* +атрофиялық гастрит
* эрозивті гастрит
* гипертрофиялық гастрит
* беткей гастрит
* аралас гастрит
#794
*!10 жастағы қыздың ФЭГДС: өңеш өзгермеген, өтімді, кардия жабылады,
асқазан дұрыс формалы, құрамында бұлыңғыр түзіліс бар. Шырышты қабат тегіс емес, ісінген, қызарған. Қақпашық жабылады, өтімді. Пиязшық қалыпты, 12 елі ішек ісінген, қызарған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* асқазан ойық жарасы
* 12 елі ішектің ойық жарасы
* асқазанның функциональды бұзылысы
* созылмалы гастрит
* + созылмалы гастродуоденит
#795
*! Ұл бала 13 жаста, полиартриттің дамуына байланысты 2-ші ай индометацин қабылдайды. Эпигастрийде кенеттен ауыру сезімі мен әлсіздік пайда болды, қою массамен қайталап құсу Қарап тексергенде бозарған, пульс -120 рет минутына. АҚҚ 90/70 мм.с.б. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, бұлшық еттік кернеу жоқ. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +эрозивті гастрит
* бейспецификалық жаралы колит
* тағамдық токсикоинфекция
* жедел холецистит
* жедел панкреатит
#796
*!Асқазан эндоскопиясында: шырышты қабат ісінген, қызарған, асқазан қыртыстарының жазылуы ауамен инсуфляция кезінде қиындаған. Бұл гастриттің қай түріне ЕҢ тән:
* +беткей гастрит
* атрофиялық гастрит
* аралас гастрит
* эрозивті гастрит
* гипертрофиялық гастрит
#797
*!Баланың ауырғанына 3-жыл болған. Шағымдары: сол жақ қабырға астының ауыруына, қышқылмен кекіруге, тамақтан кейін асқазаның толып, керілу сезіміне. Эррадикациялық емдеу курсын өткен.
Созылмалы гастриттің морфологиялық формаларының дифференциалды диагностикасында қандай зерттеу әдісінің ақпараттылығы ЕҢ жоғары?
* асқазанды R-зерттеу
* құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
* асқазанның рН-метриясы
* +ФЭГДС
* асқазанды зондтау
#798
*!Қыз бала 12 жаста, тамақ ішкеннен кейін басылатын эпигастрийдегі сыздап ауыру сезіміне, қыжыл, кейде қышқылмен кекіруге, іш қатуға бейімділікке шағымданады. 3 жылдай сырқаттанады. Бозарған, қозғыш, қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік. Тілі түбіріне жақын ақ жабындымен жабылған, тіс іздері. Іші жұмсақ, эпигастрийдегі және пилородуоденальды аймақтағы аздап ауыру. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел гастрит
* +созылмалы гастродуоденит
* созылмалы холецистит
* өт шығару жолдарының дискинезиясы
* созылмалы панкреатит
#799
*!Ұл бала 14 жаста. Көбінесе түнгі уақытта болатын эпигастрий аймағындағы кесіп, шаншып ауыратын күшті ұстамалы ауырсыну сезіміне шағымданады. Күндізгі уақытта тамақ ішкеннен кейін ауырсыну қояды. Ішті пальпациялау қиынға соғады, пилородуоденальды аймағында ауырсыну байқалады, Мендель симптомы оң. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел гастрит
* жедел панкреатит
* жедел холецистит
* асқазан ойық жарасы
* +12 елі ішектің ойық жарасы
#800
*!Бала 12 жаста, айқын әлсіздік, жүрек айнуы шағымдарымен түскен. Кеше және бүгін таңертең балада қара май тәрізді нәжіс болды. Қарап тексеруде: тері және көзге көрінетін шырышты қабаттар күрт бозарған, суық тер, пульс 120 рет минутына, АҚҚ 80/40 мм.сын. бағ. гемоглобин - 60 г/л.Қандай патология ЕҢ мүмкін:
* инвагинация
* тік ішектің жарықтары
* жаралы колит
* жедел энтероколит
* +асқазан-ішектік қан кету
#801
*! Науқас С., 13 жаста, полиартриттің дамуына байланысты 2-ші ай ішке индометацин қабылдайды. Кенеттен эпигастрийде ауырсыну, әлсіздік, қою массамен қайталап құсу. Қарап тексергенде бозарған, пульс-120 рет минутына, АҚҚ 90\70 мм.с.б. Іші пальпацияда жұмсақ, бұлшықеттері кернелмеген. Аурудың қандай асқынуы ЕҢ ықтимал?
* перфорация
* малигнизация
* стриктура
* +қан кету
* пенетрация
#802
*!Ұл бала 12 жаста. Жиі аш қарынға, түнде болатын ұзақ уақытқа созылатын іш ауыруына, ашуланғыштыққа және әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 3-жылдай болды, соңғы уақытта ауыру жиіледі, қышқылмен кекіру, құсу, іш қатулар қосылды. Бозарған, арық, қызыл дермографизм. Тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, пилородуоденалды аймақта локалды ауырсыну бар. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +он екі елі ішектің ойық жара ауруы
* созылмалы гастродуоденит
* созылмалы холецистит
* өт шығару жолдарының дискинезиясы
* функционалдық диспепсия
#803
*!2 жастағы бала. Соңғы 3 айда іш қатуға бейімділік, үлкен дәреттің 2-3 күнге тежелуі пайда болды. Тағамында нәруыздық тағам көбірек – сүт, ет, жұмыртқа. Қандай себептік фактор ЕҢ мүмкін:
* неврогенді
* +алиментарлы
* эндокринді
* тоқ ішектің даму ақауы
* психогенді
#804
*!9 жастағы ұл бала. Қыжыл, қышқыл дәмді тамақ қалдықтарымен кекіру, тамақтан кейін бірден болатын эпигастрий аймағындағы жаншып ауыру сезіміне шағымданады. Осы шағымдар соңғы 2 ай көлемінде мазалайды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +гастроэзофагеальды рефлюкс
* өт жолдарының дискинезиясы
* созылмалы дуоденит
* панкреатикалық жеткіліксіздік
* дуоденогастральды рефлюкс
#805
*!15 жастағы ұл балa. Тамақтан кейiн төс артындағы ұзақ уақытқа созылатын күйдiру сезiмiне шағымданады, еңкейгенде және жатқанда күшейедi, төс артындағы түйілу тәрiздi сезiмi, қышқылмен, тамақ қалдықтарымен кекiру. Объективтi: артық салмақ, өкпеде тынысы везикулярлы. Жүрек үндерi анық, АҚҚ 120/80 мм с.б Iшi жұмсақ, ауырмайды. Төс артындағы күйдiру кезiнде ЭКГ қалыпты. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* 12 елi iшектiң ойық жара ауруы
* вегето-тамырлық дистония
* НР - ассоциирленген созылмалы гастрит
* калькулезды емес созылмалы холецистит
* +гастроэзофагеалды рефлюкстiк ауру
#806
*! Ұл бала, 9 жаста, қыжылға, тамақ қалдықтарымен кекiруге, эпигастрий және төс артында тамақтанған соң бірден ауыру сезіміне шағымданады. ФЭГДС-те: өңештің төменгі үштен бірінде шырыш қабаты гиперемияланған, ісінген, кардиясы ашық. Асқазан мен он екі елі ішектің шырыш қабаты бұдырлы, қызғылт. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +гастроэзофагеалдық рефлюксті ауру
* созылмалы эритематоздық гастрит
* созылмалы эрозивті гастрит
* созылмалы атрофиялық гастрит
* созылмалы гиперпластикалық гастрит
#807
!7 айлық балада жүргізілген антибиотикемі курсынан соң дәреті 6 ретке дейін жиіледі, сулы сипатта, шырышпен, жасыл түсті. Жағдайы бұзылған жоқ. Кейде іш түйнеулері мазалайды.
Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +ішек дисбактериозы
* ішек тітіркену синдромы
* жедел ішек инфекциясы
* целиакия
* дисахаридазалық жетіспеушілік
#808
*!Жаңа туған нәресте 3 күнінде ішектің төменгі бөлігінің өткізгіштігі қиындауына байланысты ота жасалған. Ота кезінде: көп мөлшерде илеоцекальды аймақтағы қоймалжың мекония. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* экссудативті энтеропатия
* өт жолдарының атрезиясы
* лактазалық жеткіліксіздік
* целиакия
* +муковисцидоз
#809
*!3 жасар қыз бала. Салмақты аз қосатынына, бой өсуiнiң кешеуiлдеуiне, iшiнiң кебуiне, үлкен дәреттiң көп болуына (полифекалия) шағымданады. Анда-санда құсады. Анамнезiнде 6 айынан бастап ауырады, бiр жарым жасынан бастап iшiнiң кебуi, жиi нәжiс, құсу болған. Нәжiс анализiнде - стеаторея. Фиброгастродуоденоскопияда субатрофиялы дуоденит анықталды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +целиакия
* панкреатит
* муковисцидоз ішектік форма
* экссудативты энтеропатия
* iшек тiтiркену синдромы
#810
*!!8 айлық баланың дене салмағы 7300 гр, бойы 68 см. Бала 3200 гр.дене салмағымен, бойы 50 см болып туылған. 4 айға дейiн емшек емiп, одан кейiн адаптацияланған қоспаға көшiрiлген. 5,5 айында қосымша тамақ- ботқа (манна, сұлы), 6,5 айлығынан көкөнiс пюресiн бередi.
5 айға дейiн баланың дамуы жасына сәйкес болды, кейiн салмақ қосуы қалыс қалып отырған, айына 80- 100 грамнан ғана, ал 7 айлығынан кейiн дене салмағын жоғалтуы байқалады. Yлкен дәретi күнiне 2-3 рет, көп мөлшерде, кейде 5-ке дейiн. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* муковицидоз
* +целиакия
* галактоземия
* лактазалық жетiспеушiлiк
* сахаразалық жетiспеушiлiгi
#811
*! 4 айлық бала. 2-ші айдан бастап динамикада өршіген іш өту, ісіну синдромдары байқалады, дамитын. Физикалық дамуында қалыс қалады. 3 рет тырысу болғандықтан стационарға түсті. Копрограммада: стеаторея, плазмалық нәруыздар. ЖҚА қалыпты. Қан биохимиясында: гипокальциемия, гипопротеинемия. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +экссудативті энтеропатия
* целиакия
* муковисцидоз, ішектік форма
* галактоземия
* фруктоземия
#812
*!2 жасар бала. 10 айлығынан қосымша тамақ (ботқа) енгізгеннен соң сұйық нәжіс пайда болды, салмақты нашар қосатын болды. Тәбеті күшейген. Сасық иіспен полифекалия анықталды.
Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* муковисцидоз
* ішек инфекциясы
* дисбактериоз
* +целиакия
* экссудативті энтеропатия
#813
!Жедел панкретиттiң 2-3 күндерi ем-дәм вариантын атаңыз:
* №1 ас-мәзiр
* +аштық үзiлiс
* №5 ас-мәзiр
* №7 ас-мәзiр
* №8 ас-мәзiр
#814
*! 14 жастағы науқасты майлы тағамды көп мөлшерде қабылдағаннан кейін болатын белді орап ауыратын ауру сезімі мазалайды. Пальпация кезінде Мейо – Робсон нүктесіндегі ауыру сезімі, қан қосындысы жоқ, сұйық нәжіс, әлсіздік. Қанда нейтрофильді лейкоцитоз солға жылжусыз. ЖЗА: ұзаққа созылмайтын амилазурия. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +созылмалы панкреатиттің асқынуы
* гипертониялық типті өт жолдарының дискинезиясы
* жедел холецистит
* асқыну кезіндегі ойық жара
* созылмалы гепатит
#815
*! 2,5 жастағы ұл бала. Бір аптадай ауырады: іштің ауыру сезімі пайда болды, үлкен дәретке тәулігіне 3 ретке дейін барады. Соңғы 2 күнде дефекация іштің ауыруы күшейді, дефекация алдында толғақ тәрізді. Үлкен дәреті тәулігіне 5-6 ретке дейін жиіледі, ботқа тәрізді қан аралас. Температурасы қалыптыдан аспаған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел ішек инфекциясы
* + бейспецификалық жаралы колит
* тік ішектің полипі
* дисбактериоз
* дизентерия
#816
*! 11 жастағы қыз бала. Шағымдары: үлкен дәрет алдында іштің төменгі жағындағы ауыру сезімі, тәбеттің төмендеуі, азып кету, субфебрильді температура. 6 ай бойы ауырады. Іш кебуі, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімі. Бауыр қабырға доғасы бойында. Нәжісі қалыптаспаған, шырыш пен алқызыл түсті қан анықталады, тәулігіне 4-5 рет. ЖҚА: гемоглобин – 90 г/л, ЭТЖ-25мм/сағ. Ректороманоскопия: тік ішектің шырышты қабатында әртүрлі көлемді және пішінді беткей ақаулар көрінеді, қантамырлары суреті көрінбейді, ішек саңылауы айқын қабыну үрдісіне байланысты тарылған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Крон ауруы
*дизентерия
*ішек дисбактериозы
*ішек тітіркену синдромы
*+спецификалық емес жаралы колит
#817
*!11 жастағы қыз бала. Шағымдары: үлкен дәрет алдында іштің төменгі жағындағы ауыру сезімі, тәбеттің төмендеуі, азып кету, субфебрильді температура. 6 ай бойы ауырады. Іш кебуі, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімі. Бауыр қабырға доғасы бойында. Нәжісі қалыптаспаған, шырыш пен алқызыл түсті қан анықталады, тәулігіне 4-5 рет. ЖҚА: гемоглобин – 90 г/л, ЭТЖ-25мм/сағ. Қандай зерттеу тәсілі ЕҢ ақпаратты?
* құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
* + ректороманоскопия
* ирригоскопия
* ФЭГДС
* колоноскопия
#818
*! Оң қабырға астында қатты ұстамалы ауру сезiмi, арасында оң иыққа, оң жақ жауырынға
берiледi. Аталған ауру синдромы төменде аталғандардың қайсысына ЕҢ тән екенiн
көрсетiңiз:
* +өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипертониясы
* өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипотониясы
* өт қапшығың гипокинезиясы және сфинктерлер гипотониясы
* өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипертониясы
* созылмалы холецистит
#819
*! Оң қабырға доғасы астында интенсивтi емес, үнемi, сыздап ауыру, кей кезде ауырлық, бұл аймақта керiп ауыру сезiмдерi. Аталған ауру синдромы төменде аталғандардыңқайсысына ЕҢ тән екенiн көрсетiңiз:
* өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипертониясы
* өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипотониясы
* өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипотониясы
* +өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипертониясы
* созылмалы холецистит
#820
!11 жасар ұл бала. Оң жақ қабырға асты сыздап ауырады, қатты эмоциялардан кейін, тамақтағы ағаттықтардан кейін ауырсыну күшейеді. Диспепсиялық белгілер бар. Смазмолитиктерді қабылдау жағдайын жақсартпайды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* өт жолдарының дискинезиясы гипертониялық түрі
* +өт жолдарының дискинезиясы гипотониялық түрі
* созылмалы панкреатит
* созылмалы энтерит
* созылмалы колит
#821
*! Ұл бала 10 жасар, оң қабырға астындағы қысқа уақытты, ұстама тәрізді, физикалық жүктеме және майлы тамақ қабылдаумен байланысты ауыруға шағымданады. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, оң қабырға астында шамалы ауыру сезімі анықталады. Кер, Мерфи, Ортнер симптомдары оң. Фракциялық дуоденалды зондылауда өт мөлшері аз, тез ағады. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* созылмалы гепатит
* гипокинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы
* созылмалы холецистит
* +гиперкинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы
* функциональды диспепсия
#822
*!Баланы тез шаршағыштық, толғақ тәрізді, өткір, қысқа уақытты, майлы тағам қабылдауға байланысты болатын іштің ауыруы мазалайды. Қарап тексергенде тері жабындылары қызғылт, таза. Іш пальпациясы кезінде Мерфи, Кер симптомдары оң. Қан анализінде: НВ – 126 г/л, ЭР-3,96*1012/л, Л-5,0*109/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ. Дуоденальды зондтауда: өт бөліну жылдамдығы -10мин, Одди сфинктері жабылу уақыты-9мин, Қайталанған тітіркендіргіштен кейін қою өт бөлінеді. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел гастродуоденит
* + өт жолдарының дискинезиясының гипермоторлы түрі
*жедел дуоденопанкреатит
*өт жолдарының дискинезиясының гипомоторлы түрі
*жедел гастрит
#823
*! 10 жасар бала. Құрсақ қуысының УДЗ жүргізгенде өт қабының көлемі өт айдағыш таңғы астан кейін 1 сағаттан соң 1/3-ден кем жиырылды. Өт қабының қозғалыс функциясына баға беріңіз:
* + гипокинезия
* гиперкинезия
* гипертония
* аралас
* қалыпты
#824
*! 8 жасар бала УДЗ кезінде өт қабы аумағы өт айдайтын таңғы астан 1 сағаттан соң өт қапшығының көлемi 2/3-ден артық жиырылды. Өт қапшығының қозғалыс функциясын бағалаңыз:
* қалыпты
* аралас
* гипотония
* +гиперкинезия
* гипокинезия
#825
*! УДЗ өткiзгенде: өт қапшығының қалыңдауы және тығыздалуы, өт қапшығы маңында қосымша эхосигнал, соныменен қатар өт қапшығы проекциясында көп мөлшерде өт анықталды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +созылмалы холецистит
* жедел холецистит
* өт қапшығының гиперкинезиясы
* өт қапшығының гипокинезиясы
* Одди қысқышының (сфинктер) дисфункциясы
#826
*!12 жасар қыз балада, дене шынықтыру сабағынан соң жедел, интенсивті, шаншыған, оң иыққа, жауырынға берілетін оң қабырға астындағы ауыру пайда болды. Қыз бала қозғалуға қорқады. Жүрек айну мен құсу байқалады. Тексергенде жалпы қан сынағында солға жылжумен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталды. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ өт қабында мөлшері 1 см диаметрінде конкремент анықталды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел холецистит
* жедел панкреатит
* +өт тас ауруы
* жедел гастрит
* жедел дуоденит
#827
*! 6 жасар қыз бала. Қан анализінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жылдамдауы. УДЗ: өт қабы қабырғасының қалыңдауы, тығыздалуы, өт қабында аздаған өт үлпектері бар. Диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +созылмалы холецистит
* жедел холецистит
* өт қабының гиперкинезиясы
* өт қабының гипокинезиясы
* созылмалы панкреатит
#828
!Қыз бала, 13 жаста, оң қабырға астындағы сыздаған, тұйық, майлы, суық тамақтаан соң күшейетін ауыру сезіміне шағымданып түсті. Оқтын оқтын ұстама тәрізденеді, ұзақтығы 30 минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Қарап тексергенде оң қабырға астындағы бұлшық еттің резистенттілігі, Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Бауыры қабырға қырында, пальпацияға сезімді. УДЗ: өт қабы қабырғасы қалыңдаған, өт іркілісі бар. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* созылмалы гастродуодениттің өршуі
* гипокинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы
* +созылмалы холециститтің өршуі
* гиперкинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы
* созылмалы панкреатиттің өршуі
#829
*! Ұл бала, 10 жаста.Тамақтан 2 сағаттан соң ұзаққа созылмайтын оң жақ қабырға астында тартып, батып ауру сезiмi. Пальпацияда: оң қабырға астында ауру сезiмi, бауыры оң жақ бөлiгi есебiнен қабырға доғасынан 1см төмен. Өт айдағыш препаратпен ем жүргiзiлгеннен
кейiн симптомдар жойылды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* +билиарлы жолдың функционалды бұзылыстары
* созылмалы холецистит, өршуi
* созылмалы панкреатит, өршуi
* созылмалы гастрит, өршуi
* жедел холецистит
#830
*!Өт қабының УДЗ: өт қабы қабырғасы қалыңдаған және қатайған, маңайында қосымша эхосигналдар бар, көп мөлшерде өт қабында өт үлпектері бар.
Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* өт қабының гиперкинезиясы
* өт қабының гипокинезиясы
* Одди сфинктерінің дисфункциясы
* +созылмалы холецистит
* жедел холецистит
#831
*!Баланың ауырғанына 3-жыл болған. Ұзақ уақыт бойы преднизолон және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдаған. Соңғы 3-айда эпигастриида ауыру және ауырлау, қайталап жүрек айнулар және кекірулер пайда болды.
Патологиялық процессті анықтауда қандай зерттеу әдісінің ақпараттылығы ЕҢ жоғары?
* фракциялық асқазанды зондтау
* асқазан рН-метриясы
* асқазан УДЗ
* +ЭФГДС
* асқазан рентгенографиясы
#832
*!Ұл бала, 10 жаста, ревматизммен ауырғанына 3 жыл болды. Соңғы 3 айда тамақтанғанда және тамақтанған соң бірден эпигатсрийде ауыру, ауырлық сезімі, анда-санда жүрек айну, қыжыл пайда болды. ФЭГДС-те: асқазанның антралдық бөлімінде шырышты қабаттың гипертрофиясы түріндегі өзгерісі мен гастроэзофагеалдық рефлюкс анықталды.
ЕҢ қажет қосымша зерттеу әдісі қандай?
* іш қуысы ағзаларының УДЗ
* қарыншаішілік рН-метрия
* дуоденалдық зондылау
* +Helicobacter pylori-ге зерттеу
* асқазанды зондылау
#833
*!Қыз бала 12 жаста, оң қабырға астында оң жақ жауырынға берілетін қатты түнгі уақыттағы ауру сезіміне, тәбетінің күшеюіне, соңғы айда арықтауға шағымданады. Объективті қарауда пилородуоденалдық аймақта күрт ауырсынады, Мендель симптомы оң, алдыңғы іш қабырғасы бұлшықеттерінің шамалы кернелуі байқалады.
Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Крон ауруы
* созылмалы холецистит
* созылмалы колит
* созылмалы панкреатит
* +он екі елі ішектің ойық жара ауруы
#834
*!Ұл бала, 5 күндiк. Емшек емгеннен берi сұйық, сулы, қышқыл, көбiктi нәжiс, метеоризм, iшiнiң шаншып ауруы пайда болды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?
* глютендi энтеропатия
* экксудативтi энтеропатия
* муковисцидоз