Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Йінді түрде еріту технологиясы.




Үйінді түрде еріту техникасы құрамына:

1- алаң дайындау; 2- кен дайындау және үймені жасау; 3- алтынды еріту; 4- Аu ерітіндіден бөлу; 5- алтынды өнімді (цементті тұнба, катодты Аu, гидратты Аu) ерітіп, Доре қорытпасын алу кіреді.

Аu үйінді түрде еріту процесінің схемасы 10-суретте келтірілген.

Алаң дайындау.

Үйінді түрде еріту үшін алаң келесі талаптарға сай болуы керек:

1- ерітінді өткізбейтін.

2- өнімді ерітінді жинау үшін көлбеу (1-50) болуы керек.

Алаңның үш түрі қолданылады:

1)асфальтты қабатпен, қалыңдығы 100-300 мм. Кей жағдайда асфальт арасына резина немесе пластикалы төсем салады;

2) тығыздалған саз қабатты, қалыңдығы 130-460 мм (үстінен құм қабатын, оның үстіне графит немесе ұсатылған щебен төселінеді).

3) жұқа пластикалық қабатты (полиэтилен, полихлорвинил), қалыңдығы 1,5-2,0 мм үстіне тығыздалған саз, оның үстіне жуылған құм және гравий (0,6-0,9 м) төселінеді.

Алтын байыту фабрикаларының қалдықтарымен бентонит, және су өткізбейтін бетон (қалыңдығы 100 мм) қоспасы да қолданылады.

Су өткізбейтін дайын алаңға пластикалы тесігі бар трубалар (орнатылады) салынады және гравий немесе щебенмен жабылады. Негізі ретінде жоғары тығыздықты полиэтилен, қалыңдығы 6,0 мм немесе 0,2 м қалыңдықты бетон плиталар қолданылады, оларды битуммен жабады. Үстіне құм қабаты төселінеді, кейде арасына дрель трубалары салынады. Алаңдардың негізі ретінде гравий немесе щебен (қалыңдығы 100-450 мм) төселінеді. Ол қабат су өткізбейтін алаң негізін автосамосвал немесе портальды краннан түскен кен кесектері бұзбау үшін керек.

Алаңның бір немесе екі жағынан пластикалы футеровкалы қауашық салынады (еріген ерітіндіні ағызу үшін).

Құм-сазды кенді өңдеу кезінде (қосымша өңдеуді қажет етеді) сазды-пленкалы (одноразовая) алаң қолдану тиімді. Сазды материал ретінде алтын байыту фабрикасының қалдығын қолдануға болады, (-0,074 мм класс үлесі 80%).

Кварцты кен үшін бірнеше рет қолдануға болатын бетон алаң (үймек түрінде еріту қысқа циклде жүреді) пайдаланылады. К.В қондырғыларын шикізат базасына жақын жерде орналастыру керек.

Бетонды сақтау үшін кенді түсірген кезде алаңда 200-150 мм-лік қабат қалдырады.

Кенді дайындау (үшін) және үймекті ұйу. Үйінді түрде еріту әдісін таңдауға рудниктің географиялық орналасуы, кеннің заттық құрамы және физикалық қасиеттері әсер етеді үйінді түрде ерітуге кенді ашық рудниктерден жібереді.

Үйінді түрде ерітудің екі түрі қолданылады:

1-жылдам (шапшаң). Кенді 20 мм-ге дейін (-18 мм немесе -12мм)кейде 6 мм-ге дейін ұсатады

2-ұзақ. Забойлы ірілікті (-150 мм), қопарылыстан алынған кен К.В-ға қолданады.

Үйінді түрде ерітуге дайындаған кенді үймектейді. Жылдам ерітуге арналған үймектің биіктігі 0,9-2,4; 9-10,5м, 1000-нан 10000 т-ға дейін кен. Ұзақ үйінді түрде ерітуге -6-9 м; 10000 т-дан 2 млн т-ға дейін кен.жылдам еріту әдісі 7-ден 70-тәулік, ұзақ - бірнеше айға созылады.

Практиканың көрсетуі бойынша бөліп алу дәрежесінің төмен болуы себебі үймекті дұрыс үймеу болып табылады. Кенді үю оны ерітіндімен еріту үшін, автосамосвалдар, бульдозерлер, порталды және мостылы крандар қолданылады.

Кенді үю самосвалсыз түрде жақсы болады (порталды кран, ковшты тиегіштермен).

Үймекті бульдозермен үйсе, ол самосвалға қарағанда үймекті аз тығыздайды. Ұсатылған кенге тасымалдану кезінде избес себіліп, натрий цианидімен суланады. Кенді ұсату 2 немесе 3 сатыда жүреді. Ұсату үшін шебен және гравий ұсанатын тұрақты немесе қозғалмалы қондырғылар қолданылады.

Үймекті үю кезінде ірі кесектерді астына, ал майдаларды үстіне орналастыру керек, ауа алмасу мен ерітіндіні үймекке бір қалыпты беру үшін.

Кендегі саз бен ұсақ кластың үлесі үйінді түрде ерітудің тиімділігіне әсер етеді. Кенде ұсақ кластың көп болуы, ерітіндінің үймектен өтуін төмендетеді. Осыған байланысты ұсақ фракцияны жұмырлайды (домалақтайды).

Ұсақ ұнтақталған кендегі сазды фракцияны цементпен және натрий цианидімен 48-72 сағ ұстап жұмырлап, сосын нәтижелері жақсы болады. Жұмырланған материал сапасына әсер ететін факторлар:

-кен құрамының әркелкілік дәрежесі;

-0,074 мм фракция үлесі;

-ылғалдылық;

-ұсатылған өнім ірілігі;

-жұмырлау кезіндегі уақыт;

-жұмырлауға дайындау мен жұмырлау процестерін бақылау;

-жұмырланған кеннің сапасын білу үшін айналмалы барабанда кепкен кен еленеді, сосын ұсақ өнім өлшенеді;

Кейде үйінді түрде еріту алдында ескі қалдық немесе кенмен (-19 мм) араластырып жұмырланады. Жұмырлауға 1 т кенге 2-3 кг ақпіріш жұмсалады.

Жұмырланған өнімде цианидті (1 т кенге 1% цианид) болуы, ұзақ еріту кезінде ерітіндінің үймектен өтуіне мүмкіндік береді.

Материал берік болу үшін кен жұмырланғаннан кейін бірден үймекке жіберілмейді.

Үймекті үю үшін бірнеше қабатты (2-3 м биіктікті төсеп тегістейді, сосын екінші көлбеу қабат және соңғы биіктігі 8-10 м-ге дейін қабатты төсейді. Процесс үздіксіз жүру үшін бірінші үймек бітер кезде екіншісі дайын болуы керек. Сазды және жоғары карбонатты кен үшін (тығыз болғанын)одан ерітіндінің өтуі төмендейді) биіктігі 2-3 есе кішірейтіледі.

- Алаң үлкен болғанда еріту біткеннен кейін кенді қалдыққа шығармай орнында қалдырады. Екінші рет процесс сол кеннің үстінде жүреді. Осындай схема пайдаланған кенді қалдыққа тасу шығындарын азайтады, және алғашқы кенді толық пайдалануға мүмкіндік береді, және металды толығырақ бөліп шығаруға болады.

Алтынды ескі үйіндіден еріту күшті циан ерітінділерімен жүреді, сөйтіп өндірістік процесс тиімді артады. Кейде жеке алаңқайларды басқаларынан бөліп 0,6 м биіктікке көтереді. Процес біткеннен кейін кенді алаңнан шығарып, орнына жаңа кен әкеледі, немесе жаңа үймекті ескінің жанына үйеді. Кейде жаңа үймекті ескінің үстіне үйеді. Кейбір жағдайда ескі үймекке су өткізетін алаң жасайды, кейде еріткіш ерітінді жаңа және ескі үймектен де (e- сін жоғарылату үшін) өтеді.

Практикалық көрсету бойынша үймекті үйгенде, сүзу қасиеті кеннің негізгі массасынан өзгеретін (сазды, бос жыныс) участіктер пайда болады. Бұл сүзудің дұрыс, бір қалыпты жүруін бұзады да, ылғалдылығы жоғары және төмен зоналар пайда болып, үймектің әр бөлігінде бір қалыпсыз ериді.

Үйінді түрде еріту кенді дайындау әдісінің таңдағанда, кеннің текстурасы мен структуралық ерекшелігіне, циан ерітінділері қалай өтетіндігіне көңіл бөлу керек. Үйінді түрде ерітуге өткізгіштік жылдамдығы төмен, циан дау процесін қиындататын кенді пайдалануға болмайды.

Сульфитті гравитациялық және флотациялық концентратты циан дау кезінде қалдықта асыл металдар қалып қояды. Сол сияқты қалдықты бірден қоймаға жібермей, сапасы төмен немесе бай кенмен жұмырлап, үйінді түрде ерітуге жіберу керек.

Қазіргі кезде Au-өңдеуде ірілігі 15-20 мм-ден төмен кенді үйінді түрде ерітуге жіберу керектігін дұрыс көріп отыр.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 641 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2984 - | 2794 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.