Гуманитарлық факультет
Азақстан тарихы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016ж.
«Қазіргі Қазақстан тарихы» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: тарих емес мамандықтар
Оқу түрі: күндізгі,қашықтықтан оқыту технологиясы
Талдықорған 2016 ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011400 «тарих» мамандығына т.ғ.к., доцент Сантаева Күлімкөз Теңізбайқызы құрастырған.
__________________________
(оқытушының қолы)
Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында қарастырылды.
«____»________ 2016 ж. №_______ хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ т.ғ.к. доцент Е.О. Буланов
«_____»__________ 2016 жыл. №______ хаттама
ГФ әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы _____________ Ш.С. Жаукумова
СМЖ ЖМУ И/ОБҚБ. 09-2016 | Ф.4.09-36 |
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016ж.
5В011400- Тарих мамандығы бойынша
«Қазіргі Қазақстан тарихы» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
3 кредит
Талдықорған 2016 ж.
Құрастырған: Сантаева К.Т. – т.ғ.к., доцент
Рецензент: Буланов Е.О. – т.ғ.к., доцент
Оқу бағдарламасы Қазақстан тарих кафедрасының отырысында қарастырылды және 5В011400 - «тарих» мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілуге ұсынылды
Хаттама № _____ «____» ____________2016ж.
Кафедра меңгерушісі __________ т.ғ.к. Е.О.Буланов
Оқу бағдарламасы гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросында
қарастырылды және бекітуге ұсынылды
Хаттама № _____ «____» ____________2016ж.
ФӘБ төрайымы ____________ Ш.С. Жаукумова
Түсінік хат
Курстың мәні. Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесіндегі өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Қазақстанның өткен тарихы - қоғамдық сананың түрлі деңгейіндегі гуманитарлық кеңістіктің негізгі бөлігін құрайды. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, Дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.
Курс мазмұнының ерекшелігі. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық - методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу – әдістемелік жоспарларына енгізілген. Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс тапқан.
Блок 1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: ДАМУ ФАЗАЛАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ.