Қоршаған ортаның сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапасының стандарттары жасалған. Стандарт экологиялық және өндірістік –шаруашылық болып бөлінеді.
Экологиялық стандарт қоршаған ортаға шекті рауалы нормаларын белгілейді. Егер де осы экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамасы белгіленген мөлшерден асатын болса, адам денсаулығына қауіп төнуі, ал өсімдіктер мен жануарлар әлемін құртатын әсер орын алуы мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозуы болмайды, биологиялық алуантүрлілік пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталады.
Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтері үш түрге бөлінеді: санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік-шаруашылық) және қосалқы.
Санитарлық-гигиеналық нормаларға – адамды қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайларының және сапасының көрсеткіштері. Санитарлық-гигиеналық нормативтерге зиянды заттардың (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радияциялық әсерлердің шекті рауалы деңгейі жатады.
Екінші нормативтер тобына экологиялық норматив –экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады.
Қосалқы нормалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен реттеу бірлігінде беріледі. Қоршаған табиғи ортаны сипаттайтын сапа нормативтерін топтастыру үлгісі 1.2 кестеде берілген.
Қазақстан республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» заңына сәйкес, осы нормативтер тобына зиянды заттардың шекті рауалы концентрациялары нормативтерін, радиация, шу, вибрация, магнит өрістері әсерінің шекті рауалы деңгейлері (ШРД) нормативтерін, зиянды заттардың тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер (көкөністегі нитрат, ауыз судағы тұздар) нормативтерін жатқызады.
Судағы зиянды заттарды нормалау
Зиянды заттар үшін биосфераның әр компонентіне арнайы белгіленген ШРК-ның шамалары бар.
Сулы орта немесе су объектілері:
- ШРКс – шаруашылық ауыз су мен мәдени-тұрмыстық
жағдайға қолданатын су қоймаларындағы заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/л. Бұл концентрация адамның бүкіл ғұмыры ішінде оның мүшелеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізбеуі, сонымен қатар келесі ұрпақтардың денсаулығына және қолданатын судың гигиеналық жағдайын да төментетпеуі қажет;
* ШРК б.с- балық шаруашылығында қолданылатын суаттардың
суындағы заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/л.
Судың интегралдық көрсеткіштері:
- ОБҚ- оттекке биологиялық қажеттілік- сынау инкубациясының білгілі уақыт ішінде (2,5, 20, 120 тәулік) органикалық заттардың биохимиялық тотығу (ыдырау)
процестеріне пайдаланылған оттектің мөлшері, мг О2/л (ОБҚ5 -5 тәулік, ОБҚ 20 -20 тәулік ішінде);
- ОХҚ- оттекке химиялық қажеттілік- судағы барлық тотықсыздандырғыштарды тотықтыруға қажетті, яғни тотықтырғыштың жұмсалатын мөлшеріне эквивалентті, оттектің мөлшері (бихроматты әдіспен анықталған), мг О2/л суға.
ОБҚ/ОХҚ қатынастарына қарай отырып, заттардың биохимиялық тотығуының тиімділігін айтады.
Су обьектілеріндегі судың құрамы мен қасиеті өзен жармасындағы немесе ақпайтын су қоймаларындағы су алатын нүктеден радиусы 1 км-дей жердегі нормативтерге сәйкес болц тиіс.
Заттардың ШРК-ның шамасы әртүрлі болады, ол суды қолдану категориясының түріне байланысты келеді. Мысалы шаруашылық- ауыз су және мәдени-тұрмыстық жағдайға қолданылатын су обьектілерінің суында хлорорганикалық қосылыстың –гексахлоранның мөлшері 0,1 мг/л шамасында болуға рұқсат беріледі, ал балық шаруашылығына тұтынатын суларына бұл зат мүлдем болмауы тиіс.
Бір заттар организмнің ішіне түскенде ғана қолайсыз әсер тигізсе, екіншілері сырттай байланысқанның өзінде зиянды әсерін тигізеді, осыған байланысты іс-жүзінде әртүрлі шектеулер қолданылады. Мысалы, санитарлық шектеулерге сәйкес бір заттың суда болуы шомылу мен жуынуды шектейді, ал санитарлық-гтгтеналық шектеу басқа заттардың болуына қарай оны ішуге және тамақ пісіруге лимиттейді. Сондықтан, ШРК-мен қатар су обьектілеріне басқа шектеу нормативі – зияндылықты лимиттеу көрсеткіші (ЗЛК) қолданылады. Ол суды сандық жағынан емес, тек судың сапасына қойылатын талаптарды сипаттайды. ЗЛК үш түрге бөлінеді:
1) санитарлық-токсикологиялық (заттардың адам организмінжәне су жануарларын уландыруын сипаттайды);
2) жалпы санитарлық (заттардың су обьектісінің жалпы санитарлық жағдайына, сондай-ақ өздігінен жүретін процестердің жылдамдығына тигізетін әсерін сипаттайды);
3) органолептикалық (заттардың судың органолептикалыққаситетін- иісі, дәмін, түсін, көбіктенуін өзгерту қабілетін сипаттайды, яғни адамның сезім мүшелерімен бағаланатын қасиеттер).