ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА
АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасы
«Бекітемін»
Оқу-әдістемелік және
Тәрбие ісі жөніндегі
Проректор М.Ұ. Анартаева
_______________________
Ж.
Жалпы тәжірибелі дәрігер тәжірибесіндегі акушерия және гинекология» пәні бойынша жалпы тәжірибелі дәрігер интерндерге арналған клиникалық емтиханын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 2014-2015 оқу жылы
Шымкент, 2014 ж.
Әдістемелік нұсқау «Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және мақұлданды
Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _____________ Югай Н.В.
Әдістемелік нұсқау клиникалық пәндердің жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды және мақұлданды
Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.
ЖӘК төрайымы м.ғ.к., доцент _______________ Тұртаева А.Е.
Әдістемелік нұсқау факультеттер кеңесінде талқыланды және мақұлданды
Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.
Факультеттер кеңесінің төрағасы м.ғ.д., профессор ____________ Қарабеков А.Қ.
Әдістемелік нұсқау ОҚМФА әдістемелік кеңесінде бекітілді
Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.
Курс дәрігер –интерндердің клиникалық емиханын жүргізуге арналған дағдылар тізімі
Кезең № | Дағдылар тізімі | Макс. балл |
Гинекологиялық патологиясы бар әйелдердің ауру тарихын толтыру | ||
Жатыр мойынын айналармен қарау | ||
Гинекологиялық ауруларды бимануалды тексеруі | ||
Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу | ||
Онкоцитологияға жағынды алу | ||
Барлығы: |
Дәрігер –интерн гинекологиялық патологиясы бар әйелдердің ауру тарихын толтырады
№ | Қадамдық әрекеттер | өте жак сы | жак сы | қанағат | қанағат-сыз |
Ем қабылдаушының паспорттық бөлімін толтырады: аты-жөні, тегі,туылған күні, сым тетігі, мекен жайы, жұмыс орны, мамандығы, қызметі. | 2-1,8 | 1,7-1,5 | 1,4-1 | 0,9- | |
Ем қабылдаушының шағымдарын жазады: - бар шағымдарын жазады; - себептердің пайда болған жағдайын анықтайды; | 2-1,8 | 1,7-1,5 | 1,4-1 | 0,9- | |
Аnamnesis morbi –ді жазады: - симптомдар қай күннен бастап пайда болғанын және қалай олар белгіленеді; - емханаға дейінгі қабылдаған ем тәсілдерін жазады; - бұл ауру немен байланысты екенін жазады; | 2-1,8 | 1,7-1,5 | 1,4-1 | 0,9- | |
Аnamnesis vitae – ні жазады: - балалық шақ кезінен бастап соматикалық және инфекциялық ауруларын; - болған жарақаттары мен оталарды (қашан, себебін); - диспансерлік бақылауда тұратындығын (қандай дәрігерде, қай уақыттан); - мүгедектік тобы бар екендігін; - донорлық қан құйғандығын (қашан, қандай себептерден, асқынулары); - жанұядағы тұқым қуалайтын ауруларды; - аллергиялық реакцияларды; | 3-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,4- | |
Осылармен қатар келесі мәліметтерді де жазады: - етеккір қызметін: бірінші етеккірдің келген уақытын, қалыптасқан уақытын, реттілігін, жоғалтатын қанның мөлшерін, ауырсынудың бар/жоқтығын (етеккірге дейін және етеккір кезінде), жыныстық қатынастан кейінгі, босану мен аборттан кейінгі өзгерістер, соңғы етеккірдің бірінші күнін; - жыныстық қызметін: жыныстық қатынастың басталған уақытын (жасын), некеде екендігін; - жүктілік санын: олардың ішінде – босанулар (мерзіміндегі, мерзіміне дейінгі, жасанды және өзіндік аборттар, олардың нәтижелері); - әйелмен қолданылған контрацепция тәсілдерін; - ақкірдің бар /жоқтығын, түсін, иісін, мөлшерін, сыртқы жыныс мүшелерін тітіркенуін; - зәр шығару қызметін, зәр шығару жиілігін, ауырсынудың бар/жоқтығын; - ішек қызметін – іш қатуын, іш өтуін. | 3-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,4- | |
Әйелдің объективті тексеруін жазады: - антропометриялық тексеруін нәтижелерін (бойын, салмағын, дене салмағының индексін) - дене бітімінің ерекшеліктерін (астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық); - сүт бездерінің жағдайын бағалауын (ұштарының жағдайын, симметриялығын, қатаюының болмауын); | 3-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,4- | |
Гинекологиялық қараудың нәтижесін жазады: - сыртқы жыныс мүшелерінің жағдайын; - айналарда жатыр мойынының жағдайын (конус пішінді, цилиндр пішінді, деформацияланған), кілегей қабатының түсін, жыртылулардың бар/жоқтығы, эрозияның бар/жоқтығы, қабыну процесстерін, сыртқы ернеудің жағдайын («қарашық» симптомы); - қынаптың кілегей қабатының жағдайын (қатпарлығын, бөлінділерін); - жатырдың пішінін, оның өлшемін, консистенциясын, жылжымалдығын, ауырсынуын; - жатыр қосалқыларының орналасуын, көлемін, консистенциясын,пішінін, жылжымалдығын, ауырсынуын; - қынап күмбездерінің ерекшеліктерін (тегістелуін, тығыздалуы, томпаюын, ауырсынуын, флюктуациясын); - бөлінділерінің сипатын (шырышты, ірің тәрізді, көбікті және т.б.) | 3-2,7 | 2,6-2,2 | 2,1-1,5 | 1,4- | |
Болжам диагнозды жазады. | 2-1,8 | 1,7-1,5 | 1,4-1 | 0,9- |
Максималды балл – 20