Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10 %. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900.000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік иммуноглобулин М В-торшаларға антиген танитын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды.
Иммуноглобулин М инфекция түскенде, вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі жоғары, ағзаны бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық жолмен белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Ағзаға түскен антигенге әуелі иммуноглобулин М түзіледі. Аптаның аяғында ғана иммунгоглобулин G-нің синтезіне көшеді.
Қан сарысуында 0,4-2,2 г/л. Иммуноглобулин М ең ірі молекулалары, бес мономерден құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып ағзадан шығарып жібереді. IgМ ағзаға антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Жатырдан өте алмайды. Нәрестелерде тек инфекцияға қарсы пайда болады. IgМ антигенге фагоциттерді белсендіріп шақырады.
Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің, молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол жатырға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік, ұзақ өмір сүреді. Адамдарда иммуноглобулин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің айырмашылығымен).
IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммундық жауабында тек IgG анықталады. Негізгі қызметі: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3); фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2); токсиндерді бейтараптайды, фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды. Иммуноглобулин G тимусқа тәуелді болғандықтан Т-лимфоциттердің қатысуымен ғана синтезделеді. Сондықтан сәулелену және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.
Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигендік арасы 30 күн өткенде қайтадан еккенде дамып иммундық жауап толық және иммундық ес пайда болады.
Иммуноглобулин А – сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы концентрациясы 0,8-3,7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA – комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-ны инактивацияға шалдықтырады (мыс. гонококктер).
Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиалды торшаларының синтезінен шығады, оның қосымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий торшаларынан өткенде қосылады да IgA-ның протеолитикалық ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA шырышты қабықта сақталып бактериалдық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сөйтіп, инфекцияға жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.
Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде, өтте, қынап секретінде, аминотоксикалық сұйықта, өкпе, бронх, зәр шығару және жыныс жолдарында бар. Нәресте IgA-ны ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана сүтімен түскен IgA ішекке грам теріс микробтардың (ішек таяқшаларының) орналасуынан қорғайды. Ішекке грам оң микробтар орналасып ішек инфекцияларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды.
IgA тимусқа тәуелді иммуноглобулин, сондықтан нәрестенің өмірінің бастапқы кезінде өз бетімен пайда болмайды.
Иммуноглобулин Е - молекуласы 200 000 Дальтон, ұлпада, шырышты қабықшаларда, теріде жиналады да мес, базофил, эозинофилдер торшаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Бұл торшаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің концентрациясы қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.
Иммуноглобулин Е-нің өнімінің тұқым қуалаушылыққа байланысы бар. Аллергиялық ауруларға бейімділігі бар кісілерде IgЕ-нің деңгейі жоғары. Нәрестелерде IgЕ орта жастағы кісілердің көрсеткіштерінің 10 пайызындай ғана. Иммуноглобулин Е комплементпен байланыспайды, жатыр арқылы өтпейді, ұлпа базофилдерімен және басқа «қабыну дамытатын» торшалардың Ғс-рецепторларымен өте тез және берік байланысады. IgЕ мен қосылған антиген базофилді торшаларының үстіне орналасып, олардың дегрануяциясын дамытып биологиялық белсенді заттар торша аралық кеңістікке төгіліп аллергиялық қабыну пайда болады. Иммуноглобулин Е шырышты қабықтағы антигендерді байланыстыруға қатысады.
Иммуноглобулин Е-ны көк бауырдың, бадамша бездің, тыныс алу және асқорыту жолдарының плазмалық торшалары өндіреді. Ұрық IgЕ –ні ерте шығарады. Иммуноглобулин Е гельминттерден қорғануға қатысады.
Шырышты қабықта IgА-ның қорғанысын бұзған патогендерді ұлпа базофилдерінің үстіндегі арнайы IgЕ байланыстырып, биологиялық белсенді заттар шығып қабыну дамуымен хемотаксиспен сол жерге басқа қорғаныс факторларын (торшалық, гуморалдық, IgG, комплемент, нейтрофилдер, эозинофилдер, т.б.) жинауы келесі қорғаныс этапы болып саналады.
Иммуноглобулин Д, молекуласы 180000 Дальтон, жартылай ыдырауы 3 тәулік, толық зерттелмеген, тек қана В торшалардың антиген танитын рецепторы ретінде жүруі белгілі.
Иммундық жүйе.
Иммундық жүйе иммундық жауапты туындататын органдардан, ұлпалар мен жасушалардан тұрады. Иммундық жүйенің орталық органдарына сопақша ми мен шаншымалы безден (тимус), қосымшаларға – көк бауыр, лимфа түйіндері, ішектердің пейер бляшкалары және ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару органдарының ішкі қабаттарындағы басқа да лимфоид ұлпаларының жиынтығы жатады. Сопақша ми мен тимус осы жерлерде лимфоциттер түзілетіндіктен иммундық жүйенің орталық органдары болып саналады.
Иммундық жүйенің органдары организмге түскен және организмде қалыптасқан бөгде заттарды зарарсыздандыратын (антигендер) иммунокомпетенттік жасушаларды (лимфоциттер, плазмоциттер), биологиялық белсенді заттарды (антиденелер) түзеді.
Иммундық жүйенің органдары адамның денесінде белгілі бір орындарда орналасқан: орталық органдар – жақсы қорғалған жерлерде (сопақша ми – сопақша ми қуысында, тимус – кеуде қуысында). Иммундық жүйенің қосымша органдары – организмге бөгде заттар енуі мүмкін жерлерде және олардың организм бойымен жүру жолдарында орналасқан.
Осылайша, өңештің лимфа сақинасының миндалиналары тыныс алу жолдары мен ас қорыту өңешінің алдыңғы бөлік қабырғаларында орналасқан. Таңдай миндалиналары мұрын, ауыз қуысы арқылы таралып жатқан инфекция жолындағы алғашқы қорғаныс сызығы болып табылады.
Тамақтың шырышты қабаты есту түтікшелерінің түбінде орналасып, таңдай миндалиналарына ұқсас лимфа ұлпаларынан тұрады. Оның гипертрофиясы балаларда аденоид деп аталып, ауаның мұрын қуысынан өтуін қиындатады.
Көптеген лимфа түйіндері лимфаның органдар мен ұлпалардан веноздық жүйеге өтетін ағын жолдарында орналасқан. Өлген жасушалардың бөлікшелері түріндегі бөгде заттар лимфа ағынына түседі де, лимфа түйіндерінде тоқтап, залалсыздандырылады. Қанның артериалдық жүйеден көктамыр жүйесіне өтетін тұсында көк бауыр жатыр, ол қанның иммундық бақылауын жүзеге асырады.
Иммундық жүйенің басты қызметі – организмнің жасушалық және антигендік құрамының тұрақтылығына иммунологиялық бақылау жүргізіп отыру болып табылады. Иммундық жүйе жасушалық және гуморальдік иммунитеттің, иммунологиялық ес пен төзімділіктің әр түрлі түрлерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Иммундық жауапта иммундық жүйе жасушаларының үш тобы қатысады: В-лимфоциттер, Т-лимфоциттер мен макрофагтар.
Иммундық жауап кезіндегі жасушалардың өзара байланысы осы жасушалар бөлетін ерітінді заттар арқылы жүзеге асады, және адам организмінің белгілі бір антигенге қайтарылатын реакцияның қатаң даралығын қамтамасыз ететін генетикалық бақылауда болады. Қандай да бір иммунокомпетентті жасушалардың қызметіндегі, дифференцировкасындағы және дамып-жетілуіндегі кемшілік (туа біткен немесе уақыт өте пайда болған) иммундық жүйенің қызметінің бұзылуына алып келеді.
1. Тақырып Иммунитет эволюциясы.