* арбидол
* виферон
*+ ацикловир
* тамифлю
* интерферон
#1506
*! «Иерсиниоздың» қоздырғышы болып табылады...
*Micoplasma pneumonia
*Yersinia pestis
*Clostridium tetani
* +Yersinia enterocolitica
*Frcisella tularensis
#1507
*!«Туа пайда болған қызамық» деген диагнозды бала өмірінің нешінші күнімен байланыстырып қоюға болады?
*+ өмірінің 11 күніне дейін
*өмірінің 14 күніне дейін
*өмірінің 21 күніне дейін
*өмірінің 28 күніне дейін
*өмірінің 30 күнінен кейін
#1508
*!Туа пайда болған листериоздың клиникалық көрінісі болуы мүмкін:
* +гепатоспленомегалия, гранулематозды элементтер
* алақан және табандағы көпіршіктер
* кереңдік, катаракта
* остеомиелит, синовит
* пневмония, ринит
#1509
*!Жаңа туған бала АИВ-ты құрсақ ішінде жұқтырып алған.
Осы ауруға әсіресе тән симптомдар болып табылады
* гипотрофия, Капоши саркомасы, неврологиялық бұзылыстар
* Капоши саркомасы, ірінді отит, катаракта
* гепато- және спленомегалия, ірінді отит, катаракта
*+ гипотрофия, гепато- және спленомегалия, неврологиялық бұзылыстар
* катаракта, саңырауқұлақтық, жүрек ақаулары, Капоши саркомасы
#1510
*!№ 623 бұйрыққа сәйкес қандай қоздырғыштың анықталуы сарыпты дәлелдейді
*+Brycella Spp
*Вирустар
*Спирохета
*Саңырау құлақтар
*Қарапайымдар
#1511
*! Туа біткен ЦМВИ белсенді кезеңінің диагностикасында қолданылатын антидене классы:
* Ig D
* Ig A
* Ig E
* +Ig M
* Ig G
#1512
*! Балалардағы көкжөтел қоздырғышы
*+Bordotella pertussis
* Varicella zoster
* Shigella Fleksneri
* Streptococcus
* Neisseria meningitides
#1513
*! Паракөкжөтел қоздырғышы жиі таралады
* парентеральды жолмен
* +ауа- тамшылы жолмен
* фекальды- оральды жолмен
* қатынас арқылы
* алиментарлы жолмен
#1514
*! Жұқпалы ауруханада эпидемияға қарсы күнтүзбесінің мақсатына жатады
*+ ауруханаішілік жұқтыруды алдын алу
* тек кана ауыр түрінде ауырған науқастарды емдеу
* шұғыл көмек көрсету
* науқасты толық зерттеу
* науқасты толық емдеп шығару
#1515
*! Жұқпалы ауруханада эпидемияға қарсы күнтүзбесінің мақсатына жатады
* науқасты толық емдеп шығару
* тек кана ауыр түрінде ауырған науқастарды емдеу
* шұғыл көмек көрсету
* науқасты толық клиникалық және лабораторлы зерттеу
* + жұқпалы ауруды ауруханадан тыс шығармаудың алдын алуын
#1516
*! Жедел респираторлы ауруларда БАБЖ бойынша ауырлығының критерилері болып саналады
* қызба
* жөтелдің жиілігі
*жөтелдің жиілігі және тыныс жиілігі
* жөтелдің жиілігі және кеуде төмен жақтарының ішке тартылуы
*+тыныс жиілігі және кеуде төмен жақтарының ішке тартылуы
#1517
*! Теппемен ауырған ерте жастағы балалардың ауру ағымының ерекшеліктерінің біреуі
* + құлақ маңай сілекей бездерінің жекеше зақымдануы
* ұйқы безінің жекеше зақымдануы
* бір жас аралығындағы балалардың теппемен жиі ауруы
* орта нерв жүйесінің жиі зақымдалуы
* аурудың ауыр дәрежесі
#1518
*! Жұқпалы мононуклеозбен ауырған ерте жастағы балалардың ауру ағымының ерекшеліктерінің біреуі
* +симптомдардың жоғарғы деңгейіне жетуі аурудың 2-3 тәулігінде болуы, қызба 1-1,5 апта болады
* серологиялық реакциялардың оң нәтижесі ұлкен жастағы балаларға қарағанда жиі кездеседі
* ұлкен жастағы балаларға қарағанда аурудын симптомдарының кері қайтуы жай (жылдам емес)
* қандағы атипті мононуклеарлар аурудың соңына таман пайда болады
* тонзиллиттің айқын көрінісі, аздаған спленомегалия
#1519
*! Күл ауруына тән:
* инфекцияның кіру қақпасы орнында ірінді қабынудың пайда болуы
* инфекцияның кіру қақпасы орнында серозды қабынудың пайда болуы
* инфекцияның кіру қақпасы орнында катаралды қабынудың пайда болуы
* + инфекцияның кіру қақпасы орнында фибринозды қабынудың пайда болуы
* инфекцияның кіру қақпасы орнында ірінді-некротикалық қабынудың пайда болуы
#1520
*! Күл қоздырғышы
* парамиксовирус
* + Леффлертаяқшасы
* Борде-Жангу таяқшасы
* хламиди
* Кох таяқшасы
#1521
*! Энтеровирусты инфекцияға тән зақымдану
* трахеяның шырышты қабатының
* ми қабаттарының
* ішектің шырышты қабатының
* ауызжұтқыншақ шырышты қабатының
* + көптеген мүшелер мен жүйелердің
#1522
*! Энтеровирусты инфекцияға тән типті ауызжұтқыншақтағы өзгеріс:
* лакунарлы баспа
* катаральды баспа
* + герпетикалық баспа* некрозды баспа
* фолликулярлы баспа
#1523
*! Круп синдромы жиі дамиды:
* тұмауда
* аденовирусты инфекцияда
* реовирусты инфекцияда
* +парагриппте
* РС-инфекцияда
#1524
*! Круп синдромына тән үштік симптом
* мұрыннан бөлініс, «үрген тәрізді жөтел», конъюнктивит
* дауыстың қарлығуы, «үрген тәрізді жөтел», коньюнктивит
* мұрыннан бөлініс «үрген тәрізді жөтел», стридор
*+ дауыстың қарлығуы, стридор, «үрген тәрізді жөтел»,
* мұрыннан бөлініс «үрген тәрізді жөтел», дауыстың қарлығуы,
#1525
*! Ларингит клиникасы көбінесе қай нозологияға тəн?
* тұмауға
* +парагриппке
* риновирусты инфекцияға
* аденовирусты инфекцияға
* микоплазмалық инфекцияға
#1526
*! Фарингоконъюктивті қызба қандай вирусты инфекцияға тəн?
* тұмауға
* парагриппке
* риновирусты инфекцияға
* +аденовирусты инфекцияға
* микоплазмалық инфекцияға
#1527
*! Ринит қандай вирусты инфекцияға тəн?
*+ риновирусты инфекция
*аденовирусты инфекция
*тұмау
* парагрипп
* микоплазмалы инфекция
#1528
*! Парагрипке тəн жөтел түрі?
* құрғақ
* ылғалды
* +дөрекі, ит үрген тəрізді
* ұстама тəрізді
* аз бөлінділермен
#1529
*! Аденовирусті инфекцияда ағзаның қандай мүшесінің қабынуы оның негізгі белгісі болып саналады?
* мұрынның шырышты қабатының қабынуы
*+ көздің шырышты қабатының қабынуы
* көмейдің шырышты қабатының қабынуы
* кеңірдектің шырышты қабатының қабынуы
* бронхтің шырышты қабатының қабынуы
#1530
*! Қызамықтың патогнотомиялық симптомын көрсетіңіз:
* Бельский-Филатов дақтары
* +шүйде лимфа түйіндерінің ұлғаюы
* Мурсон симптомы
* ауыз-мұрын үшбұрышының бозаруы
* Стимпсон симптомы
#1531
*! Полиомиелит кезінде жиі зақымдалады:
* нервтердің миелинді қабықшасы
* жұлының сұр заты
* жұлынның ақ заты
*+ бас миы және жұлын мотонейрондары
* нервтік импульстердің өтуіне арналған синапстар
#1532
*! Жиі полиемиелит мына түрде өтеді:
* понтинді формада
*бульбарлы формада
*+ жұлындық формада
* менингеальді формада
* субклиникалық формада
#1533
*! Туа пайда болған цитомегаловирустың клиникалық көрінісі болуы мүмкін:
* + сарғыштану, анемия, тромбоцитопения, гепатоспленомегалия
* алақанда және табанда көпіршіктер
* кереңдік, катаракта
* остеомиелит
* конъюнктивит, пневмония
#1534
*! Шықшыт бездердің екі жақтық ісінуі тән:
* ірінді паротитке
* Микулич синдромына
* токсикалық паротитке
* +эпидемиялық паротитке
* сілекей-тас ауруына
#1535
*! Сарыпты шақыратын қоздырғыш микроорганизмдердің қандай тобына жатады:
* саңырауқұлақтар
* вирустар
* +бактериялар
* спирохетталар
* қарапайымдылар
#1536
*! Сарыпта негізгі ауру көзі:
* құстар
* адам
* кеміргіштер
қан соратын құрт-құмырсқалар
* + ірі және ұсақ мүйізді мал
#1537
*! Менингококкты инфекцияның қоздырғышы:
* Streptococcus
* Yersinia
*+ Neisseria
* Listeria
*Salmonella
#1538
*! Менингококкты менингитте жұқпаның таралу көзі:
* вирус тасымалдаушы
* қоршаған ортаның объекті
* +науқастанған адам
* үй жаануарлары
* үй құстары
#1539
*! Менингококкты жұқпаның берілу механизмі:
* гематогенді
* фекальді-оральді
* парентеральді
* трансмиссивті
*+ аэрозольді
#1540
*! Менингококкты жұқпаның жергілікті түріне жатады:
* + назофарингит
* менингит
* менингоэнцефалит
* менингококкцемия
* вирус тасымалдаушы
#1541
*! Менингококкты менингиттің этиотропты емінде қолданылады:
* спирамицин
*+ бензилпенициллин
* азитромицин
* линкомицин
* преднизолон
#1542
*! Обаның инкубациялық кезеңі ең жиі созылады:
* +3-6 күн
* 14 күн
* 21 күн
* 40 күн
* 1 ай
#1543
*! Обаның қоздырғышы
*+jersinia pestis
* jersinia enterocolitica
* jersinia aldovae
* jersinia pseudotuberculosis
* jersinia intermedia
#1544
*! Адамдардың туляремияны жұқтыру мүмкін жолдары
* қансорғыш тасымалдаушылар шағуы;
* +контактты жолмен;
* жұқпалы су арқылы;
* ауа-тамшылы;
* ауа-шаң.
#1545
*! Трихинеллезды жұқтырудың бірінші кезеңінде көрінетін клиникалық симптомдар
*+Лоқсу, құсу, тәбеттің жоғалуы
*Бет ісінуі, буындардағы ауру сезімі
*Терідегі бөртпелер
*Диарея, дене температурысының 39 С дейін жоғарлауы
* Бұлшықеттік ауру сезімдер (әсіресе қол мен аяқта)
#1546
*! Топырақта оптимальды жағдайда аскарида жұмыртқаларының өміршеңдік мерзімі
* бірнеше сағат
* 3-4 ай
* +1 жылға дейін
* 1 жылдан аса
* 1 ай
#1547
*! Геморрагиялық қызбаның бүйректік синдромының (ГҚБС)алғашқы кезеңіне тән симптомдар:
* склера тамырлары мен конъюнктиваның инъекциясы
* бет гиперемиясы, ісінуі
* тері қабаттарының бозғылттығы
* + жоғары қызба
* іш ауруы
#1548
*! Конго Қырым Геморрагиялық қызбасының маусымдылығы:
* Көктем, күз
* +Жаз, көктем
* Қыс
* Күз
* Жыл бойы
#1549
*! Қызылшаның балалардағы жиі кездесетін асқынуы
* энцефалит
*+ пневмония
* коньюнктивит
* миокардит
* нефрит
#1550
*! Қызамыққа тән бөртпе түрі
*+ ұсақ дақты
* ұсақ нүктелі
* дақты-папулезді
* везикулезді
* геморрагиялық
#1551
*! Қызылшаға тән бөртпе түрі
* ұсақ дақты
* ұсақ нүктелі
*+ дақты-папулезді
* везикулезді
* геморрагиялық
#1552
*! Туа біткен қызылшада байқалады
* жүрек ақауы,целиакия, катаракта
* муковисцидоз, катаракта, диарея
* диарея, муковисцидоз, есту кемістігі
* коньюнктивит, өт жолдарының атрезиясы
*+ катаракта, жүрек ақауы, есту кемістігі
#1553
*! Қай симптом қызылшаның патогномды белгісі болып табылады
* Мурсон симптомы
* Пасти симптомы
* Филатов симптомы
* Вильсон Коновалов симптомы
*+ Бельский Филатов Коплик симптомы
#1554
*! «Иерсиниоздің» қоздырғышы төмендегі топтардың қайсысына жатады?
* антропоноздарға
* зооноздарға
* паразиттерге
* саңырауқұлақтарға
*+ антропозооноздарға
#1555
*! Жұқпалы мононуклеоздың қоздырғышы сонымен қатар келесі ауруларды тудырады:
* ганглиоманы
* Капоши саркомасын
* жедел миелобластты лейкозды
* хондросаркоманы, Юинг саркомасын
* + назофарингиалды карциноманы, Беркитт лимфомасын
#1556
*! Вирусты гепатиттерде дамитын сарғаюдын түрі:
* + паренхиматозды
* гемолитикалық
* геморрагиялық
* механикалық
* обтурационды
#1557
*! Лептоспирозбен ең жиі басымырақ балалар ауырады?
* қыста
* көктемде
* +жазда
* ауырмайды
* маусымдық жоқ
#1558
*! Тұмауға қарсы екпені жылдың қандай мезгілінде жасаған дұрыс?
* қыста
* жазда
*+ күзде
* көктемде
* көктем және күз
#1559
*! Қандай жедел респираторлы-вирусті инфекцияға қарсы арнайы профилактикалық шара жүргізіледі?
*+ тұмау
* қостұмау
* қостұмау және тұмау
* реовирусті инфекция
* риновирусті инфекция
#1560
*! Жүктілерде туа пайда болған листериоздің алдын алу үшін профилактикалық шаралары
*+ жүктілерді антибиотикпен қоса сульфаниламидпен 7 күн емдеу
*нәрестені антибиотикпен қоса сульфаниламидпен 7 күн емдеу
* жүктілерді листериозге қарсы бактериофагпен емдеу
* балаларды туғаннан кейін бақылау
* жүктілерді бақылау
# 1561
*! Зоонозды инфекцияларға (листериоз, иерсиниоз, псевдотуберкулез, АҚТВ) қарсы арнайы профилактикалық шаралар
* екпе қолданылады
* екпе қолданылмайды
*+ екпе жасалынбаған
* екпе өмірлік көрсеткішіне байланысты қолданылады
* екпе инфекционист пен эпидемиологтің кеңесінен кейін қолданылады
#1562
*! 27.12.95 жылғы № 535 «ҚР-дағы полиомиелитті ликвидациялау бойынша қосымша шаралар туралы» бұйрыққа сәйкес полимиелитке қарсы екпе жүргізіледі:
* тірі әлсіреген вакцинамен бұлшық етке
* + тірі әлсіреген вакцинамен ауызға
* өлтірілген вакцинамен бұлшық етке
* өлтірілген вакцинамен ауызға
* анатоксинмен ауызға
#1563
*! Қандай бұйрық бойынша ВГ алдын алу шаралары жүргізіледі?
* № 535
* №556
*+ №33
* № 4
* №2295
#1564
*! Жедел ВГ пен ауырғаннан кейін қандай бұйрық бойынша диспансерлік бақылау жүргізеді?
* №264
* №566
* №479
* №2295
*+ №33
#1565
*! Ауа - тамшылы инфекцияның диагностикасы және еміне арналған бұйрық?
* + № 264
* № 33
* № 479
* № 2136
* № 661
#1566
*! Күлдің диагностикасы мен емі қай бұйрықта көрсетілген
* №566
* № 2136
* +113
* №661
* №479
#1567
*!Жайылмалы менингококкты жұқпамен ауырған науқастар диспансерлік бақылауда қанша уақыт болады:
* 1 жыл
* +2 жыл
* 6 ай
* 5 жыл
* 3 жыл
#1568
*! Обаның диагностикалық алгоритмі қандай бұйрықта көрсетілген
* №633
* №112
* №333
* +№623
* №2295
#1569
*! Оба кезінде медицина қызметкерлерінің іс-әрекетінің алгоритмі қандай бұйрықта көрсетілген
* ҚРқызылшаның алдын алдын алу шаралары
* ҚР күл ауруының алдын алу
* Профилактикалық санитарлы-эпидемиологиялық шаралар ережесі
* ҚР листериоздың алдын алу шаралары
* +Аса қауіпті инфекцияларды анықтау ережелері
# 1570
*! Төменде келтірілген қай бұйрықта профилактикалық егулер мерзімі көрсетілген
* № 264
* № 566
* №479
*+ №2295
* №33
# 1571
*! Қызылша ауруына қарсы вакцинацияның бекітілген мерзімі
* Жаңа туылған кезде
* 2 айда
* 6 айда
* 9 айда
*+12 айда