ҚЫҚБ-да қалыптаудың технологиялық үрдiсiн жасау, әдiп, шақтама, жұмырлау радиусын, тесiк алу үшiн далдаша өлшемдерiн белгiлеу және соғылманың сызбасын құрастырған кезде ажыранды жазықтықты таңдау тоқпақта қалыптаған кезде қолданылатын ереже бойынша жүргiзiледi. Әдiп және шақтаманы белгілеген кезде тағыда МЕСТ 7505-89 пайдаланылады. Итерiп шығарғыштың көмегiмен қалыптан алынатын баспақтық соғылмалардың қалыптау еңiстерi, тоқпақтық соғылмаларға сәйкес келетiн 3, 5, 7 және 100 еңiстерiнiң орнына 2, 3, 5 және 70 болуы мүмкiн.
ҚЫҚБ-да қалыптаған кезде тоқпақта қалыптағанда қолданылатын жылғаларды қолдануға болады. Бiрақта ұзындатушы және жылжытушы жылғыларды, ал тағы да шабушы пышақты қолданбайды. Әрекеттер саны соғылманың күрделiлiгiнен және металдың ағу ерекшелiгiнен тәуелдi болады. Әдетте соғылманы бiр, екi және үш әрекетпен қалыптайды.
Әрекет бойынша дайындаманың пiшiндерi мен өлшемдерiн және оларға сәйкестi жылғаларды технологиялық үрдiске керi ретпен анықтайды. Ақырғы жылғаның пiшiнiн және өлшемін қараған кезде, ақырғы жылғада бiр жаншумен дайын соғылманы алуға мүмкiндiк берілетiн дайындаманың өте жеңiлдетiлген алғашқы пiшiнiн жобалайды. Содан кейiн осы алғашқы пiшiндi алу үшiн керектi жылғаны, ал тағы да бастапқы дайындамадан соғылманы алудың мүмкiндiгiн немесе бiр, екi және одан да көп аралық әрекеттiң керектiгiн анықтайды. Осы жылғалардың өлшемi мен пiшiнiн және оларға сәйкестi дайындаманың өлшемдерiн анықтаған кезде тоқпақта қалыптағанда әрекеттердi жобалаған сияқты әдістемені қолданады.
ҚЫҚБ-да қалыпталатын соғылмаларды жiктеу негiзiнде және анықтамаларда келтiрiлген мәлiметтерге сүйенiп жылғаның құрылымдық параметрлерiн және қалыптаудың керектi әрекеттерiн таңдап алады.
11.1 БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДАМАНЫҢ ӨЛШЕМДЕРIН АНЫҚТАУ
1. Тiгiнен шөктiріп немесе сығымдаумен қиыстырып жасалынатын соғылма үшiн дайындаманың көлемi (см3) мынандай формуламен анықталады:
V заг = (V пок + V пер + V з) ,
мұндағы V пок – соғылма тұратын элементарлы геометриялық фигуралардың көлемiнiң қосындысымен анықталатын соғылманың көлемi, мм3; V пер – далдашаның көлемi, мм3; V 3 – қылаудың көлемi, мм3; d - металдың отқабыршағы, %.
А класс соғылмалары үшiн дайындаманың өлшемдерiн анықтағанда тоқпақта қалыптағанда пайдаланған әдістемені қолданады. Бастапқы дайындаманың есептелген диаметрi немесе квадраттың қабырғасы (см) мынандай формуламен анықталады:
D¢заг = 1,08 ; А¢заг = ,
мұндағы m 0 – дайындаманың ұзындығының диаметрге немесе квадраттың қабырғасына қатынасы, m 0 = 1,6¸2,5 тең етiп қабылдау ұсынылады (шөктiрiу процесiнiң орнықтылығын қамтамассыз ету үшiн).
Алынған D ¢заг және А ¢заг өлшемдерiн қолданып МЕСТ-пен ескерiлген илемнiң түржиыны бойынша ең жақын, бірақ үлкенірек дайындаманың өлшемiн таңдайды. Содан кейiн табылған дайындаманың ұзындығын мынандай формуланы қолданып түзетедi (мм):
L заг = = ,
мұндағы Dзаг – қабылданған ең жақын, бірақ үлкенірек дайындаманың диаметрi, мм.
2. Ұзын пiшiнi бар соғылманы жасаған кезде дайындаманың көлемiн мынандай формула бойынша анықтайды (мм3): Vзаг = (Vпок + V3)× .
3. ҚЫҚБ-да қысып шығарумен қалыптау. Қысып шығарумен қалыптаған кезде дайындаманың қылауы:
а) бүйiржақ қылауының көлемi (мм3): V 3 = × D п× h 3× в 3, мұндағы D п – соғылманың диаметрi, мм; h 3 – қылаудың қалыңдығы, мм; в 3 – қылаудың енi, мм (әдетте в 3 = 3 ¸ 5 мм).
Төмендегi диаметрi бар соғылмалар үшiн қылаудың қалыңдығы:
D п, мм…… < 40 40 ¸ 70 70 ¸ 100 > 100
h 3, мм …… 0 1,0 1,5 > 1,5
б) Көлденең қылаудың көлемi, мм3: ,
мұндағы D 3 – қылаудың сыртқы диаметрi, мм; в 3 – қылаудың енi, мм.
Соғылманың қылаусыз сығымдаумен қалыптаған кезде отқабыршақты ескерiп дайындаманың көлемiн мынандай формуламен анықтайды (мм3): Vзаг = Vn× .
Жуандатуы бар сырық типтi соғылманы сығымдаумен жасаған кезде қылауды, тiлiктеудi және отқабыршықты ескерiп дайындаманың көлемiн мынандай формуламен анықтайды: V заг = (V ут + V с + V 3 + V р)× , мұндағы Vут – соғылманың жуандатылған бөлiмiнiң көлемi, мм3; Vс – сырықтың көлемi, мм3; Vр – сырықты тiлiктегенде шығын көлемi, мм3.
Жабық қалыпта сығымдаумен сырықты соғылманы жасаған кезде сырықтың ұзаруына кететiн металдың шығынын ескеру қажет. Өйткенi сырықтың ұзындығы номинальдiден 15¸25 мм үлкен болуы қажет (кейiнiрек кесу үшiн).
Сығымдау процесiнiң параметрi.
Салыстырмалы жаншу, %: d0 = болаттың соғылма үшiн = 15¸95 %;
Ұяқалыптың көзiнен металды сығымдаудың жылдамдығы, м/с: ,
мұндағы u - деформацияның бастапқы мерзiмiнде сотанның қозғалу жылдамдығы (u = 0,6¸0,8 м/с)
Кермелеу коэффициентi: К в = F / f,
К в = 7,5¸7,8 – бүйiржақ қылауынсыз сығымдау жүредi;
К в = 7,8¸15 – сығымдаған кезде бүйiржақтық қылау алынады;
К в > 15 болған кезде сығымдау ұсынылмайды.
Негізгі әдебиеттер [3] (тарау 4, бет 181 – 183); [4] (тарау 6, бет 376 – 409).
Қосымша әдебиеттер [6] (тарау 8, бет 262 – 271).
Бақылау сұрақтары
ҚЫҚБ-да қалыптаудың технологиялық процесі қалай жасалынады?
ҚЫҚБ-да қалыптағанда қандай жылғалар қолданылады?
Бастапқы дайындаманың өлшемдері қалай есептелінеді?
Соғылманы сығымдаумен қалыптаған кезде дайындаманың өлшемдерін қалай есептейді?
Сығымдау процесінің параметрін қалай есептейді?