Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып 14: Еңбек және экономикалық өмір әлеуметтануы




1.Қоғамның әлеуметтік кәсіби құрылымы.

2.Еңбектің әлеуметтік ұйымдастырылуы.

3.Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы.

4.Экономика әлеуметтік сала ретінде.

5.Экономикалық әлеуметтану пәні.

6.Экономикалық идеялардың дамуы.

7.Шаруашылық жүйе және оның ерекшеліктері.

8.Жаһандық еңбек бөлінісі және жаһандық экономика мәселелері.

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.

Пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға келіп тірелетін екі негізгі көзқарас қалыптасқан. Олар:

1. Экономикалық әлеуметтану, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамның өмірдің экономикалық емес (саясат, медицина, дін, отбасы, білім беру және т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макроәлеуметтану алдауына жақындау болады. Мұнда әлеуметтану пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.

Мысалы, Т.И. Заславская мен Р.В. Рывкина экономикалық әлеуметтануға мынадай анықтама берген: «қоғамдық өмірдің екі – экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара байланысын тиісінше екі жақты – экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланыстары негізінде зерттейтін ғылым».

2. Радаев В.В.: «Экономикалық әлеуметтану экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің нысаны ретінде зерттеп біледі». Экономикалық әлеуметтану экономикалық іс-әрекетті зерттейтін ғылым деген көзқарасты В.И. Верховин, А.И. Кравченко да қолдайды.

А.И. Кравченко: экономикалық әлеуметтану – ол қоғам өмірінің түрлі салаларындағы (өндірісте, айырбаста, бөліп беру мен тұтынуда) үлкен әлеуметтік топтардың өнімдері ретінде адамдардың міңез-құлқы жайлы ғылыми білім жүйесі деп саналады.

Экономикалық әлеуметтану қарастыратын негізгі проблемалары:

Ø Экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы;

Ø Қоғамның экономикалық және кәсіби стратификациясы, экономикалық теңсіздік, кедейшілік және байлық мәселелері;

Ø Әлеуметтік қатынастар мен адамдардың экономикалық қимыл-әрекеттерінің әр түрлі типтерінің қалыптасуы;

Ø Адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті, өндіріс және формальды емес экономика саласындағы еңбек әрекеті;

Ø Экономикалық сана мен ойдың дамуы;

Ø Экономикалық ұйымдардың құрылымы;

Ø Кәсіпкерлік және бизнес нысанының әлеуметтануы;

Ø Өндірістің, бөліп берудің, айырбас пен тұтынудың әлеуметтік-экономикалық механизмдері.

Экономикалық әлеуметтанудың алғашқы білімдері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болды. Бұл уақытта Шарль Луи де Монтескье, Клод Гельвеций, Адам Смит, Уильям Годвин, Сен-Симон, Роберт Оуэн ойлары құнды болды.

Огюст Конт экономикалық әлеуметтанудың дамуына өз үлесін қосты. Мысалы, ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне көңіл аударды:

Ø еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестікке негізделген экономикалық жүйенің қалыптасуы;

Ø жұмыс күшінің қалада шоғырлануы;

Ø өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану;

Ø басшылар мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасырын немесе ашық қарама-қарсылықтың пайда болуы;

Ø әлеуметтік теңсіздіктің күшейе түсуі; табыс табуға бағыт ұстану.

Конт индустриалдық қоғам мен өндірістің адамға және мәдениетке әсер ету теориясын дамытты.

Фердинандт Теннис, неміс әлеуметтанушысы, жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін сипаттап береді. Теннис «қазіргі қоғам» мен «дәстүрлі қоғамын» бір-біріне қарсы қояды. Қазіргі қоғамда адамдар өзінің жеке қасиеттерін, ұқсастығын жоғалтып, құпиялы жалданушылар, жұмысшылар, сайлаушылар, тұтынушылар мен көрермендер топтарға механикалық түрде біріге отырып, сахнаға шығады. Оған үлкен нарықтары, аудиториясы, электораты, ұлттық ұйымдары бар қазіргі қоғамның көлемі кінәлі.

Макс Вебер «қазіргі қоғамды» саралай отырып, «дәстүрлі» және «капиталистік» қоғамды бір-біріне қарсы қояды. Олардың айырмашылығы мына өлшемдер бойынша көрінеді: жеке меншік нысаны, технологияның басым түрі, жұмыс күшінің нарығы, экономикалық бөліп берудің әдістері, заңдар табиғаты, кең таралған дәлелдемелер. Вебер: капитализм ол «бос жұмыс күштер нарығын дұрыс ұйымдастыру». «Этос», немесе «капитализм рухы» табыс себебін, аскеттілік, парыз сезімін қамтиды. Этостың қайнар көзі протестантизм болып табылады.

Адамдардың шаруашылық әрекеті экономикалық сана мен ойдың типімен, экономикалық мәдениеттің даму деңгейімен анықталады.

Экономикалық сана – әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың, тікелей экономикалық нақтылықты бейнелеуші және нақтылы бір тарихи сәтте қоғамдағы әр түрлі құбылыстарға өз ойын көрсетуші экономикалық білімдер мен идеялар, көзқарастар жиынтығы.

Экономикалық сана экономикалық тәжірибе барысында қалыптасады, оның ииеленушілері жекелеген жеке адамдар, топтар бола алады. Білімнің санаға ауысуының басты өлшемі, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың экономикалық идеяларға, көзқарастарға және теорияларға қажеттілігі болып табылады.

Пол Хейне экономикалық сана мен ойдың жұмыс механизмін бейнелейтін қызықты салыстырма келтіреді.

Экономикалық әлеуметтанумен қатар нарық әлеуметтануы қарастырылады. Ол жаңа сала болып есептеленеді. ХХ ғасырдың ортасында Н. Смелзер, Т. Парсонс, К. Поланьи еңбектерінде қайта қолданыла бастады. Нарық әлеуметтануы – ол нарық әрекетінің механизмін қарастырады. Нарық ең маңызды экономикалық институттардың бірі ретінде қарастырылады. Нарық – ол жеке адам барынша табысқа жетуге ұмтылатын айырбас саласы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1658 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2491 - | 2164 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.