң жағында ауыру сезімі. Суықтанудан кейін ауырған, дәрігерге ауыруының 2-ші күні, қанаралас «тотық тәрізді» қақырық пайда болғаннан кейін қаралған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, беттері қызарған. Дауыс дірілі сол өкпенің төменгі бөліктерінде біршама күшейген, аускультацияда - осы жерде бронхиальды тыныс естіледі.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Бронх өткізгіштігінің бұзылуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Өкпе тінінің тығыздалуына

#221

*!45 жастағы ер адамның, кеуде қуысының пішініне баға бергенде келесі параметрлері анықталды: алдыңғы артқы өлшемі бүйірлікке жақын; бұғанаүсті шұңқырлары көрінбейді. Төстің денесі мен тұтқасының қосылған бұрышы едәуір айқын; эпигастральды бұрыш 90°тан көп. Бүйір аймағында қабырғалардың бағыты горизонтальдыға жақын, қабырғааралықтар арасы кішейген. Жауырындар кеуде қуысына тұтас жанасқан.

Төменде көрсетілген кеуде пішінінің қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Нормостеникалыққа *Гиперстеникалыққа *Астеникалыққа *Скалиоздыққа *Рахиттікке  
   

#222

*!45 жастағы ер адам, дәрігерге келгендегі шағымдары - ентігу және қиынбөлінетін тұтқыр қақырық. Қарап тексергенде: тыныс алу актінде қосымша бұлшықеттер қатысады. Перкуссияда - қораптық дыбыс; аускультацияда - әлсіреген везикулярлы тыныспен қатар көптеген құрғақ, ысқырықты сырылдар.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Өкпе тінінің тығыздалуына

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Бронхтар обструкциясына

#223

*!50 жастағы ер адам, клиниканың қабылдау бөліміне келгендегі шағымдары - кеуде қуысындағы қатты ауыру сезімі, тыныс алуының нашарлауы, құрғақ жөтел. Анамнезінде: кеуде қуысының травмасы болған. Рентген арқылы тексергенде – оң өкпенің семуі және кеудеаралық ағзаларының ығысуы анықталды.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпе тінінің тығыздалуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Бронх өткізгіштігінің бұзылуына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Өкпелер ауалылығының жоғарылауына

 

 

#224

*!55 жастағы ер адам, қабылдау бөлімінің дәрігеріне келгендегі шағымдары - көпшілік жағдайда таңертеңгі мезгілде, жағымсыз иісті, «ауыз толтырып» бөлінетін іріңді қақырықты жөтел. Қақырықты тұндырғанда екі қабатқа бөлінеді: үстіңгі қабаты - сұйық, ал төменгі қабаты - іріңді. Кейде қанқақыру болады. Аускультацияда - қатаң тыныс, кей жерде ортакөпіршікті және майдакөпіршікті сырылдар естіледі.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелер ауалылығының жоғарылауына

*Бронх өткізгіштігінің бұзылуына

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Өкпе тінінің тығыздалуына

*Бронхтардың кеңейуіне

#225

*!60 жастағы ер адам, клиника дәрігеріне келгендегі шағымдары - азғана жуктеме түскенде күшеетін, дем шығаруы қиындаған ентігу. Қарап тексергенде: беттері ісінген, цианоз, мойын көктамырлары ісінген. Кеуде қуысының пішіні бөшке тәрізді. Перкуторлы - қораптық дыбыс және өкпелердің төменгі жиектерінің экскурсиясының шектелуі. Аускультацияда - везикулярлы тыныстың әлсіреуі.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелер ауалылығының жоғарылауына

*Бронх өткізгіштігінің бұзылуына

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Өкпе тінінің тығыздалуына

*Бронхтардың кеңейуіне

#226

*!65 жастағы ер адам, клиника дәрігеріне келгендегі шағымдары - ентігу, сирек құрғақ сырыл, оң бүйірінде ауырлық сезімі. Қарап тексергенде - кеуде қуысының ассиметриясы және оң жақта қабырғааралықтар шығыңқы және тыныс алу актінде қалып отырады. Перкуссияда - тұйық дыбыс анықталады.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Бронхтардың кеңейуіне

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Өкпе тінінің инфильтративті қабынуына

#227

*!50жастағы ер адам, дәрігерге келгендегі шағымдары - ентігу, кеуде қуысында ауыру сезімі. Қарап тексергенде анықталғаны - кеуде қуысының асимметриясы, сол жақта қабырғааралықтар шығыңқы және тыныс алу актінде қалып отырады. Дауыс дірілі анықталмайды. Перкуссияда - тимпанмкалық дыбыс анықталады. Тыныс қүрт төмендеген. Рентгенологиялық тексеруде - сол өкпе суреті анықталмайды және семіген өкпе көлеңкесі.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелердің инфильтративті қабынуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Бронхтардың обструкциясына

*Бронхтардың кеңейуіне

#228

*!50 жастағы әйел, дәрігерге келгендегі шағымдары - ентігу, дене қызуының көтерілуі. Қарап тексергенде анықталғаны - оң кеуде қуысы тыныс алу актінде қалып отырады. Дауыс дірілі оң жауырын астында күшейген. Перкуторлы дыбыс тұйықталған. Аускультацияда - бронхиальды тыныс қүрт естіледі.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелердің инфильтративті қабынуына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Бронхтардың обструкциясына

*Бронхтардың кеңейуіне

#229

*!45 жастағы әйел, дәрігерге келгендегі шағымдары - ентігу, оң бүйірде ауырлық сезімі, аздаған құрғақ жөтел. Қарап тексергенде анықталғаны - кеуде қуысының асимметриясы, сол жақта қабырғааралықтар шығыңқы және тыныс алу актінде қалып отырады. Рентгенологиялық тексеруде - оң жақта жоғарғы шекарасы қиғаш орналасқан гомогенды қараю анықталады.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелердің инфильтративті қабынуына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Бронхтардың обструкциясына

*Бронхтардың кеңейуіне

#230

*!50 жастағы ер адам, дәрігерге келгендегі шағымдары - ентігу, дем алудың қиындағаны. Қарап тексергенде анықталғаны - кеуде қуысының пішіні бөшке тәрізді, қабырғааралықтары кеңейген. Аускультацияда - везикулярлы тыныстың бірқалыпты әлсіреуі естіледі. Рентгенологиялық тексеруде - өкпе алаңдарының мөлдірлігі күшейген, өкпе суреті әлсіреген.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелердің инфильтративті қабынуына

*Өкпелер эластикалығының төмендеуіне

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Бронхтардың кеңейуіне

#231

*!ӨКПЕ АУРУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИМПТОМДАРЫ

*жөтел

*әлсіздік

*жүдеулік

*бас ауыруы

*бас айналуы

*кеудеде ауыру сезімі

#232

*!ӨКПЕ АУРУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИМПТОМДАРЫ

*ентігу

*әлсіздік

*жүдеулік

*қанқақыру

*бас ауыруы

*бас айналуы

#233

*!ӨКПЕ ЭМФИЗЕМАСЫМЕН НАУҚАСТАРДЫ ЖАЛПЫ ҚАРАП ТЕКСЕРГЕНДЕ АНЫҚТАЛАДЫ

*мойын көктамырларының ісінуі

*эпигастральды бұрыш үшкір

*эпигастральды бұрыш тік

*диффузды цианоз

*нормостеник

*акроцианоз

#234

*!БРОНХОФОНИЯНЫҢ ӘЛСІРЕУІ МЫНА СИНДРОМДАРҒА ТӘН

*өкпе тінінің ошақты тығыздалуы

*өкпе тінінің бөлікті тығыздалуы

*компрессиялық ателектаз

*обтурациоялық ателектаз

*өкпеде қуыс пайда болу

*пневмоторакс

#235

*!КРЕПИТАЦИЯҒА ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

*тек қана терең тыныс алғанда пайда болады

*тыныс алудың екі фазасында естіледі

*терең тыныс алғанда пайда болады

*жөтелгеннен соң өзгермейді

*жөтелден соң күшееді

*жөтелден соң азаяды

#236

*!ДАУЫС ДІРІЛІНІҢ КҮШЕЙУІНІҢ СЕБЕБІ

*өкпе тінінің тығыздануы

*кеуде қабатының қалыңдауы

*бронхтың бөгде затпен бітелуі

*плевра қуысында ауа жиналуы

*өкпенің бөлігінің ауасыздануы

*плевра қуысында сұйықтық жиналуы

#237

*!ТЫНЫС ЖҮЙЕСІ ПТОЛОГИЯСЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ МӘЖБҮРЛІК ҚАЛЫПЫ

*ішіне жату

*шалқасынан жату

*сау жағында жату

*ортопноэ қалпында

*тізелерін ішке тартып жату

*дертке шалдыққан қырында жату

#238

*!ӨКПЕЛЕР АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ КЕЗІНДЕ «СТЕТОСКОПТЫ КЕУДЕ ҚУЫСЫНА БАТЫРЫҢҚЫРАУ» ӘДІСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ АЖЫРАТУ ҮШІН

*сырылдарды плевра үйкелісінен

*крепитацияны плевра үйкелісінен

*крепитацияны құрғақ сырылдардан

*крепитацияны ылғалды сырылдардан

*құрғақ сырылдарды ылғалды сырылдардан

*плеврокардиальды шуылдарды плевра үйкелісінен

#239

*!ӨКПЕЛЕР АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ «ЖӨТЕЛУ» ҚОСЫМША ӘДІСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ АЖЫРАТУ ҮШІН

*құрғақ сырылдарды ылғалдылардан

*плевра үйкелісі шуылын крепитацидан

*плевра үйкелісі шуылын құрғақ сырылдардан

*плевра үйкелісі шуылын ылғалды сырылдардан

*крепитацияны плеврокардиальды шуылдардан

*плевра үйкелісі шуылын плеврокардиальды шуылдардан

#240

*!БРОНХОСПАЗМ СИНДРОМЫНДА ҚАҚЫРЫҚ МИКРОСКОПИЯСЫНДА БОЛУЫ ТӘН

*Шарко-Лейден кристалдары

*көп мөлшерде лейкоциттер

*альвеолярлы макрофагтар

*Куршман спиральдары

*эластикалық талшықтар

*атипиялық жасушалар

 

 

#241

*!ҚАЛЫПТЫ КЕУДЕ ПІШІНІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

*рахиттік

*сколиоздық

*астеникалық

*паралитикалық

*эмфизематоздық

*нормостеникалық

#242

*!ӨКПЕЛЕРДІҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ПЕРКУССИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

*дауыс дірілін анықтау

*ауыру сезімін анықтау

*кеуде қуысының пішінін анықтау

*кеуде қуысының эластикалығын анықтау

*өкпелердің төменгі шекараларын анықтау

*өкпелердің жоғарғы шекараларын анықтау

#243

*!ӨКПЕЛЕРДІҢ ЖАҚСЫ ЕСТІЛЕТІН ЖЕРЛЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

*алдынан II қабырғааралықтан төмен сол жағынан

*алдынан II қабырғааралықтан төмен оң жағынан

*III – IV қабырғааралық сол жағынан

*VI-қабырғааралық оң жағынан

*жауырын үстінен

*өкпе ұшы

#244

*!ЫЛҒАЛДЫ СЫРЫЛДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

*шырышты қабатының ісінуінен бронхтардың тарылуы

*бронхтар саңлауында сұйық қақырықтың жиналуы

*үлкен бронхпен қатысатын қуыстың болуы

*плевра жапырақтарына фибриннің жиналуы

*бронхиолалардың жиырылуы

*өкпенің семуі

#245

*!ПЛЕВРА ҚУЫСЫНА СҰЙЫҚТЫҚ ЖИНАЛУЫ СИНДРОМЫН АНЫҚТАУДА ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘНІ БАР

*бронхоскопия

*спирография

*пневмотахометрия

*қақырыкты зерттеу

*өкпелер рентгенографиясы

*плевра сұйықтығын зерттеу

#246

*!ҚАТАҢ ТЫНЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА СЕБЕП

*бронхпен қатысы бар үлкен қуыстың болуы

*өкпе тінінің эластикасының жоғарылауы

*өкпе тінінің тығыздалуы ошағы болуы

*альвеолаларда экссудаттың жиналуы

*майда бронхтардың тарылуы

*бронхиолалардың тарылуы

#247

*!ӨКПЕЛЕР ПЕРКУССИЯСЫ ЖӘНЕ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫНДА ӨКПЕНІҢ ЭЛАСТИКАЛЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ СИНДРОМЫНА ТӘН ӨЗГЕРІСТЕР

*бронхиальды тыныс

*бронховезикулярлы тыныс

*әлсіреген везикулярлы тыныс

*қорап сипатты перкуторлы дыбыс

*өкпелердің төменгі шекарасы өзгермеген

*өкпелердің төменгі шекарасы жоғарыға ығысқан

#248

*!БРОНХИАЛЬДЫ ОБСТРУКЦИЯ СИНДРОМЫНЫҢ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН КӨРІНІСТЕРІ

*диффузнды және акроцианоз біргелікте

*диффузды сұр цианоз

*экспираторлық ентігу

*инспираторлық ентігу

*аралас ентігу

*акроцианоз

#249

*!ВЕЗИКУЛЯРЛЫ ТЫНЫСТЫҢ ӘЛСІРЕУІНЕ АЛЫП КЕЛЕТІН СИНДРОМДАР

*шырышты қабатының ісінуінен бронхтардың тарылуы

*бронхтардың саңылауында экссудаттың болуынан тарылуы

*майда бронхтардың бұлшықетерінің жиырылуы

*ұсақ бронхтардың бірыңғай емес тарылуы

*плевра қуысында сұйықтық жиналуы

*плевра қуысында ауа жиналуы

#250

*!ПАТОЛОГИЯЛЫҚ БРОНХИАЛЬДЫ ТЫНЫСТЫҢ СЕБЕПТЕРІ

*шырышты қабатының ісінуінен бронхтардың тарылуы

*бронхпен қатысы бар үлкен қуыстың болуы

*ұсақ бронхтардың бірыңғай емес тарылуы

*плевра қуысында сұйықтық жиналуы

*плевра қуысында ауа жиналуы

*компрессиялық ателектаз

#251

*!БРОНХИАЛЬДЫ ОБСТРУКЦИЯ КЕЗІНДЕ БОЛАТЫН СИМПТОМДАР

*крепитация

*плевра үйкелісі шуылы

*алыстан гүжілдеген сырылдар

*алыстан ысқырықты сырылдар

*майда көпіншікті ылғалды сырылдар

*орташа көпіншікті ылғалды сырылдар

#252

*!ТЫНЫС ЖҮЙЕСІ АУЫРУЛАРЫМЕН НАУҚАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ШАҒЫМДАРЫ

*ентігу

*бас ауыруы

*температура

*жалпы әлсіздік

*тәбеттің төмендеуі

*кеуде қуысында ауыру сезімі

#253

*!ТЫНЫС ЖҮЙЕСІ АУЫРУЛАРЫМЕН НАУҚАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ШАҒЫМДАРЫ

*жөтел

*безгек

*тұншығу

*қанқақыру

*шаршағыштық

*дауыстың қарлығу

#254

*!КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПІШІНДЕРІ

*нормостеникалық

*паралитикалық

*кифосколиздық

*гиперстениклық

*конус тәрізді

*астениклық

#255

*!НОРМОСТЕНИКАЛЫҚ КЕУДЕ ҚУЫСЫ ПІШІНІНЕ ТӘН

*қабырға бұрышы тік

*эпигастральды бұрыш үшкір

*эпигастральды бұрыш тұйық

*бұғана асты аумақтары түсіңкі

*бұғанаасты ойықтары көтеріңкі

*қабырғалар доғасы төменгеқисайған бағытт

#256

*!ГИПЕРСТЕНИКАЛЫҚ КЕУДЕ ҚУЫСЫ ПІШІНІНЕ ТӘН

*қабырғалар доғасы төменге қисайған бағытта

*бұғана асты ойықтары көтеріңкі





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 718 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2240 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.