Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Желдеткіш толқынының реверсивтілігі. Реверсивті құрылғылар




Желдету қондырғылары кен орны мен кеніш ішін үздіксіз желдете отырып қалыпты атмосфералық жағдай туғызуға арналған. Олар төмендегідей бөлінеді:- Басты желдетпе желдеткіш қондырғылары. - Көмекші. - Жергілікті желдетпе

Басты желдету желдеткіш қондырғылары, тұйық забойдан басқа барлық істегі шахта немесе рудниктерді желдету үшін қолданады. Олар жабық герметикалық оқпан бетінде орналасады. Басты желдету желдеткіш қондырғылары сорып айдаушы жəне аралас желдету схема бойынша жұмыс істейді. Көмекші желдетпе қондырғылардың атқаратын қызметі оқпандар мен оқпан жанындағы камералар, бөлек бөлімшелерде желдетуге арналған. Олар не жер бетінде немесе жер астында орналасады. Жергілікті желдетпе желдеткіш қондырғылары тұйық кенжардағы кен қазындыларында жəне камераларда қолданылады. Желдету қондырғысының реверсивті құрылғысының жұмыс қабілеттілігін ағынды ауыстырмай тексеруді айына кемінде бір рет, механик (энергетик) және шаң - желдету қызметінің басшысы жүзеге асырады. Реверсивті құрылғыларды ағынды ауыстыра отырып тексеруді алты айда бір рет, жұмыс істелінбейтін кезде, шақтаның техникалық басшысының басқаруымен шаң - желдету қызметінің бастығы, шахтаның механигі мен энергетигі уәкілетті органның, авариялық - құтқару қызметінің аумақтық құрылымының өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады және ол аварияны жою жоспарына тігілетін актімен ресімделеді.

Реверсивті құрылғылардың жағдайы, реверстеуді тексеру нәтижелері мен желдеткішті реверсивтілікке ауыстыруға жұмсалатын нақты уақыт шамасы «Желдету қондырғыларын бақылау мен реверсияны тексеру журналына» жазылады. Бас желдету қондырғылары қазбаларға жіберілетін желдету ағынының реверстенуін қамтамасыз етеді. Қосалқы желдету қондырғылары аварияларды жою жоспарымен қарастырылған жағдайларда желдету ағынының реверстенуін қамтамасыз етеді. Желдету қондырғыларын реверстену режиміне ауыстыру 10 мин аспайтын уақытта жүзеге асырылады. Бас қазбалар бойынша реверсивті желдету режимі кезінде өтетін ауа шығыны, олар бойынша қалыпты режимде өтетін ауа шығынының 60 % кем болмайды. Ауа ағынын реверстеу кезінде желдеткіш двигателі бақылауға алынып, оның шамадан тыс жұмысына жол берілмейді. Ауа ағынын реверстеу кезінде тағайындалып, реверстеу актісіне келесі мәліметтер жазылады: 1) желдеткіштің реверсияға дейін және реверсия кезінде түзетін депрессиясы; 2) желдеткіштің реверсияға дейінгі және реверсия кезіндегі өндіру қабілеттілігі (м / с); 3) ағын бағытын өзгертуге жұмсалған уақыт және қалыпты бағытқа кері қайту; 4) ауыспалы ағын кезіндегі желдеткіш жұмысының ұзақтығы; 5) желдету қондырғысы мен реверстеу құрылғыларында байқалған барлық ақаулар.
8. ҚР ӨҚ тау кен қазбаларындла желдетуге талаптар.

1) басты желдеткіш қондырғылары екі жеке тұрған желдеткіш агрегаттардан, сонымен бірге бір қосымша агрегаттан тұруы қажет; газ бойынша қауіпті емес жұмыс істеп тұрған кеніштерде резервті қозғалтқышымен бір желдеткішті агрегаттар қондырғысына рұқсат етіледі; 2) барлық кеніштердің басты желдеткіш қондырғылары электрлік қосалқы бекеттер мен электр бекеттерімен жалғанған екі электрлік күшті желілері болуы қажет. Газ жарылысы қауіпі жоқ кеніштерде және газ бойынша I категориялы кеніштерде басқа қондырғылардың тарату пункттерінен желдеткіштің қоректенуіне, егер желдеткіштің қосынды жүктемесін және басқа қондырғыларды қанағаттандыратын болса, рұқсат етіледі; 3) әрбір желдеткіштік қондырғыға машинист қызмет етеді. Машиниссіз жұмысқа, егер жеке жағдайларда желдеткіштің және қашықтан басқару жұмыстарының кез келген ауытқуы туралы автоматты дабылдар болған кезде рұқсат етіледі; 4) желдеткіш қондырғыларды жүйелі түрде тексеруді кеніштің бас механигі немесе оның көмекшісі тағайындаған жұмыскер тексеруден өткізеді. Тексерулер нәтижесі «Желдеткіш қондырғыларды тексеру мен реверсирлеу жұмыстары» кітабына жазылады. 2 жылда бір рет арнайы ұйымдармен басты желдеткіштік қондырғыларға жөндеу жұмыстары мен ревизия жүргізіледі; 5) желдеткіштердің тоқтап қалуы мен олардың жұмыс режимінің өзгеруі, тек апаттық жағдайлардан басқа уақытта, тек қана директордың немесе кеніштің бас инженерінің, ТҚ учаскесінің басшысының жазбаша тапсырмасы бойынша ғана жүргізілуі мүмкін; 6) электр энергиясының берілуі тоқтаған жағдайда немесе ақаудың салдарынан кенеттен желдеткіш тоқтап қалған жағдайда, дереу диспетчер арқылы бас инженерге, бас механикке, ТҚ мен ЖТИ учаскесінің басшысына хабарлау қажет; 7) егер желдеткіштің тоқтап қалуы 30 минуттан көп болса, онда адамдар қазбалардан жылдам арада таза ауаға шығарылуы қажет. Жұмысты қалпына келтіру жұмыстары тек қазбаны желдеткеннен кейін және тазарту жұмыстары және бақылаушылардың тексеру жұмыстарынан кейін ғана қалпына келтіріледі.

13. Шахталық көтерім үшін қазіргі кезде техникада кездесетін тасымалдау механизмдерінің конструкцияларының ішінде ең ұтымдысы - жүкті үзіліспен беретін сым арқанды көтерім қондырғылары. Мұндай құрылғылардың кемшілігі, үзіліссіз беретін тасымалдау құрылғыларымен салыстырғанда (элеваторлар, конвейерлер) қондырылған қозғалтқыштардың қуаттарының көтеріңкілігінде. Бірақ көтерім үшін элеватор тектес құрылғылар қолдану шахталық жағдайда ұтымсыз, себебі бұл құрылғыларда көзден таса, жөндеуді күрделендіретін бөлшектер көп болғандықтан олардың жұмысы сенімсіз. Сонымен қатар мұндай құрылғылардың механикалық бөліктері қымбат келеді (арқандылармен салыстырғанда) және бүкіл көтерім кешенін орналастыру күрделенеді (қозғалтқыштарды орналастыру және бірнеше қозғалтқыштардың синхронды жұмысы). Сондай-ақ, арқанды көтерім құрылғыларының жалпы П.Ә.К-і элеваторлардан жоғары. Шахталық көтерімді жетілдірудегі негізгі бағыттар қандай? Тау-кен өндірісін жетілдіру ТМД елдерінде де, шет елдерде де ірі жоғары өнімділікті шахталар мен кеніштер тұрғызу бағытында жүргізілуде. Руда өндірісінде соңғы бірнеше он жылдықтарда жүк көтергіштігі 25-50 т-ға дейінгі скипті, жоғары өнімділікті көп арқанды көтерім құрылғыларының биіктігі 1600 м-ге дейін, ал көтерім ыдыстарының қозғалыс жылдамдығы 12 – 18 м/с-ке жетеді. Шет елдердегі тау – кен өндірісінің жалпы даму бағыты, көтерім ыдыстарының жүк көтергіштігін (35 т және жоғары) және қозғалыс жылдамдығын (20 м/с – ке дейін) көтерумен, яғни, көтерім қондырғыларын жалпы ірілендірумен (өнімділік пен қуатты өсіру) сипатталады. Соңғы кездері шет елдерде көтерім қондырғыларын жетілдіру қабылданған техникалық шешімдердің негізгілерін келесідей сипаттауға болады: - шахталық көтерім жүйелерінің дамуы, көп арқанды көтерім қондырғыларын кең қолданумен сипатталады; - көтерім қондырғыларының өнімділігін жоғарылатуға ұмтылыс көтерім ыдыстарының көлемін (жүк көтергіштігін) өсіруге соқтырады. Швецияда барлық ірі кеніштер мұнара тектес діңдерге қондырылған, жетекші үйкеліс шкивті көтерім машиналарымен жабдықталған. "Кируна" кенішінде ірі көтерім кешені бірбірінің жанында орналасқан он скиптік көтерім қондырғыларынан тұрады. Олар төрт және алты арқанды үйкеліс шкивті көтерім машиналарымен жабдықталған. Ол кеніш үшін жүк көтергіштігі 60 т. (бір скиптік) 12-арқанды көтерім машинасы жобаланған. Көтерім қондырғыларының көпшілігі айнымалы тоқты жетектермен жабдықталған (65%), бірақ жақын арада бұл қатынас тұрақты ток жетектерінің пайдасына өзгереді. Г-Д жүйесіндегі тұрақты ток жетегі ТМД елдерінде де, шетелдерде де ірі көтерім қондырғыларында кең қолданыс тапты. Реттелушілік сипаттамалары бойынша мұндай жетек басқа түрдегі жетектермен салыстырғанда артықшылықтарға ие. Тұрақты токты қозғалтқыштарды қоректендіру үшін соңғы жылдары күшті басқарылатын жартылай өткізгіштерді пайдаланады (тиристорларды).

Осылайша, шахталық көтерімді жетілдірудің негізгі бағыттары – көтерім ыдыстарының көлемін және көтеру жылдамдығын жоғарылату арқылы жекелеген көтерім қондырғысының өнімділігін өсірумен, жетектің ұтымды түрлерін қолдануда және барлық операцияларды автоматтандыруда болып табылады. Көтерім қондырғысының сұлбасы. Әр көтерім қондырғысы тау-техникалық ғимараттардан және көтерім жабдықтарынан тұрады (15.1-сурет). Тау-техникалық ғимараттарға келесілер жатады: 1) оқпан албарында орналасқан және жер асты көлігімен көтерім арасында байланыстырғыш буын болып саналатын оқпан маңындағы ғимараттар; скиптік көтерім үшін олар тиегіш бункерден және аударғышқа арналған тұғырдан (камера) тұрады; клеттік көтерім үшін – итергішпен немесе өзі дөңгелейтін ылдимен жабдықталған, қабылдау алаңшалары; 2) бағыттағыштар бекітілген шахта оқпаны; 3) дің (онда шкивтер, төгу қисықтары қондырылған) және қабылдау бункерінен тұратын шахта бетіндегі ғимараттар.

Көтерім ыдыстары. Рудалар мен жыныстарды көтеру, адамдар мен материалдарды түсіріп-көтеру арнайы көтерім ыдыстарымен атқарылады. Олар конструкциялары бойынша келесі түрлерге бөлінеді: бадьялар, скиптер және құрама ыдыстар. Бадьялар. Оқпандар мен шурфтарды жүргізгенде және терендеткенде қолданылатын, жыныстарды көтеруге, материалдарды түсіруге, адамдарды көтеріп – түсіруге арналған әмбебап көтерім ыдысы. Бадьяларды сондай-ақ апат жағдайында, оқпандағы қысылыстан арнайы апаттық көтерімді орналыстыру мүмкіндігі жоқ жағдайда қолданылады. Бадья (15.4 сурет) пісірілген қораптан және дужкадан тұрады. Бадьяның қорабы 6-8 мм, ал табаны 10-12 мм болаттардан жасалады. Клеттер. Қазіргі заманғы шахталарда клеттік көтерім адамдарды көтеріп-түсіруге, жыныстар мен материалдарды көтеруге арналған көмекші көтерім ретінде қолданылады. Клеттер негізгі көтерім ыдыстары ретінде өнімділігі аз, терендігі төмен шахталарда кездеседі. Кеніштік көтерімде қолданылатын клеттер төменгідей бөлінеді: аударылмайтын және аударылатын. Аударылмайтын клеттер өз кезегінде бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді. Тік шахталарға арналған көтерім клеті болатпен көмкерілген металл каркас түрінде болып келеді де келесі нәрселермен жабдықталады: бағыттағыш башмақтармен, темір жол торпағымен (коллеясымен), тоқтатқыш және парашюттық құрылғылармен. Қауіпсіздік ережелеріне (ҚЕ) сәйкес клеттер екі жағынан ішке ашылып, сырттан бекітетін діңгекті есіктер, адамдарды оқпанға құлаған жыныстардан және т.б. қорғайтын төбеде шатыр жасалуы тиісті. Клеть шатырын ішіне сыймайтын заттарды көтеруге ыңғайлы ету үшін, сондай – ақ апат жағдайында адамдардың клеттен шығуы үшін ашылатындай етіп орындайды. Вагонеткалар клеттің ішінде арнайы тұтқалы ұстап тұрғыш құрылғымен бекітіледі. Клетті сырға мен коуштан, діңгектен, қорғағыш шынжырдан тұратын қыстырғыш құрылғы арқылы арқанмен жалғастырады. Діңгек арқанға клеть салмағы мен жүктен түсетін күшті береді. Негізгі діңгек пен шынжыр ең жоғары статикалық салмақтан 13 – есе артық күшке есептелуі тиіс. Бағыттағыш башмақтар орналасулары бойынша төмендегідей болып бөлінеді: шеткілік, бір жанынан және екі жағынан. Скиптер. Скиптер пайдалы қазындыларды көтеруге арналған негізгі ыдыс болып саналады. Скиптердің салмағы шамамаен жүктің салмағына тең, ал клеттік көтерімде жүк, жалпы салмақтың 1/3 –ін ғана құрайды. Сондықтанда скиптік көтерімде қозғалтқыш қуаты, электр энергиясының шығыны және көтерім қондырғысының механикалық бөлімінің құны төмендейді. Скиптер өздігінен аударылады, яғни шахта үстінде үлкен ғимараттар қажет емес.

14. Арқан көтерім қондырғысының иілгіш тарту мүшесі болып табылатын жауапты элементі. Қазіргі кезде ТМД елдерінде кеніштік көтерім қондырғыларында тек болат арқандар қолданылады. Олар органикалық немесе металл өзектің айналасында бұрандалық сызықпен өрілген өрімдерден тұрады. Арқан өрімі, өз кезегінде, өз өзегіне оралған сымдардың бірнеше қабаттарынан тұрады.Арқан сымдары таза немесе мыршталған болаттардан жасалып ([ ] вр,2 421,ГПа немесе 140-220 кг/мм), тұтқырлық қасиеттеріне байланысты үш түрге бөлінеді: В(жоғарғы), Т және П. Адамдарды көтеріп-түсіруге арналған арқандар В-түрлі сымдардан, ал қалғандары Т және П-түрлерінен жасалады. Мыршталған сымдар ұзақ мерзім қызмет етеді, себебі мырыш қабаты оларды коррозиядан корғап, сым арқандарындағы үйкелісті азайтады. Кеніштік көтерім қондырғылары үшін сапасы, конструкциясы және өрімі бойынша 7668-80 мемлекеттік стандартына сәйкес келетін болат арқандар қолданылады. Арқан сымдарының диаметрі 0,5-тен 4,0 мм-ге дейін қабылданады. Арқан сымдары таза болат және мырышталған болуы мүмкін. Тың қабаттары (целиковые покрытия) үш топқа бөлінеді: ЛС – жеңіл жағдайда жұмыс істейтін арқандар үшін; СС – орташа жағдай үшін; ЖС – ауыр жағдай үшін. Көлденең қимасының пішіні бойынша арқандар жалпақ және дөңкелек болып бөлінеді. Жалпақ арқандар төрт өрімді стренгалардан (әдетте 8) тұрады. Олар қатар орналасып жіңішке трос тәріздес арқаумен тігіледі. Стренга – күрделі конструкциялы арқанның құралдық бөлігі болып саналатын, қос өрімді арқан. Стренгаларды сол және оң өрімдермен кезектестіріп жатқызады. Олардың артықшылығы, бұралмайды бірақ арқаулары желініп істен тез шығады. Сонымен қатар, пайдалану барысында салмақтың арқан ені бойынша біркелкі бөлінбеуі себебінен кейбір стренгалар өзгелерінен артық созылады. Мұндай арақандардың қызмет мерзімі дөңгелек арқандармен салыстырғанда 2 еседей кем. Жалпақ арқандар көтерімде аяққы арқан (хвостовые) ретінде қолданылады. Дөңгелек арқанның диаметрі – деп, оның көлденең қимасының сыртында сызылатын шеңбердің диаметрін түсіну керек. Дөңгелек арқандар бір, екі және үш өрімді болып жасалады. Бір өрімді арқандар өзекшеден, оның сыртында бірнеше қабат өрілген сымдардан тұрады. Сымдар бірдей диаметрлі дөңгелек, әр түрлі диаметрлі дөңгелек, пішінді болулары мүмкін. Екі өрімді арқандар бір қатарлы және көп қатарлы болады. Олар бір бағытта параллель немесе крест тәріздес өрімдермен жасалады

19 Қоспаларды дайындау үшін жеке жабдықтар қазіргі кезде тау-кен өндірісінде электр энергиясымен қатар сығылған ауа энергияс дакең пайдаланылады. Кеніш ауалық қондырғылары қуатты энергетика кешені болып табылады, ондағы компрессорлардың жетектік қозғалтқыштарының анықталған жиынтық қуаты 5-10 мВт – ты құрайды.

Тұрақты қондырғылардың жоғары энергия сыйымдылығы оларды дұрыс пайдалануға жене оңтайлы режимде жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың үнемділігіне жоғары талаптар қояды. Тұрақта машиналар П.Ә.К. – ін тек 1 % - ға көтеру миллиондаған киловатт-сағат электр энергиясын үнемдейді. Алғашқы сорғылар мен желдеткіштерді ойлап шығару тарихы ерте заманнан басталады. Сорғылардың қарапайым түрлері (поршендік) сонау Аристотель уақытынан (б.з.- дейінгі IVғ.) белгілі және қолданылып келді. Адамдар немесе мал бұлшық еттерінің күшімен қозғалысқа келтірілетін су көтергіш машиналар, ежелгі біздің заманға дейінгі бірнеше мың жылдар бұрын қолданылған.

Толтырма қондырғылар олардың қондырғылар және есептемесі шахтаның сумолдылығы абсолютті немесе салыстырмалы мәндерде көрсетіледі.

Абсолютті сумолдылық немесе шахтадағы су жиылысы – деп, уақыт бірлігіндегі барлық қазбалардан келіп түсетін судың мөлшерін айтады. Ол м3/сағ. немесе м3/тәулікпен белгіленеді. Су жиылмасы шахтаның сумолдылығын толық сипаттай алмайды және олардың жұмысын салыстырмалы бағалау болып саналады, себебі шахталар пайдалы қазындылардың әртүрлі мөлшерін берулері мүмкін. Сондықтан да салыстырмалы сумолдылықты да ескеру керек. Салыстырмалы сумолдылық немесе сумолдылық коэффициенті – деп м3 немесе тоннамен көрсетілген жылдық су жиылымының бір жылда өндірілетін пайдалы қазындының тонналық мөлшеріне қатынасын айтады.

А K QГ ×=1000r,

мұндағы QГ – судың жылдық жиылымы, м3 (т); ρ –судың тығыздығы, кг/м3; А – пайдалы қазындының жылдық өнімділігі, т. Жаңа кеніштерді жобалағанда немесе ескілерін қайта құруда сумолдылық коэффициеннтін пайдаланады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 598 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2514 - | 2362 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.