ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пән | Фармакология |
Пән коды | Farm 2209 |
Мамандығы | 5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі» |
Сағат саны | 45 (1 кредит) |
Курс | |
Семестр |
Оқу жылы
Әдістемелік нұсқау кафедраның әдістемелік мәжілісінде қаралып бекітілді
«__________» _____________2016ж
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Керимбаева З.А.
Тақырыбы: Жалпы фармакология. Дәрілердің фармакокинетикасы және фармакодинамикасы. Жалпы токсикология сұрақтары.
2. Мақсаты: Дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы түсінікті менгеру (әсерінің механизмі, қолдану көрсеткіштері, қолдануға қарама қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.)
3. Оқыту мақсаты:
· Препараттарды фармакокинетикалық турғыдан қарастыру: енгізу жолдары, әсер ету механизмі, таралуы, биологиялық кедергілер, биотрансформациясы, экскреция және элиминациясы.
· Фармакокинетикалық параметрлерін фармакокинетиканың үрдістерін модельдеу үшін қолдану: биосіңімділік, биоэквивалентттілік, жартылай шығарылу кезеңі, таралу көлемі, клиренс.
· Дәрілердің фармакодинамикасын препараттарды тиімді таңдауда пайдалану.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Фармакологияның анықтамасы және міндеттері.
2. Дәрілік құралдардың фармакокинетикасы. Дәрілерді ағзаға енгізудің жолдары.
3. Дәрілердің сіңірілуі: механизмі, сіңірілуге әсер ететін факторлары.
4. Заттардың ағзада таралуы. Биологиялық кедергілер.
5. Фармакокинетикалық көрсеткіштері: Биосіңімділік және биоэквиваленттілік.
6. Дәрілік құралдардың фармакодинамикасы.
7. Дозаның түрлері: босағалық, орташа, жоғары терапевтикалық, бір реттік, соққы, тәуліктік курстық, уытты, өлім дозасы. Орташа терапевтикалық доза, терапевтикалық индекс, тераепвтикалық әсердің кеңдігі.
8. Кумуляция, сенсибилизация, үйренгіштік, тахифилаксия, дәрілік тәуелділік.
9. Дәрілік құралдардың өзара әсерлесуі. Синергизм, потенцирлік, аддитивтілік. Антагонизм, антидотизм.
10. Дәрілік заттардың ағзаның қасиетімен, жасынан, жынысынан, генетикалық факторлардан тәуелділігі.
11. Дәрілердің фармакологиялық әсеріне биоритмдердің тигізетін ықпалы. Хронофармакология, анықтамасы.
12. Дәрілердің жағымсыз әсерлері: аллергиялық емес жанама әсерлер; препараттың дозасының артып кетуімен байланысты уытты әсерлер; аллергиялық типтегі әсерлер; ағзаның сезімталдылығының төмендеуімен пайда болатын әсерлер; таңдамалы және уытты әсерлердің пайда болуы (эмбриотоксикалық; теротогендік; фетотоксикалық; мутагендік; канцерогендік әсерлер); генетикалық факторлар (идиосинкразия және т.б.)
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презинтациялар, кейс-стади)
6. Әдебиет:
7. Бақылау:
Тапсырма №1
Таблицаны толтырыңыз
№ | Енгізу жолы | Әсер басталатын ұақыты | Қандағы концентрациясы | Биологиялық фильтрациясы | Дәрілік түрлер |
Күре тамырға | |||||
Бұлшық етке, тері астына | |||||
Ингаляциялық | |||||
Ішке | |||||
Ректалды |
Тақырыбы: М, Н- холинорецепторларға әсер ететін дәрілік заттардың негізгі фармакологиялық әсерлері. Антихолинэстеразалық заттар. Негізгі қолдануға көрсетілулері, жанама әсерлері. Улану, көрсетілген көмектер
2. Мақсаты: Холинергиялық дәрілердің фармакологиялық қасиеттерін меңгеру (холинергиялық дәрілердің әсерінің механизмі, қолдану көрсеткіштері, дәрілердің қарам қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.)
3. Оқыту мақсаты:
· Холинергиялық дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерін білу.
· Дәрілердің қолдануға ыңғайлы түрлерін, енгізу жолдары мен әдістерін таңдау.
· Холинергиялық дәрілерге рецептер жазу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Холинергиялық дәрілердің жіктелуі. М,Н – холинорецепторлардың ағзада орналасуы
2. М, Н-холиномиметиктер. Жіктелуі, жалпы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері, Жанама әсерлері. Жедел улануларында қолданылатын ем.
3. Антихолинэстеразды дәрілер. Жіктелуі, жалпы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері, Жанама және уытты әсерлері. Жедел улануларында қолданылатын ем.
4. М-холиномиметиктер. Жіктелуі, жалпы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері, Жанама және уытты әсерлері. Мускариннің уытты әсері уланудың емі.
5. М-холиноблокаторлар. Жіктелуі, жалпы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері, Жанама және уытты әсерлері. Атропинтектес препараттармен улануды емдеу, көрсетілетін көмек.
6. Н – холиномиметиктер. Жіктелуі, жалпы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері, Жанама және уытты әсерлері. Пассивті темекі шегу туралы түсінік. Ағзаға темекінің әсері. Никотинмен жедел және созылмалы улану, көрсетілетін көмек.
7. Ганглиоблокаторлар. Әсер ету механизмі. Деполяризациялық және антидеполяризациялық дәрілер.
8. Миорелаксанттар (кураре тәрізді құралдар). Жіктелуі. Әсер ету механизмі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презинтациялар, кейс-стади)
6. Әдебиет:
7. Бақылау:
Бағдарлама бойынша препараттар.
Карбохолин, ацетилхолин, пилокарпин гидрохлориді, прозерин, ацеклидин, атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты, цититон, лобелин гидрохлориді
Дозасын білу қажет препараттар:
Ацетилхолин, пилокарпин гидрохлориді, атропин сульфаты, цититон
Рецепт түрінде жазу.
1. Глаукоманы емдеуге арналған М – холиномиметик.
2. Ішек атониясында қолданатын М-холиномиметик.
3. Миастения мен параличте қолданатын антихолинэстеразды дәрі.
4. Гипертониялық кризде қолданылатын құрал.
5. Басқарылатын гипотензияда қолданылатын құрал.
6. Өкпе ісігінде қолданылатын құрал.
7. Хирургияда қолданылатын миорелаксант.
8. Бронх демікпесін емдейтін дәрі.
9. Гиперацидті гастритте қолданылатын құрал.
Сұрақтарға жауап беру:
Вариант -1
1. Полиемиелиттен кейінгі қозғалғыш активтілігін орнына келтіретін антихолинэстеразды дәрі.
2. ФОҚ уланған кезде қолданатын реактиваторлар тобындағы дәрі.
3. Тынысты рефлекторлы түрде қуаттандыратын дәрі.
Вариант -2
1. Көз жағар майы түріндегі М – холиномиметик.
2. Паркинсон ауруын емдейтін дәрі.