Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тәжірибелік сабақты жүргізуге әдістемелік нұсқаулар




Семинар сабағы тақырып бойынша дәріс сабағында алынған білімдер мен студенттің өз бетінше қосымша оқып білген білімдерін талқылап, қорыту үшін арналған. Семинар сабағының тақырыбы өте ауқымды, ал сабаққа бөлінген сағат көлемі өте аз болғандықтан, сондай-ақ кредиттік технология бойынша, оқытудың талаптары бойынша білім алу барысында студенттің өздік жұмысына көбірек көңіл бөлінуі қажет екендігіне, курсты меңгеру барысындағы жетістікке қол жеткізу, ең алдымен студенттің оқу белсенділігінде екенігіне байланысты осы тақырыпты толығырақ әрі тереңірек ұғыну үшін ұсынылған SYLLABUS-та көрсетілген барлық талаптарға сәйкес тапсырмаларды орындауыңыз, ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімімен танысуыңыз қажет болады. Төменде барлық семинар сабақтарына бірдей дайындалу жөніндегі жалпылама әдістемелік нұсқамалар беріледі.

1. Коллоквиум - тақырып бойынша тапсырылатын ауызша бақылау, бұл әдетте, студенттердің оқытушының алдына жеке жеке келіп тақырып бойынша сұрақ қою-жауап беру нысанында жүргізіледі. Белгілі бір тақырып бойынша коллоквиум нысанында көзделген тапсырмасын орындау үшін Сіз дәріс сабағы барысында алған білімдеріңізді толықтыру және нығайтып бекіту мақсатында ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздермен танысуыңыз қажет, соның нәтижесінде ғана тақырып бойынша коллоквиум барысында өзіңізден оқытушы сұрап қалуы мүмкін сұрақтарға жауап бере аласыз. Коллоквиум барысында қойылған сұраққа қысқа да нұсқа түрде (яғни, оқулықта не мақалада кездесетін басқа автордың ой қорытындысын, ұғымды түсіндіру барысында келтірілген мысалдарыд сөзбе-сөз қайталап айтудың қажеті жоқ) тақырыптан өзіңіз ұққан ережелерді қысқаша айтып жеткізу арқылы жауап беріңіз, бірақ ең бастысы қойылған сұраққа мазмұны ашылған әрі дұрыс жауап берілуі тиіс.

Коллоквиум нысанындағы тапсырмасына дайындалу үшін Сіз келесідей іс-әрекеттер жасауыңыз қажет:

- Коллоквиумға ертерек қамданып дайындалыңыз, яғни, коллоквиум ертең деген күні ғана бір күн (түн) ішінде апыл-ғұпыл дайындалмаңыз. Себебі, тым асығыс әрі тез қарқынмен оқыған жағдайда мәліметті ұғына да алмайсыз, сол сияқты есте сақтап қалуыңыз екі талай;

- Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтінін мұқият оқып шығыңыз;

- Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз;

- Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала, оқу құралы, т.б.) мұқият оқып шығыңыз;

- Семинар дәптеріңізде жазылған осы тақырыпты қамтитын конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз;

- Коллоквиумға дайындалу барысында өзіңіз қойылуы мүмкін сұрақтардың тізімін анықтап алыңыз да, осы бақылау сұрақтары бойынша өз біліміңізді өзіңіз тексеріп алыңыз.

 

2. Реферат – ол бір немесе бірнеше ақпарат көздерінен нақты бір тақырып бойынша жинақталған мәліметтерден құралған баяндама. Реферат ғылыми жұмыстың, мақаланың және т.б. мазмұнын баяндау болып табылады

Қарастырылатын сұрақтар ішінен бір тақырыпты таңдап, білімдеріңізді толықтыру және нығайтып бекіту мақсатында ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінде көрсетілген қайнар көздермен танысуыңыз қажет; соның нәтижесінде ғана А4 форматты ақ қағазға тақырыптың мазмұнын толықтай ашатын мәліметтерді қамтитын, қысқа да нұсқа түрде (яғни, оқулықта не мақалада кездесетін басқа автордың ой қорытындысын толығымен, ұғымды түсіндіру барысында келтірілген мысалдарды сөзбе-сөз көшірудің қажеті жоқ) тақырыптан өзіңіз ұққан ережелерді қысқаша жазып алыңыз, бірақ ең бастысы-тақырыптың мазмұны ашылып қана қоймай, Сіздің осы тақырып жөніндегі өз ой-пікіріңізді білдіруі тиіс.

Реферат жазуға қойылатын негізгі талаптар:

- А4 форматты ақ қағазға рефератқа қойылатын барлық талаптарды ескере отырып, мәтінді жазыңыз. Реферат қағазының форматы келесідей болуға тиіс: үстіңгі және астыңғы жағы 2 см., сол жағы 3 см., ал оң жағы 1,5 см. Егер мәтін компьютерлік терілімде орындалған болса, шрифт –Times New Roman, интервал 1 см., абзац 1,25 см, Жалпы көлемі – 15-18 бет көлемінде, қолданылған әдебиеттер тізімі 20-25 көзден (3-жылдан аспаған жаңа әдебиеттер) тұруы тиіс;

- Рефераттың құрылымы: бірінші беті (титулка), жоспары, кіріспе, мәтін, қорытынды, қолданылған әдебиет тізімі, қосымша (қосымша тіркелсе ғана);

- Реферат құрылымының әрбір элементіне қысқаша сипаттама төменде беріліп өтеді. Әрбір бөлім (кіріспе, 1 бөлім, 1.1 бөлімшесі,…..қорытынды, қолданылған әдебиет тізімі, қосымша) жаңа беттен басталуы тиіс;

- Реферат жазу барысында мәтінді жоспарға сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерге бөлу және сол бойынша мәтінді жазуға қажет. Реферат мәтіні бір-бірімен тығыз әрі логикалық байланыста болатын бөлімдер мен бөлімшелерден тұруы қажет.

- Мәтінді жазу барысында маңызды ұғымдардың анықтамаларын берген кезде, оның астын сызып не оны өзге түсті қаламмен жазып не өзгеше әдіспен ерекшелендіріп қойыңыз;

- Реферат жазу барысында ресми бекітілген қысқартуларды қоспағанда, жиі кездессе де сөздерді қысқартуға болмайды, себебі: бұл орайда рефераттың мәтінінің мәні мен мазмұны өзіңізге де, өзге адамға да ұғынықсыз болып қалады.

- Рефератты жазу барысында қандай да бір қайнар көзден цитата болсын, белгілі бір автордың ой пікірін алған болсаңыз, міндетті түрде сол қайнар көзге сілтеме жасаңыз, мысал, [1, 25б.].

- Егер топтағы студенттер саны көп болса, рефератты 2 адамнан бірігіп дайындауға және қорғауға болады. Регламент 5-7 минут.

 

 

3. Дискуссия өткізуге дайындалу барысында қарастырылатын сұрақтардың барлығын қамтитын, бірақ тақырыптан ауытқымайтын, дәріс сабақтары барысында жинап қорытқан білімдеріңізді нығайтуға, бекітуге және жетілдіре түсінуіңіз қажет. Сонымен қатар дискуссия барысында оның өткізілу талаптарына сәйкес өз нақты әрі қысқа да нұсқабілдіруге, басқа қатысушылардың ой-пікірін құрметпен тыңдай алуыңыз, олардың сөзін бөлмей, айқын құрмет көрсетпеушілікке жол бермеуіңіз қажет.

Дискуссия нысанындағы сабақты өткізу талаптары:

- Осы тақырып жөніндегі дәріс мәтінін мұқият оқып шығыңыз;

- Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысыңыз;

- Ұсынылған әдебиеттердің ішінде бірнеше қайнар көздерді (оқулық, мақала, оқу құралы, т.б.) мұқият оқып шығыңыз;

- Семинар дәптеріңізде жазылған осы тақырыпты қамтитын конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз;

- Дискуссия тақырыбы ретінде шығарылған мәселеге қатысты өз ой-пікіріңізді және оны дәлелдейтін дәлелдеріңізді қалыптастырыңыз;

- Дайындалу барысында осы тақырып бойынша дискуссия барысында қойылуы мүмкін сұрақтарды және талқылануы мүмкін мәселелерді анықтап алыңыз, сонымен қатар сол сұрақтарға жауаптарыңызды, өз ой-пікіріңізді негіздейтін әрі дәлелдейтін дәлелдеріңізді іздестіріп қалыптастырып көріңіз.

 

4. Презентация - бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін қарастырылатын сұрақтар ішінен нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценарийі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Тапсырма көлемі: Презентация бойынша слайдтар кем дегенде 10 беттен тұруы тиіс. Слайдқа тақырыптың негізгі аспектілерін түсіріп, ақпаратты сызба-нұсқа, кесте түрінде көрсету керек, сонымен қатар соңында ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет. Егер топтағы студенттер саны көп болса, 2-3 адамнан бірігіп, презентация дайындауға және қорғауға болады. Регламент 5-7 минут.

 

5. «Ми шабуылы» ұжымның шығармашылық қызметін белсендірудің әсерлі әдісіне жатады. Сын және қорқыныш ойлануды тежейді, шығармашылық үрдісін шырмайды, сондықтан әдіс негізгі идеясы осыларға негізделген. Осыны ескере отырып, критикалық бағалауды және жорамалдарды ұсыну уақытын бөлу ұсынылады. Бұл екі үрдісті әр түрлі адамдар жүргізуі қажет.

Негізгі әдістер ережелері:

- идеяны тұжырымдауға кедергі жасайтын, ешқандай ескертулер және критикалық айтылулар болмауы қажет;

- неғұрлым ерекше ой болса соғұрлым жақсы ойларды ескеру;

- көп ұсыныстарды қамтуға тырысу;

- ойлар комбинациясы және оларды жетілдіру;

- жайылған дәлелдемелерсіз қысқа ұсыныстар;

- топты ойларды генерациялайтындарға және өңдеушілерге бөлу керек.

Бұл әдіс аргументтеуге яғни, өзінің көз қарасын қорғауға, әртүрлі жағдайларда оптималды шешім табуға, қарым-қанынас құруға, қарсыластарына өзінің айқын позициясына иландыруға үйретеді.

Топ студенттері тақырыпты талқылауға барлығы қатысуын оқытушы қадағалайды, қабылданбайтын түсініктеме немесе қайтару еш жауапқа берілмейді. Топта ешқандай жауап варианттары болмағанда, талқылауға кірісуге болады. Студенттер оқытушымен бірлесе барлық варианттарды белсенді талқылай бастайды. Осы жағдайда дұрыс емес жауаптар сынды анықтала бастайды және дұрыс емес вариантқа сынды қатынас негізделеді. Одан кейін оқытушы студенттердің білімін бекіту үшін дұрыс жауаптарды жазуға ұсынады.

Әдіс мақсаты – студенттердің білгенін,анықтамаларын, қысқа мерзімде көптеген вариантта алу болып табылады. Осының барысында мәселелерді шешетін ойлар ұсынылуы мүмкін, жалпы тәжірибеге көзқараспен алмасу құрылымы құралады және студенттердің тілектері айтылады. Топқа тақырып берілу, сұрақ немесе аяқталмаған ұсыныс үрдіс мәні болып табылады. Бірнеше минут ағымында топта тақырып айтылады, ойларындағыны айтады және олардың барлығы тақтаға немесе дәптерге жазылады.

 

6. Пікір алмасу әдісі семинар-тренингтің барлық кезеңдерінде бірдей орын алады. Әрбір тақырыпты талқылау барысында тренер қатысушылардың ой-пікірлерін сұрап отырады, әйтпесе оқыту үрдісі тек біржақты ғана болады, бұл, өз кезегінде, ешқандай да нәтижеге әкелмейді. Тренер қатысушыларға қоятын сұрақтарын алдын ала жоспарлап алуы тиіс. Әрі әрбір сұрағының мақсатын білуі керек. Сұрақтар, алдымен барлық топқа, тек содан соң ғана жеке-жеке адамдарға қойылады. Не «ия», не «жоқ» деп қана жауап беретін сұрақтарды қоймаған жөн. Мұндай жабық сұрақтар дискуссияны тығырыққа тіреуі мүмкін. Сұрақ қойған кезде, оған жауап беріп жатқан адамды бөліп тастауға немесе оған қарсы жауап беруге болмайды. Жауап қайтарған адамдарға міндетті түрде алғыс білдіру керек. Қате, дұрыс емес жауаптар болған жағдайда, бірден олардың қате екендігін айтуға болмайды, мұндай жағдайда қосымша сұрақтар қойып, адамды пікір алмасуға шақыру керек. Қатысушылар тарапынан қойылуы мүмкін сұрақтарды алдын ала ойластырып, оларға жауаптар дайындап қою қажет.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 704 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2241 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.