Құқық негіздері – мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет жіне құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. «Құқық негізі“ заң мамандығын алмайтын студенттерге арналған құқық теориясының негізін, ҚР заң шығарушылығын түсіндіретін жүйелі оқу курсы. Құқық негізінің объектілерінің жүйесін оқу мемлекет және құқық туралы негізгі білімді меңгеру үшін өзіне оқу, монографиялық, арнайы және нормативтік-құқықтық әдебиеттерді біріктіреді.
Оқытудың мақсаты:
- заң ғылымының нәтижелерімен, қоғамдық қатынастардың дамуындағы мемлекеттің және құқықтың ролімен таныстыру;
- студенттердің құқыктык білімін шындау және тереңдету;
- кұкыктык сенімін нығайту;
- құкык салаларын білу және оларды өмірлік, кызметтік тәжірибеде колдана алу.
Оқытудың міндеті:
- Қазакстан Республикасындағы әрекет етуші негізгі нормативтік құқықтық актілерді білу, олардың қолдану аясын дұрыс түсіну; халықаралык заңдылықтарды білу;
- құкык салаларын ажырата білу, әрбір құқык саласы бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді, олардың колдану аясын білу;
- әр түрлі құкык салаларындағы жауаптылык мәселелерін білу;
Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:
Осы пәнді оқыта отырып студенттермен тренингтар, пікір таластар, ізденіс жұмыстарын жасата отырып, олардың ҚР-ның Конституциялық негіздері, мемлекеттегі басты тұлға - Президент, жоғары заң шығарушы орган - Парламент, атқарушы - Үкімет, жоғарғы сот билігі қызмееттерін ажыратып, азаматтардың әлеуметтік - экономикалық, саяси, жеке құқықтарын білуіне мұмкіндік береді.
Бұл пән модульдің құрамдас бір бөлігі (саясаттану, философия) болып табылады (міндетті жалпы).
Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:
а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)
- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;
- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;
- үнемі ізденісте болу.
б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)
- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;
- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;
- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;
в) арнайы құзіреттілік (АҚ)
- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;
- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;
- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;
- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Арнайы дағды | 100 балл | 8,15 | ||
Ағымдық бақылау | Әрбір бағалауға 100 баллдан | Апта сайын (бірінші аптадан басқа) | ||
СӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісі | R1 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісі | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | ||
Дифференциалды сынақ | ДС-эссе | 16-19 апта | ||
Қорытынды баға | І = R*0.6+ДС*0.4 |
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.
«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.
СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.
Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.
Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.
Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2.0 | 65-69 | |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі | Максимальдық баға | Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларының орындалуы | Әр сабақта | |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 Тапсырма 6 Тапсырма 7 Тапсырма 8 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
Аралық бақылау 1: коллоквиум №1-№8 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 8апта | |
Аралық бақылау 2:коллоквиум №9-№15 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 15 апта |
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ | Мазмұны | Сағат саны | Апта |
Модуль 1 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» | |||
Дәріс 1. «ҚР Құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі. Мемлекет теориясының негіздері. | 1апта | ||
Семинар 1. 1.«Қазақстан Республиксының Құкық негіздері» курсының пәні және жүйесі. 2.«Қазакстан Республиксының Құқык негіздері» пәнін бүгінгі күні окыту себептері мен қажеттілігі. 3.Мемлекеттің пайда болуы туралы | |||
ОСӨЖ - Құқықтың мәні - Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар - Мемлекеттің нысаны (ҚР мемлекеттік нысаны) - Мемлекеттің тарихи типтері туралы оқыңыз | |||
Дәріс 2. Құқық теориясының негіздері. Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихы. | 2 апта | ||
Семинар 2. 1.Құқықтың түсінігі, мәні, кағидалары және функциялары. 2.Құкыктың қайнар-көздері (нысаны), құкықтың нормасы, кұкыктык катынастар. 3.Әлеуметтік нормалар. | |||
ОСӨЖ 2. -Нормативтік құқықтық актілер түсінігі - Құқық және мораль - Құқықтық қатынастар түсінігі туралы оқыңыз | |||
Дәріс 3. ҚР конституциялық құқық негіздері. | 3 апта | ||
Семина3. 1. Конституциялык кұқык - ұлттык кұқықтың жетекші саласы ретінде. 2. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының түсінігі, пәні. 3. Қазіргі мемлекет жағдайындағы конституциның түсінігі және рөлі. | |||
ОСӨЖ 3. -ҚР Конституциялық құқығының қалыптасу кезеңдері -ҚР Президентінің азаматтықты сақтау, азаматтықты қалпына келтіру, қабылдау сұрақтары бойынша өкілеттілігі - ҚР – зайырлы мемлекет ретіндегі ерекшелігі | |||
Дәріс 4. ҚР әкімшілік құқық негіздері | 4 апта | ||
Семинар4. 1. Әкімшілік құқық түсінігі және ерекшеліктері, оның Қазастан Республикасының кұкық жүйесіндегі орны. 2. Әкімшілік-күкықтық нормалар мен әкімшілік кұкыктык қатынастардың ерекшеліктері. 3. Қазақстан Республикасының аткарушы билік органдарының жүйесі. | |||
- ОСӨЖ 4. - ҚР Мемлекеттік басқару. - ҚР Президенті. - Мемлекеттік қызмет. | |||
СӨЖ 1. 1. Мемлекет және оның белгілері, атқаратын қызметтерін анықтаңыз 2. Қазақ мемлекетіндегі құкыктың пайда болу тарихы анықтай алыңыз 3. Қазакстанның конституциялық заңнамасының даму тарихын біліңіз. | |||
Модуль 2. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ» | |||
Дәріс 5. ҚР отбасы және неке құқығының негіздері | 5 апта | ||
Семинар 5. 1. Отбасы және неке кұкығы, Қазакстан Республикасының кұкык саласы ретінде. 2. Отбасы және неке кұкығының жалпы сипаттамасы мен түсінігі, қағидалары. 3. Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негіздері. | |||
ОСӨЖ 5. -Неке шарты -Бала асырап алу -Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары | |||
Дәріс 6. ҚР еңбек құқығының негіздері | 6 апта | ||
Семинар 6. 1. Қазақстан Республикасының еңбек күкығының түсінігі және кұқық жүйесінде алатын орны 2. Еңбек қүкығының пәні, реттеу әдісі және жүйесі. 3. Еңбек қүқығының қағидалары, қайнар көздері. | |||
ОСӨЖ 6. -Демалыс уақыты, жұмыс уақыты -Жалақы және еңбекті қорғау -Әлеуметтік қамтамасыз ету | |||
Дәріс 7.ҚР азаматтық құқық негіздері. | 7 апта | ||
Семинар 7. 1.Азаматтық құқық туралы түсінік. 2.Пәні, әдістері. азаматтық құқықтық қатынастар, азаматтық заңдар. 3. Азаматтық құқық объектілері мен субъектілері туралы. | |||
ОСӨЖ 7. -Азаматтардың құқық қабілеттілігі -Азаматтардыңәрекет қабілеттілігі -Шарт, оның түрлері. | |||
СӨЖ 2 1. Неке қатынастарының күкыктық негіздері және кағидаларын анықтаңыз. 2.Қазақстан Республикасының еңбек күкығының түсінігі және кұқық жүйесінде алатын орны анықтаңыз. 3. Азаматтык кұқықгың түсінігі, пәні және реттеу әдістері ажыратыңыз. | |||
Модуль 3. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҮҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ» | |||
Дәріс 8.ҚР қылмыстық құқық негіздері | 8апта | ||
Семинар 8. 1. Қазакстан Республикасының кылмыстык кұкыкығы қүкық саласы ретінде. 2. Қылмыстык кұкықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері. 3. Қылмыстык заңның түсінігі. Қылмыстык заңның кеңістіктегі күші. | |||
ОСӨЖ 8. - Касациялық сатыда істі қарау. - ҚР Жемқорлықпен күрес. Жемқорлық қылмыстары үшін жаза. | |||
1 аралық бақлау | |||
Дәріс 9. ҚР қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері | 9 апта | ||
Семинар 9. 1.Қылмыстық іс жүргізу кұқығы үғымы және міндеттері. 2. Қылмыстык сот ісін жүргізу кағидалары. 3. Іс жүргізу мерзімдері мен сатылары. | |||
ОСӨЖ 9. - Қылмыстың құрамы. - Қылмыстық жаза, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі - Қылмыстық іс жүргізу. Азаматтық іс жүргізу. | |||
Дәріс 10.ҚР құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері | 10 апта | ||
Семинар 10. 1. Қазакстан Республикасының құкык корғау кызметінің жалпы сипаттамасы мен түсінігі. 2. Қазакстан кұкық корғау органдары билігінің жүйесі. 3. Құқык корғау қызметінің кағидалары. | |||
ОСӨЖ 10. - Құқық қорғау органдарының қызметі, салалары - Құқық қорғау органдарының түрлері. - Медиация туралы | |||
Дәріс 11. ҚР қаржы құқығы негіздері | 11апта | ||
Семинар 11. 1.Қазакстан Республикасының каржы құкығының жалпы сипаттамасы мен түсінігі. 2. Қаржылық кұқык саласының кұқыктық реттеу пәні мен әдістері. 3. Қаржылык кұкыктың кайнар көздері. | |||
ОСӨЖ 11. -Мемлекеттік қаржы жүйесі және қаржы органдары -Бюджеттің деңгейі -Салықтар және міндетті төлемдері | |||
СӨЖ 3 1. Азаматтық іс жүргізудегі кұқықтык қатынастарға анықтама беріңіз 2. Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құкықтық мәртебесі, уәкілеттіктерін біліңіз. 3. Мемлекеттік қаржылар саласындағы баскару каржылык құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, маңызы, нормативтік-кұқықтык базасын біліңіз. | |||
Модуль 4 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ» | |||
Дәріс 12. ҚР салық құқығы негіздері | 12 апта | ||
Семинар 12. 1. Қазақстан Республикасының салық кұкығының жалпы сипаттамасы мен ұғымы. 2. Салық кұкығының пәні, кұкыктык реттеу әдісі. 3. Салык кұқығының кайнар көздері. | |||
ОСӨЖ 12 - Салықтық құқықтық нормалары және қатынастары - Салықтық міндеттеме. | |||
Дәріс 13.ҚР әкологиялық құқық негіздері | 13 апта | ||
Семинар 13. 1. Қазақстан Республикасының әкологиялық құкығының түсінігі, пәні жәнеәдістері. 2. Қоршаған орта түсінігі, коршаған орта объектілері 3.Әкология күкығының принциптері. | |||
ОСӨЖ 13. -Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері. - Әкология құқығы объектілері. | |||
Дәріс 14.ҚР жер құқығы негіздері | 14 апта | ||
Семинар 14. 1. Қазақстан Республикасының жер кұкығының кұкық саласы ретіңде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі. 2. Жер құкык катынастары: түсінігі, объектісі, субъектісі және турлері. 3. Жер құқығының әдістері және жүйесі. | |||
ОСӨЖ 14. - Жер құқығын бұзғаны үшін жауапкершілік. -Жер пайдалану және өзге де заттық құқықтар | |||
СӨЖ 4 1. Азаматтық іс жүргізудегі кұқықтык қатынастарға анықтама беріңіз 2. Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құкықтық мәртебесі, уәкілеттіктерін біліңіз. 3. Мемлекеттік қаржылар саласындағы баскару каржылык құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, маңызы, нормативтік-кұқықтык базасын біліңіз. | |||
Дәріс 15. Халықаралық құқық негіздері | 15 апта | ||
Семинар 15. 1. Қазіргі кезеңдегі халықаралык кұқықтың жалпы сипаттамасы мен ұғымы. 2. Халыкаралық жария. | |||
ОСӨЖ 15. - Халықаралық құқық - Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны. | |||
Аралық бақылау 2 (коллоквиум) | |||
Барлығы: дәріс практикалық сабақ СӨЖ(оның ішінде ОСӨЖ) |