1. Тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы:
1) кәсiпкерлiк қызмет ортақ бiрлескен меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
2) өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;
3) бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде ортақ үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкiн.
Бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелері
1. Он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы, оралман шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.
2. Ортақ қожалықты бірлесіп жүргізетін ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) және басқа да адамдар шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері болып табылады.
Бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерінің құқықтары және міндеттері
1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;
3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жасауға;
4) жалдамалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс беруші актілерін шығаруға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде осы қожалықтың бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа да мүшелердің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен жүгінуге;
4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелері жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, қожалықты тіркеген органдарға бұл туралы ортақ өтінішпен хабарлауға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.