Тәжірибелік сабақ № 1Қоғам және әлеуметтік стратификация
Жоспары:
Ой шабуылы» әдісі
Кезеңдері:
1-кезең. Мәселені құру.
2- кезең. Мәселені талдау.
3- кезең. Нәтижелерді өңдеу.
Ұйымдастырылуы:
1 4 адамнан топ құралады.
2.Барлық топтарға тапсырма беру (10 минут)
Тапсырмалардың тақырыптары
1) Кедейлік мәселесі және оны жеңу жолдары Кедейшілік – индивидтің қажетті құндылықтарын қанағаттандыра алмайтын экономикалық жағдайы.
Кедейшілік түрлері:
бсолюттік кедейшілік — индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.
Салыстырмалы кедейшілік — басқа адамдарға қарағанда қаншалықты кедей адам екенін көрстеді. Бұл жерде екі түрлі мағына беріледі: біріншіден, салыстырмалы кедейшілік, ол қоғамдағы сол топтағы адамның басқа кедей саналмайтын топтағы адамдардың жетістіктерімен салыстырғанда қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Екіншіден, салыстырмалы кедейшілік адамның қоғамдағы өмір сүру стандарттарынан қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Салыстырмалы кедейшілік – бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы. Сонымен бірге Холостова абсолютті және салыстырмалы кедейшіліктің шекаралары сай келмейтінін көрсетеді. Қоғамда абсолютті кедейшілік жойылуы мүмкін бірақ салыстармалы кедейшілік міндетті түрде сақталынып қалады. Кедейшіліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады. Салыстармалы кедейшілік – нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру стандартын не қалпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.
Жоқшылық — бұл жерде шектен тыс кедейшілік көрсетіледі. Бұндай кедейлер тобына қайыр сұраушылар, күнкөріс минимумынан төмен табасы бар адамдар кіреді. Әлеуметтік мағынада бұл кедейшлілік түріне өзінің тек физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді. Адамрдар тамаққа деген қажеттліктерін салыстырмалы түрде деңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болса да, демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ бұл қажеттіліктердің барлығы өте төмен деңгейде өтеледі.
Депривация — бұл әлеуметтік түсінік, қоғамдағы күнделікті адамдық құқығынан айырылған, сонымен қатар толық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын халықтық тобына қолданылады. Әдетте олар мүмкіндігі жоқ балалар, мүгедектер, жұмыссыздар, зейнеткерлер және кедейлердің басқа категориялары. Депривация ол қарапайым өмір сүруге жағдайдың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі.
Шетқалушылық – кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына, маскүнемдігіне және тағы басқа себептеріне байланысты материалдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады. Әлеуметтік шетқалушылық түсінігі қарапайым адам құқықтарына байланысты шектеулерге тап болып отырған және толық өмір салтын жүргізе алмайтын тұрғындардың тобына қолданылады. Мысалы, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа категориядағы адамдар кіреді.
Қуып жететін кедейшілік – бұл құбылыс адамдардың престижді материалдық және басқа да құндылықтарды тұтынуымен сипатталады. Бүгінгі қоғамда бәрімізге белгілі үлкен кісілерге қарағанда жастарымыз жақсы киінуге, басқалардан артта қалмауға тырысады. Қымбат киім, тағы басқадай заттар өздерінің жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кейбір ауқатты ата-аналар басқа қалталары көтермейтн отбасылардың балалары бағытталған өмір сүру стандарттарын қалыптастырады.
рбір топтан тақырып бойынша баяндама жасау (3-5 минут).