Жаратылыстану-техникалық факультеті
География және экология кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
Л.Қ.Еркінбаева________________
«_____»_________________2013 ж.
«Экологиялық ресурстану» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 5В073100 -«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»
Оқу формасы: күндізгі
Талдықорған 2013 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБ негізінде 5В073100 -«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығына арнап техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ш.С. Каримова кұрастырған.
__________________________
(оқытушының қолы)
География және экологиякафедрасының отырысында қарастырылды.
«___» _______________2013ж. № ___________ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., доцент _________________ Ж.Ж. Қанағатов
Жаратылыстану-техникалық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
«___» _______________2013 ж. № ___________ хаттамасы
Әдістемелік бюроның төрайымы_________________ А.М. Маусымбаева
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым | |
САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ | ||
Силлабус | Ф.4.09-42 | |
01.09.2012 г. |
Жаратылыстану-техникалық факультеті
География және экология кафедрасы
СИЛЛАБУС
Табиғи қорларды тиімді пайдалану пәні бойынша
5В073100 -«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы үшін
Оқу түрі: күндізгі
курс: 4
семестр: 7
несие саны: 4
барлық сағат саны: 120
дәріс: 30
практикалық сабақ: 30
ОСӨЖ: 60
СӨЖ: 60
Емтихан – 7 семестр
Талдықорған 2013 ж.
Оқытушының аты-жөні: Қанағатов Жамбыл Жолдыбаевич, Каримова Шынар Серикбаевна
Консультациялар: Кафедрадағы консультациялар кестесі бойынша
Пән: «Табиғи қорларды тиімді пайдалану»
Несие: 4
Оқу семестрі: 7
Пәннің пререквизиттері: «Табиғи қорларды тиімді пайдалану» курсын меңгеру үшін студенттерге экономикалық теорияның негіздері, өндірістік экология, қажет.
Пәннің постреквизиттері: Берілген пән бойынша білім студенттердің экологиялық дүниетанымдарын қалыптастыру және экологиялық мониторинг, табиғатты пайдалануды басқару, экологиялық құқық пәндерін игеру үшін қажет, сонымен қатар тәжірбиелік және ғылыми зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
Пәннің қысқаша мазмұны
Адам мен адамзат қоғамы өзара әсер етуі процесі кезінде қоршаған табиғи ортаның жағдайының қиындауы табиғатты тиімді пайдалануды және табиғатты қорғауды талап етуде.
Табиғатты пайдалану деп бір жағынан адамның тәжірибелік жұмысын, екінші жағынан ғылымды айтады. Табиғатты пайдалану ғылымының негізін салушысы – Ю.Н.Куражковский. Табиғатты пайдалану міндеттеріне не табиғатты және оның ресурстарын пайдалануға байланысты, не оның өзгерістерінің адамға әсеріне байланысты барлық шаралардың жалпы жағдайын табу жатады. Табиғатты пайдалану жаратылыстану, жалпы және техникалық пәндермен бірге дамып келе жатыр. Бұл кезде адамның табиғатпен ӛзара әсерлесуі, яғни ауыл шаруашылығы, экономика, гигиена, табиғатты қорғау, тарих және т.б.әсерлесулерге байланысты мәліметтер қолданылады.
Адамның табиғатпен әсерлесу проблемасы мәңгі проблема болып табылады. Өйткені адамзат табиғи ортамен өзінің шыққан тегі, өмір сүруі және болашағы бойынша байланысты. Адам- табиғаттың бір элементі, «табиғат-қоғам» күрделі жүйесінің бір бөлігі. Өзінің көптеген қажеттілігін (биологиялық, ресурстық, тыныс-тіршіліктік) табиғат арқылы қанағаттандырады. Табиғи орта адам өмірі үшін биологиялық түрдегі жағдай жасайды, яғни адам өмір сүруіне қажетті шаруашылық заттары табиғи ортаның компоненттері болып табылады.
Табиғат оның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын көз болып
табылады.
Адамзат өзінің қажеттілігін барлық түрлер арқылы қанағаттандырады.
Қазіргі дамып келе жатырған шаруашылық қоршаған ортаның теріс өзгеруіне әсерін тигізуде. Қазіргі таңда адамзаттың ӛмір сүруіне қауіп туғызатын экологиялық проблемалар нақты проблемаға айналды. Олардың пайда болуының негізгі себебіне жер бетінде халықтың кӛбеюі және өндірістердің шексіз түрде өсуі жатады. Технологиялық процестердің жетілмеуі өндіріске қажетті деп алынған көп мөлшердегі табиғи ресурстардың тек 1,5-2 %%-ы ғана соңғы өнім болып табылады. Негізгі салмақ ӛндірістік және тұрмыстық қалдыққа айналады. Ауыл шаруашылығының, көліктердің, қалалардың өсуі адам үшін теріс экологиялық әсер етеді.
Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс көп жылдық және жан-жақты болғандықтан табиғат қорғау шаралары да жан-жақты болса, пайдалы және жемісті болар еді. Қоршаған ортаны қорғаймыз, табиғи ресурстарды тиімді пайланамыз десек табиғи ортаны біртұтас санаған дұрыс.
Курстың мақсаты: табиғи орта әлеуметтік ортаға тәуелді емес. Табиғатты қорғау адамдардың қолынан келетін іс. Сондықтанда табиғи байлықтардың тек бір кісінің байлығы емес, бүкіл адамзаттың игілігі екенін есте ұстау қажет. Табиғи жағдай мен ресурстарды және қоршаған ортаны тиімді пайдаланудың барынша негізделген ұтымды жолдарын қолданудың тәжірбиелерін оқып-үйрену.
Пәнді оқытудың мәселелері:
1 Қазақстан Республикасының табиғи ресурстық потенциалына және экологиялық мәселелеріне жалпы сипаттама беру;
2 Қазіргі таңда жұмыс істейтін табиғатты пайдалану экономикалық механикалық негізгі элементтерінің мазмұнын ашып көрсету;
3 Қазақстан Республикасында табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару жүйесінің мәселелері даму болашағын анықтау;
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білу керек:
1 Қоғамдық дамудағы табиғи жағдай мен ресурстардың рөлі;
2 Табиғи ресурстардың пайда болуы және пайдалану сипаты бойынша жіктеу;
3 Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының негізгі түрлерінің жағдайы, болашағы, пайдалануының қамтамасыз етілуі;
4 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі;
5 Қазақстан Республикасы негізгі табиғат ресурстарын пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.
Мыналар қолынан келуі керек: табиғат ресурстары іс жүзінде бағалауда өзі алған теориялық білімді қолдана алу.
Қалыптастыру қажет нәрселер: табиғат ресурстарын бағалау әдістерін қолдану бойынша әдеттерді бойға қалыптастыруы қажет.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4.0 | 95-100 | Өтежақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2.0 | 65-69 | |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау | Әрбір бағалауға 100 баллдан | Апта сайын (бірінші аптадан басқа) | ||
СӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісі | R1 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісінің | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | Е | 16-19 апта | ||
Қорытынды баға | І = R*0.6+E*0.4 |
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі | Максимальдық баға | Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы лаборатиориялық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) | Әр сабақта | |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 4-апта | |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 7-апта | |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 11-апта | |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 14-апта | |
Аралық бақылау 1: Бақылау жұмысы Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 | 8-апта | |
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 15 апта |
Глоссарий
Инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық
өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар;
Коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның
тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
Қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс
қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;
Қауiптi емес қалдықтар - қауiптi және инерттi қалдықтарға жатпайтын
қалдықтар;
Қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн
қоршаған орта;
Қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi
және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;
Қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы
мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатып немесе
туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;
Қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары,
төгіндiлері, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету;
Қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бiр бөлiгi;
Қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгiлi бiр мерзiмге
арнап белгiленетiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтiк көлемi;
Қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;
Қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға ықпалы;
Қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң
сипаттамасы;
Тiршiлiк ету ортасы - қандай да бiр организмнiң немесе популяцияның
табиғи мекендейтiн жерiнiң типi немесе орны;
Мемлекеттiк экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы экологиялық
заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң және экологиялық
талаптардың сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi;
Радиоактивтi қалдықтар – мөлшерi мен шоғырлануы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын
радиоактивтi заттары бар қалдықтар;
Сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметi нәтижесiнде немесе
ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жергiлiктi жер рельефiне ағызылатын сулар;
Су объектiлерi - құрлық бетiнiң рельефiнде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемi мен су режимi бар сулар;
Сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегi кез
келген қалдықтар;
Табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған
ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Табиғи объектiлер - шекарасы, көлемi және тiршiлiк режимi бар табиғи
объектiлер;
Табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер
қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;
Табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбір түрiн олардың
тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып
кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық
шаралар жүйесi;
Табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы;