Саясаттану» пәнінен семинарлық сабақтардың жоспары
Семинар сабақтарға дайындауға әдістемелік нұсқау
Кіріспе
Саясаттану пәнінен семинар сабақтары саясаттану пәні курсының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Семинар сабағының негізгі мақсаты – саяси жүйенің ерекшеліктерін, өзекті мәселелерін, жүйелік проблемаларын терең зерттеу болып табылады. Бұл саясаттану пәнінің семинар сабақтары негізгі беітілген саясаттану пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жасалынған. Жоғарғы оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған бұл семинар сабақтары қоғмдағы саяси процестерде болатын құбылыстарды ескере отырып жасалынған. Семинар сбағының жоспарында, құрылымында саяси құбылыстар жүйелік түрде құрастырушы элементтер, саясаттың обьектісі және субьектісі ретінде құрастырылған. Құрастырылған бағдарламада алдымен пәннің мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Тақырыптық семинар жоспарында сабақтың мақсаты, қысқаша мазмұны, қарастырылатын сұрақтар, тақырыпта кездесетін негізгі терминдер, семинар тапсырудың білімгерлреге арналған бақылау сұрақтары және қажетті пайдаланатын негізгі әдебиеттер мен қосымша әдебиеттер тізімі берілген. Алайда білімгер бұл берілген тапсырмаларды және әдебиеттерді кеңейтіп толықтыра алады. Құрастырылған семинар сбағын орындауға арнлған әдістемелік нұсқау білімгерлреге қажетті бағыт-бағдар беруші көмекші құрал болып табылады.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Саясаттану пәні жоғарғы оқу орныдарында оқытылатын пәнаралық ғылым болып табылады. Оның ішінде саясаттану құқықтану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдармен байланысып, негізгі мазмұнын құрайды. Саясаттану ғылымы білімгерлерге әлуметтік ортадағы оқиғалар мен процестерді түсінуге және болжауға көмектеседі.
Курс мақсаты:Саясаттың ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, саяси институттардың қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру. Сонымен қатар білімгерлерге қоғамдағы болып жатқан саяси-әлуеметтік құбылыс пен процестерді ұғынуға, сонымен қатар тереңдетілген теориалық білім алуға көмектесу.
Курс міндеті:
1. Білімгерлерге пән бойынша ғылыми әдебиеттер негізінің әдістемесін игеруге көмектесу;
2. Талдау жүргізу тәсілдерін меңгеруге, саяси әртүрлі ғылыми тұжырымдамалар құруға көмектеседі;
3. Саяси білімді қоғам өмірінде пайдалану үшін үйрену мен бейімделуге көмектеседі;
4. Саяси сараптама, талдау жасау, түрлі ғылыми тұжырымдамаларды
отандық және шет елдік саяси жүйеде қарастыру.
5. Қоғамдағы түрлі саяси өзгерістерге бейімделу және бағыт-бағдар алу баулу және үйрету.
6. Саясаттану пәні, оның негізгі әдістері, теориясы, мемлекеттің типі формалары, партиялық жүйелер туралы саяси ой қалыптастыру.
7. Саяси сараптама мен болжам, саяси қызмет туралы пікір қалыптастыру.
Ескерту: Семинар сабақтарын өткізу және тапсыру формалары білімгерлерге арналған силлабуста көрсетілген.
Семинар сабақтарына құрылымдық-тематикалық жоспары
Семинар 1. Саясаттану ғылымына кіріспе.
Сабақтың мақсаты: Саясаттану ғылымына пән және ғылым ретінде түсінік беру, саясат ұғымы, мәні, обьектісі мен субьектісі, зерттейтін мәселелері, саясат туралы саяси теорияларды түсіндіру және саясаттың қоғамдағы роліне мағлұмат беру.
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Саясат қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану ғылымы, саясат және оның мәні және зерттеу әдістері. Ғылым ретінде қалыптасуының негізгі алғышарттары және философтардың саяси құбылыстарға берген сараптамалары Саясат мәні мен мазмұны. Саясаттану ғылымының бихивеористік, тарихи, социологиялық, нормативтік зерттеу тәсілдері. Атқаратын функциялары- болжау, танымдық, сабақтастық, тәрбиелік қызметтері.
Оқыған әдебиеттердің негізінде білімгер саясаттанудың пәні туралы семинар сұрақтары негізінде төменде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, конспект жазу керек және оны оқу процесінде қоғамдық ғылымдармен байланыстырып тусіндіру қажет. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып және қосымша материалдар іздестіріп тауып, аталған мәселелерге толықтырып жауап жазған, жауап берген білімгер жоғары балл алады.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Саясаттанудың объектісі мен пәні
2. Саясаттану ғылым ретінде зерттеу мәселелері және қоғамдағы ролі.
3. Саясаттанудың құрылымы, деңгейлері, категориялары, принцптері және функциялары
Негізгі ұғымдар мен түсініктер: Саясаттану, саясат, саясаттың қызметтері, қолданбалы саясаттану, саясаттың әдістері, саясаттану пәні, категориясы, саяси философия, саяси социология, саяси психология, саяси тарих, саяси этика, саясат ғылым және өнер ретінде.
Аталған терминдерге әдебиеттер тізімінде көрсетілген сөздіктерді пайдаланып анықтама жазып семинар сабағында жауап айтып және жаттау қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Саясаттану пәні, және пән ретінде қарастыратын мәселелері.
2. Саясат және оның мәні.
3. Саясаттың қоғамдағы ролі.
4. Саясат туралы ғалымдардың ой-тұжырымдамалары.
5. Саясаттың обьектісі мен субьектісі.
6. Саясаттану ғылымы және зерттейтін мәселелері.
7. Саясаттану ғылымының категориялары және оған мысал келтір.
8. Саясаттанудың зерттеу әдіс тәсілдері.
9. Саясаттанудың негізгі принцптері қандай.
10. Саясаттанудың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама бер.
11. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Негізгі қолданылатын әдебиеттер:
1. Капесов К. «Саясаттану негіздері» Лекциялар курсы. Алматы 1995 ж.
2. Жамбылов Д. «Саясаттану негіздері» Алматы 2000 ж.
3. Кенжебаев М. «Саясаттану негіздері» Оқу құралы. Алматы 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Тоқбергенова З.,Атанакова Қ. «Қысқаша саяси сөздік» (Терминдер мен анықтамалар) Тараз, 2003 жыл.
2. Саясаттану. Оксфорд.Қысқаша сөздік. Алматы 2001 ж. (Абай б-ы ч/з)
3. Гаипов З. «Қысқаша саяси сөздік» Оқу құралы. Алматы 2003 ж.
4. Смагулов Е. «Основы политологии» Астана 2001 ж.
5. Гаджиев К. «Саясаттануға кіріспе» Москва 1994 ж.
6. Пугачев В.Н. Соловев А., «Саясаттануға кіріспе» Москва 1996 г.
7. Старокова К. «Саясатты талдау әдістері мен тәсілдері» Алматы 2002 ж.
8. Балғынбаев А. «Саясаттану» Алматы 2002 ж.
9. Мурадян А. «Введение в политологию» Москва 1994 г.