Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жалпы дәрігерлік тәжірибе 1 страница




Астана каз

$$$001

Өкпе тінінің іріңді-деструктивті еруімен, сұйықтықсыз жұқа қабырғалы түзіліс түзетін пневмония қандай қоздырғышпен шақырылады:

А) Микоплазмамен

B) Клебсиелламен

C) Стрептококпен

D) Пневмококпен

+E) Стафилококпен

$$$002

ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады:

A) 125/85

B) 135/85

+C) 140/95

D) 145/105

E) 160/85

$$$003

Жара аурының жедел асқынуына жатады:

+A) Перфорация

B) Пенетрация

C) Перивисцерит

D) Малигинизация

E) Тыртықты стеноз

$$$004

Ревматоидты артрит дегеніміз:

+A) Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру

B) Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру

C) Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын ауру

D) Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру

E) Фаланга аралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру

$$$005

Науқас 52 жаста, шағымдары: ауыр түсетін қақырықпен жөтелге, физикалық күш түскен кезде ентігуге, температурасының 37,7°С жоғарлауына. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтеледі, терапевтте диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ ысқырық сырылдар өкпе бойында түгел жерде естіледі. Қандай клиникалық диагноз қоюға болады:

A) Ошақты пневмония

+B) Созылмалы обструктивті бронхит

C) Бронхиалды астма

D) Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

E) Жедел іріңді бронхит

$$$006

27 жастағы науқаста 3 күн бұрын аяқ астынан қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінде ауырсыну, қызба 38,5 С дейін байқалды. Кеуде торының оң жағы тыныс алғанда қалыңқырақ. Перкуссияда алдынан 3 қабырға аралықтан және артқы жағынан жауырын арасының ортасынан – тұйық дыбыс, осы аймақта тыныс алуы естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтылығының сол шегі бұған орта сызығынан 1,5 см сыртта орналасқан. Болжам диагноз қойыңыз:

A) Оң өкпенің крупозды пневмониясы

B)Оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

+C) Оң жақты экссудативті плеврит

D) Созылмалы бронхиттің өршуі

E) Оң жақты гидроторакс

$$$007

60 жастағы науқас ұзақ уақыт артериалды гипертензияға байланысты бақылауда болған. Бойы -165 см, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды ретті түрде қабылдамаған. Жағдайы апта ішінде нашарлаған. Перкуторлы – сол жақ шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 88 рет. АҚҚ 150/85 мм.сын.бағ. Эхо КГ-да - сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай диагноз:

A) Артериалды гипертония I дәрежелі, қауіп қатер2

+B) Артериалды гипертония, I дәрежелі, қауіп қатер 3

C) Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 4

D) Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 3

E) Артериалды гипертония, III дәрежелі, қауіп қатер 4

$$$008

Науқас стационарға кеуде клеткасындағы тұйық, қысып ауырсынуға шағымданып түсті. Ұйықтағаннан бірнеше сағат өткен соң, ауырсынудан оянды. Анамнезінен: Ұстамалар 10-15 минут ішінде бірінен соң бірі кезектесіп, серия түрінде өтеді. ЭКГ-да ұстама кезінде сегменттің жоғарлауы байқалады.Мүмкін болатын диагноз:

A)+ Принцметал стенокардиясы

B) Күш түсу стенокардиясы ФК II

C) Күш түсу стенокардиясы ФК III

D) Күш түсу стенокардиясы ФК IV

E) Жедел миокард инфарктісі

$$$009

Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Созылмалы эзофагит

B) Өңештің пептитті жарасы

C) Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы

+D) Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

$$$010

Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз:

A) Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі

B) Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен

+C) Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен

D) Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен

E) Тоқ ішектің қатерлі ісігі

$$$011

Емхана дәрігеріне 25 жастағы науқас әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға, бетіндегі, қолындағы, аяғындағы ісінулерге, зәр шығаруының сиреуіне шағымданады. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда қабағында ісіну, ұрық қалтасының ісінуі, балтырдың аздаған ісінуі.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 72 рет мин. АҚҚ -170/100мм.сын.бағ. Тәуліктік диурез 400мл/тәул. ЖЗА-де эритроциттер 60 көру алаңында, лейкоциттер 20-25 көру алаңында, дәнді және гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында.Диагноз қойыңыз:

A) Жедел гломерулонефрит, моносимптомды ағым, СБЖ 0

B) Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ

+C) Жедел гломерулонефрит, жайылмалы ағым, СБЖ 0

D) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

E) Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0

$$$012

Стационардағы 42 жастағы науқас саусақ аймағындағы, аяқ саусақтарындағы, шынтақ, тізе буындарындағы ауырсынуға, буындарындағы таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: шамамен ауырғанына екі жыл болған, дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: саусақтардың ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табандары halux valgus түрінде. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Бехтерев ауруы

+B) Ревматоидты артрит

C) Ревматикалық артрит

D) Буындардың хондроматозы

E) Подагра

$$$013

25 жастағы науқас айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен көрінген эпигастарльды аймақтағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде: асқазанның жара ауруы. Тері жабындары бозғылт. ҚЖА:Нв–85г/л,Э–3,8х1012/л,ТК–0,8,тромбоциттер– 65,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %. билирубин – 15 мкмоль/л қан сарысуындағы темір,– 4,5 ммоль/л. Грегерсена реакциясы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Апластикалық анемия

B) Гемолитикалық анемия

C) Жеделпостгеморрагиялық анемия

+D) Теміржетіспеушілік анемия

E) B12-жетіспеушілік анемия

$$$014

Науқас 26 жаста, ауруханаға есінен танып түсті. Анамнезі бойынша 2 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Тәуліктік мөлшері 36 бірлікте инсулинотерапия алады. Анализі бойынша: қандағы глюкоза – 21,5ммоль/л, зәрдегі ацетон – бірден оң нәтиже көрсетті. Сіздің болжам диагнозыңыз:

+A) Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома

B) Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетонурия

C) Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома

D) Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперосмолярлы кома

E) Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперлактацидемиялық кома

$$$015

Бала 1 жаста. Баланың жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, дене қызуының 38,8°С жоғарлауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: тері жабыны бозғылт, периоральды цианоз, емген кезде мұрын қанаттарының желпілдеуі, тыныс алу жиілігі 62/мин., қабырға аралық тартылулар. Перкуссия кезінде – қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі, оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақкөпіршікті сырылдармен крепитация естіледі. ЖСЖ 160 /1 мин. Лабораторлы: ЖҚА- Нв-122г/л, Эр 3,8 х10 12/л, L – 10,8 х10 9/л, т/я - 4%, с- 53%, л-36%,м – 7%, ЭТЖ- 17 мм/ч. Өкпе R – граммасында – оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті қараю. Өкпенің тамырлы суреттері күшейген. Сіздің диагнозыңыз:

A) Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің пневмониясы, жедел ағым ТЖ 0

B) Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 1

+C) Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ2

D) Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 3

E) Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, өкпе абсцессімен асқынған

$$$016

Бала 9 айда. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз эксикозбен. Тері жабындыларының бозаруы үдеуде, жайылған цианоз, ентігу, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуымен. Өкпеде перкуторлы кораптық дыбыс. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитирлеуші сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе аймақтарының ашықтығы жоғарлаған. Диафрагма төмен орналасқан. Сіздің диагнозыңыз:

A) Жедел респираторлы инфекция

B) Жедел бронхит

C) Обструктивті бронхит

+D) Жедел бронхиолит

E) Жедел пневмония

$$$017

Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы.Сіздің диагнозыңыз:

A) Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым

B) Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым

C) Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым

+D) Жүре пайда болған кардит, жедел ағым

E) Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым

$$$018

Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, еріні мен бетінде малина тәріздес цианоз, тырнағы сағат әйнегі тәріздес, минутына 32 р ентікпе байқалады. өкпеде әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі. Парастерналды жүрек бүкірі бар. Жүрек ұшы соғысы жайылған, шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Тондары анық. өкпе артериясында ІІ тон күрт күшейген. Жүрек түрткісінде систолалық шу естіледі. Бауыр +11 см, асцит. Науқастың болжам диагнозы:

A) Созылмалы кардит

B) Жүректің тума ақауы

+C) Жүректің жүре болған ақауы

D) Эйзенменгер синдромы

E) Ревматизм

$$$019

13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз:

A) Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит

B) Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз

+C) Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз

D) Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз

E) Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

$$$020

12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз:

A) Перфорация

B) Малигнизация

+C) Қан ағу

D) Өтімсіздік

E) Ұйқы безіне пенетрация

$$$021

Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: Салыстырмалы салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз:

A) Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ

B) Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ

+C) Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

D) Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең

E) Созылмалы гломерулонефрит, нефртикалық форма

$$$022

13 жасар қыз бала5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Сіздің диагнозыңыз:

A) Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік

B) Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік

+C) Ювенильді ревматоидты артрит, II дәрежелі белсенділік

D) Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік

E) Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік

$$$023

Балаға 1 ж. 3 ай. Уақытында 3200г салмақпен туылған. 2,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ уақытында енгізілмеген. Жиі ауырады. Тексеріп қарағанда: салмағы 10,200г. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығыңқы. ЖҚА: Нв-82 г/л; эр. 2,5х1012; ТК 0,75; ретикулоциттер 3%, сарысу Ғе -8 ммоль/л. Жалпы белок 61 г/л. Диагноз қойыңыз:

A) Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

B) Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

+C) Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы

D) Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы

E) Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы

$$$024

10 жасар бала шөлдей беретініне, полиурияға шағымданып түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тері асты май қабаты шектен тыс дамыған. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Мүшелерінде өзгеріс жоқ. ЖҚА: гемоглобин-110г/л, эритроциттер- 4,9х10/л, лейкоциттер- 8,3х10/л, ЭТЖ-12ммоль/л. ЖЗА: үлестік салмағы-1003,ақуыз- теріс, көру алаңында лейкоциттер - 3-4. Диагноз қойыңыз:

A) Қант диабеті

+B) Қантты емес диабет

C) Нейрогенді полидипсия

D) Екіншілікті пиелонефрит

E) Гипоталамусты синдром

$$$025

37 жастағы науқас әйел отбасылық дәрігерге қызба, бас ауруы, ұстама тәрізді ауырсынумен, күйдірумен жүретін аяқтардың артқы беткейі бойынша берілетін, сол жақ жамбас аймағындағы бөртпелерге шағымданып келді. Объективті: сол жақ жамбастың артқы беткейінің терісінде қызарған ісікті фонда қатайған қақпақшасы мен мөлдір құрамды, көлемі 1-2 см дейінгі топталған қуысты элементтер орналасқан. Диагноздыкөрсетіңіз:

A) Белдемелітеміреткі, типтіктүрі

B) Белдемелітеміреткі, абортивтітүрі

C) Белдемелітеміреткі, жайылмалытүр

D) +Белдемелітеміреткі, буллездітүрі

E) Белдемелітеміреткі, гангреноздытүрі

$$$026

Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз:

A) Микробты экзема

B) Себореялы экзема

C) Балалық экзема

+D) Шынайы экзема

E) Кәсіби экзема

$$$027

29 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз:

A) Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн

B) Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн

+C) Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

D) Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн

Е) Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

$$$028

26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Сіздің тактикаңыз:

+A) БК-ға қақырық талдауы

B) Фтизиатрға жіберу

C) Антибактериалды ем жүргізу

D) Туберкулезге қарсы ем тағайындау

E) Пульмонология бөліміне жіберу

$$$029

35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖСЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Науқасты қараудағы келесі дұрыс қадамды таңдаңыз:

A) Жедел кардиологиялық бөлімшеге жатқызу

B) Жанұялық дәрігер бақылауымен үйде қалдыру

C) Аналгетик тағайындап үйге қайтару

D) Жалпы қан талдауын жасау

E) +Сол жерде электрокардиограммаға түсіру

$$$030

63 жастағы науқас кенеттен болатын қатты бас ауру ұстамаларына, естен тануына шағымданады. Аталған шағымдар 3 жыл бұрынғы инфекциялық миокардиттен кейін дамыған. Соңғы уақытта ұстамалар айына 2-3 рет жиілеген. АҚҚ 110/70 мм сын. Бағ., ЖСЖ 57 соққы 1 мин. ЭКГ-де PQ аралығының ұзаруы, Самойлов-Венкебах кезеңдері. Қандай ем тағайыңдайсыз:

A) Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау

B) Бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау

C) М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау

D) +Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу

E) Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

$$$031

26 жастағы ер адам тамақтан соң эпигастрии тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, қыжылға, жүрек айнуға, сирек жағдайда құсуға, әлсіздікке және жүдеуге шағымданады. Анамнезінен: екі апта бойы ҚҚСЕП(НПВС) қабылдаған. Объективті: эпигастрии тұсындағы ауырсыну. ФГДС-те: асқазан түбі тұсында жара. Емнің бірінші сатысында науқасқа міндетті түрде не тағайындау керек:

+A) Фамотидин 20мг ішке тәулігіне 2 рет

B) Сукральфат тәулігіне 1г х 4 рет

C) Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн

D) Шұғыл хирургиялық араласу

E) Алмагель 1 үлкен қасықпен тәулігіне 3 рет

$$$032

46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Қандай тексеру жүргізу керек:

A) Жасырын қанға нәжісті тексеру

B) Баримен контрастты рентгеноскопия

C) +Фиброгастродуоденоскопия

D) Ультрадыбысты зерттеу

E) Радионуклидті зерттеу

$$$033

Жанұялық дәрiгерге 35 жастағы науқас таңертеңгi уақыттағы бетiнiң iсiнуiне, бел аймағында ауырлыққа, зәр шығаруының жиiлеуiне, жүрегi айнуына, шаршағыштыққа шағымданып келдi. Анамнезi бойынша: ауырғанына 1-жылдай уақыт болған. Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетi iсiнген, бозарған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тоны анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-78 рет минутына, ҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Дәретi қалыпты. Зәр шығаруы жиi, ауырсынусыз. Аяқтарында iсiнулер жоқ. Пастернацкий симптомы оң. Зәрдің жалпы анализі: түсi-сарғыш, салыстырмалы тығыздығы-1005, белок 0,55 г/л, микроскопияда эритроциттер көру алаңында 0-1, лейкоциттер көп. Ең бірінші қандай қарапайым тексеру әдісін қолдану керек:

+A) Бүйректі ультра дыбыстық тексеру

B) Тамыр ішілік урография

C) Шолу урографиясы

D) Цистография

E) Компьютерлік томография

$$$034

Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек:

A) Ауырған буынның пункциясы

B) Қанның жалпы зерттеуі

+C) Қанды зәр қышқылына тексеру

D) Оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

E) Зақымдалған буынның УДЗ

$$$035

Жанұя дәрігеріне науқас қанның мына көрсеткіштерімен қаралды: Эритроциттеры – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіш – 0,83.Сары судағы темір деңгейі– 9 мкмоль/л. Сары судың темір байланыстыру қабылеті – 76 мкмоль/л. Қандай дәрілік ем науқасқа жүргізу қажет:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1653 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2183 - | 2133 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.