Талшықтар - бактерия жасушасына қозғалғыштық қабілетін бередi. Талшықтар өз бастауын цитоплазмалық мембранадан алатын, жасушадан ұзындау болып келетiн, жіңішке жiпшелер болып келедi. Талшық қалындығы 12-20нм, ұзындығы 3-15 мкм болады. Олар үш белшектен тұрады: спираль тәріздес жiпше, iлмек жоне арнайы дискiлерден құралған (грам-оң бактерияларда 1 жұп, грам-терiс бактерияларда 2 жұп дискiлер) езегi бар базальдық денешiк. Талшықтар дискiлерiмен цитоплазмалық мембрана мен жасуша қабырғасына бекiтiледi. Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз - флагеллиннен (flagellum - талшық) тұрады. Флагеллин суббiрлiктерi спираль тәріздес ширатылған. Бактериялардың талшықтар саны тырысқақ вибрионындағыдай бiреуден (моноmрих), iшек таяқшасы мен протейдiкiндей бактерияның жан-жағында орналасқан ондаған, жүздеген (nериmрихmар) болуы мумкін. Лофотрихтар – жасушаның бiр шетiнде орналасқан талшықтар будасы. Амфитрихтар - жасушаның екі шетiнде бiр ғана талшықтан болады. Талшықтарды ауыр металдармен шандандырылған жағындыларда электронды микроскоппен қараған кезде, немесе талшықтарды арнайы жуандандырып керсететін, әртүрлі заттарды адсорбциялау мен сіңдіру әдітермен өңдеп, жарық арқылы микроскоппен қарауга болады. Қылшықтар, немесе пилилер (фимбриялар) - талшықтарға қарағанда жіңішке (3 ч 1 О нмЧО,3 ч 1 О мкм) әрi қысқа, жiпше тәріздес құрылымдар (2 - сурет). Пилилер жасуша беткейiнен басталып, пилин ақуызынан тұрады. Оларда антигендiк белсендiлiк болады. Пилидің адгезияға, яғни бактерияның зақымданушы жасушаға жабысуына, қоректенугне, су-тұз алмасуына жауап беретiн және жыныстық (F - пили), немесе конъюгациялық түрлерiн ажыратады. Қалыпты жағдайда бiр жасушаға жүздеген пилиден келедi. Бірак-та, жыныстық пилилер бiр жасушада 1-3 - ден болады: олар трансмиссивтi плазмидалары (F-, R-, Col- плазмидалар) бар, «аталық» донор - жасушалардан құралады. Жыныстық пилилердің ерекшелiгi, олардың қарқынды түрде адсорбцияланатын, «аталық» деп аталатын сфералық бактериофаггармен өзара әрекеттесуінде болып табылады.
· 24.Антибиотиктердің жіктелуі
АНТИБИОТИКТЕР ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ТҰҚЫМДАСТЫҚТАРҒА (КЛАСТАРҒА) ТОПТАСТЫРЫЛҒАН:
• БЕТА-ЛАКТАМДАР (ПЕНИЦИЛЛИНДЕР, ЦЕФАЛОСПОРИНДЕР, КАРБАПЕНЕМДЕР, МОНОБАКТАМДАР)
•ГЛИКОПЕПТИДТЕР
• АМИНОГЛИКОЗИДТЕР
• ТЕТРАЦИКЛИНДЕР
• МАКРОЛИДТЕР
• ЛИНКОЗАМИДТЕР
• ЛЕВОМИЦЕТИН (ХЛОРАМФЕНИКОЛ)
• РИФАМПИЦИНДЕР
• ПОЛИПЕПТИДТЕР
• ПОЛИЕНДЕР
• ЭРТҮРЛІ АНТИБИОТИКТЕР (ФУЗИДИЙ ҚЫШҚЫЛЫ, ФУЗАФУНЖИН ЖЭНЕ Т.Б.).
БЕТА-ЛАКТАМДАР. МОЛЕКУЛА НЕГІЗІН БЕТА ЛАКТАМДЫ САҚИНА ҚҮРАЙДЫ, ОЛ БҮЗЫЛҒАНДА ПРЕПАРАТ ӨЗІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖОЯДЫ, ӘСЕР ЕТУ ТИПІ-БАКТЕРИЦИДТІ. БҮЛ ТОПТЫҢ АНТИБИОТИКТЕРІНЕ ПЕНИЦИЛЛИНДЕР, ЦЕФАЛОСПОРИНДЕР, КАРБАПЕНЕМДЕР ЖЭНЕ МОНОБАКТАМДАР ЖАТА#Ы.
ПЕНИЦШЛИНДЕР. ТАБИҒИ ПРЕПАРАТ- БЕНЗИЛПЕНИЦИЛЛИН (ПЕНИЦИЛЛИН СГ)-ГРАМОҢ БАКТЕРИЯЛАРГА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ, БІРАҚ КӨПТЕГЕН КЕМШІЛІКТЕРІ БАР: АҒЗАДНАН ТЕЗ ШЫҒАРЫЛАДЫ, АСҚАЗАННЫҢ ҚЫШҚЫЛ ОРТАСЫНДАТЕЗ БҮЗЫЛАДЫ, БАКТЕРИЯ ФЕРМЕНТТЕРІМЕН - ПЕНИЦИЛЛИНАЗАМЕН БЕТА-ЛАКТАМДЫ САҚИНА БҮЗЫЛЫП БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖОЯДЫ. ТАБИҒИ ПЕНИЦИЛЛАН ҚЫШҚЫЛЫНА - ЭРТҮРЛІ РАДИКАЛДАРДЫ ҚОСУ ЖОЛЫМЕН АЛЫНҒАН ЖАРТЫЛАЙ СИНТЕТИКАЛЫҚ ПЕНИЦИЛЛИННІҢ ТАБИҒИ ПРЕПАРАТҚА ҚАРАҒАНДА АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР, ӘСЕР ЕТУ СПЕКТРІ КЕҢ, ОЛАР:
• ДЕПО-ПРЕПАРАТТАР (БИЦИЛЛИН), ЭСЕРІ 4 АПТАҒА ДЕЙІН (БҮЛШЫҚЕТТЕ ҚОР ТҮЗЕДІ), МЕРЕЗДІ ЕМДЕУГЕ, РЕВМАТИЗМНІҢ РЕЦИДИВІН АЛДЫН АЛУҒА ҚОЛДАНЫЛАДЫ;
• ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДІ (ФЕНОКСИМЕТИЛПЕНИЦИЛЛИН), ПЕРОРАЛДЫ ЖОЛМЕН ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ;
• ПЕНИЦИЛЛИНАЗАҒА ТОЗІМДІ (МЕТИЦИЛЛИН, ОКСАЦИЛЛИН), БІРАҚ ОЛАР КЕЙДЕ ТАР СПЕКТРЛІ ЭСЕР ЕТЕДІ;
• КЕҢ СПЕКТРЛІ (АМОКСИЦИЛЛИН, АМПИЦИЛЛИН);
• КӨКІРІҢ ТАЯҚШАСЫНА ҚАРСЫ (КАРБОКСИПЕНИЦИЛЛИНДЕР - КАРБЕНИЦИЛЛИН, УРЕЙДОПЕНИЦИЛЛИНДЕР- ПИПЕРАЦИЛЛИН, АЗИОЦИЛЛИН);
• КОМБИНИРЛЕНГЕН (АМОКСИЦИЛЛИН+КЛАВУЛАНДЫ ҚЫШҚЫЛ, АМПИЦИЛЛИН+ СУЛЬБАКТАМ). БҮЛ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ҚҮРАМЫНДА БЕТА ЛАКТАМАЗА ФЕРМЕНТІНІҢ ИНГИБИТОРЛАРЫ БАР (КЛАВУЛАН ҚЫШЫҚЫЛЫ ЖЭНЕ Т.Б.), ОЛАРДЫҢ МОЛЕКУЛАСЫ БЕТА-ЛАКТАМДЫ САҚИНАДАН ТҮРАДЫ; ОНЫҢ МИКРОБҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТОМЕН, БІРАҚ БҮЛ ФЕРМЕНТТЕРМЕН ЖЕҢІЛ БАЙЛАНЫСЫП,АНТИБИОТИК МОЛЕКУЛАСЫН БҮЗЫЛУДАН САҚТАЙДЫ.
ЦЕФАЛОСПОРИНДЕР. ӘСЕР ЕТУ СПЕКТРІ КЕҢ, ӘСІРЕСЕ ГРАМТЕРІС БАКТЕРИЯЛАРҒА ОТЕ БЕЛСЕНДІ. ЕНУ КЕЗЕКТІЛІГІ БОЙЫНША ПРЕПАРАТТЫҢ 4 ҮРПАҒЫН АЖЫРАТАДЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК СПЕКТРІ, БЕТА-ЛАКТАМАЗАҒА ТӨЗІМДІЛІГІ ЖЭНЕ КЕЙБІР ФАРМАКО-ЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ БОЙЫНША АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БАР, СОНДЫҚТАН ДА БІР ҮРПАҚТЫҢ ПРЕПАРАТЫ ЕКІНШІ ҮРПАҚТЫ АЛМАСТЫРА АЛМАЙДЫ, ТЕК ҚАНА ТОЛЫҚТЫРАДЫ.
• 1-ШІ ҮРПАҚ (ЦЕФАЗОЛИН, ЦЕФАЛОТИН ЖЭНЕ Т.Б.)-ГРАМОҢ БАКТЕРИЯЛАРГА БЕЛСЕНДІ, БЕТА ЛАКТАМАЗАЛАРМЕН БҮЗЫЛАДЫ.
• 2-ШІ ҮРПАҚ (ЦЕФУРОКСИМ, ЦЕФАКЛОР ЖЭНЕ Т.Б.)-ГАМ ТЕРІС БАКТЕРИЯЛАРҒА БЕЛСЕНДІ ӘСЕР ЕТЕДІ, БЕТА - ЛАКТАМАЗАЛАРҒА ТӨЗІМДІРЕК.
• 3-ШІ ҮРПАҚ (ЦЕФАТАКСИМ, ЦЕФТАЗИДИМ ЖЭНЕ Т.Б.)-ГРАМ ТЕРІС БАКТЕРИЯЛАРҒА БЕЛСЕНДІ ЭСЕР ЕТЕДІ, БЕТА- ЛАКТАМАЗАЛАР ЭСЕРІНЕ ЖОҒАРЫ РЕЗИСТЕНТТІ.
• 4-ШІ ҮРПАҚ (ЦЕФЕПИМ ЖЭНЕ Т.Б.)-НЕГІЗІНЕН ГРАМ ОҢ, КЕЙБІР ГРМ ТЕРІС БАКТЕРИЯЛАР МЕН КӨКІРІҢ ТАЯҚШАСЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ, БЕТА - ЛАКТАМАЗАЛАР ӘСЕРІНЕ РЕЗИСТЕНТТІ.
КАРБАПЕНЕМДЕР (ИМИПЕНЕМ ЖЭНЕ Т.Б.) - БАРЛЫҚ БЕТА-ЛАКТАМАЗАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ КЕҢ СПЕКТРЛІ ЭСЕРІ БАР ЖЭНЕ БЕТА - ЛАКТАМАЗАЛАР ӘСЕРІНЕ РЕЗИСТЕНТТІ.
МОНОБАКТАМДАР (АЗТРЕОНАМ ЖЭНЕ Т.Б.)-БЕТА-ЛАКТАМАЗАЛАРҒА РЕЗИСТЕНТТІ. ӘСЕРІ ТАР СПЕКТРЛІ (ГРАМ ТЕРІС БАКТЕРИЯЛАРҒА,СОНЫҢ ІШІНДЕ КӨК ІРІҢ ТАЯҚШАСЫНА ОТЕ БЕЛСЕНДІ).
АМИНОГИКОЗИДТЕР - МОЛЕКУЛАСЫНДА АМИНОТОПТАРЫ БАР ҚОСЫЛЫСТАР. ВАКСМАН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ АЛҒАШҚЫ ПРЕПАРАТ - СТРЕПТОМИЦИНДІ АЛДЫ. ҚАЗІР БҮЛ ПРЕПАРАТТЫҢ БІРНЕШЕ ҮРПАҒЫН АЖЫРАТАДЫ: (1) СТРЕПТОМИЦИН, КАНАМИЦИН ЖЭНЕ Т.Б., (2) ГЕНТАМИЦИН, (3) СИЗОМИЦИН, ТОБРАМИЦИН ЖЭНЕ Т.Б. ПРЕПАРАТТЫҢ ӘСЕР Е'ІУ СПЕКТРІ КЕҢ (ЭСІРЕСЕ ГРАМТЕРІС БАКТЕРИЯЛАРГА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ, КЕЙБІР ҚАРАПАЙЫМДАРҒА ЭСЕР ЕТЕДІ), БАКТЕРИЦИДТІ.
ТЕТРАЦИКЛИНДЕР - ҚҮРАМЫНДА ТӨРТ ЦИКЛДЫ ҚОСЫЛЫСЫ БАР, ІРІ МОЛЕКУЛАЛЫ ПРЕПАРАТ ТҮҚЫМДАСТЫҒЫ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ НЕГІЗІНЕН ЖАРТЫЛАЙ СИНТЕТИКТЕРДІ, МЫСАЛЫ, ДОКСИЦИКЛИНДІ ҚОЛДАНАДЫ. ӘСЕР ЕТУ ТИПІ –
_________________________88
СТАТИКАЛЫҚ. ӘСЕР ЕТУ СПКТРІ -КЕҢ. (ӘСІРЕСЕ ЖАСУША ІШІИДЕ ОРНАЛАСҚАН МИКРОБТАРҒА:
· РИККЕТСИЯ, ХЛАМИДИЯ, МИКОПЛАЗМА, БРУЦЕЛЛАЛАР, ЛЕГИОНЕЛЛАЛАРҒА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ).
МАКРОЛИДТЕР (ЖЭНЕ АЗАЛИДТЕР) - БҰЛ ҮЛКЕН МАКРОЦИКЛДІ МОЛЕКУЛАЛАР ТҮҚЫМДАСТЫҒЫ.
ЭРИТРОМИЦИН -ЕҢ ТАНЫМАЛ ЖЭНЕ КЕҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АНТИБИОТИК. ЖАҢА ПРЕПАРАТТАР: АЗИТРОМИЦИН, КЛАРИТРОМИЦИН (ОЛАРДЫ ТЭУЛІГІНЕ 1-2 РЕТ ҚОЛДАНУГА БОЛАДЫ). ӘСЕР ЕТУ СПЕКТРІ-КЕҢ, ЖАСУШАІШІЛІК МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ, ЛЕГИОНЕЛЛАЛАРҒА, ГЕМОФИЛЬДІ ТАЯҚШАЛАРҒА ДА ӘСЕР ЕТЕДІ. ӘСЕР ЕТУ ТИПІ - СТАТИКАЛЫҚ (МИКРОБ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАКТЕРИОЦИДТІ БОЛУЫ ДА МҮМКІН).
ЛИНКОЗАМИДТЕР (ЛИНКОМИЦИН ЖЭНЕ ОНЫҢ ХЛОРЛЫ ДЕРИЕАТЫ - КЛИНДАМИЦИН). БАКТЕРИОСТАТИКТЕР. ӘСЕР ЕТУ СПЕКТРІ МАКРОЛИДТЕРГЕ ҮҚСАС, КЛИНДАМИЦИН АНАЭРОБТАРҒА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ.
ЛЕВОМИЦЕТИН (ХЛОРМАФЕНИКОЛ) -МОЛЕКУЛА ҚҮРАМЫНДА НИТРОБЕНЗЕНДІ «ЯДРО» -СЫ БАР, ОЛ БАКТЕРИЯЛАРҒА ҒАНА ЕМЕС, АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ ЖАСУШАЛАРЫНА ДА УЫТТЫ ӘСЕР ЕТЕДІ. ӘСЕР ЕТУ ТИПІ СТАТИКАЛЫҚ. ӘСЕР ЕТУ СПЕКТРІ - КЕҢ, ЖАСУШАІШІЛІК ПАРАЗИТТЕРГЕ ДЕ ЭСЕР ЕТЕДІ.
РИФАМПИЦИНДЕР (РИФАМПИЦИН) - ПРЕПАРАТ НЕГІЗІ - КҮРДЕЛІ ҚҮРЫЛЫМДЫ ІРІ МОЛЕКУЛА. ӘСЕР ЕТУ ТИПІ - БАКТЕРИЦИДТІ. ӘСЕР ЕТУ СПЕКТРІ - КЕҢ (ЖАСУШАІШІЛІК ПАРАЗИТТЕР, МИКОБАКТЕРИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ТИІМДІ). ҚАЗІР НЕГІЗІНЕН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
ПОЛИПЕПТИДТЕР (ПОЛИМИКСИНДЕР). АНТИМИКРОБТЫ ЭСЕР ЕТУ СПЕКТРІ -ТАР (ГРАМ ТЕРІС БАКТЕРИЯЛАР), ЭСЕР ЕТУ ТИПІ - БАКТЕРИЦИДТІ. ӨТЕ УЛЫ. ҚОЛДАНЫЛУЫ - СЫРТҚА, ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.
ПОЛИЕНДЕР (АМФОТЕРИЦИН В, НИСТАТИН ЖЭНЕ Т.Б.). САҢЫРАУҚҮЛАҚҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР, УЛЫЛЫҒЫ ЖЕТКІЛІКТІ ЖОГАРЫ, СОНДЫҚТАН КӨБІНЕСЕ ЖЕРГІЛІКТІ (НИСТАТИН), АЛ ЖҮЙЕЛІ МИКОЗДАРДА-АМФОТЕРИЦИН В (ТАНДАУ ПРЕПАРАТЫ) ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
25.Иммуноглобулиндрдың сыныптары
Ауыр тізбектің молекуларлық құрылысының ерекшелігіне сәйкес иммун-дыглобулиндердің 5 сыныбы, не изотипі бар. Альфа -түрлі ауыр тізбегі бар молекулалар А изотипке жатады (қысқаша ІgА); ІgД - да дельта тізбек, ІgЕ-да эпсилон тізбек, ІgG- да гамма тізбек, ІgМ - да мю тізбек. 1gG-ның ауыр тізбегінің түбтүрлерінің ерекшелігіне сәйкес түбсыныптары болады.
Иммундыглобулиндердің құрлысында белгілі бір тұрақты заңдылық бар - олардың барлығы бір қалыпты элементтерден тұрады. Бірақ, әрбір изотиптің ерекшелігі бар. Мысалы, ІgД, ІgЕ, 1gG-лар бір мономерден тұрады, ІgМ пентамер, ал ІgА молекулалы моно-, ди-, пентамер бола алды (14-сызбанұсқа).
Иммундыглобулиннің С сыныбы. Бұл иммундыглобулин (изотоп) қансарысуының негізгі сыныбы болады. Барлық иммундыглобулиндердің арасында оның үлесі 70-80 пайыз және де, ол бөліктің 50 пайызы тін сұйығында. Орта есеппен алғанда ересек адамның 1 литр қансарсуындағы ІgG -ның салмағы 12 гр. Жартылай ыдырау уақыты 21 күн.
ІgG - мономер. Антиген байланыстыратын орталығы екеу, яғни ол екі валентті. 1gG-ның 01,02,03, 04 деп белгіленген түбсыныптары бар. В-лимфоциттермен - өндіріледі. Біріншілік және екіншілік иммундық жауаптарында оларды үнемі қансарысуынан табуға болады.
_______________225
ІgG комплементпен, тіндік жасушалармен, базофилдермен тығыз байланысқа түсе алады және аллергиялық реакцияның 1 түрінің пайда болуына қатынасады.
ІgG плацентарлық кедергіден жеңіл өтіп жаңа туған перзентте 3-4 ай мезгіліне дейін гуморалдық иммунитетті қамтамасыз етеді.
ІgG антигеннің бейтарапталуына, белгіленуіне, опсонизациялануына қатынасады. Сонымен қатар, комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалық процестің басталуын қамтамасыз етеді.
Иммундыглобулиннің М сыныбы. Ең үлкен көлемді иммундыглобулин. Бүл пентамер және оның антген байланыстырушы 10 орталығы бар, яғни 10 валентті. Молекулалық салмағы 900 кДа, М1 және М2 типі болады. Ауыр тізбегі 5 доменнен түрады. ІgМ- ның жартылай ыдырау уақыты 5 күн.
Басқа иммундыглобулиндердің арасындағы оның үлесі 5-10 пайыз. Ересек адамның қанында 1 л/г ІgМ болады. Жоғарғы деңгейге 2-4 жас арасына таман жетеді.
Филогенетикалық корсеткішке сәйкес ІgМ көне антидене. Алғашқы және жетілген В- лимфоциттермен синтезделеді. Алғашқы иммундық жауапқа қарсы пайда болады және іштегі
· нәрестенің дамуының алғашқы 20 күнінде синтезделе бастайды.
Жоғарғы дәрежелі авидтік мүмкіншілігі бар, комплементті классикалық жолмен қарқынды белсендіретіннің біреуі. Сарысулық және жасушалық иммунитеттің қүрылуына қатынасады. Қүрамында 1- тізбек болғандықтан шырышты қабықтың секретімен бөлініп шығарылады, калыпты антиденелер, изоагглютининдер көбінесе ІgМ қатарына жатады.
Плацентадан өтпейді. Егерде 1gМ - ның изотипі жаңа туған перзенттің қан сарсуында табылса, ол іштен болған жүқпалы аурудың барлығын, немесе жатырдың кемтарлығын көрсетеді.
ІgМ антигендерді бейтараптауды, опсонизациялауды және белгілеуді, сонымен қатар комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалықтың басталуын қамтамасыз етеді.
Иммундыглобулиннің А сыныбы. Сарысулық және секреторлық түрде болады. Барлық ІgА-ның өлшемінің 60 пайызы шырышты қабық секретінің қүрамында болады.
Сарысулыц lgА: Сарысулық имундыглобулиндердің барлық қосындысында ІgА-ның үлесі 10-12 пайыз. Дені сау ересек адамның қан сарысуының 1 литрінде ІgА 2,5 грамм, ал ең жоғарғы деңгейіне 10 жас шамасында жетеді. ІgА-ның жартылай ыдырау уақыты 6 күн.
ІgА - мономер, екі антиген байланыстыратын орталығы бар (2 валентті), молекулалық салмагы 170 кДа. А1 және А2 түп тармағы бар. Жетілген В-лимфоциттермен, плазматикалық жасушалармен синтезделеді. Бірінші және екінші иммунды жауаптың шыңында жақсы анықталады.
Жоғарғы сапалы аффиндық қасиеті бар.Толықсыз антидене түрінде болуы мүмкін. Комплементпен байланыспайды. Плаценталық тосқауылдан өтпейді.
ІgА антигендерді бейтараптауды, опсонизациялауды және белгілеуді, сонымен қатар комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалықтың басталуын қамтамасыз етеді.
Секреторлыц ІgА. Сарысулық түрімен салыстырғанда секреторлық sІgА полимерлі ди-, не тримерлі түрінде бола алады (4, не 6-валентті). Молекулалық салмағы 350 кДа.
Секреторлық иммундыглобулиндер В-лимфоциттермен және тек қана шырышты қабықта болатын плазматикалықжасушалармен синтезделіп, олардың секретінде болады. Бір тәулікте 5г салмақга бөлініп шығарылады. Қан сарсуында табылмайды.
Секреторлық ІgА пайда болу және қалыптасу механизімі оте күрделі.
Секреторлық ІgА ас қорыту, несеп және тыныс алу жүйелерінің шырышты қабығының жергілікті туморалдық иммунитетінің негізгі факторы. S тізбегі болгандьщтан олар протеазаның әсеріне өте төзімді. \ комплементті белсендірмейді, бірақ антигенмен нәтижелі байланысып, оларды бейтараптайды. Ол гробтардың эпителиялық жасушаларға бекінуіне кедергі жасап, олардың шырышты қабыққа жайлынуына қарсытұрады.
____________226
Иммундыглобулиннің Е сыныбы. Оларды реагиндер деп те атайды. Қан сарысуындағы концентрациясы өте төмен 7 бір литр қандагы мөлшері 0,00025 грамм. 1%Е-ні аныктау үшін арнайы тәсілдер керек. Молекулалык салмағы 190 кДа. Басқа иммундыглобулиндермен салыстырғанда оның қан сарсуындағы үлесі 0,002 пайыз. Адам бүл деңгейге 10-15 жас мөлшерінде жетеді. Көбінесе бронх, өкпе және ас қорыту жүйесінде жетілген лимфоциттер және плазматикалық жасушалармен синтезделеді.
Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Тін жасушалары, базофилдермен өзара қатынасқа түсуге икемділігі оте жоғары. Жоғарғы сезімталдықгың жедел түрінің дамыуына себекер.
Имундыглобулинніңің Д сыныбы. Иммундыглобулиндердің бүл түрі туралы мәлімет оте тапшы. Іс жүзінде олар тек қана қан сарысуында, иммундыглобулиндердің арасындағы пайызы 0,2. Қанның бір литріндегі молшері 0,03 грамм. Молекулалық салмағы 160 кДа, мономер.
Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Із ашар В лимфоциттердің рецепторлары болады.
Рецепторлық иммундыглобулиндер. Рецепторлық, не мембраналық иммундыглобулиндер В лимфоциттердің цитоплазмалық мембранасында орналасады. Антиген спецификалық рецепторлардың міндетін атқарады. Олар секреторлық иммундыглобулиндерге үқсас, ал айырмашылығына
· қүрамындағы ерекше М пептидінің болғаны жатады.. Соңың көмегімен В лимфоцитгердің цитоплазмалық мембранасына жабысады.
26.Батериалды жасушаның антигендің құрылысы