Лекции.Орг


Поиск:




Экономикалық теорияның пайда болуы және оның қалыптасуы. 4 страница




Сұраныс факторлері: жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлер.

Бөлу факторлері: ресурстар өнім артуын қамтамасыз ететіндей бөлінуі тиіс.

Өсу факторлеріне экономикалық өсудің екі моделі қарастырылады:

Көп факторлы модель: аталған факторлерінін барлығының әсерінен болған экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл модельді өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды.

Екі факторлы модель: еңбек және капитал арқылы болған экономикалық өсуді сипаттайды.

40. Циклділік - экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы.

Экономикалық цикл -белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады.

Экономикалық цикл - ЖІӨ ретіндегі іскерлік белсенділіктің ауытқуы.

Өнеркәсіптік цикл- барлық фазалардан тұратын бір шыңнан екінші шыңға дейіңгі кезең. Циклда бірінен соң бірі қайталанып тұратын төрт фаза бар: дағдарыс (кризис), депрессия, жандану және өрлеу.

1 фаза- дағдарысқа келесілер тән:

ü қорлар жойылып, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды:

ü еңбекке сұраныс азаяды:

ü тауарлар бағасы төмендейді:

ü пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді.

Ең төмеңгі дағдарыс деңгейі- депрессия.

Депресия- жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, ол бірнеше жылға созылады.

2 фаза -депрессияға келесілер тән:

ü өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де;

ü тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді;

ü процент ставкасы минимумда.

Біртіндеп жандану бастала бастайды.

3 фаза-жандануға келесілер тән:

-нарықтың жаңа жағдайларына бейімділген кәсіпорындар тауар өндірісін арттыра бастайды;

-жұмыссыздық қысқара бастайды;

-инвестициялық процестер жанданады;

-баға және процент ставкасы артады.

4 фаза-өрлеу келесілер тән:

-ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны;

-жұмысыздық толығымен жойылады:

-баға және процент өсуде.

41. Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

42. Жұмыссыз - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар.

Жұмыссызбен жұмыс бастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды.

Жұмыссыздық дәрежесі - жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады.

Жұмыссыздықтың негізгі типтері:

Фрикционды жұмыссыздық жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында сатуға келетін жұмыс дағдысы бар.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды.

Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады.

Циклдік жұмыссыздық - экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды.

Толық жұмысбастылық - экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықжағдайындағы жұмысбастылық.

Оукен заңыжұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады: жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде(алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды.

Жұмысыздық деңгейі= жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің санына *100%

43. Инфляция - орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.

Дефляция - орташа баға деңгейінің төмендеуі.

Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция - инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).

Инфляция түрлері:

Ашық және жабық – біріншісі баға өсуімен, екіншісі тауардың жоғалуымен сипатталады.

Қалыпты (ж орғалап жүруші ) -баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін.

Шоқырақтаушы – баға өсімі жылына 10 -200% дейін.

Гиперинфляция- баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады.

Балансты және баланысталмаған: әр түрлі тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз және керісінше өзгермелі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 498 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

816 - | 656 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.