Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ел аузында «БАД» деп аталып кеткен биологиялық белсенді қоспаларды




Соңғы кезде тұтынушылар дәстүрлі дәрі-дәрумендермен қатар ішіп жүр.

Мұндай препараттар негізінен дәріханаларда және маркетингтік жүйе арқылы сатылымға түседі.

Осы белсенді қоспалар дегеніміз не, одан алар пайдамыз бар ма? «ҚР Профилактикалық медицина академиясы» қоғамдық бірлестігі жанындағы салауатты тағамтану орталығы Ақтөбе департаментінің ғылыми қызметкері Дария Досқабыловамен әңгімеміз осы жөнінде болмақ.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша, адамның денсаулық жағдайы 12 пайыз мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі деңгейіне, 18 пайыз тұқымқуалаушылық факторларға, 20 пайыз өмір сүру салтына, 50 пайыз тамақтануға байланысты болады екен.

Ғылыми қызметкер Дария Досқабылова:

— Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керектігі ғылыми дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады, — дейді.

Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті,

жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізаттан химиялық синтез жолмен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.

Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі — нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.

Қазақ Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың пікірінше, халықтың тамақтану құрылымында «алмастырылмайтын» тағам компоненттерінің жеткіліксіздігінен «жасырын ашығу қаупі» болады, бірақ оны тұрмыстағы халық түсіне бермейді, бұл микро-макронутриенттердің жеткіліксіздігінен көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Бұндай жағдай туындамас үшін тұтынатын тағам көлемін бірнеше ретке көбейту керек немесе биологиялық белсенді қоспаларды қолдану қажет.

Биологиялық белсенді қоспаларды тұтыну — өте ыңғайлы әрі тиімді.

 

Дария Досқабылова биологиялық белсенді қоспалардың ағзаға берер пайдасы мен оның қандай мақсатта қолданылатынын былайша жіктеп берді:

— Әуелі тағамдануды рационализациялау үшін қолданылады. Оның ішінде, тағаммен жеткіліксіз түскен нутриенттер, яғни, аминқышқылдары, көп қанықпаған май қышқылдары, витаминдер, макро-микроэлементтер, тағамдық талшықтар, экстрактивті заттар жетіспеушілігін толтыру және тағам мен энергетикалық қатынасты оптималды ету мақсатында ұсынылады. Сондай-ақ, рационның калориялылығын төмендету арқылы дене салмағын реттеу мақсатында да қолданылады. Себебі, кейбір биологиялық белсенді қоспалар тәбетті төмендету қасиетіне ие. Кейбірі науқастың тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырады. Созылмалы аурулар кезінде зат алмасу процестерінің бұзылысын алдын-алып, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ағзадан токсикалық немесе бөгде заттарды шығаруға көмектеседі. Ағзаның иммундық жүйесі жұмысын күшейтіп, жалпы жағдайды жақсартады, тонусын көтереді.

Сонымен қатар, ол белсенді қоспалардың қолдануға ыңғайлы әрі қолжетімді екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенген Дария биологиялық белсенді қоспалардың жағымсыз әсерінің төмен екенін салыстырып әңгімеледі. Яғни, осындай қоспалардан болатын жағымсыз әсер — 0,003% болса, синтетикалық дәрілерде 20-40% болады екен.

Қауіпсіздік жайына тоқталар болсақ, негізі биологиялық белсенді қоспалар биылғы 21 қаңтардағы Үкіметтің №25 қаулысы, ҚР «Техникалық реттеулер туралы» Заңы, «Тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және санитарлық ережелер мен нормалар секілді нормативтік құжаттармен реттеліп отырады. Ал биологиялық белсенді қоспаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті атқарады және

Қазақ тағамтану Академиясының Сараптамалық Кеңес базасында, төрағасы Төрегелді Шармановтың бақылауымен, сонымен қатар, республикалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті және гастроэнтеролог, кардиолог секілді көптеген маман-сарапшылармен бірігіп жүргізеді.

Тіркеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде өндіруші туралы мәліметке сараптама жүргізіледі. Бұнда өнімдердің нормативтік құжатарға сәйкестігі, дайындау түрі, сынақ нәтижесі зерттеледі. Екінші кезеңде санитарлы-гигиеналық зерттеу, яғни, ингредиенттік құрамының сәйкестігі, физико-химиялық көрсеткіштері, ауыр металл тұздарының, радионуклидтердің, пестицидтердің, микотоскиндердің кездесуі, жануарларға жүргізген тәжірибе кезінде ағзаға токсикалық әсері зерттеледі, — деп түсіндіреді ғылыми қызметкер.

Ереже бойынша биологиялық белсенді қоспалардың тіркеу куәлігі екі жыл мерзімге беріледі, егер өндіруші республика аумағында өткізілген клиникалық сынақтан өткен өнім болатын болса үш жылға дейін мерзімі ұзартылады.

Қоспалардың Қазақстанда таралуы туралы айтар болсақ, төрт жыл бұрын мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеуден 913 биологиялық белсенді қоспаның сауда атауы өткен екен.

«БАД»-ты тұтыну жөнінен Жапония мен АҚШ алдыңғы орындарды бермейді екен.

Ал оны өндірушілердің көптігі бойынша Ресей, сауда белгісінің көптігі жөнінен Қазақстан І орын иеленіп отыр. Елімізде 18 отандық кәсіпорын 247 биологиялық белсенді қоспа сауда атауын тіркепті.

Осы жылы 45 елдің 478 өндірушісі 2768 сауда атауын тіркеген екен.

Экологиялық ахуал, өндірістің қарқынды дамуы әсерінен тағам шикізаттарының құрамы мен сапасы төмен. Күнделікті рациондағы тағам дәрумендер мен минералдардың нормасын өтей алмай отырғаны анық.

P.S. Биологиялық белсенді қоспалар — дәрі емес, ол ағзадағы жетіспейтін дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру үшін қолданылады. Осындай қоспа ішетін тұтынушылар осыны ескерсе дейміз.

«Биологиялық белсенді қоспалар (БАД) дәрінің орнын алмастыра алмайды!» Қарап шығу: 3315 Пікірлер: 0 17 Тамыз 2012, 15:30 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацев- тикалық қызметтің бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департамент директоры Нұрлыбек Әбибуллаұлы АСЫЛБЕК мырзамен сұхбат - Нұрлыбек Әбибуллаұлы, бүгінде халық арасында биологиялық белсенді қоспаларды қолдану жиілеп кетті. Орысша қысқартылған «БАД» атауымен жақсы таныс болған бұл қоспаларды қандай жағдайда пайдалану керек? - Биологиялық белсенді қосымша (ББҚ) негізінен екіге бөлінеді: оның біріншісін - дәрілік заттарға теңестірілгенін парафармацевтик деп аталса, екіншісі тек таза биоқосымшадан тұратын, тағамға, дәрі-дәрмекке қосымша ішілетін нутрицевтик деп аталады. Халықтың көбінесе "БАД" деп түсінетіні осы нутрицевтикалық биологиялық қоспа. Бұлардың барлығы сауда орындарында сатылуға құқы бар, олардың бәрі ҚР заңына сәйкес Тамақтану институтынан тексеруден өткеннен кейін ғана тіркеуге алынады. Парафармацевтиктерді фармацевтикалық бақылау комитеті тексерсе, нутрицевтиктердің реттелуін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет комитеті қадағалайды. - Биологиялық белсенді қоспаларды тексеру, бақылау жұмыстары қалай ұйымдастырылған? - Өткен жылы елімізде мемлекеттік бақылауға қатысты заң шыққан болатын. Онда дәріханалардың барлығы дерлік жеке тұлғалардың, яғни кәсіпкерлердің қолында болғандықтан ҚР заң актілері жергілікті үкіметтің бақылауына берілді. Бұған дейін фармацевтикалық бақылаудың барлығын денсаулық сақтау министрлігінің құзіретінде болса, бұдан былай төменгі үкімет реттеп, барлық жұмыс солардың құзыретімен жүргізілетін болады. Қазіргі таңда екінші жартыжылдыққа облыс көлеміндегі 34-ке жуық дәріханалар тексеруден өту жоспарда тұр. Біз оларды тексеру барысында парафармацевтикалық ББҚ-ға ғана бақылау жүргізе аламыз, ал нутрицевтикалық ББҚ-лар дәрілік күші жоқ болғандықтан, оны Тамақтану Академиясында мақұлданғандығы жеткілікті болып қалады. - Маркетинг жүйесі бойынша сатылымға шыққан ББҚ жөнінде не айтар едіңіз? - Қазіргі таңда ББҚ-ның түрлері өте көп. Желілік маркетинг жүйесі бойынша сатылатындар белсенді қоспалар дәрілік заттарға жатпағандықтан оларға бақылауды санитарлық-эпидемиялық комитет қызметкерлері жүргізеді. Бұл жүйенің өзі табыс табудың, бизнестің көзі. Соған орай көз жауын алар жарнамалар да көптеп жасалуда, олардың барлығына бірдей сене беруге болмайтын шығар. Аталған жарнамаларда ББҚ-ның бір қорабы немесе кешенді түрі бірден ағзаның барлық жерін емдейтінін айтып жатады. Біздің маман ретінде айтарымыз: ешқандай дәрі-дәрмек не белсенді қоспа ағзаның барлық мүшесін бірдей емдей алмайды. - Маман ретінде халыққа қандай кеңес берер едіңіз? - ББҚ-ны дәрі ретінде емделу үшін пайдаланбау керек! Қабылдайтын дәрінің күшін жоғарылату үшін жалпы ағзаның иммунитетін көтеру мақсатында қосымша тұтыну қажеттігін айтқым келеді. Сондай-ақ, биоқоспамен қатар дәрі-дәрмекті де рецептісіз пайдаланбаса екен, себебі ағза сол дәріге үйреніп алады да, кейін ауырып қалған жағдайда ол дәрі өз күшін бере алмайды. Мәселен, бүгінде антибиотикті көпшілік медицина мамандарымен кеңеспестен қолданады, кейде тұмау тигенге де қабылдап жататынымыз шындық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, ғалымдардың айтуынша, аурудың резиденттік формалары көбейіп кетеді. Резиденттік дегеніміз - емдеуге ырық бермей, дәрінің күшін ағза қабылдамайтын қиын жағдайға әкеп соғады. Оны есепсіз, орынсыз қолданбай, тек дәрігер рұқсатымен ғана қолдану керек. Фармацевтикалық бақылау департаменті ББҚ түгіл, дәрінің өзін оңды-солды іше беруге тыйым салады, себебі оның пайдасымен қоса зияны да болатынын ескертеді. Белсенді қоспа ағзаның бір мүшесіне жақсы әсер еткенімен келесі мүшелерге зиян болып тиюі мүмкін. - ББҚ-ның тексеруден өткен-өтпегенін, тұтынуға болатынын қандай белгілер арқылы білуге болады? - ББҚ қорапшасында міндетті түрде нұсқаулығы, ондағы ақпарат қазақ, орыс тілдерінде жазылған болуы керек әрі қай комитет бекітсе, соның растағандығы туралы көрсетілуі шарт. Егер мұндай белгілер болмаған жағдайда оның жасырын жолмен жеткізілгендігіне күмән бар. Бүгінде ел арасында ешқандай емдік қасиеті жоқ әрі удай қымбат «белсенді қоспалар» қаптап кетті. Сондықтан көңілге күдік ұялататын белсенді қоспаларға тап болсаңыздар Фармацевтикалық қадағалау департаментіне немесе құқық қорғау органдарына шағымдану арқылы өз құқықтарыңыз бен денсаулықтарыңызды қорғауға мүмкіндік болады. - Сізді қандай ой мазалайды? - Арнайы бекітілген заң бойынша жоспарлы тексеру жүргізілетіндігі жайлы дәріхана иелеріне бір ай бұрын ескертіледі, яғни біз барғанша дәрі-дәрмек, биоқосымшаларды заңсыз сатылымға қойған әрекеттерін жасырып үлгереді де бұл біздің қызме-тімізге өз әсерін бермей қоймайды. Кәсіпкерлерді қолдау саясатына байланыс-ты осылай алдын-ала ескерту жасауға тиіспіз. Ол түгіл белгілі бір дәріхана үстінен арыз-шағым-мен келген адамның мәселесін қарауда да бір күн бұрын дәріхана иесіне бақылау жүргізілетіндігі жөнінен ескерту жа-сауға міндеттіміз. Мемлекеттік тексеру-лерді алдын-ала ескерту жасап барып тексергеннен нәтиже жоқ, біз кете салысымен жасырын жолмен сатылатын тауарын қайта шығаруы мүмкін. Сондықтан заңның қатаңырақ болғаны дұрыс болар еді. - Сұхбатыңызға рахмет, еңбек-теріңізге жеміс тілеймін. Гүлжанат БҰЛАНТАЕВА.

Ақпарат мына сайттан а

«Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспалар – ол жануарлық, теңіздік, минералдық тектік шикізаттынан, азықтық немесе дәрілік өсімдіктерден немесе концентраттардан жасалған табиғи натуралды азықтық және биологиялық белсенді заттардың концентраты. Бұл заттарды адам ағзасы өздігінен синтездеуге қабілетсіз, олар біздің ағзамызға күнделікті түсуі керек. Ондай болмаған жағдайда, ағзада бара-бара олардың тапшылығы дамиды. Бұл ылғи ағзаның қоршаған ортаның зиянды ықпалымен күресу қабілеттілігінің, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, қартаю үдерісінің үдеуіне әкеліп соғады. "Адамның ақуыз, аминқышқылдары, көмірсулер қажеттіліктерін ғылым ұғынды, тұтынудың физиологиялық шамалары белгіленді. Бірақ, тағамда микромөлшерде болатын, минорлық деп аталатын, өмірлік маңызы бар компоненттердің үлкен санында ғалымдар тек қана ұғына бастады. Осылайша, заттың алмасуы, тұқым жұмысын бастамалауы тағамдағы кейбір химиялық қосындыларынан тікелей тәуелді екенін зерттеулер көрсетеді. Сондықтан да, биологиялық белсенді қоспаларға деген ғалымдардың зор ықыласы пайда болды».   "Қазіргі заман адамы өзінің қуат шағынын күрт төмендетті, демек ішіп-жейтін астың мөлшерін де қысқарту қажет. Бірақ барлық микронутриенттерді және астың минорлық компоненттерін қажет мөлшерде тұтыну керек! Айталық, 3000 ккал рационның арқасында адам іс жүзінде барлық осы заттарды алады. Ал 2000 ккал рационы бізге оларды бермейді, тіпті дастархан мәзірі тағамтану туралы ғылымның барлық ережелеріне сәйкес жасалсада. Осы себептен минералдық заттардың және микроэлементтер қатарының жеткіліксіздігі маңызды мәселесі болып табылады. Кальцийдің тапшылығы сүйеніш-қозғалтқыш аппараттың нықтылығының бұзылуымен қоса жүреді, темірдің тапшылығы қаназдыққа соқтырады, йодтың тапшылығы, әсіресе балаларда, зияткерлік қабілеттіліктің бөлігінің жойылуына келтіреді. Фтор, селен, цинктің тапшылығы балалар және ересектердің созылмалы ауруларының ауыртпалығына өзінің үлесін қосады. Тап сол себептен, қазіргі кезде халықтың денсаулығына теріс ықпал ету дәрежесінің бастысы, жоғарыда айтылған және басқа да микронутриент аталған - дәрумен, микроэлемент, омега- 3 және омега- 6 топтамасындағы жеке полиқанықпаған майлы қышқылдар, биологиялық белсенді заттардың тапшылығы екеніне күмән жоқ. Не істеу қажет? Немесе рационның тапшы компоненттерді азық-түліктерге олардаң өнеркәсіптік даярлауында қосу керек (айталық, дәруменделген азық-түліктер), немесе оларды тұтынушыға ыңғайлы түрде қабылдау керек". "Өсімдік шикізатында, өсімдік тағамда ең маңызды биологиялық белсенді қоспалардың бірсыпыра қатары бар екенін біз білеміз. Олардың арасында флаваноидтар, ал бұл 4000 қоспадан жоғары, изофлавондар, индолдар, стериндер және көптеген басқалары. ББҚ-лар тағамға қосындылар екенін түсіну қажет, олар дәрілік құрал ретінде қарастырылуына болмайды. Биологиялық белсенді қосындылардың табиғи көздері дәрілік өсімдіктер болады, онда пайдалы заттардың шоғырлануы бірнеше есе жоғары. ББҚ үздіксіз қолдану - бұл бүгінгі таңда адам өзінің денсаулығы үшін атқара алатын ең жақсы іс. Әлемнің жетекші ғалымдарының көпшілігі, өз денсаулығыңды сақтаудың және 20 жастағыдай әдемі және тартымды түрде қалудың мінсіз тиімді және әбден қауіпсіз жолы табылды деп

лынған: http://baАсқазан бездерінің секрециясын күшейтетін заттар Диагностикалық мақсатта гастринді, экстративті заттарды тағайындайды. Егер асқазан секрециясы төмендеуінің себебі функциональды бұзылыстар болса, көрсетілген заттар асқазан сөлінің бөлінуін көбейтеді. Гастрин асқазанның антральді бөлігінде түзіледі, қанға сорылып, асқазан түбіндегі бездерге түсіп, олардың секрециясын күшейтеді. Хлорсутек қышқылы мен пепсиногеннің бөлінуін арттырады. Медицинада гастриннің пентагастрин деген синтетикалық фрагменті қолданылады. Гистамин асқазанның Н2 гистаминдік рецепторын ынталандырып, асқазан сөлінің мөлшерін және оның қышқылдығын едәуір жоғарылатады. Асқазан бездері қызметінің жетіспеушілігінде орын басушы зат ретінде табиғи және жасанды асқазан сөлі, пепсин және сұйылтылған хлорлы сутек қышқылын тағайындайды. Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін алмастырылған бензимидол туындысы омепразол болып табылады. Бұл асқазанның тариетальды жасушалары протондық насостың қызметін тежейтін ойық жараға қарсы препараттардың жаңа типті өкілі. Ол базальдық және хлорлысутек қышқылының кез келген тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясын тежейді. Асқазан сөлінің жалпы көлемін төмендетеді және пепсиноген бөлінуін тежейді. Омепразол тез сіңіріледі. Ұзақ әсер етеді, биотрансформацияға ұшырайды. Омепразолдың он екі елі ішектің, асқазанның ойық жарасында, ойық жаралы петидті эзофагитте, Золлингер- Эллисон синдромында тиімділігі жоғары. Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері гистаминнің бәсекелес антагонистері болып табылады. Олар париетальды жасушалардың гистаминдік Н2-рецепторларына әсер етеді және хлорлысутек қышқылының әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясын едәуір тежейді. Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштерін он екі елі ішектің ойық жаралары, гипергастринемияда, пептидті эзофагитте, эрозияляқ гастритте, дуоденитте қолданады. Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері ретінде қазіргі уақытта жеткілікті қауіпсіздікте айқын белседіліктері бар ранитидин, фамотидин, низатидин және цемитидин қолданылады. Вот что необходимо нашим больным суставам, торопитесь... Рымбаева: "Это копеечное средство стирает морщины словно... М1- холинорецепторларды айрықша тежейтін заттар Пирензепин бензодиазепин туындысы. Оның әсері базалдық және хлорлысутек қышқылы мен пепсиногеннің әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясынің тежелуімен көрінеді. Тағамға тітіркенуге жауап ретінде гастриннің босап шығуының төмендеуін де тудырады. Ол асқазан-ішек жолынан толық сіңірілмейді. Аз дәрежеде метоболизденеді. Гемотоэнцефалдық тосқауылдан жіне плацентадан өтпейді. Препараттың сіңірілген бөлігі бүйрекпен жіне өт арқылы өзгермеген күйде шығарылады. Антрацидті препараттар Антацидті заттар асқазан сөлінің хлорсутек қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын негіздер болып табылады. Оларға натрий гидрокарбонаты, магний тотығы, магний үшсиликаты, алюминий гидротаты және кальций карбонаты жатады. Натрий гидрокарбонаты қысқа уақыт әсер етеді, суда жақсы жақсы ериді, жеңіл абсобцияланады және жүйкелік алкалоздың себебі болуы мүмкін. Магний препаратына магний тотығы және магний үшсиликаты жатады. Олардың әсері натрий гидрокарбонатына қарағанда баяу басталады. Магний тотығы натрий гидрокарбонатынан 3-4 есебелсенділеу. Магний қосылыстары нашар ериді. Олардың тек аз бөлігі ғана ішектен сорылады. Жүйелік әсер көрсетпейді. Бірақ бүйрек патологиясында гипермагниемия болуы мүмкін. Үлкен мөлшерде қолданғанда іш айдайтын әсер көрсетеді. Гастропротекторлар Шырышты қабатқа механикалық қорғаныс жасайтын препараттар: Сукралфат, Висмут Шырышты тосқаулдың қорғаныс қызметін жоғарылататын препараттар: Карбеноксолон, Мизопростол Висмут үшкаллий дицитраты хлолысутек қышқылы әсерінен ақ тұнба түзетін, шырышты қабаттың гликопротеиндеріне, әсіресе некрозданған жара бетіне, жоғары туыстығы бар коллоидты суспензия болып табылады. Нәтижесінде жара бетінде полимер-гликопротеиндік кешеннің қорғаныстық ақ қабатымен жабылады. Карбенаксолон натррий қызыл мия тамырынан алынған циклдік тритерпен. Оның әсерінен шырыштың секрециясы күшейеді, тұтқырлығы жоғарылап, қорғаныс тосқауылын түзеді. Препарат асқазаннан сіңіріледі. Қан сарысу белоктарымен 90% байланысады. Негізінен ішек арқылы шығарылады. Он екі елі ішекке қарағанда асқазанның ойық жараларында тиімді. Өт айдайтын заттар Өттің құрамында ішекте майларды эмульгирлейтін, олардың және майда еритін витаминдердің сіңірілуіне ықпал ететін өт қышқылдары бар. Өттің жеткіліксіздігі оның бауыр жасушаларында түзілуінің бұзылуына немесе өт жолдарынан он екі елі ішекке түсуінің қиындауына байланысты болуы мүмкін. Соған баіланысты медициналық практикада олардың екі түрі қызығушылық туындатады. Өттің түзілуін ынталандыратын заттар Өт препараттары: ″Холензин″ Өсімдік тектес препараттар: Холосас Синтетикалық препараттар: Оксафенамид Келтірілген барлық препараттар бауыр жасушаларымен өттің өндірілуін жоғарылатады. Әсіресе өт қышқылдары оның кұшті ынталандырғыштары болып табылады. Холензимге осы әсерімен қатар орын басушы емдік қасиеті тән. Холелитикалық заттар Өт қапшығындағы кішірек тастардың еруін тудыратын заттар табиғи өт қышқылдары хенодезоксихоль және урсодезоксихоль. Оларды қолдану холестериннің оттегі концентрациясының азаюына әкеледі. Бұл хенодезоксихоль қышқылы үшін гепатоцидтерде холестерин синтезінің тежелуіне байланысты. Урсодезоксихоль қышқылы эндогенді және экзогенді холестериннің ішектен сіңірілуін және баурда холестериннің өндірілуін тежейді. Оксафенамид өттің тек түзілуіне ғана емес, оның бөлінуіне де әсер етеді. Өт айдайтын заттарды созылмалы гепатитте, холангитте, созылмалы холециститте қолданады. Холелитикалық препараттардың әсерінен өтте холестерин деңгейінің төмендеуі өт қапшығында холестериндік тастардың түзілу мүмкіндігін азайтады. Өтте холестерин мен өт қышқылдары арасында қатынастың өзгеруі холестериндік тастардың біртіндеп еруіне ықпал етеді. Ішек моторикасын тежейтін заттар Ішектің статикалық жағдайларында оның тонусын және қозғалыс белсенділігін төмендету үшін холиноблокаторлық заттар — м-холиноблокаторлар, ганглиоблокаторлары мен миотропты спазмолитиктері қолданылады. Жедел және созылмалы диареяда көбінесе лоперамид қолданады.Оның әсер ету принципі, ішектің опиоидты м-рецепторларына әсер етіп, оның перистальтикасын тежеу. Іш айдайтын заттар І.Бейорганикалық заттар Іш айдайтын заттардың жіктелуі: Тұзды іш айдайтындар: Магний сульфаты Натрий сульфаты ІІ.Органикалық заттар 1.Өсімдік тектес: А)Өсімдік майлары Кастор майы; Б) Құрамында антрагликозидтер бар препараттар: Сынғақ итшомыр қабығының сығындысы, Рауғаш таблеткалары, Кассия жапырағының сығындысы 2.Синтетикалық заттар: Фенолфталеин Изафенин Тұзды іш айдайтындар: Магний сульфаты Натрий сульфаты асқазан-ішек жолынан нашар сіңірілетін иондар түзіп, диссоцияланады. Ішек қуысында осмостық қысым жою, арылап, химустық сұйық бөлігінің және асқорыту сөлдерінің абсорбциясына кедергі жасайды. Ішек қуысындағы заттың көлемі ұлғайып, механорецепторларды қоздырады. Бұл кезде ішектің перистальтикасы күшейеді. Тұзды іш айдайтындарды жедел басталған іш қатуларда және химиялық заттармен ұланғанда қолданады. Әсері 4-6 сағаттан кейін басталады. Кастор майының он екі елі ішекте липазаның әсерінен рицинол қышқылы түзіледі. Соңғысы ішек рецепторларын тітіркендіріп, иондардың тасымалдануын бұзады, судың сіңірілуін кідіртеді. Бұл ішек моторикасының жоғарылауына әкеледі және оның босауын жылдамдатады. Әсері 2-6 сағаттан кейін басталады. Оны жедел дамыған іш қатуда қолданады. Құрамында антрагликозидтері бар препараттардан: Сынғақ итшомыр қабығының сығындысы, Рауғаш таблеткалары, Кассия жапырағының сығындысы қолданылады. Бұл препараттардың әсер етуші заттары аш ішектк жартылай сіңіріледі және тоқ ішекте жартылай босап шығады. Антрацен туындылары тоқ ішектің рецепторлық құрылымдарын тітіркендіріп, су мен электролиттердің сіңірілуін кідірте отырып, оның перистальтикасын күшейтеді. Әсері 8-12 сағаттан кейін басталады. Ас қорыту жолдарының секрециялық және қозғалыс бенсенділігінің бұзылуы көптеген аурулар мен патологиялық жағдайлар кездеседі. Асқазан-ішек жолының қызметін қалыпка келтіру үшін жоғарыда келтірілген дәрілік заттардың үлкен арсеналы пайдалынады.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1462 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

q.kz/regional_media/post/18748





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 856 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2108 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.