Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


азақстанРеспубликасының Парламенті.

Азақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

Азаматтылықтың тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам:

адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы қылмыс жасаса;

Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бүзуға шақырса;

мемлекеггік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;

мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік тілдің қызметіне қарсы әрекет етсе; террорлық әрекеті үшін сотталған болса; сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса; басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша басқа мемлекеттің азаматы Республика азаматы болып танылмайды, яғни, қос азаматтық танылмайды.

 

Азаматтылықтың тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының азаматтығы Азаматтық туралы Занда қарастырылған жағдайда тоқтатылады.

Оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан шығуға Азаматтық туралы Занда белгіленген тәртіппен берілген өтініш негізінде рұқсат етіледі. Азаматтықтан шығу жөнінде арыз Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі арқылы Президенттің атына беріледі. Жасы 14-ке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға өтініш берген кезде, ата-аналарының бірі Қазақстанның азаматтығында қалатын болса, осы ата-анасының баланың Қазақстан азаматгығынан шығуына өзінің қатынасы білдірілген арызы берілуі тиіс.

Заңмен белгіленген жағдайларда азаматтықтан шығуға рұқсат берілмеуі де мүмкін. Егер азамат мемлекет алдындағы міндеттемесін немесе Қазақстан аумағында орналасқан азаматтардың немесе ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердін елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттемелерін орындамаған болса оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға рүқсат етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аза- маттығынан шығуға, егер шығу туралы өтініш білдірген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған болса немесе сот үкімімен жазасын өтеп жатса; егер адамның аза- маттықтан шығуы Қазақстан Републикасының мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне қайшы келсе де рұқсат етілмейді.

азақстанРеспубликасының Парламенті.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

 

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

 

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

 

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

 

Гульдана 15. Азаматтық құқықтың объектілері. Мүліктік және мүлiктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады (АК-ның 115-бабының 1-тармағы). АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөлiнеді: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге құндылықтарды (атап айтқанда, энергияны, жұмысты және көрсетілетін қызметті) мүліктік игіліктердеп түсінеміз. Мүліктік игіліктерге (атап айтқанда, мүліктік игіліктерді пайдалану, иелену және оларға билік ету) субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік құқықтардеп түсінеміз. Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз - бұл аталған құңдылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес өзіндік игіліктерге, ал өмірі сүру құқығы - мүліктік емес өзіндік құқықтарға жатады. Мүлік - азаматтық құқықтар объектісі.АК-ның 115-бабының 2-тармағы құқық объектісі - мүліктің заңдық ұғымына мүліктік игіліктер мен мүліктік құқықтарды біріктіреді. АК жекелеген мүліктік игіліктер мен құқықтарды да, сондай-ақ олардың жиынтығын немесе кешенін де мүлік деп түсінеді. Соңғы жағдайда, мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкі туралы айтылады да, олардың ішінен жекелеген игіліктер мен құқықтар бөліп көрсетілмейді. Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) заттар; 2) ақша және бағалы қағаздар; 3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер; 4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері; 5) ақпарат; 6) мүліктік құқықтар (құқық объектілері - ақша мен бағалы қағаздарға осы тараудың жеке параграфтары арналған). Бағалы қағаз үғымы.Азаматтық кодекстің 129-бабына (2003 ж. 16 мамырдағы редакциясында) сәйкес мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалардың және басқа белгілердің жиынтығы бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Бағалы қағаздар рыногы, шын мәнінде, мүліктік құқықтар рыногы болып табылады. Оның мазмұны заң актілерінде белгіленген талаптарға сай келуге тиіс болатындықтан, бағалы қағаз - қатаң белгіленген жазбаболып табылады. Бағалы қағаздардың түрлері:1) ұсынбалы; 2) атаулы және 3) ордерлік. Ұсынбалыбағалы қағазда мұндай қағаз бойынша міндеттемені талап ету құқығы бар адам көрсетілмейді. Оның иесі ұсынбалы бағалы қағаз бойынша міндеттемені талап етуге уәкілетті, тиісінше ұсынбалы бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру үшін қағаздың өзін ұсыну жеткілікті болады. Атаулыбағалы қағазда бағалы қағаз куәлаңдырған міндеттемелердің орындалуын талап ету құқығы бар адам көрсетіледі. Атаулы бағалы қағаз куәландырған құқықтар талаптан қайту (цессия) үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледi. Куәландырылған ордерлік бағалы қағазда көрсетілген адам, ал оны заңда көрсетілген тәртіппен басқаға беруде - осы қағаз берілген адам бұл қағаз куәландыратын құқықтардың субъектісі болып табылады. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру осы қағазға берілген жазу - индоссамент арқылы көрсетіледі. Берілетін жазулар, әдетте, құжаттық бағалы қағаздың сыртқы бетіне түсіріліп, белгіленген нысанда не электронды жазба түрінде арнайы парақпен бағалы қағазға қоса ұсынылады. Мүліктік емес өзіндік қүқықтар – азаматтық құқықтар объектісі болып табылады. Азаматтық заңдар мүліктік емес өзіндік қатынастардың екі тобынреттейді және қорғайды: мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар. Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастардыазаматтық құқық нормалары реттеп отырады, өйткені мүліктік емес өзіндік -қатынастардың өмір сүруінің өзі субъект үшін мүліктік қатынастар пайда болуының мүмкіндігі мен керектілігін көздейді. Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардыазаматтық заңдар реттеп отырады, өйткені бұл заң актілерінде өзгеше көзделмеген не материалдық емес өзіндік қатынастардың мәнінен туындамайды. Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар дегеніміз - бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар. АК-ның 115-бабына сәйкес, азаматтық құқықтар объектілеріне мүліктік игiліктермен және құқықтармен қатар, мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар жатқызылған: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпау құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. 16. Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қазакстан Республикасының Үкіметі-Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың кызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының, Конституциялық заңымен белгіленеді. Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген төрттік шен құрады. Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазакстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар кұрайды. Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, Министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық занда белгіленген мазмұнда ант береді. Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайыңдайды. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін Министрліктерді, орталық атқарушы органдарда құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидаттар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын құқықтық нысандарына Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында міндеттікүші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкілдері жатады. қаулылар мен өкімдер Констатуцияға, зандарға, Республика Президентінің актілеріне кайшы емеугетиіс. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімін біткенше іс-қимыл жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өкілеттігін доғарады. Қазақстан Республикасының Конституциясында (70-бап) және Казакстан Республикасының Үкіметі туралы Конститу-циялық Занда Республика Үкіметінің, оның мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған. Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституциада (53-6., 7-тармақ., 61-6., 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің, орнынан түсуін Президенттің кабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі токталғанын білдіреді. Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуы тиіс. Министрліктердің және өзге де орталык атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері: 1)тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; 2)өз құзыреті шенінде шешімдер қабылдауға дербес болады; 3)Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді; 4)тиісті мемлекеттік органдардың қарауыңдағы мемлекеттік басқару саласындағы істің жайына және заңдар-дың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді. Республика Конституциясының 37-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте, яғни өз қызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді. 17. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы заңды және заңсыз (құқыққа қарсы) болуы мүмкін. Құқыққа қарсы мінез-құлық азаматтық-құқықтық, тәртіптік қылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды жасауда көрінеді. Әкімшілік жауаптылықтың заңды негізі болып әкімшілік құқық бұзушылық саналады. Жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі, заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады (ҚР ӘҚБТ кодексінің 28-бабы). Бұл норманы талдау барысында барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән, жалпы белгілерді анықтауға және осы белгілері арқылы заңсыз мінез-құлықты, заңды мінез-құлықты, сонымен бірге басқа да құқық бұзушылыққа тән (қылмыстар, тәртіптік қылықтар және т.б.) ерекшеліктерді айыруға болады. Бұл белгілердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: — теріс қоғамдық; — құқыққа қарсылық; — кінәлілік; — жазаланатын әрекет. Осы аталғандардың ішінен бастапқы сипаттамалық белгілер болып әрекет саналады. Бұл мінез-құлықтың ерікті актісі. Ол мінез-құлықтың екі аспектісін құрайды, олар: әрекет және әрекетсіздік. Әрекет — бұл саналы түрде міндеттерді орындамау, заңды талаптарды және де тыйым салуларды бұзу (мысалы, аң аулау тәртібін бұзу, жол полиция қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатпау және т.б.). Әрекетсіздік — бұл салғырттық танытып, тиісті міндеттерді орындамау (мысалы, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамау және т.б.). Өзінің әлеуметтік мағынасына қарай әрекет оң немесе адамдардың, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін теріс қоғамдық әрекет болып бөлінеді. Қандай әрекет теріс екендігі әкімшілік жауаптылық институттың шеңберінде заңмен анықталады. Сондықтан қандай да болмасын теріс қоғамдық әрекет әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің мазмұнына қатысты болмайды. Құқық нормасын бұзатын әрекетті жасау. Бұл нормалар тек әкімшілік құқық нормасына жатуы ғана мүмкін емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларына жатады. Бірақ бұл жағдайларда белгіленетін нормалар әкімшілік жауаптылық шаралармен қорғалады. Кінәлілік әкімшілік құқық бұзушылықты қасақана жасау немесе абайсыздықпен жасауды білдіреді. Кінә — әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамының аса маңызды бір бөлігі болып саналады. Кінәнің нысандары толығырақ ҚР ӘҚБтК 29-30-баптарында қаралады. Әрекет үшін әкімшілік жауаптылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне жатады.   Бір жағынан, әкімшілік құқық бұзушылық -әкімшілік жауаптылықтың негізі, ал екінші жағынан мұндай жауаптылық — әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдылық табиғатын анықтайтын белгі. Заңда белгіленген жағдайларда әрекетті ә.қ.б. деп тану үшін, әрекет және оның заңға қарсы, қолайсыз зардаптарды келтіруінің арасында себепті байланыс болуы қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі (ҚР ӘҚБтК 28-бабы) барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән жалпы әлеуметтік-құқықтық белгілерін қамтиды. Мысалы, ұсақ бұзақылық, теріс қоғамдық, заңға қарсы, кінәлі әрекет әкімшілік түрде жазаланады. Бірақ, әкімшілік құқық бұзушылықтың әрбір түрі өзіне тән әрекетін, зардаптарын және құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаны сипаттайтын белгілеріне ие. Олардың жиынтығын заңғылымында әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы деп атайды. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамында әкімшілік құқық бұзушылық түсінігінің жалпы белгілері нақтыланады. Қандай да болмасын құқық бұзушылық белгілі бір қоғамдық қатынастарға қол сұғады (нысан), өз алдына, белгілі бір жағдайдағы тұлға еркінің сыртқы көрінісі (объективтік жағы), белгілі бір адам жасайды (субъект) және сол адамның істеген әрекетіне деген психикалық қатынасы көрінеді (субъективті жағы). Осы төрт элемент әкімшілік құқық бұзушылық құрамын құрайды. Сонымен, әрекетті нақты әкімшілік құқық бұзушылық деп анықтайтын әкімшілік құқықтық заңмен белгіленген элементтер әкімшілік құқық бұзушылық құрамы деп аталады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін оның заңдылық құрамынан айыра білу қажет. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамында мынадай элементтер бар: Құқық бұзушылық нысаны (қандай да болмасын аядағы қоғамдық қатынастардың тұрақты жетілуіне құқық бұзушының қол сұғуы); Объективтік жағы (белгілеген ережелерді бұзуға байланысты нақты әрекет; Құқық бұзушылықтың субъектісі — ақыл-есі дұрыс, 16 жасқа толған жеке тұлға. Құқық бұзушылықтың субъективті жағы, құқық бұзушының жасаған әрекетке деген психикалық қатыстылығы, яғни қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінә. 18. Қазақстан Республикасының Контитуциялық Кеңесі. Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. Конституциялық Кеңес: Республика Президентінің сайлауы; Парламент депуттарының сайлауы; Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді. Конституциялық Кеңес: Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін; Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды. Конституциялық Кеңес: Конституция нормаларына ресми түсінік береді; Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады. Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады. Тарихы ҚР Үкіметі атқару өкіметін жүзеге асырады, атқару органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(2001-2005 жж.) ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес қүрылды. Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары түруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды. КР Конституцияльщ Кеңесі төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бүйрығымен ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі,міндетгері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді. ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін қүрылды. Аппарат үйымдық, ғылыми-қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды. ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелері:ғылыми-қүқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім,қаржы-шаруашылық бөлімі. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2002 ж. 1 қаңтардағы бұйрығымен ҚР Конституцияльщ Кеңесі аппаратыньщ құрылымы бекітілді:ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2004 ж. 15 қыркүйектегібүйрығымен ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының қүрылымына өзгертулер енгізілді: ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі мен жалпы бөлім үйымдастыру және кадрлар жүмысы бөлімі болып, қүқықтық және ақпараттық-талдау бөлімдері қүқықтық сараптама бөлімі болып қайта үйымдастырылды. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2005 ж. Маусымдағы бүйрығымен қаржы-шаруа тттылық бөлімі қаржы бөлімі болып қайта қүрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) 19. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері. Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе занды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құкық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқыктық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің бірі «әрекет» және «әрекетсіздік» қосылып «іс-қимыл» деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес және терісқылық болып екіге бөлінеді. Әкімшілік әрекет - міндеттер мен заң талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді түрпішіні. Міндетгер мен занды талаптарды орындамаумен тікелей бай­ланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең түрпішіні әкімшілік әрекетсіздік деп аталады. Мысалы, сауда кәсіпорны бастығы, дер кезінде сатылатын тауарларды оларға берілетін сертификатпен қамтамасыз жасамағандықтан, сатып алушылар тауарлардың шығу тегіне байланысты ақпараттарды уақытында біле алмады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туыңдауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құкық бұзушылыққасақана жасалған деп танылады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зияңды салдарының туыңдау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның ал­дын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады. 20. Азаматтық құқықтың субектілері. Азаматтық құқықтың негiзi субъектiлерi жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер де азаматтық құқықтың субъектiлерi болып табылады, бiрақ өздерiнiң азаматтық құқықтарын олар арнайы және соған уәкiлеттi заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырады. Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынылады. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлетi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады. Азаматтық құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Заңды тұлғалар деп Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Түрлерi бойынша заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлiнедi. Коммерциялық тұлғалар негiзi мақсаты ретiнде пайда табуды көздейдi және алынған таза пайданы қатысушыларға үлестiрiп бередi. Комерциялық емес заңды тұлғалар керiсiнше, өз қызметiнде негiзгi мақсаты ретiнде пайда табуды көздемейдi және алынған пайданы қатысушыларға үлестiрмейдi. Коммерциялық заңды тұлғалар нысандары бойынша мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам және өндiрiстiк кооператив болып бөлiнедi. Мемлекеттiк кәсiпорындар шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына негiзделген кәсiпорын түрiнде болады. 21. Азаматтық құқықтың ұғымы. Азаматтық құқық – құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды жеке қатысушылардың мүлiктiк қатынастарының теңдiгiне негiзделген, сондай-ақ байланысты, жеке мүлiктiк емес басқа да қатынастарды реттейтiн саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелеушi қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады. Азаматтық құқықтың негiзгi бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлiмнен және 1999 жылғы 1 шiлдедегi Ерекше бөлiмнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы және заңға қарасты актiлерде мазмұндалған, олар Азаматтық кодексте белгiленген ережелердi толықтырады, реттейдi, нақтылайды. Мұндай нормативтiк актiлерге төмендегiдей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шiлдедегi “Шаруашылық серiк-тестiктерi туралы”, 1998 жылғы 10 шелдедегi “Акционерлiк қоғамдар туралы”, 1997 жылғы 21 қантардағы “Банкроттақ туралы”, 1997 жылғы 19 маусымдағы “Жеке кәсiпкерлiк туралы”. Кәпкерлiк – азаматтар мен заңды тұлғалардың, меншiк нысанына тәуелдi емес, тауарларға сұранысты қанағаттандыру жолымен таза пайда табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) немесе мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық iс жүргiзу құқығына (мемлекет кәсiпкерлiк) негiзделген бастамашыл қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, тәуекелмен және оның мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Айна 22. Құқықтық қабілеттік пен әрекет қабілеттік дегеніміз не? Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік еті немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18-жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарды ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымына толық құқықлы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азмат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие. Жасы кәмелетке толмағанжар келиірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе қамқоршысы өтеуге тиісті бөлігін, оның ата-анасы немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиын келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиынды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді. 23. Қазақстан Республикасының Сот жүйесі. Республиканың Сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңмен белгіленеді.ҚР-ның соттар жүйесін Жоғарғы Сот және Конституцияға сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық, Астана қаласының, ҚР әскерлерінің Әскери Соттары) аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады. Республика Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың лауазымды тұлға немесе басқатұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді. Дегенмен ҚР мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, т.б.) соттар құрылуы мүмкін. ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі. - сот төрелігін конституциялық принциптерге сәйкес жүзеге асыру; - сот жүйесінің Конституциямен және Конституциялық заңдармен белгіленуі; - соттарды құру тәртібімен; - сот билігін сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарымен жүзеге асыру; - соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы; - заңды күшіне енген сот шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында орындалу жүйесі; - барлық соттардың ркспубликалық бюджет есебінен қаржыландыру. ҚР сот жүйесінің бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше аумақтық-әкімшілік бірліктерде бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін. 24. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру, және тоқталу негіздері. Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Сондықтан заңды фактілер құқықтық норма мен азаматтық құқықтық қатынас арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз бір де бір азаматтық құқықтық қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді және тоқтатылмайды. Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде түсінетініміз – қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы. Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан және оны орнатып, өзгертіп немесе тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды. Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген. Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т.б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т.б. Барлық әрекеттер мен оқиғалар азаматтық-құқықтық салдарларды тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынасын реттейді, олардың осы әрекетінен осы қатынастар қалыптасады, яғни заңды фактілердің негізгі массасын азаматтық құқықта адамдардың әрекеттері құрайды. Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады. Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес. Өзінің заңды мәніне қарай барлық заңды әрекеттер заңды істер және заңды актілер болып бөлінеді. Заңды істер дегеніміз – азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын нақты бір заңды әрекеттер. Заңды актілер бұл – сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады. Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі әкімшілік құқықтық қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады. Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады. ҚР АК 147 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған әрекеті келісім болып саналады. Осылайша, келісімдер қатарына мыналар жатады: әртүрлі келісімдер (сату-сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, мүлікті жалға алу, басқа жалға алу, қарыз және т.б.), конкурс жариялау, өсиетхат және басқа да заңды әрекеттер, бұлардың барлығы да нақты бір азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатымен азаматтық құқық субъектілерімен жасалады. Осылайша, азаматтық құқықта заңды фактілер мынадай жіктеліске ұшырауы мүмкін: а) оқиға мен әрекет; б) заңды және заңсыз әрекеттер; в) заңды әрекеттер және заңды актілер; г) әкімшілік актілер мен келісімдер. 25. Қазақстан Республиксының Прокуратурасы. 83-бап 1. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. 2. Республика Прокуратурасы төменгi прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бiрыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз жүзеге асырады және Республика Президентiне ғана есеп бередi. 3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi бес жыл. 4. Республика прокуратурасының құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар калалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаральқ, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Занның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын бірінші орынб


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Система проведения турнира. | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 385 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2333 - | 2011 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.