Лекции.Орг


Поиск:




Сабақтың тақырыбы: Математикадан жүргізілетін өзбетінше жұмыс түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар




Жоспар

1. Математикадан жүргізілетін өзбетінше жұмыс түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар

2.Математикадан жүргізілетін өзбетінше жұмыс түрлерін оқытудағы пайдаланылатын және дайындалатын дидактикалық материалдар

 

1. Оқушыларда өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру - бастауыш сыныпта оқытудың маңызды мақсаттарының бірі. Өзбетінше жұмысты орындауда төмендегі көрнекі құралдарды пайдалануға болады.

1. Түрлі-түсті суреттер

2.Плакаттар

3.Слайдтар

4.Кестелер.

Ал, бастауыш сыныпта математика сабағында жүргізілетін өзбетінше жұмыстарды негізгі үш түрге:

а) оқып-үйренетін;

ә) машықтанатын;

б) тексеретін болып бөлінеді. Енді оларды же- жеке жүргізілетін өзбетінше жұмыс түрлерін оқытудағы пайдаланылатын және дайындалатын дидактикалық материалдарды қарастырайық

Егер өзбетінше жұмыстар жаңа білімді игеру қабілетімен байланысты болса және онда оқушының саналы қабылдауы қарастырылған болса, атап айтқанда: талдап қорыту, жұмыс қорытындысын тексеру, логикалық есептерді шешу, қорытындыларды салыстыру т.б. ұйымдастырылса, онда бұл оқып-үйренетін өзбетінше жұмысқа жатады.

Өз бетінше жұмыстың бұл түрі жаңа білімді игеру барысында қандай да бір дидактикалық мақсат алдын-ала анықталғанда, сол жаңа материалдарды үйренудің басында немесе материалды өту үстінде жүргізіледі.

Мысалы “Қосудың орын ауыстырымдылығы” деген тақырыпта 1-ші сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма қарастырылады.

 

6+2 5+4 9+1

2+6 4+5 1+9

 

Бірінші қосылғыш неге тең? Екінші қосылғыш неге тең? Қосынды неге тең? Екінші өрнекте бірінші қосылғыш неге тең? Екінші қосылғыш ше? Қосынды неге тең осыған толық жауап беріңдер. Оқушыларға өзбетінше шешуге осы тапсырманы беруге болады. Барып оқып-үйренетін өзбетінше жұмыс сияқты бұл тапсырмаға ерекше мән мағына беру керек. Осыдан тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықты оқушының өзі табуына, байқауына жол ашылады, тек сұрақтар жүйесі мұқият қарастырылуы керек. Сонымен бірге бұл тапсырманы орындағанда кейбір есептеу әдістерін қолданамыз.

Егер жұмыс басталғанға дейін І-ші бағананың мысалдарын талдау керек болса, онда сандар бірдей; айырмашылығы компоненттерінде, ал шыққан нәтиже бірдей екеніне назар аудару керек. Сонда қалған тапсырмаларды орындап, өзбетінше жасаған шешімдері мен қорытындылары, алғашқы заңдылықты тиянақтайды. Сондықтан өзбетінше жұмысқа қорытынды жасау өте маңызды.

Қорытынды: қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді.

Осындай қорытынды жасау барлық мысалдарды саналы түрде орындау үшін де және өтілген тақырыптың негізгі білімділік функциясын ашу, ондағы қорытылатын тұжырымды дәлелдеу үшін де қажет.

Оқып-үйренетін өзбетінше жұмысын “Амалдар тәртібі, жақшалар” тақырыбында ұйымдастыруға сәйкес төмендегі жаттығуды ұсынуға болады.

І-мысал.

8 бен 4 сандарының айырмасына 2-ні қос

(8-4)+2=6

8 санынан 4 пен 2 санының қосындысын азайт

8-(4+2)=2

жазылғандарды оқы және амалдарды орында

6+(4+2) 10– (4+5) (2+8)–1

(6+4)+2 (10-4)+5 2+(8–1)

2-мысал

Жазылғандар дұрыс болу үшін тастап кеткен жақшаларды орнына жаз:

5–2+1=2 5+2–1=6 9–7+1=1

Егер тапсырма баланың білімін тереңдету үшін және де заңдылықтардың өзара байланысын табуды керек етсе, онда материалды өткен кезде оқып-үйренетін өзбетінше жұмыстарды жүргізуге болады.

Жұмысты орындауда оқушыларды бір-бірімен пікір алмасуына болады. Оқып үйрену өзбетінше жұмысы бақылау жұмыстарының қатарына жатпайды, сынып журналына оған баға қоймайды, кейде жеке оқушылардың жұмысы бағалануы және есепке алынуы мүмкін.

Жұмыстың бұл түррі қарапайым математика операцияларын немесе алгоритмді пайдалану кезінде жүргізіледі. Әуелі өзіндік жұмыстың бұл түрі мұғалімнің көмегімен, тақтаға жазуымен жүргізіледі. Бұл кезде материал толық игеріледі деуге болады. Тек оқушылардың жаттығуларды өзбетінше орындаулары ғана осындай тұжырымға келтіре алады. Машықтанатын өзбетінше жұмысы әрбір сабақта өткізіледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған болса, онда оқу материалының мазмұны жаңа білімді әртүрлі тапсырмалармен толықтырып қорытындылайды. Сондықтан сабақты жоспарлағанда оқу-жаттығу тапсырмаларында анықтау керек. Онда: түсіндірме-демонстрациялық мақсатта қандай тапсырма немесе мысал пайдаланылатынын, тақтада не шығарылатынын және түсіндірілетінін, өзбетінше орындауға қандай жұмыс берілетіндігін анықтау керек.

Мысалы, 3-ші сыныптың математикалық оқулығында “Құрама атаулы сандарды қосу” деген тақырыпта 26 мысал мен 2 есеп қарастырылады. Оның құрамында 17 даярлық мысалы ауызша алдын-ала орындалу жұмысына, біреуі құрама атаулы сандарды қосудың 2 тәсілін түсіндіру үшін, ал 2-уі баяндай түсіндіріп беру үшін берілген. Ал қалған екі мысал және 2 есеп мұғалімнің қалауы бойынша орындалады. Машықтанатын өзбетінше жұмысты бұрын өтіліп қойған материалды қайталағанда да өту керек. Өзбетінше жұмыстың машықтанатын типі бағдарламалық білім берілген соң және сол білім толық игерілуі үшін жүргізіледі. Мысалы: “белгісіз көбейткішті табу” тақырыбында белгісіз көбейткішті табу үшін 2-4 тапсырма ұсынып, оны қолданудың дағдылары игеріледі: тапсырма мазмұны бір немесе бірнеше нұсқада беріледі.

7·3= 6·4= 5·4= 6·5=

21:3= 24:4= 20: = 4 30: =

21:7= 24:6= 20: = 5:5=

 

·5=45 9· =81 8· =56

7· =49 ·4=36 8· =8

 

Тасырманы орындау барысында нашар үлгеретін оқушыларға мұғалімнің көмегі өте қажет.

Оқып-үйрену өзбетінше жұмысы сияқты мұнда да оқушыларға бір-бірімен пікір алынуымен бірге мұғалім тарапынан көмек көрсетуге болады. Тапсырма өзбетінше жұмысты аяқтау барысында, сабақ үстінде тексерілгені дұрыс, себебі ол оқушыларға өздерінің жіберген қатесін жөндеуге мүмкіндік береді. Мұнда жалпы баға қойылмайды, себебі бұл бақылау жұмысының тобына жатпайды.

Тексерілетін өзбетінше жұмыстың екі түрі болады: бақылау жұмысында және тексеретін өзбетінше жұмыстар. Бақылау жұмыстары бұл бағдарламадағы өтілген тараудың қаншалықты игерілгені туралы қорытынды жасайды. Осының қорытындысы бойынша оқушылардың оқыту кезіндегі білімнің сапасы, ептілігі, шеберлігі, дағдысы байқалады. [20] Бақылау жұмыстары, мектеп жұмысының жоспарымен іске асырылады. Бақылау жұмысында өткен материалдарға байланысты орындалатын тапсырмаларды тақтаға нұсқамен немесе кеспе қағаздарына жазып әр оқушыға жеке үлестіріп беру керек. Бұл жұмыс 20-25 минут уақытқа шақталып беріледі. Олардың орындалу сапасы бағасы сынып журналына қойылады.

Тексеретін өзбетінше жұмыстары тақырып бойынша оқыту, бағдарламаның қорытындылауды аяқтау мақсатымен немесе бағдарлама сұрақтарынан алған білімін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл оқыту мақсаты тақырыппен байланыстырылған бір немесе бірнеше сабақтың нәтижесін байқауға мүмкіндік туғызады.

Тексеру өзбетінше жұмысына уақыт жетпеген кезде, оны келесі сабақта өткізуге болады. Тексеру жұмысын мазмұны тек сабақтан қайтаған, өтілген және қорытындыланған материалдарды қамтуы керек. Мұның қорытындысы жаңа білімнің игерілгенін және педагогикалық еңбектің нәтижесін көрсетеді.

Енді “Белгісіз көбейткішті табу” тақырыбына тексеретін өзбетінше жұмысының текстерін құрайық. Бұл кезеңде біз оқушылардың дағдысын, белгісіз табудың ережесіз қалай меңгергенін тексереміз.

 

Көбейткіш              
Көбейткіш              
Көбейтінді              

 

2. Теңдеуді шешіңдер

х+14=57 83-х=27

3. Мысалдарды орындаңдар.

5 – 5 21: 3 9 – 2

3 – 9 54: 9 8 – 3

Бұл мысалдарды шешуде оқушылар көбейтінді мен бөліндіні таба білу мен белгісіз көбейткішті табу ережесн қолданады. Тексеру жұмысына үлгермеушілік пен екінші жиынға қалдыруды болдырмау үшін, қай оқушыға өз уақытында, дер кезінде, жеке көмек керектігін анықтау үшін де қолданылады. Тексеру өзбетінше жұмысы 5-15 минуттан артық өткізілмеу керек. Оны тақтаға жазылған текст немесе кеспе қағаздары бойынша бірнеше нұсқаны орындаған ыңғайлы. Бұл жұмыстар бүкіл сыныппен немесе кейбір арнайы іріктелген оқушылармен жүргізілуі мүмкін және оның нәтижесі міндетті түрде бағалануы керек.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 601 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

1026 - | 847 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.