Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Леуметтік педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын саралаңыз




Әлеуметтік педагогика мәселелері соңғы кезеңде Қазақстанда да қолға алынып, ғылыми ізденіс жұмыстары жүргізіліп және осы ғылым саласының нәтижелері жоғары оку орындарында арнайы мамандықтар ретінде оқытылып, студенттерді осы бағыттағы білімдермен қаруландыруда. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді.Қоғамның әлеуметтік өмірі– жекелеген адамдар мен қоғамдағы бірлестіктер арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынас, әрекет. Қоғамдық бipлестіктерге турлі ұйымдар: студенттік топтар, ұжымдар, ұлттар және т.б. жатады.Қазақстанда соңғы жылдары әлeyмeттiк педагогика, әлеуметпк психология туралы зерттеу жумыстары жүргізіліп,ізденістер жасалып жатыр. Қазақ халқының арғы тегі саналатын ру-тайпалардан қалған тасқа қашалған жазбалар мен көне ескерткіштерде тарих және ерлік тәрбиесіне қатысты ойлар көрініс табады. Бұлар атап айтқанда, түркі дәуірінде ерекше орын алатын Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк дастандары. Күлтегін - ежелгі түркілердің жау- журек батыры, жауынгері болса, Тоныкөк - көнедегі талай оқиғалардың куәгері, ойшыл ғұлама болған.Тас жазуларда epлiк-eздiк, соғыс-бейбітшілік, халыктың тұpмыc-тipшiлiгi мен тәуелсіздік баяндалған. Жеке тұлға болып саналатын батырлардың үлгі–өнегесін әрбір жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлгі ету. Осы жазбаларда тарихты умытпау, бабалардың ерлігін мадақтау, ұрпаққа үлгі ету мақсаты қойылған. Бүгінде ол мақсат ешқандай әлсіремейді, қайта жастарды тәрбиелеудегі патриоттық тәрбие құралы ретінде көкейкесті мәселе деңгейінде қарастырады.Қорқыт - қазақ даласының ұлы ойшылдарының бipi, оның есімі бүкіл түркі жұртына ортақ. Оның «Қорқыт Ата кітабында» жалпы этнос,Отан сүю,әдет-ғұрыпты сақтау,ізгілік орнату,өлім мен өмір проблемасы,өмір құндылығын бағалау,әлеуметтік,әлемдегі әділеттілік мәселелеріне тоқталған. Жастар, ұл мен қыз тәрбиесі, атаның өсиеті, ананың өнегесі, оны ұрпақ бойына дарыту, сондай-ақ, адамдарды әлеуметтік типтерге бөлуде ұрпақ тәрбиелеудегі әйелдің маңызды орын алатындығын айта келіп, олардың түрлеріне талдау жасаған. IX-X ғасырда өмір сүрген әлемдегі екінші ұстаз аталған Шығыс перзенті Әбу Насыр әл-Фараби философия, әдебиет, музыка, педагогика, психология саласында сан алуан ғылыми еңбектер қалдырған. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактатында қала адамдарына жеке сипаттама бсрген.

Түркістан маңындағы Жүгінек қыстағынан шыққан Ахмет Жүгінекидің «Хибатул хақайық»,(Акикат сыйы) атты еңбегі барлық түркі тілдес халықтарға ортақ дуние болып табылады. 500-дей өлең жолынан тұратын шығармасының бірінші бөлімінде білімділіктің пайдасы, надандықтың зияны, екінші бөлімде сөйлеу мәдениетін дамыту, үшінші бөлімде өзгермелі дуние жайына тоқталған. Аталған еңбектің алғашқы екі бөлімінде жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтендірудің маңызы жайында жан-жақты ашық көрсетіп берген. Сондай-ақ, орта ғасырдан бергі өзекті мәселе болып келе жатқан Ахмет Жүгінекидің айт- қаны білімділіктің пайдасы кең мағынада ұлттық педагогика маңыздылығымен үндескендігін көрсетеді. XV ғасырдағы қазақ халқының ойшыл жиһангері Асан Қайғы жырау - жер бетіне жақсылық орнатуды армандап, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуды көздеген, жерұйықты іздеуші, философ. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті Томос Мор (1478- 1575 жж.) «Утопия» еңбегінде «утопия аралында барлық балаға бірдей білім беріледі.Барлық адамдар кең көлемде ана тілінде оқытылады» деген ой-армандары Асан қайғы бабамыздың1 «Жерұйық» сияқты үлкен арманшыл идеясымен ұштасып, өзара логикалық байланыста сипат алады. Сондай-ақ, Асан Қайғы адамға, малға жайлы қоныс табу, осы жағдайда адамдарды еңбекқорлыққа баулып, өз елінің, жерінің қасиетін түсінуді үгіттейді. Оның бұл идеясын «географиялық детерминизм» ұғымымен қабылдаймыз. Бұқар, Шал акын, Ақтамберді, Умбетей, Доспамбет сияқты қазақ жыраулары азамат болу, адамға тән барлық құндылықтарды жинақтау, ғылым мен білімді игеру, адамгершілік, моральдық ұғымдарды толық меңгеріп кейінгі ұрпаққа үйрету жайында жырлаған. Дулат Бабатайұлы адамның кісілік қасиеттерін игеру оның рухани қалыптасуына, ғылым-білімінің өлшеусіз пайдасының бар екендігін айқын білді. Оқыған адамның ой-өрісінің кең болатындығын, мәдениетінің жоғарылауына, ең бастысы, кісілікке тәрбиелейтінін айтқан. «Дулат Бабатайұлының тәлім-тәрбиелік идеялары» жайында ғылым и зерттеу жұмысы жазылды. Бұл ғылыми жұмыста жеке тұлға қасиеттілігіне философиялық, психологиялық түсінік бере келіп, осы орайда Дулат Бабатайұлы айтқан психологиялық сана-сезім, мінез- құлық, дағды туралы ой-пікірлері зерттеу нысанына алынып, талданған. Fылыми зерттеудің нәтижесі бойынша Д.Бабатайұлын жеке тұлғаны қалыптастыру мүддесін қозғаушы әлеуметтік тәлім-тәрбие хақында ой толғаған ақын ретінде танимыз. Біздің ағартушылық мәдениетіміздің жарқын бастауы болып табылатын араб-мұсылмандық дәуірдегі ойшылдардың, қазактың этностық қалыптасуындағы даналардың сабақтастыққа негізделген идеялары, қоғам құрамындағы мәдениет ерекшеліктері бойынша қалыптасуы, өмірлік әрекеттер негізделген әлеуметтену мәселесі жүйеленіп тұжырымдалады.

  Өз зерттеуіңді ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша жоспар құрастырыңыз.
  Өз педагогикалық зерттеуіңіздің әдіснамалық тұғырларын анықтау және оны қолдану аясын нақтылаңыз.
  Зерттеу тақырыбыңыз бойынша ұсынатын әдістемеңізді құрастырыңыз.
  Өз зерттеуіңіздегі жеке тұлға дамуындағы дәстүрлі және инновациялық тұғырларды жүзеге асыру жүйесін негіздеңіз.
  Педагогикалық зерттеуіңіздегі әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің құрылымын нақтылаңыз.

(әркімнің зерттеу тақырыбы бойынша)





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 629 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2327 - | 2082 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.